- •Мазмұны
- •1. Зерттеу аумағының сипаттамасы
- •1.1 «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің географиялық орны
- •1.2 «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің жер бедері
- •1.3 «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің көлдері
- •1.4 «Бурабай» мұтп-нің өсімдіктер мен жануарлар әлемі
- •1.5 «Бурабай» мұтп-нің тарихи-табиғи ескерткіштері
- •2 «Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайы»
- •2.1 Мұражай туралы жалпы ақпарат және оның тарихы
- •2.2 Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспозициялары
- •2.2 Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының басшылығы және байланыс мәліметі
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2.2 Г.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайының экспозициялары
Палеонтология залы - Музей экспозициясы өлкенің ежелгі тарихын баяндайтын палеонтология залынан басталады. Павлодар облысы палеонтология ескерткіштері бойынша Қазақстанда алдынғы қатарда тұр.
Павлодар Ертіс өңірінің өткені туралы таста ұлулардың,амонит және белемнит, ганоид балықтың қалған іздері, ежелгі өсімдіктердің таңбалары мәлімдейді. Гингко – көнезамандық, ашық тұқымды өсімдік, оны жиі тірі қазба деп атайды.Қазіргі кезде осы өсімдік қорғауда болуда.Көптеген экспонаттар келушілерге бұдан 150 млн. жыл бұрын облыс аймағын алып жатқан қалың нулепидодендрон ормандары мен папоротниктер, ал 70 млн. жылдар бұрын толқындаған теңіздер болғаны жайында баяндайды. Африка саванналары тәріздес далаға айналған жерлерде үш тұяқты гиппарион жылқылары жайылып жүрген, ал кейінірек мұз дәуірі кезеңінде олардың орнын мамонттар мен үлкен мүйізді бұғылар басқан.
Павлодар қаласының аумағында бүкіл әлемге белгілі бірегей палеонтология ескерткіші “Қаз қонақ” орналасқан. 1928 – 1930 жж. палеонтолог Ю.А.Орлов жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде неоген кезеңіне жататын ежелгі жануарлардың көптеген сүйектері табылды. Оларға үш тұяқты гиппарион жылқысының, жирафтың, мүйізтұмсық хилотерийдің, бұғылар мен қорқау қасқыр, қылыштісті мысық – махайрод пен піл –трогонтерийдің сүйектері жатады. Келушілер осы жануарлардың сүйектерін экспозициядан көре алады.
13-сурет. Палеонтология залының экспозициялары
Ертіс өзенінің жағасынан табылған үлкен мүйізді бұғының қаңқасы музейдің мақтанышы болып саналады.Жыл сайын көктемгі су тасқыны кезінде өзен жарқабағынан мұз дәуірі кезеңінің жануарлары сүйектерінің қалдықтарын табуға болады, оларға жеке экспозиция арналған. Мұнда мамонттың, түкті мүйізтұмсықтың, үңгір аюы мен басқаларының сүйектері көрсетілген.
14-сурет. Палеонтология залының экспозициялары
Қазіргі заман табиғат залы - Павлодар облысы территориясының көп бөлігі Батыс Сібір жазығының бойында, Ертіс өзенің орта ағысында орналасқан. Қазіргі кездегі ауданы 127 мың ш.м. құрайды. Павлодар қаласы теңіз деңгейінен 138 метр биіктікте орналасқан. Облысымыздың ең басты су артериясы өз бастауын Қытайдан бастайдын Ертіс өзені болып табылады. Павлодар облысының табиғаты залында тау жыныстары мен рудаларының, минералдар мен құрылыс материалдарының топтамалары ұсынылған. Пайдалы қазбалардың түрі және мөлшері бойынша Павлодар облысы Қазақстан республикасында алдынғы қатарда тұр. Біздің облысымызда Менделеев кестесінде көрсетілген элеметтердің барлық түрі кездеседі.
