Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИПЛОМ 2017.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

3.2 Жылыжай қиярының вегетативтік биомассасының қалыптасуы және өнімділігі

Жылыжайда қияр өнімділігі тікелей өсімдіктің морфологиялық сыртқы пішінімен байланысты болады. Сондықтан, олардың өсіп-дамуы мен күшті биомассасын қалыптастыру үшін барлық қажетті жағдайларды жасау қажет. Жылыжайда қияр өсімдігінің әр жапырағының жеміс қалыптастыруда маңызы зор. Жылыжайда қиярдың биомассасы мен тамыр жүйесін қалыптастыруы көп жағдайда топырақ-субстраттары мен қолданылатын тыңайтқыштар мөлшеріне байланысты болады. Себебі, өсімдіктің минералдық қоректенуімен байланысты вегетативті мүшелері қалыптасып, қияр өнімділігі анықталады.

Жылыжайда қиярдың вегетативтік массасы мен тамыр жүйесін қалыптастыру толып жатқан факторлармен анықталатындықтан, сыртқы факторлардың кері әсерін дақылдың минералды қоректенуіне қолайлы жағдай жасау арқылы біршама деңгейде реттеуге болады.

Жылыжайда қолданылған кешенді агрономиялық әдістерге байланысты, қиярдың даму динамикасы жасанды топырақ субстратында жүзеге асырылды (кесте 14).

Кесте 14 – Жылыжай қияры тәжірибелерінде жүргізілген фенологиялық бақылаулар (2016-2017 жж.)

Жылыжайда қиярдың негізгі фенологияық кезеңдері

2016 ж

2017 ж

Қияр тұқымын себу (жылыжай топырақ-субстратына)

24.09

1.03

Түқымның өнуі: бірді-екілі (өсімдіктің 10%) жаппай (өсімдіктің 75%)

29.09

05.03.

08.03

Бірінші нағыз жапырақ

7.10

І4.03.

Екінші нағыз жапырақ

11.10

20.03.

3-4 нағыз жапырақтары

15.10

25.03

5-6 нағыз жапырақтары

20.10

31.03.

8-10 нағыз жапырақтары (жапырақтарының жаппай өсуі)

26.10.

5.04-2.03.

Гүлдеу: бірді-екілі (өсімдіктің 10%)

аталық гүлдері

5.11

11.04

аналық гүлдері

15.11

18.04

жаппай (өсімдіктің 75%)

23.11

24.04.

Жемістерін алғашқы жинау

15.12

30.04.

Жемістерді жаппай жинап-теру

20.12.

4.05.

Жылыжайдың күзгі-көктемгі айналымында қиярды қыркүйек айының аяғы мен наурыз айының басында тұқымдарды топырақ-субстратына тікелей себу арқылы жүзеге асырылды. Бірлі-жарым өскіндерінің пайда болуы, себу жұмыстары аяқталғаннан кейін, 5-8 күннің арасында, ал жаппай өнуі 8-14 күннен кейін байқалды. Бірінші нағыз жапырағы себуден кейін 2-3 апта өткенде белгіленіп, ал екінші нағыз жапырағы бірінші жапырақтан кейін 6-9 күннен соң анықталды. 2016 жылы қиярдың 3-4 нағыз жапырақтары себуден кейін 23 күннен соң, 2017 жылы 19 күннен соң шыққаны анықталды. Жылыжай қиярының алғашқы вегетация кезеңінде біршама жай дамуы күзгі-қысқы айларының қолайсыз метеожағдайларына байланысты болды. Қиярдың «5-6 нағыз жапырақтары» мен «8-10 нағыз жапырақтарының» фенологиялық даму кезеңі 2016 жылдың қараша айының Ш онкүндігінде, 2017 жылдың наурыз айының І-ІІ онкүндігінде, болды. Көктемде ауа-райы жағдайлары біршама қолайлы болып, жылыжайда қиярдың қарқынды дамуы байқалды.

Дақылдың жаппай гүлдеуі (өсімдіктің 75%) наурыз айының аяғы мен сәуір айының басында анықталды. «Жаппай жеміс беру» кезеңі сәуір айының II және III онкүндігінде басталды. Қиярдың жасыл жемістерін жаппай жинау жұмыстары сәуір және мамыр айларында жүргізілді. Жылыжай қиярының өнімін жинау жұмыстары барлық зерттеу жылдарының маусым айына дейін жалғасты. Жылыжайда өсімдіктің жеке фенологиялық даму кезеңдерінің өтуі мен олардың ұзақтығы белгілі бір дәрежеде сыртқы ауа-райы жағдайларына байланысты анықталды.

Жылыжай қиярының фенологиялық даму кезеңдері мен вегетациялық кезеңдері ұзақтығының арасында едәуір айырмашылық болды, 15-ші кестеде орташаланған мәліметтер келтірілген.

