- •Бекет № 4 Клиникалық ситуациялық есеп №1 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №1 «Жүктілік кезіндегі несеп жолдары инфекциясында медициналық көмек көрсету» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №2 «Анемия кезіндегі медициналық көмек көрсету» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №3 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №3 «Остеоартроз кезіндегі медициналық көмек көрсету» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №4 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №4 «Диспепсия кезіндегі медициналық көмек көрсету» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №5 «Өкпелік инфильтрация синдромы кезіндегі медициналық көмек көрсету» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №5 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №6 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №6 «Гипергликемиялық кетоацидоздық кома» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №7 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №7 «Жедел стеноздаушы ларинготрахеит» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №8 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №8 «Тырысу синдромы» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп № 9 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •«Бөгде дене» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп № 10 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық ситуациялық есеп №10 «Гипертермиялық синдром» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
- •Клиникалық жағдайлық есеп №11 Емтихан тапсырушыға ақпарат
- •Жүктілік 34-35 апта. Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауы Ұрықтың антенаталды өлуі. Емтихан қабылдаушыға ақпарат
- •Клиникалық жағдайлық есеп № 12 Емтихан тапсырушыға ақпарат
- •Мерзіміндегі босану 38 апта. Ерте босанудан кейінгі қан кету. Көп босанушы. Ірі ұрық. Емтихан қабылдаушыға ақпарат
- •Клиникалық жағдайлық есеп №13 Емтихан тапсырушыға ақпарат
- •Жүктілік 38-39 апта. Босанудың I кезеңі. Эклампсия. Емтихан қабылдаушыға ақпарат
- •Клиникалық жағдайлық есеп № 14 Емтихан тапсырушыға ақпарат
- •І кезеңнің әлсіздігі. Родостимуляция. Геморрагиялық шоктың II дәрежесі. Травмалық шок. Нәрестенің интранаталды өлуі. Емтихан қабылдаушыға ақпарат
- •Клиникалық жағдайлық есеп № 15 Емтихан тапсырушыға ақпарат
- •Босанғаннан кейінгі кеш кезең. Кесар тілігінен кейінгі перитонит. Емтихан қабылдаушыға ақпарат
- •Бекет № 6 Неврология Естің деңгейін, психофизикалық дамуы,бұлшықет тонусын тексеру, рефлекторлы жүйені, бас ми нервтерінің кызметі, қозғалыс координациясын,сезімталдықты анықтау
- •Бекет № 6 Неврология Естің деңгейін, психофизикалық дамуы,бұлшықет тонусын тексеру, рефлекторлы жүйені, бас ми нервтерінің кызметі, қозғалыс координациясын,сезімталдықты анықтау
- •Бекет № 8 Туберкулез диагнозын анықтаудағы диагностикалық алгоритмын жүргізу
- •Бекет № 9
- •Бекет № 10
- •Аттестациялық парақ
Клиникалық ситуациялық есеп №4 Емтихан тапсырушыға арналған ақпарат
Пациент әйел М., зейнеткер, 67 жаста, тамақтан кейін күшейетін эпицентрі эпигастрийде орналасқан іштің жоғарғы жартысында ауырсынуға, тәулігіне 4 ретке дейін патологиялық қосындысыз ботқа тәрізді нәжіске, аздап жеңілдік тудыратын жеген тамағымен көп рет құсуға, қыжылға, ауамен кекіруге, аузында қышқыл сезім мен құрғауға, бас айналуына, дене салмағы төмендеуіне шағымданады.
Anamnesis morbi. Алғашқы рет ішінде ауырсыну 15 жыл бұрын мазалаған. Дұрыс тамақтанбағанда оң жақ қабырғаастында ауырсыну, аузында қышқыл дәм, жүрегі айну мазалайды. Өз бетінше аллохол, фестал қабылдайды, 10 жыл бұрын лямблиоз анықталған. Бірнеше рет амбулаторлы емделген. Соңғы бір ай ішінде жағдайы нашарлауын дұрыс тамақтанбаумен байланыстырады, эпицентрі эпигастрийде орналасқан ауырсыну синдромы күшейген, жиі құсу пайда болған. Дәрігерге қаралған.
Anamnesis vitae ерекшеліксіз.