15-сурет. Қазіргі заман табиғат залының экспозициялары
Павлодар облысының ең әсем жерлерінің бірі Баянауыл таулы массиві болып табылады. Баянауыл ауданында 40 жуық сүтқоректілердің түрі кездеседі. Олардың ішінде Баянауыл өлкесінің мақтанышы болып табылатын арқар Қызыл кітапқа енгізілген. Арқардың салмағы 150-180 кг құрайды. Олар табынмен өмір сүрген және топ басында ең жүйрік арқар болған. Ересек еркек арқарлардың үлкен мүйіздерінде иірілімдер болады және осы иірілімдер арқылы білгір адамдар олардың жасын анықтай алған. Арқарлар біздің территориямызда 8-10 млн. жыл бұрын пайда болған.
Павлодар облысының территориясында 1200 жуық үлкенді-кішілі көлдер бар. Олардың көбі жаз уақытында кеуіп қалады. Өңірімізде көлдердің көп болуына байланысты су және су маңын мекендейтін құстар көптеп кездеседі.Олардың ең кішісі ысқырғыш-шүрегей, ал ірісі – сұр тырна.
16-сурет. Қазіргі заман табиғат залының экспозициялары
Алғашқы қауым археология залы - Павлодар Ертіс өңірі территориясында 1,5 млн жыл бұрын өмір сүрген адамдардың құрал-саймандары табылды.
Адамзаттың дамуына байланысты тастан құрал жасау техникасы да жетілдіріле бастады. Орта тас ғасыры мезолит дәуірі палеолит және неолит дәуірлері аралығындағы өтпелі кезең. Мезеолит дәуірінде белгілі бір шаруашылыққа арналған құралдар жасалына бастады.
17-сурет. Алғашқы қауым археология залының экспозициялары
Павлодар Ертіс өңірі территориясындағы қола дәуірі Андронов мәдениетімен суреттелінеді. Андронов мәдениетіне қатысты тайпалар б.з.д. 3-1 мың жылдықтарда өмір сүрген. Бұл кезеңде тас құралдар ығыстырылып, олардың орнына құралдар металдан жасалына бастады. Аңшылықтың орнына мал шаруашылығы мен егіншілік келеді.
Қола дәуірі кезеңіндегі жерлеу рәсімі бұл кезеңнің ерекшелігі болып табылады. Андроновтықтар жерлеу кезінде мәйітті сол немесе оң бүйіріне жатқызған. Мәйітті былай жатқызу наным-сенімдермен түсіндірілді. Олардың сенімдері бойынша адам өлмейді, ол тек қана ұйықтап қалып, кейін басқа әлемде оянады деп сенген.
Көшпелі өркениет залы - Б.д.д. VIII ғасырдың аяғы– VII ғасырдың басында жаңа дәуір – ерте темір ғасыр басталады. Тасмола шатқалындағы жерлеудің атауымен аталған тасмола мәдениеті осы кезеңді сипаттайды.
Ертістің Павлодар өңірінің ерте темір ғасыры көшпелілердің тасмола археологиялық мәдениетімен байланысты. Мыстан жасалған қазан, хайуанаттар стилінде әшекейленген қола мен алтыннан жасалған заттар ең құнды да қызықты экспонаттар болып табылады. Қару – жарақ түрлері ұзын металл семсер, қанжар және жебе ұштары арқылы көрсетілген.
18-сурет. Көшпелі өркениет залының экспозициялары
Б.д.д. VI ғасырдың ортасынан бастап түркі, түргеш, қарлұқ ертефеодалдық мемлекеттер құрылып дамуы басталады. Түркі дәуірі салттық құрылғылар мен көне зираттардың маңында орналасқан мүсіндермен сипатталады. Мүсіндердің беттері шығыс бағытына қаратылып қойылған. Мүсіндердің пайда болу және мағынасы жөнінде 2 көзқарас бар. Бір жағынан, ол жауларының бейнелері, екінші жағынан – тас мүсіндер түркілерге орнатылған ескерткіштер.
Қала тарихы залы - Павлодар қаласының шығуы 18 ғасырдан басталады. Шекараны қорғау мақсатымен Ертістің бойында бірнеше бекіністермен форпосттар тап болады. 1867 жылы Қосым Пішенбаевтың таскөмір кен орнын ашуы көмір өндірісі өнеркәсібінің дамуына жол ашты. Павлодар өңіріндегі тарихи оқиғалар жайында фотосуреттер мен құжаттар әңгімелейді.
