Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Защита.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
144 Кб
Скачать
☆

1.2 Кітаби тарихтың өзегіндегі тарихты образдаудың жарқын үлгісі

«Қорқыт ата кітабы» («Китаби дедем Коркуд») – барлық түркі тектес халықтардың әдебиетін, мәдениетін, тұрмысын, әдет-ғұрпын, ақындық дәстүрін айшықтайтын ортақ мұрасы. Хикая VII-VIII ғасырларда Сыр бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпаларының арасында пайда болып, кейін ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауызша тараған, ал қағаз бетіне XVI ғасырда түсірілген.

Қорқыт – VIII ғасырда өмір сүрген жырау, күйші, композитор, асқан ақыл иесі, заманында үш ханның уәзірі болған аңыз кейіпкері. Қорқыт атаны бақсылар, қобызшылар, жыраулар:

Жыраудың үлкен пірі Қорқыт ата,

Бата алған барлық бақсы асқан ата, -

деп өздеріне пір тұтқан. [5, 54 б.]

«Қорқыт ата кітабында» сол дәуірдің тұрмыс-тіршілігі,әдет-ғұрпы керемет образдалған. Дерсе хан нөкерлерін ертіп, Баяндыр ханның жылына бір рет жасап тұратын тойына барғанда, шаңырақ иесі оны қара отауға кіргізіп, астына қара киіз төсеп, алдына қара қойдың етін қояды. Баяндыр хан қара отауға ешқандай ұрпағы жоқ қонақтарды жайғастыруға бұйрық берген екен. Мұндай азапқа шыдай алмаған Дерсе хан орнынан атып тұрып, еліне аттанып кетеді. Үйіне кіре сала әйеліне:

Келші бері, басымдағы бақытым, үйімдегі тірегім,

Сен үйден шыға бергеніңде көзіме кипаристей көрінесің.

Тобығыңа түсетін қара шашың бар сенің,

Піспеген менің түйнек-қауынымсың,

Маған не болғанын сен білесің бе? – дейді. [5, 56 б.]

Осы жерде нақ ескеру керек бір жайт бар. Оғыз-қыпшақ тайпалары ислам дінін ұстанған түркі тектес халық екенін білеміз. Ал ислам әлемінде әдетте әйел затын биікке шығармаған, әйелмен ақылдасуды ар санаған, олардың есімін де атамай, әкесінің немесе жарының есімімен байланыстырып атаған, яғни, «пәленшенің қызы», «түгеншенің әйелі» деп шақырған. Ал бұл өлең жолдарынан біз оқиға болған кезеңде әйел затын биік қойғандығын, оларға қол көтермек түгілі ақырып-жекірмегендігін, әрбір әйелді патшасындай құрметтегендігін аңғарамыз.

Хикаяда Дерсе хан намысы тапталып, терісіне сыймай ашуланып келсе де, жұбайына жылы сөйлеп, бар сырын байыппен ақтара салғандығына қайран қаласың. Әйелінен ақыл сұрап, оның айтқанын бұлжытпай орындайды. Демек, бұл кезеңді оғыз-қыпшақ тайпаларының ислам дініне толықтай сіңісіп кете алмаған, әлі матриархат кезеңінің белгілері өше қоймаған тұс деп қабылдауға болады.

Аңыз-әңгімелердің бірінде өлмеудің жолын іздеп, бүкіл жерді шарлаған Қорқыт ақыр соңында суға кілемін төсеп, қарындасын қасына алып, бірнеше жыл бойы су үстінде қобызын тартып, ажалдан алыс өмір сүрмек болады. Бір күні кілем үстінде ұйықтап жатып, Қорқыттың аяғы қарындасына тиіп кетеді. Басын көтеріп, ашуға булығып «Бұл жалғанға сыймаған аяғым, көрге де сыймассың» деп қарғап-сілейді. Дана халықтың айтуы бойынша, Қорқыт өлгенде оның аяғы көріне сыймай, салбырап жатқан екен.

Бұдан біз оғыз-қыпшақ тайпаларының қарындасты қатты құрметтегенін, оларға қол ұшын тигізбегендігін, қызғыштай қорғап, қиянат жасамағандығын байқаймыз. Шамасы, қыз баланы киелі деп санаса керек, оның үстіне жоғарыда айтып өткендей, матриархат кезеңінің жойыла қоймаған уақыты еді. Қорқыт күндіз-түні қобызын сарнатып күй шертіп отырып, әбден қалжырап ұйықтап кетеді. Сол кезде судан кішкентай қара жылан шығып, оның қарындасына тиген аяғынан шағып алады, Қорқыттың ажалы сол жыланнан болған. Міне, оғыз-қыпшақ тайпалары қыз баланың киесі болатынын, оларға дауыс көтеруге, қол ұшын тигізуге болмайтынын санасына мықтап түйген.

