- •Мазмұны
- •1. Зерттеу аумағының сипаттамасы
- •1.1 «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің географиялық орны
- •1.2 «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жер бедері
- •1.3 «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің көлдері
- •1.4 «Бурабай» мұтп-нің өсімдіктер мен жануарлар әлемі
- •1.5 «Бурабай» мұтп-нің тарихи-табиғи ескерткіштері
- •2 «Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы»
- •2.1 Мұражай туралы жалпы ақпарат және оның тарихы
- •2.2 Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспозициялары
- •2.2 Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының басшылығы және байланыс мәліметі
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.4 «Бурабай» мұтп-нің өсімдіктер мен жануарлар әлемі
Ұлттық паркте республиканың солтүстік аймақтарына тән өсімдіктер мен жануарлардың реликт түрлері де сақталған. Онда өсімдіктердің 757 түрі өседі, оның 95-і сирек және жойылып кету қаупі бар түрлер (мысалы, ірі гүлді шолпанкебіс, қара қандыағаш, бұғы қынасы, Фукс сүйсіні, т.б.).
2-сурет.
3-сурет. Қандыағаш
Орманды алқапта көбірек өсетін ағаштың бірі – қарағай. Одан басқа көктерек, тал, ырғай, бозарша, итмұрын, долана, қарақат, т.б. өседі. Реликті түрлерден – қырықжарыпақ, қырықбуын, плаун, қияқөлең, мүкжидек, т.б. бар. Сондай-ақ парктің флора құрамында дәрілік, тағамдық, әсемдік өсімдік түрлерін көптеп кездестіруге болады. Кейбір шағын көлдердің жағалауларында реликті шымтезек батпақтары да бар.
Ұлттық парктің фауна құрамы да өте бай. Мұнда омыртқалы жануарлардың 305 түрі мекендейді, олардың 87-сі сирек кездесетін түрлер. Мұнда кәдімгі бұғы және асканияның буданды бұғылары жерсіндірілген.
4 – сурет. Жабайы бұлан
Орманды алқаптарда сілеусін, ақкіс, ақ қалақ, орман сусары, т.б. мекендейді. Парк аумағында балықтардың 6, қосмекенділердің 3, бауырымен жорғалаушылардың 6, құстардың 200-ден астам түрі кездеседі. Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген бүркіт, қарақұс, үкі, т.б. бар.
5-сурет. Жабайы шошқа
Омыртқасыздар әлемі әлі толықтай зерттеліп біткен жоқ. Бірақ қорғауға алынған жәндіктердің кейбір түрлерін: әдемі қызинелік, Сервилдің севчугі, дала сколиясы, карминді поляк сымыры, т.б. кездестіруге болады.
6-сурет. Кесіртке
1.5 «Бурабай» мұтп-нің тарихи-табиғи ескерткіштері
Көкшетау қыратының ең биік жері – Көкше жанында. Герцин қатпарлығы тауларының мүжіліп жазыққа айналуы нәтижесінде пайда болған. Төңірегінің табиғаты көрікті. Гранитті жартастан түзілген, беткейі тік, қарағай, қайың өседі. Оқжетпес маңында қаңтардың орташа температурасы –9 – 16қС, шілдеде 19қС. Жылдық жауын-шашын мөлш. 200 – 300 мм. Төңірегінде бұғы, түлкі, шіл,құр мекендейді, ұшар басына бүркіт ұя салады. Қазақ халқының талай атақты ақын-әншілері (Сәкен Сейфуллин, т.б.) Оқжетпесті жырға қосқан, өздерінің ән-өлеңдерін арнаған. Оқжетпес маңы туристік саяхат жасайтын өңір.
7-сурет. Оқжетпес тауы
Жұмбақтас – Әулиекөлдің сол жағында, Көкше мен Теміртау тауларының айырығында орналасқан жартас. Пішіні пирамида тәріздес, жиектері дөңгеленген граниттен тұрады. биіктігі 18 м. Жұмбақтастың пайда болу тарихы туралы халық жадында сақталған аңызда:17-жастағы тұтқынға түскен қалмақ қызы Оқжетпес шыңынан Бурабай (ескі атауы Әулиекөл) комитене секіріп кетеді де, сұлудың түскен жерінен таңғажайып жартас пайда болған. Егер Жұмбақтасқа көгілдір шығанақтан қараса, қыздың бейнесі байқалады, ал қарама-қарсы жағынан қараса мыстан кемпірдің бейнесін көруге болады. Орыс тілді авторлар Жұмбақтасты «Сфинкс» деп атап кеткен.