Қаланың атауына байланысты бір аңызға сенсек қазіргі Екібастұз қаласының аумағын аралағанда Қ.Пшембаев қара түсті кесектерді байқап алды. Оларды зерттеп көмір кенін тапқанына сенді, осы жерде тұздан үйген топырақты жасады, ал үстіне қырда тапқан аттың екі бас сүйегін салды.
Біздің қаламыздың ресми тарихы жаңа тұзды көлдің ашылуымен тығыз байланысты.1720ж. Коряков арқалауынын орнына Коряков форпосты салынды – Омбы және Семей бекіністердің арасында 7 аралық кербездіктердің бірі.
19-сурет. Қала тарихы залының экспозициясы
1750ж. Коряков форпостында тұз өндіру жұмыстары басталады және Тобол тұз ведомствосының тұз бекеті құрылады. Форпостты тұз жабдықтаушылармен төрешілдіктер мекендейді. 1765ж. форпостта алғашқы ірі тұз қоймалары салынады.
XIX ғ. аяғы – XX ғ. басындағы көпес үйінің ішкі көрінісіне назар аудартады. Қаланың бай көпестердің бірі Артемий Иванович Деров. Музейіміз сол кісінің сауда залында орналасқан. Үй 1899ж. «Сібір модерні» деп аталатын стилінде атақты архитектор Батов салған. Келушілер өткен ғасырдағы Павлодар қаласында серуендеп жүріп, көпес үйінің бір бөлмесіне кіруге мүмкіндігі бар. Экспозицияда XIX ғ. қонақ бөлменің ішкі көрінісі берілген. XIX ғ. аяғы – XX ғ. басындағы антикварлық жиһаз, Венеция айнасы, француз сағаты, америка граммофоны, фисгармония – музыка аспабы, белгілі Кузнецов фарфор заводының ыдыс – аяғы музейдің құнды экспонаттары болып саналады.
«XVII-XIX ғасырлардағы өлке» залы - Ақтабан шұбырынды жылдары – 1723-1727 аштық, қайғы-қасірет, материалдық құндылықтардың күйреуін ала келді, өндіргіш күштерді дамытуға орны толмас зиян келтірді. Жоңғар әскерлерінің қысымымен қазақ рулары ғасырлар бойы мекендеген өздерінің туып-өскен жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Жоңғар шапқыншылығының ауыр кезеңіндегі қазақ халқының басына тенген қауіп-қатер, азап-қиыншылықты, босқан елдің мұңзарын толғайтын тарихи сазды өлені Елім-ай өлені. Ол соңғы кездерге дейін халық өлені танылып келді.
20-сурет. «XVII-XIX ғасырлардағы өлке» залы
Қазақ халқының тарихында ең қайғылы уақытта жеріміздің тыныштығын қорғаған болжағыш басқарушылар, батырлар, билер бастаған. Әйгілі «Аңырақай шайқасынан» кейін қазақ жерлері жаудан босатыла бастады. Осы уақытта Павлодар Ертіс өңірінің территориясы қазақ-жоңғар соғыстарының алаңына айналды. Олжабай мен Жасыбай батыр бастаған қазақ қолдары Павлодар өңірін жоңғар басқыншыларынан түпкілікті азат етті. Жоңғар басқыншылары Баянауыл жеріндегі бейбіт жатқан ауылдарға шабуыл жасады. Қазақ күштерін Бөгенбай және Қабанбай батырлар басқарды.
Белгілі Қазақстандық суретші Н.Ж.Қарымсақовтың «Аруақ ұранымен» картинасы осы оқиғаларға арналған.
Батырлар мен билердің суреттері залға ерекше салтанат пен ұлылық беріп тұр. Бұл Төле би, Қазбек би и Айтеке би – Ұлы жүздің, Орта жүздің және Кіші жүздің билері. Олар Жеті жарғы атты заң жинағының құрастырушылары. Қазақ жерің жоңғар басқыншылардан босатқан батырлардың суреттері көрсетілген. Олардың ішінде Баян батыр, Малайсары батыр, Бөгембай батыр және Жасыбай батыр.
