- •2. Жалпы және жергілікті жансыздандырудағы медбикенің рөлі.
- •Десмургия. Таңғыштардың түрлері. Таңғыш салу тәсілдері.
- •Қан кету. Қан тоқтату әдістері.
- •5. Жедел және жоспарлы операцияға дайындаудағы медбикенің рөлі.
- •6. Операция кезінде және операциядан кейінгі кезең. Операция, операциядан кейінгі кезеңдері пациенттердің медбике күтуінің ерекшелігі
- •7. Зақымданулар.
- •8. Жаралар. Күйіктер. Үсіктер. Электрозақым.
- •9. Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары. Жалпы және жергілікті іріңді инфекциясы.
- •10. Анаэробты және созылмалы хирургиялық (спецификалық) инфекция. Хирургиялық паразитарлық аурулардың алдын алудағы медбикенің рөлі.
- •11. Қан айналымының бұзылыстары.
- •12. Ісіктер
- •13. Бас пен мойын хирургиялық ауруларымен зақымдануы.
- •14. Кеуде торының жіне кеуде қуысында орналасқан мүшелердің хирургиялық аурулары.
- •15. Құрсақ қуысының ағзаларының, тік ішектің хирургиялық аурулары.
- •16. Омыртқа бағанының және жамбас сүйегінің зақымданулары мен хирургиялық аурулары. Зәр шығару жолдарының зақымданулары мен хирургиялық аурулары.
- •17. Реаниматология. Реанимация және интенсивті терапия бөліміндегі медбике жұмысының ерекшеліктері
8. Жаралар. Күйіктер. Үсіктер. Электрозақым.
1.Дерма қабаты түгел күйгендегі, күйіктің дәрежесін атаңыз:
а) ІV дәрежелі күйік
б) ІІІ В дәрежелі күйік
в) ІІ дәрежелі күйік
г) І дәрежелі күйік
2. Беткей күйіктің қандай көлемінде күйік ауруы дамиды?
а) 20%
б) 15%
в) 10%
г) 1%
3. Терең күйіктің қандай көлемінде күйік ауруы дамиды?
а) 5%
б) 8%
в) 11%
г) 10%
4. Септикотоксемия күйік ауруының қай кезеңіне жатады?
а) 4
б) 3
в) 2
г) 1
5. Күйіктік шоктың созылу мерзімі:
а) 2-72 сағат
б) 3-82 сағат
в) 4-5 сағат
г) 10-12 сағат
6. Екінші дәрежелі күйіктің жазылу мерзімі:
а) 12-15 сағат
б) 10-12 сағат
в) 7-14 сағат
г) 22-72 сағат
7. Көлемі 10% ІІІ А дәрежелі күйік бетінің эпителизациясы жүреді:
а) эпителиймен жабылмайды
б) тыртықтанудың арқасында
в) терінің қосалқыларының арқасында
г) жараның жиекті эпителизациясының арқасында
8. Төмендегі қосылыстардың қайсысында терең күйік пайда болады?
а) қышқылдарда
б) газдарда
в) суда
г) сілтілерде
9. Химиялық күйік кезінде алғашқы минуттарда көрсетілетін көмек:
а) детоксикациялық ем
б) химиялық заттарды теріден алып, ағынды сумен жуу
в) антибактериальді ем
г) дұрыс жауабы жоқ
10. Электрожарақаттан дамитын өліеттенудің түрін атаңыз:
а) коагуляциялық
б) ишемиялық
в) беткей
г) колликвациялық
11. «Траншеялық аяқ» қандай температурада пайда болады?
а) 0°С - +10°С
б) 15°С
в) 0°С - +20°С
г) 0°С - +35°С
12. Электрожарақат кезінде жоғары вольтты тоқтың әсері:
а) есінен тандырады
б) қалтырау пайда болады
в) әлсіздік пайда болады
г) қызару
13. Химиялық күйікте зақымдалу тереңдігі неге байланысты болады?
а) ағзаға
б) иммунитетке
в) дәрежесіне
г) химиялық заттың концентрациясына
14. Коагуляциялық өліеттену неден пайда болады?