8-сурет. Жұмбақтас
Жұмбақтас туралы аңыз.
Ертеде, мыңды айдаған, азуы алты қарыс бір бай болған екен дейді. Байдың ұлы көп, ал қызы жалғыз–ақ екен дейді. Қызы бет біткеннің көріктісі, асып туған перизат. Өзі және ақылды, өнерлі. Ата-анасы әлпештеп өсіреді. Әкенің ойы қызың хан баласына немесе ақылгөй би баласына беру.
Күндердің күні сол елге бір сері жігіт келеді. Өзі сұлу, өзі әнші, өзі күйші. Сегіз қырлы, бір сырлы. Жігіттің сұлтаны. Үлкен де, кіші де оны ауыздарынан тастамай мақтаумен болады. Бірде жігіт байдың қызымен жүздеседі. Екеуі де махаббат отына жанып, жас жүректер жалындап табысады. Бірақ қыздың әкесі олардың қосылуына өлмейінше ризашылық берер ме? Соны білгендіктен, қос ғашық ретін табады да, екі сәйгүлікке мініп, түн жамылып, қашып кете барады. Талай күн, талай түн бел шешпестен суыт жүріп, Бурабайға келіп жетеді. Қуғыннан қара үзіп кеттік, ізімізден адастардық деген қуанышты көңілмен осы араға тоқтайды. Күміскөлдің жағасына хош иісі аңқыған жасыл жапырақ, көк балаусадан қос тұрғызады. Жігіт анау-мынау шағын кемеге бергесіз үлкен, сәнді қайық жасайды. Онымен екеуі көл бетіне шығып сайрандайды. Күміскөлдің теріскей – шығысы тұсындағы әдемі иінге жиі барып, ұзақ-ұзақ аялдайды. Көкшенің көлеңкесі үнемі түсіп тұратындықтан ба, әлде басқадай бір сыры бар ма, әйтеуір қолтыққа ұқсаған бұл иін алқара көк тартып, күміс судан бөлек бояумен әдемі әсер туғызады. Сол реңкіне қарай оны ата-бабаларымыз Көгілдір қолтық деп атаған екен. Екі жас осы Көгілдір қолтық айдынында тамылжыған табиғатқа тәнті болады. Суда шоршып ойнаған байлықтарды қызықтайды. Махаббат періштесіндей аққуларды тамашалайды.
Қосылған қос аққудай екі жастың махаббатқа мас, қызықты күндері осылайша өтіп жатады. Бұл кезде оларды қыздың ағалары шарқ ұрып іздеп жүр еді. Қызының салт басты, сабау қамшылы бір "әуейімен" қашып кеткенін білгенде әкесі жер тепкілеп күркіреген болатын. Бүкіл елін қырып жібере жаздаған. Ұлдарына жасақ қосып беріп, қуғынға аттандырған. Жігітті өлтіріп, қызын қайтып әкелуге қатал әмір еткен. Әке қаһарынан қорыққан ұлдарының бармаған жері, баспаған тауы жоқ. Айлардан-айлар өткен бір кездері қашқандар ізінің сорабын дәл тауып, қауіп-қатерсізде төбеден түсуге шақ қалады. Әйтеуір, құдай сақтағанда, екеуінің көзі олардың қарасын ертерек шалып қалған еді. Оны-мұны керектерін ала жан ұшырып қайыққа жетіп үлгіреді. Бөгелместен көлге шығып кете барады. Қуғыншылар бармақ шайнап қала береді. Бірақ кейін қайтпайды. Бай қаһары қатты. Жағалауды торуылдап жүреді де қояды. Олар қайықтың Көгілдір қолтыққа жиі соғатынын байқайды. «Қайық бір табылса осы арадан табылар» деп аңдиды. Қалың жапырақ жамылып, жасырынып, садақ ыңғайлап тұрады. Оларды екі жас аңғармайды. Бір жолы жағалауға тым жақын келіп тоқтамай ма. Оңтайлы сәтті пайдаланған қыз ағалары қапы жібермейді. Жігітті кеудеден көздеп, садақты тартып кеп қалады. Найзағайдай зу еткен сұр жебе жігіттің тура жүрегіне қадалады. Жігіт қайықтан ауып құлап түседі. Күміс суды қызыл қанға бояп, шым батып кете барады. Ғашық жарынан арманда айырылған аяулы ару қайғыдан зар еңірейді. Сүйгенінің артында қалған тіршіліктен безінеді. Екі кеш зауал шақта таудан асып бара жатқан күн көзіне қарап, екі қолын бірдей созып, тәңірге жалбарынады. Өзін қайғымен бірге тасқа айналдырып жіберуін тілек етеді. Жасаған ие оның шын төгілген көз жасын қабыл қылады.