Кесте 15 – Жылыжай қияры вегетациялық кезеңінің ұзақтығы

Жылыжайда қиярдың негізгі фенологиялық кезеңдері

2016 ж

2017 ж

Қияр тұқымын жылыжай топырақ-субстратына себуден жаппай өну

7

4

Жаппай өнуден алғашқы жемістерді жинау

75

64

Жеміс салу кезеңі (алғашқы жиын-теріннен қияр өнімін соңғы жинау кезеңі)

75

60

Қиярдың вегетациялық кезеңінің үзақтығы (жаппай өнуден өнімді соңғы жинауға дейін)

150

134

Жылыжай топырағына қияр тұқымын себуден дақылдың жаппай көктеуі пайда болғанға дейінгі кезең 8-ден 14 күнге дейін ауытқыды. Қиярдың жаппай көктеуінен бірінші жемістерін жинауға дейінгі кезең 75-80 күнді құрады. Жеміс беру кезеңі, яғни бірінші және соңғы жинау арасындағы уақыт аралығы орташа 64-75 күнді құрады. Жылыжайда тұқымдарының жаппай өнуінен соңғы өнімді жинауға дейінгі қиярдың вегетациялық кезеңінің ұзақтығы сорттардың ерекшелігіне байланысты 134-150 күнді, яғни 4-5 айды құрады.

Жылыжайда қияр өнімділігі мен биометриялық көрсеткіштері 16-ші кестеде келтірілген.

Кесте 16-Жаппай гүлдеу кезеңінен жаппай жинауға дейінгі қиярдың (Директор буданы) биометриялық көрсеткіштерінің өзгеру динамикасы

Есепке алу мерзімдері

Өсімдік

кезеңі

Негізгі

сабақтың

ұзындығы,

см

1 өсім. жапырақ- тар саны, дана

Жапырақ

диаметрі,

см

1 өсім. түйіндер саны,д.

1 өсім. жемістер саны, д.

1-есеп

Жаппай

гүлдеу

150±2,0

15±1,0

21,6±0,5

16,3±0,2

2,5±0,1

2-есеп

Бірінші жиын-терін

260±1,0

31±2,0

22,9±0,2

11,2±0,2

3,7±0,2

3-есеп

Жаппай жинап-теру

303±1,0

33±1,0

27,6±0,2

13,4±0,2

5,4±0,1

Дақылдың вегетациялық кезеңінің арасында біз өсімдіктің негізгі фенологиялық даму кезеңдеріне өлшеу жұмыстарын жүргіздік. Қиярдың жаппай гүлдеу кезеңінде негізгі сабақтың биіктігі 150 см болды. 1 өсімдікте диаметрі 21,6 см болатын орташа алғанда 15 жапырақтар қалыптасқан. Қияр жемістерін бірінші жинау жұмыстарын жүргізу кезінде, қияр өсімдіктерінің орташа биіктігі 260 см дейін жетті, ал жапырақтарының саны 2 есе артып, диаметрі 22,9 см болатын 31 дана жапырақты құрады. Жаппай жинау кезеңіндегі биометриялық есеп барысында, қиярдың негізгі сабағы ұзындау, 303 см болды. 1 өсімдікте жапырақ алақанының диаметрі 27,6 см болатын 35 жапырақтар болды.

Жаппай гүлдеу кезеңінен жаппай жинауға дейінгі кезеңде өсу үрдістерінің көрсеткіштерімен қатар қиярдың биомассасы да өзгерді. Жаппай гүлдеу кезеңінде 1 есептік өсімдіктегі түйіндер саны 16,3 дананы құрады, сол арада жаппай жинау кезеңінде олар 1 өсімдікте 13,4 дейін төмендеді. Сонымен бірге, 1 өсімдікте жеміс саны 2,5-тен 5,4 данаға дейін артты (кесте 15). Бірінші жинау кезеңінде бір өсімдікте 11,2 дана түйін анықталды, яғни 30% төмендеді. Бұл жағдайды табиғи үрдіспен түйіндерінің түсуімен түсіндіруге болады. Сондай-ақ, жемістерінің саны 1 өсімдікте 3,7 дананы құрады. Қияр өсімдігінің жаппай жинау кезеңінде неғұрлым үлкен биомассаны құрайды, сондықтан да жемістерінің саны 1 өсімдікте 5,4 дананы құрады.

Сөйтіп, жылыжай қияр өсімдіктері (Кураж буданы) жаппай жемістену кезеңінде неғұрлым көп биомасса мен көбірек жемістер санын құрады. Сондықтан, қиярдың жоғары өнімін алу үшін бұл кезеңде барлық қолайлы жағдайды (суару режимі, минералдық қоректену, жарықтық-температуралық режим) жасау қажет.