21-сурет. «XVII-XIX ғасырлардағы өлке» залының экспозициялары
Жаңа заман тарихы залы - Ақпан революциясынан соң 1917 жылы көктем мен жаз мезгілдерінде Қазақстанда саяси партиялардың оянуы, жұмысшы және жастар ұйымдары серпін ала бастайды. Бірінші жалпы қазақтық съезінде ұлттық қазақ партиясын құру туралы шешім қабылданды. Партияның бағдарламасы Қазақ газетінде басылып шыққан, оның мазмұның Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов құрастырды, ол 10 параграфтан турды. Партия басшысы болып Ә.Бөкейханов сайланды. Көрмеде «Алаш Орда» партиясын қолдаған біздің жерлестеріміздің фото суреттері көрсетілген. Олардың бірі ақын, демократ, қоғам қайраткері С.Торайғыров. тағы бір жерлесіміз Баянауылда туған Жүсіпбек Аймауытов. Екі жерлесіміз де «Алаш Орда» үкіметін қолдап, «Алаш-Ұраны» атты әнұранның сөзін жазады.
22-сурет. Жаңа заман тарихы залы
1941 жылы 22 маусым таңғы сағат 4-те фашистік Германия әскерлері соғыс жарияламастан бейбіт жатқан еліміздің шекарасына қалалар мен ауылдарды бомбылады. Осылайша ҰОС басталды. Осы оқиғаға орай қалалық паркте митинг болып, көптеген адамдар өз еркімен майданға аттанды. Павлодар облысының аумағынан майданға 48700 адам аттанды ал соғыс аяқталған кезде 22000 адам үйге оралмады.
«Алғашқы тың игерушінің тұрмысы» инсталляциясында сол кезеңгі тән тұрмыс заттары қойылған. 1958 жылы Павлодар облысы мемлекетке 155 пуд бидай берген үшін Ленин ордені табысталды. Даңқы жерлестеріміз, белгілі ғылым, әдебиет және мәдениет қайраткері Павлодар облысын бүкіл әлемге танытты. Қазақстан ғылым академиясының негізін қалаушы, академик Қ.И.Сәтбаев планеталық масштабтағы ғалым. Экспозицияда белгілі жерлестеріміздің фотосуреттері, олардың ғылыми, әдеби еңбектері, жеке заттары қойылған.
23-сурет. Жаңа заман тарихы залының экспозициясы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы залы - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы залы, Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасы мемлекетінің қалыптасу кезеңдері көрсетеді. Залымыздың орталығында Тәуелсіздігіміздің нышандары Мемлекеттік Туымыз, Елтаңбамыз және Әнұран орналасқан. Тәуелсіздігіміздің тағы бір белгісі 1993 жылдан бастап енгізілген ұлттық валюта теңге.
Қазақстан Республикасының Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасының мемлекеттік басшысы және республикасының атқарушы өкімет билігінің біртұтас жүйесін басқарушысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарың айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға, сондай-ақ республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарының Конституциясы мен заңдарының сақталуына кепіл болады, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады.
24-сурет. ҚР-сы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы залы
Жеделдетілген инновациялық индустриалды даму бағдарламасын іс жүзіне асыруда өңір үлкен табыстарға жетті: Павлодар облысында 169 тоба іске асырылды. Оның 15-і республикалық масштабтағы жобалар. «Жол картасы» бағдарламасы бойынша Павлодар облысының ауылдық аймақтарында әлеуметтік – мәдени нысандар қалпына келтірді және жаңадан ашылды.
1996 жылда Павлодар облысында АО Евроазиаттық энергетикалық корпорация құрылды. Корпорация құрамына Ақсу ГРЭС-і, Екібастұз көмір разрезі, Павлодар қаласының энергетикалық құрылғыларды жөндейтін өндірістік-жөндеу бөлімшесі кіреді.
Екібастұз жылу энергетика кешені бірнеше станцияларға бөлінген ГРЭС-1 құрылысы 1974 жылы басталып 1984 жылы іске қосылды. Құралдары Санкт-Петербург, Одесса, Харьков қалаларында жайындалған. 1990 жылы 1 млн. Квт қуаты бар ГРЭС – 2 құрылысы аяқталды.