а) улы газдан
б) қышқылдардан, ауыр металлдардың тұздарынан
в) қайнаған судан
г) будан
15. Электрожарақаттан болатын жүйелердегі жалпы өзгерістер дамиды:
а) асқазанда
б) қолда
в) аяқта
г) жүрек – қан тамыр жүйесінде
16. Күйіктің I дәрежесіне тән белгілерді таңда:
а) ұлпалардың терең өліеттенуі
б) күрт қызару, көпіршіктер, ауыру сезімі
в) қызару, ауыру сезімі, терінің өліеттенуі
г) тұрақты қызару, ашып ауыру, ісіну
17. Күйіктің II дәрежесіне тән белгілерді таңда:
а) терінің, май қабатының өліеттенуі
б) терінің зақымы мен өліеттенуі
в) ұлпалардың терең өліеттенуі
г) күрт қызару, көпіршіктер, күлбіректер, ауыру сезімі
18. Күйіктің III дәрежесіне тән белгілерді таңда:
а) тұрақты ауыру сезімі, ашиды, ісінеді
б) қызару, ауыру сезімі, терінің өліеттенуі (некроз)
в) тері мен май қабатының некрозы
г) күрт қызару, көпіршіктер, күлбіректер, ауыру сезімі
19. Күйік көлемін анықтау әдістерін таңда:
а) Кохер әдісі
б) тоғыздық, алақан әдістері
в) Альфельд әдісі
г) Ситковский әдісі
20. Күйік ауруының кезеңдерін таңда:
а) эректильді, торпидті
б) инфильтрация, іріңдік, секвестрация
в) эритематозды, буллезды, флегманозды
г) шок, жедел токсемия
21.Күйгенде алғашқы көмек көрсетудің дұрыс жауабын танда:
а ) киімін шешіп, теріні өңдеу, асептикалық таңба салу, ауыру сезімін басу
б) күйген бетті вазелинмен майлау
в) күйген бетті этил спиртімен өңдеу
г) тіс пастасымен таңба салу
22. Электр тоғынан күюдің жергілікті клиникалық сиппаттары қандай?
а) прогрессивтік өліеттену
б) ауырусыздық
в) теріде «тоқ дағы» пайда болуы
г) колликвациялық өліеттену
23. «Тоқ құрсауы» деген не?
а) терінің қыртыс қабатының (эпидермис) күлге айналуы
б) электр тоғының шыққан жері
в) ағзадағы сұйықтарда электр тоғының әсерінен болатын тотығу-тотықпау процесі (электролиз)
г) электр тоғының кірген, шыққан жері
24. II дәрежелі үсікке тән белгілерді таңда:
а) ұлпаларда ауа жиналуы
б) ұлпалардың терең өліеттенуі
в) көпіршіктер пайда болу, тері көкшіл түсті
г ) крепитация
25. III дәрежелі үсуге тән белгілерді таңда:
а) ұлпалардың терең өліеттенуі
б) терінің қызаруы
в) ауыру сезімі,ісіну, ұлпаларда ауаның болуы
г) тері көкшіл түсті, көпіршіктер, өліеттену бар
26. Құрсақ ағзаларының гангренасында (өт қапшығы, ішектер және т.б) бірінші кезекте орындалады:
а) спазмолитиктерді көп мөлшерде енгізу
б) шұғыл операция
в) антикоагулянттарды енгізу
г) гемодиализ
27. Айқын интоксикациямен сипатталатын аяқтың ылғал гангренасын емдеудің ең тиімді шарасын атаңыз:
а) антибиотиктерді артерияға енгізу
б) электрокоагуляция
в) антисептиктермен таңғыш салу
г) некрэктомия
28.Трофикалық ойық-жараны консервативті емдеуде қажет:
а) ойық-жараға қыздыратын компресс қою
б) төсектік тәртіп, аяқты түсіріп жату керек
в) ойық-жараны және оның шетін мұқият өңдеп тазарту
г) гипс
29. Өздігінен жазылатын жылан көз:
а) толық емес
б) грануляциялық
в) эпителиальді
г) ерінді
30. Ерінді жыланкөзді емдеу әдісін атаңыз:
а) витаминотерапия
б) физиотерапия
в) массаж
г) консервативті ем
31. Гангренаның даму себебі:
а) артроз
б) артерияның тромбозы
в) магистральді тамырлардың эмболиясы
г) асфиксия
32. Ылғалды гангренада болмайды:
а) интоксикация
б) ауыру сезімі
в) деморкациялық жолақ
г) анемия
33. Құрғақ гангрена сипатталады:
а) интоксикацияның, шірікті инфекцияның болмауымен
б) демаркациялық жолақтың болуымен
в) айқын интоксикациясымен
г) өліеттенген ұлпалардың мумификациялануымен
34. Ылғалды гангрена дамиды:
а) облитерациялық атеросклерозда
б) семіз адамдарда
в) қан айналымы тез бұзылғанда
г) кахексияда
35. Ылғалды гангренаның клиникалық белгілері:
а) демаркациялық жолақ болмайды
б) ұлпалардың ісінуі, тері түсінің өзгеруі
в) интоксикация, шірікті иіс
г) некроз
36. Трофикалық ойық-жаралардың даму себебі:
а) веналық қан айналымының жетіспеушілігі
б) артериялық қан айналымының жетіспеушілігі, жұлынның, нервтердің зақымдалуы
в) лимфа айналымының жетіспеушілігі
г) артериялық гипертензия
37. Трофикалық ойық-жаралардың тиімді емдеу әдісін атаңыз:
а) аутодермопластика
б) ойық-жараның кесіп алу
в) екіншілік тігіс салу
г) патогенетикалық ем жүргізу
38. Ойылулардың жиі орналасатын жері:
а) іште
б) өкшеде
в) сегізкөзде
г) бөкседе
39.Жұмсақ ұлпалардың сыртқы жыланкөзі байланыстырады:
а) сыртқы ортамен инфекция ошағын
б) сыртқы ортамен мүшені
в) мүшелерді бір-бірімен
г) мүшемен қуысты
40.Газды гангрена үшін тән симптом:
а) «тығыз таңу» симптомы
б) опистотонус
в) ауырсынудың басылуы
г) жергілікті ісіну
41.Тризм белгісі неге тән?