Status praesens. Ауырсыну синдромы, диспепсия, энтералді белгілер, астенизация негізінде жалпы күйі орташа ауырлық дәрежесінде. Тері қабаты және көрінетін шырышты қабаттар қалыпты түсті. Тынысы везикулярлы, ТЖ минутына 18 рет. Жүрек тондары анық, ырғағы дұрыс. ЖСЖ минутына 78 рет. АҚҚ 120/80 мм сынап бағанасымен. Тіл түбі ақ жамылғымен жабылған, ылғал. Іші теріасты-майлы тор арқылы бірдей ұлғайған. Пальпациялағанда жұмсақ, эпигастрийде, іштің жоғарғы жартысында, Шофар, Губергриц-Скульский аймақтарында, оң қабырғаастында ауырсыну байқалады. Мейо-Робсон, Боас, Мерфи, Отртнер симптомдары оң мәнді. Бауыр қабырға доғасы жиегінде. Көкбауыр пальпацияланбайды. Нәжіс ботқа тәрізді, тәулігіне 4 ретке дейін қорытылған тамақ қалдықтарымен, кілегеймен. Айтуына қарағанда несеп ауырсынусыз, кедергісіз.
Тапсырмалар:
Іштің жоғарғы жартысында ауырсыну кезінде ажыратпалы диагностика жүргізу қажет аурулар шеңберін атаңыз.
Болжам диагноз құрыңыз.
Зерттеу жоспарын тағайындаңыз.
Зертханалық зерттеу әдісі нәтижелерін интерпретациялаңыз.
Клиникалық диагноз құрастырыңыз.
Ұсынылған диагностикалау және емдеу хаттамасы негізінде осы жағдайға байланысты пациентке ем тағайындаңыз.
Клиникалық ситуациялық есеп №4 «Диспепсия кезіндегі медициналық көмек көрсету» Емтихан қабылдаушыға арналған ақпарат
№ |
Қадамдар |
Іс-әрекет алгоритмі |
Балмен бағалау |
||
|
|
Іштің жоғарғы жартысында ауырсыну кезінде ажыратпалы диагностика жүргізу қажет аурулар шеңберін атады |
Құрсақ қуысы органдарының аурулары: он екі елі ішек және асқазан ойық жара ауруы, обыр, гастрит, холецистит, панкреатит, ішек тітіркену синдромы, жіті іш |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
|
Болжам диагноз құрды |
Созылмалы панкреатит ауырсыну түрі, орташа ауырлық дәрежесі, экзокринді жетіспеушілік. Созылмалы холецистит өршу фазасы. |
1,0 |
0,5 |
0 |
|
|
Зерттеу жоспарын тағайындады |
Қосымша зерттеулер: Ішекті зерттеу (ирригоскопия, колонскопия) *қосымша зерттеулер тізімі ауысуы мүмкін |
2,0 |
1,0 |
0 |
|
|
Зертханалық зерттеу әдісі нәтижелерін интерпретациялады |
Жалпы қан анализі: қабынудан болуы мүмкін ЭТЖ жылдамдауы Қандағы қант қалыпты (эндокринді жетіспеушілік жоқ) Жалпы несеп анализі қалыпты БҚА қалыпты Копроскопия: көп мөлшерде қорытылмаған бұлшық ет талшықтары (креаторея), нейтралді майлар көп мөлшерде (стеаторея) – ұйқы безінің секреторлық қызметі бұзылысы, йод.бактериялар көп мөлшерде – ащы ішектегі ас қорыту бұзылуы, крахмал 0-1-3 көру аймағында – амилорея Эластаза 1-100 – ұйқы безінің экзокринді жетіспеушілігінің төменгі дәрежесі |
2,0 |
1,0 |
0 |
|
|
Клиникалық диагноз құрастырды |
Созылмалы панкреатит ауырсыну түрі, орташа ауырлық дәрежесі экзокринді жетіспеушілікпен. Созылмалы калькулезді емес холецистит өршу фазасы. |
2,0 |
1,0 |
0 |
|
|
Ұсынылған диагностикалау және емдеу хаттамасы негізінде осы жағдайға байланысты пациентке ем тағайындады |
|
2,0 |
1,0 |
0 |
Қорытынды |
10 |
5 |
0 |
||
*Препараттар тобын атаса жеткілікті (протон помпасы ингибиторлары, ферментті препараттар және т.б.)
Тапсырманы орындауға берілген уақыт – 10 минут
Ең жоғарғы балл жинақтары – 10 баллов