Сонымен қатар, шығармада ер баланы қалай тәрбиелеу керектігі, олардың қоғамдағы рөлі жайлы да айтылады. Батыр халық үшін балаларының қорқақ, опасыз болып өскенінен артық қасірет болмаған. Жаудан қашқан сарбаздарды әкелері жазалап отырған. Сол дәуірдің балалары он бес-он алты жасқа толғанша әскери өнерді үйреніп болуы шарт. Батырлар он алтыға толған балаларын соғысқа ертіп шығып, ерлік пен ажалға бетпе-бет кездестіріп, ержүректілікке баулыған. Буыны қата бастаған ержүрек балалар әкелері соғысқа ертіп шықпаса, намыстанған екен. Бұл туралы «Қазанбектің баласы Оразбектің тұтқынға түсуі туралы жырда» баяндалған. Бала Ораз әкесіне қарап:

Баласы әкесінен үйренбей ме,

Әлде әке баласынан үйрене ме?

Сен мені қан майданға апардың ба?

Қылыш сермеп, бас кесіп көрсеттің бе? [6, 146 б.] –

дейді. Ал әкесі Қазанбек өзінің айыбын түсініп, оны аң аулауға алып шығады. Аң аулап жүріп жау әскеріне тап болады да, Қазанбек баласына: «Тасаға бар да, менің шайқасқанымды көріп, үйрене бер» деп, өзі шайқасқа лап қояды. Әкесінің ерлігіне қызығып, арқасы қозған бала рұқсатсыз майданға кіріп кетеді. Міне, жырдағы осы бір қысқаша сюжеттің өзі оғыз-қыпшақ тайпаларының балалары тумысынан ержүрек болатындығын образдап беріп тұр.

Балалар соғысқа құмар боп өсуінен сол дәуірде соғыс кәсіпке айналып кеткендігін аңғарамыз. Іргелес жатқан елдер бір-бірімен жиі-жиі соғысқан, шығармадағы барлық қақтығыстарды шындыққа жанастыруға болады. Мал-мүлікке көз аларту, билікке таласу, жер үшін күресу сынды түрлі себептерді сол кезеңдерде міндетті түрде соғыспен шешкен.

Қорқыт сонымен қатар көрегендігімен де халық жадында қалған, көрегендігі жайындағы аңыз-әңгімелер аз емес. Ал біз жыраудың көрегендігін бүгінгі күнмен, яғни, сол заманның болашағымен сынай аламыз. Мәселен, Қорқыт ажалдан қашқанда басқа өзен-көлдерге емес, туралы Сыр бойын неге таңдады? Ол ажалдан қашып құтыла алмайтынын Сыр өңірінен тым жырақта жүріп түсінді, ал неге түсінген бойда-ақ сол маңайдағы өзен-көлдерге бармады? Ерте кездері қазақ даласында өзен-көлдер өте көп болған, әрі олардың әсемдігі бірінен-бірі асқан. Ендеше неге мыңдаған шақырым жол жүріп, Сырдария мен Арал теңізін таңдады? Неге күндіз-түні тек қана күңіренген күй шертті? Міне, дастанның әрбір сюжетіне мұқият зер салсақ, осындай сұрақтар туындай кетеді.

Қорқыттың болашақты болжай алатын көрегендігі барын, әрі Қазақ хандығы кезеңіндегі Бұқар жыраулар сияқты білімділігімен елдің ертеңі қайда апарып соғарын жорығандығын ескере отырып, ол Арал теңізін, Сыр бойын болашақта үлкен қатер күтіп тұрғанын, бәленің бәрі осы жерде болатынын бізге меңзегісі келді деп айта аламыз. Көне көздеріміздің айтуы бойынша, Арал мен Сырдарияның астында «жайын» деген көздер болады, олар бітеліп қалса, Аралдың суы тартылып, арнасы кішірейіп қалады екен. Сол үшін халық теңіздің маңайынан жетпіс құдық қазып, оның суын Аралға ұдайы құйып тұрған. Бүгінде Арал теңізі тартылып, Үлкен және Кіші Арал боп екіге бөлініп кетті. Әлем елдері бірігіп, сол теңіздің проблемасын шешу жолын қарастырып, ақыр соңында Аралға маңайдағы өзен-көлдерден су тасып, арнасын толтыруды қолға алды. Ал бұл шешімді түркі халықтары ежелгі дәуірде-ақ білген.

Қорқыт шығармалары мен ол туралы аңыз-әңгімелер ешқашан таусылған емес, әрі өлмейді.