а) фурункулезға
б) газды гангренаға
в) сіреспеге
г) тілме қабынуына
42.Гангренаға қарсы сарысуды енгізудің көрсеткіші:
а) жабық сынық
б) пандактилит
в) өкпе абсцесі
г) жұмсақ ұлпалардың көлемді жаншылуы
43.Үсу дәрежесін анықтауға болады:
а) жылытқаннан кейін
б) екінші күні
в) реактив алды кезеңде
г) бірнеше күн өткен соң
44.Іріңді жарадағы рН көрсеткіші:
а) 4,5-5,0
б)5,5-6,0
в)7,5-8,0
г)7,0-8,5
45. Жарада жиналатын электролиттер:
а) натрий
б) кальций
в) магний
г) калий
46. Жара үрдісінің бірінші кезеңі аяқталады:
а) 2-3 күнде
б) 3-4 күнде
в) 1-2 күнде
г) 5-6 күнде
47. Жара үрдісінің екінші кезеңі аяқталады:
а) 5-8 күннен
б)12-30 күннен
в) 30-40 күннен
г) 8-10 күннен
48. Үшінші кезең – жараның тыртықтануы мен эпителизациялануы басталады:
а) 4-5 аптадан
б) 2-4 аптадан
в) 5-6 аптадан
г) 1-2 аптадан
49. Тыртықтың ішінде эластикалық талшықтардың қалыптасқан біту кезеңі:
а) 1-2 айда
б) 2-3 айда
в) 5 айда
г) 6 айда
50. Кеш жараны біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізіледі:
а) 48 сағаттан кейін
б) 2 тәулікте
в) 8-10 тәулікте
г) 1 тәулікте
51. Жараланғаннан кейін, екіншілік ерте тігісті салу мерзімі:
а) 4 тәулікте
б) 8-15 тәулікте
в) 7 тәулікте
г) 8 тәулікте
52. Жараланғаннан кейін, екіншілік кеш тігісті салу мерзімі:
а) 8-15 тәулікте
б) 20 тәулктен кейін
в) 15 тәуліктен кейін
г) 3-4 тәуліктен кейін
53. Жараның даму үрдісінің бірінші кезеңінде басым болады:
а) экссудация, альтерация
б) пролиферация
в) жасушалық инфильтрация
г) тыртықтану
54.Тістелген жара немен қауіпті?
а) құтырмамен залалдану
б) үлкен қан кетумен
в) сүйек сынуымен
г) инфицирленумен
55.Іріңді жараға дренажды қояды:
а) эпителизацияны жылдамдату үшін
б) қан кетуді тоқтату үшін
в) бөліндінің шығуын қамтамасыз ету үшін
г) тампонада жасау үшін
56.Үсудің орташа сатысына тән белгі (қате жауабын табыңыз)
а) есі толық емес
б) тері қабаты мрамор тәрізді,өздігімен жүре алмайды
в) брадикардия және артериалді гипертензия
г) ентігу
57.Үсудің жеңіл сатысына тән белгі (қате жауабын табыңыз)
а) сөйлей алмау
б) тері қабатының бозаруы,бұлшық ет дірілі,өздігімен жүре алу
в) тахикардия
г) минутына 60-70 әлсіз брадикардия
58.Үсудің орташа сатысына тән белгі (қате жауабын табыңыз)
а) есі толық емес
б) тері қабаты мрамор тәрізді,өздігімен жүре алмайды
в) брадикардия және артериалді гипертензия
г) ентігу
59.Бас пен мойын күйгендегі күйік көлемі
а) 5%
б) 9%
в) 12%
г) 18%
60.Кеуденің алды немесе арты күйгендегі күйік көлемі
а) 9%
б) 12%
в) 18%
г) 25%
61.Қол күйгендегі күйік көлемі
а) 9%
б) 12%
в) 18%
г) 25%
62.Аяқ күйгендегі күйік көлемі
а) 9%
б) 12%
в) 18%
г) 25%
63.Инфекциялық жарақат дамиды:
а) химиялық фактордан
б) биологиялық агенттен
в) термиялық
г) механикалық фактордан
64.Кумбустология үйретеді:
а) инфекцияларды
б) жарақаттарды
в) күйікті
г) тері ауруларын
