Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Otchet.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
137 Кб
Скачать
☆

3.2 Жергілікті желіні баптау

Жергілікті желінің конфигурациясы әртүрлі байланыстармен (топология) беріледі. Топология – желі компоненттерінің физикалық орналасуы. Желінің негізгі үш топологиясы бар.

«Жұлдызша»-топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютерлермен немесе концентратормен жалгастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды.

Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде пакеттерді тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынады: компьютерлер мен концентратор арасындғы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді.

«Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.

«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағышардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құрған (міндетті түрде шеңбер емес) желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады.

«Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл тоқтап қалады. «Сақинаның» тағы бір осал жері –деректер біреулердің желілік компьютері арқылы өтетіндіктен де, ақпаратты бөгде ұстап қалуына мүмкіндік береді.

«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте «шина» деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік коспьютерлер «шина» тікелей қосылады.

«Шина» топологиясы бар желіде деректер екі бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина» жағдайындағыдай, желінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сақина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді.

Желілік концентратор немесе хаб – кабельдік инфрақұрылыммен айналмалы жұп құра отырып, компьютерлерді Ethernet желісінде байланыстыратын қондырғы. Қазіргі таңда желілік концентраторлар іс жүзінде қолданылмайды, оның орнына желілік коммутаторлар қолданылады.

Желілік коммутатор деп бір (бірнеше) желілік буыны ретінде компьютер желісін бірнеше түйінмен байланыстыратын қондырғы. Бірнеше желіні байланыстыруды бағдарлағыш (маршрутизатор) жүзеге асырады.

Бағдарлағыш дегеніміз – желілік буын арасында мәліметтер дестелерімен алмасуға арналған және әртүрлі сәулет желілерін байланыстыратын компьютер. Бағдарлағыштың міндетіне желі топологиясы туралы ақпаратқа және әкімшіліктің қойған ережесіне негізделіп жіберуге шешім қабылдау кіреді.

Жергілікті желіні пайдалану жалпы ақпаратты ғана емес, жалпы құрылғыны да қолдануға мүмкіндік береді. Шалғай орналасқан (перифериялық) құрылғыларға жалпы қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін оны баптау қажет. Windows 7 операциялық желісіндегі принтерге жалпы рұқсат тағайындауды қарастырайық. Ол екі кезеңнен тұрады:

  1. Принтер қосылған компьютерде жалпы қолжетімділікті баптау.

Басқару панелі – құрылғы және дыбыс – құрылғы және принтер бұйрығын таңдау қажет.

  1. Жергілікті желідегі барлық компьютерлерге желілік принтерді орнату.

Компьютерде құрылғы және принтерлер сұхбат терезесін ашу керек. Терезенің жоғарғы бөлігінде принтерді орнату бұйрығын таңдау қажет. Әрі қарай принтердің желілік болып табылатынын нұсқау керек. Келесі қадамда табылған принтерлердің ішінен өздеріңе керектісін таңдау керек. Компьютердегі принтерді орнату шебері жұмысы аяқталуымен желілік принтерде белгіше пайда болады. Желілік принтердің белгішесі берілген компьютерге қосылған принтердің белгішесінен ерекшеленеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]