Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Dokument_Microsoft_Word.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
4 Мб
Скачать
☆

01_01_02 Каз Аллергология ­вариант 2

$$$001

56 жасар ер адам ДМИ 32, тыныс алудың қиындауына, түнгі уақытта ысқырықты тыныстың болуына (түнгі 2-3 сағатта), кеуде артындағы қыжылға, ащы және қышқылмен кекіруге шағымданады. Бұл белгілер әр кезде кешкі астан кейін пайда болады. Спирография Тиффно индексінің төмендеуі мен бронхолитикпен оң сынаманы анықтады. Бронх тарылуын жою үшін науқасқа қандай препарат тағайындаған ең дұрыс?

A) Ипратропия бромиді

B) Натрий кромогликаты

C) Сальметерол

D) Нифедипин

E) Эуфиллин

{Дұрыс жауап}=A

$$$002

Ер адам 42 жаста, шаң, өткір иістер, температура өзгерістері, физикалық жүктемемен шақырылатын ауыр тұншығу ұстамаларынан зардап шегеді. Сальбутамолда қажеттілік – 5-6 рет тәулігіне. Бірнеше жылдар бойына мұрын бітуі мазалайды, ЛОР қарауда полиптер анықталған. 2 ай бұрын арқа ауруынан тағайындалған қандай да бір дәріге ауыр реакция (бронх тарылуы мен бөрту) болды. Науқасқа міндетті түрде қандай қандай кеңес берілуі қажет?

A) Полипэктомия жасау

B) Аспирин және басқа СҚҚЗ қолдануын болдырмау

C) Дипроспанмен эндоназальды блокада жасау

D) Дипроспанменпаравертебральды блокада жасау

E) Ингаляционды кортикостероидтар дозасын жоғарылату

{Дұрыс жауап}=B

$$$003

Науқас 46 жаста ауыр дәрежелі бронх демікпесімен ауырады, флутиказон 400 мкг/тәул мөлшерінде сальметеролмен қабылдайды. ЖРВИ-мен ауыратын адаммен қатынастан кейін әлсіздік, дене қызуы 38,5°С, құрғақ жөтел, жөтел кезінде кеуде артындағы ауыру сезімі пайда болды. Ары қарай қандай емдеу тактикасы ең дұрыс?

A) ЖРВИ емдегенге дейін флутиказон мөлшерін азайту

B) ЖРВИ емдеу үшін интерферон бастау

C) Сальметерол мөлшерін көбейту

D) Флутиказон мөлшерін көбейту

E) Парацетамол тағайындау

{Дұрыс жауап}=D

$$$004

55 жастағы ер адамда актовегин ерітіндісін көк тамырға енгізуден кейін (бұл препараттың 6 инъекциясы болған) ысу сезімі, тері беткейінің гиперемиясы, қозу пайда болды. Дененің сол бөлігінің тырысуы басталды. Тері беткейі бозарған, пульс жіп тәрізді, жиі, ырғақсыз. Науқас есін жоғалтты. Өкпесінде таралған құрғақ сырылдар естіледі, жүрек үні тұйықталған. Науқаста қандай патологияны болжауға болады?

A) Эпилепсиялық ұстамалар

B) Гипертониялық криздің церебральды түрі

C) Ми қан айналымының жедел жетіспеушілігі

D) Эпилептиформды (джексондық) ұстама

E) Анафилактикалық шоктың церебральды түрі

{Дұрыс жауап}=E

$$$005

26 жастағы ер адам қалтыраудың алдын алу үшін анальгин мен димедролды алған. Келесі күні таңертеңгісін тері беткейінің 30% аймағында папулезды-дақты қосылған бөртпе, афтозды стоматит, хейлит, тамағында ауру сезімі, эпигастрийде ауру сезімі пайда болды. 6 сағат ішінде қанда лейкоцит саны 6,8-ден 2,2х109/л дейін төмендеген.

Лейкоциттердің төмендеуін тоқтату үшін қандай шұғыл шаралар жүргізу керек?

A) Плазмаферез бастау керек

B) Лейкомасса кұюды бастау

C) Көлемді инфузиондытерапияны бастау

D) Метилпреднизолонмен пульс-терапия бастау

E) Қанды тамыр ішілік лазерлі сәулелендіруді бастау

{Дұрыс жауап}=D

$$$006

27 жастағы әйел орташа ауырлық дәрежелі атопиялық дерматиті бар, көп жылдар бойы мометазон фумоат қоданады. Төменде аталғандардың ішінде қандай препаратты ұзақ уақытты базисті терапияға қосуға болады?

A) Гидрокортизон бутират (Локоид)

B) Диметинденмалеат (Фенистил)

C) Метилпреднизолон (Адвантан)

D) Пимекролимус (Элидел)

E) Тербинафин (Ламизил)

{Дұрыс жауап}=D

{Күрделілігі}=3

{Оқулық}=(Аллергология и иммунология. Национальное руководство. Под ред Р.М. Хаитова, Н.И. Ильиной. М. ГЭОТАР-Медиа. 2009)

{Курс}=7

{Семестр}=14

$$$007

Ер адам 44 жаста бетінің қызаруына және ісінуіне шағымданады. Бір апта бұрын жаңа қырынудан кейін жағатын лосьон қолдана бастаған. Қандай диагноз болуы мүмкін?

A) Квинке ісінуі

B) Аллергиялық дерматит

C) Атопиялық дерматит

D) Жанаспалы дерматит

E) Жедел есекжем

{Дұрыс жауап}=B

$$$008

36 жастағы әйел асқынуы жылына 6-7 рет болатын қайталамалы герпеспен ауырады, ол кезде ацикловир қолданады. 1 курс циклоферон алған, әсері болмаған – герпестің келесі рецидиві ем курсынан 2 аптадан кейін қайталанады. Дәлелді медицина көзқарасы бойынша қандай емдеу тактикасын жүргізу керек?

A) 2-3 курс деринат

B) Герпеске қарсы емдік егу курсы

C) Келесі рецидивке дейін ганцикловир курстармен

D) Рекомбинантты гранулоцитарлы-макрофагальды фактор

E) Иммунограмма және нәтижесі бойынша иммунотерапия әдісін таңдау

{Дұрыс жауап}=E

АААА