Кейінде ата-бабаларымыз кіршіксіз махаббатқа куә сол тасты Жұмбақтас деп атапты. Бір жағынан қарасаң кәдімгі кеме, екінші жағынан – шашын жел жұлқылап тұрған пісте мұрын қыз. Сәл бұрыстау жылжысаң, ару қызымыз қайғыдан мүжілген кемпірге ұқсап кетер еді.
Бурабай ауданы жерінде. Алыстан таудың нобайы сақтықты ойлап дулығасы мен болат сауытын шешпей мәңгі ұйқыға кеткен сақалды батырдың бейнесін елестетеді.
9-сурет. Жеке батыр
Аңыз бойынша ертеректе алып күш иесі, арманшыл бір батыр осы өңірде өмір сүріпті. Жас кезінде уайым-қайғы дегенді елемей өзінше думандатып өмір сүреді. Ер жеткенде жоқшылық пен халық мұңын көріп, қабағын кірбің шалады. Туған жеріне жоңғарлар мен қалмақтар жиі-жиі шапқыншылық жасап отырған. Ауылдардың шаңын аспанға көтеріп, астан-кестең қиратып, жау әскері төрт-түлік мал табындары мен қорғансыз адамдарды айдап кетеді. Ал ел іші бір-бірімен қалыңдық пен жайылымдыққа таласып, күнде қырқысып, ауыз бірлікке келе алмайды. Бұны көрген жас батыр бәріне қолын бір сілтеп, ауылдан кетуді ойлайды. Еркін жүріп, бақ пен байлық іздегісі келеді. «Мүмкін болса ауылдастарыма жақсылық жасасам сонда олар тынышталар ма еді» – деген оймен кетпекші болып, өзіне болат қылыш пен дулыға, үстіне сауыт соғып киіп, бақыт іздеп жолға шығады. Жол үстінде Жеке батырға басқа ауылдың батырлары жолығады. Олар да бақыт жолына жалғыз шыққан екен. Жаумен бірінші болып қазақ батыры жолығады. Қалың қол оның алдын бөгеп, қоршауға алады. Ол жаумен ұзақ шайқасады. Жау қара масадай құжынап, шегірткедей үймелеп, батырдың үсті- не шығып кетеді. Оның көзі көрмей, құлағы естімей қалады. Сонда ғана ол бақыт үшін жалғыз күресудің қате екенін түсінеді, аһ ұрып өкінеді. Алып тұлғалы батыр әл-дәрмені құрып, туған даласына шалқасынан құлап түсіп, тасқа айналады, мәңгілік ұйқы- ға беріледі. Жеке батыр бетегелі далада тас болып жатыр.
Абылай хан алаңы — Көкшетау тауының етегінде орналасқан табиғаттың бірегей ескерткіші. Оның басты ерекшелігі — қайталанбас микроклиматы (күн сәулесінің ұзақтылығы, биологиялық белсенді ультракүлгін сәулелердің мол түсуі). «Абылай хан алаңы» аталатын табиғи көрінісі тамаша жерде ашылған мұражайдың аумағы 288 шаршы метрді құрайды.
10-сурет. Абылай хан алаңы
Онда қазақ ханы Абылайдың Ресей, Қытай, Бұхара хандықтарының елшілерін қабылдауы көрініс тапқан. Ұлы ханның қолбасшылығымен болған жорықта тарихта «Шаңды жорық» деген атаумен қалған оқиға барысы мұражайдың бір қабырғасына толығымен безендірілген. Ал дәл ортада Ұлы мемлекет қайраткерінің қолбасшылығымен сап түзеген сарбаздардың бейнесі негізінде «Әскери кеңес» атты мүсіндік композиция сомдалған. Осы мүсіндік композицияны айнала орнатылған бағаналарда хан Абылайға қатысты деректер топтамасы жазылған. Бұл шараның да Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Қазақ хандығы дәуірінің тарихи жәдігерлерін сақтап қалу, қазақ тарихын көпшілікке таныту және туризмді дамыту мақсатында атқарылғанын атап өту керек.
11-сурет. Абылай ханның тағы
