Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биогеохимия шпор.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

5.Химиялық эволюцияның негізгі заңдылықтары және гидросфераның қалыптасуы. Гидросфераның химиялық

құрамыТіршіліктің пайда болуы жайлы теорияны Пфлюгер, Дж. Холдейн және Р. Бейтнер ұсынды. Бірақ толық түрде бұл теория биохимик, академик А.И.Опариннің 1924 жылы жазылған “Тіршіліктің пайда болуы” деген еңбегінде қарастырылды. Бұл теория бойынша тіршіліктің пайда болуы – Жердегі ұзақ эволюцияның - алдымен атмогидросферадағы химиялық, одан кейін биологиялық эволюциялардың нәтижесі. Бұл концепция қазіргі кезде ғылыми ортада ең танымал. Сондай - ақ көрсетілген тұжырым ғалымдардың басым көпшілігімен мақұлданған. Биосфера эволюциясы – түрлердің, олардың арақатынастарының үздіксіз бір мезгілде өзгеру және бір түрдің түсіп қалып, бұрын болмаған екінші бір түрлердің пайда болу құбылыстары. Қазіргі биосфераның қалыптасуы – ғасырлар бойы орын алған эволюцияның нәтижесі. Биосфералық эволюция тіршіліктің пайда болуын дайындаған кезеңнен, дәлірек айтқанда биологиялық эволюциядан тұрады. Қалыптасқан көзқарастарға сәйкес олардың негізгі сатыларына:

1. Ғаламшар мен оның атмосферасының түзілуі шамамен 4,5 млрд. жыл бұрын басталды. Алғашқыда пайда болған атмосфераның температурасы жоғары, тез қалпына келетін сутектен, азоттан, су буынан, метаннан, аммиактан және инертті газдардан құрылған көміртек тотығының, формальдегид пен басқа жай қосылыстардың болуы мүмкін. 2. Күннің сәулелену энергиясы мен атмосфераның біртіндеп сууының нәтижесінде заттардың абиотикалық айналымы пайда болды. Сұйық су пайда болып, гидросфера құралып, су айналымы, элементтердің судағы миграциясы мен ерітінділерде бірнеше фазалық химиялық реакциялар жүрді. Автокатализдің арқасында молекулалардың түзілуі мен өсуі орын алған.3. Күннің ультракүлгін сәуле энергиясының, радиоактивтіліктің және әр түрлі энергиялық күш нәтижесінде көміртегінің, азоттың, сутегінің, оттегінің жай қосылыстары конденсация мен полимеризация процестеріне түсуі арқылы органикалық қосылыстар түзілген. 4. Төртінші сатыны антропоген сатысы деп атауға болады. Гидросфера – биосфераның элементі. Гидросфера – жердің су қабығы, оның құрамына мұхиттар, көлдер, теңіздер, өзендер, жерасты сулары және мұздықтар,қар қабаты және атмосферадағы су булары кіреді. Жер гидросферасының 94%-ы мұхиттар мен теңіздердің тұзды сулары, ал 75%-ы Арктика мен Антарктиданың тұщы сулары. Жер шарындағы су барлық 3 агрегаттық күйде де кездеседі, ал ең үлкен бөлігі барлық тірі ағзалардың жаратылысы үшін маңызы жоғары болып табылатын сұйық күйде кездеседі. Барлық табиғи су комплексі біртұтас жүйе ретінде қызмет етеді, ол үнемі қозғалыс, даму және жаңару үстінде болады. Жер шарының 71%-ға жуығын алатын дүниежүзілік мұхит беті атмосфера және литосфера қабаттарының аралығында орналасқан.Планетаның климатының тұрақтылығын ұстап тұруда да судың маңыздылығы ерекше. Ол бір жағынан жылу аккумуляторы ретінде атмосфераның бірқалыпты орташа температурасын ұстап тұрса, екінші жағынан ондағы фитопланктондар атмосфераның оттегісінің жартысын өндіреді. Табиғи сулар әдетте таза болмайды, онда еритін және ерімейтін заттардың қоспалары болады. Теңіз суында еріген тұздар кептеп кездессе, (3,5 %) ағын және жер асты суларында кальций мен магний тұздары болады, ал жауын мен еріген қар суларында көбінесе шаң мен еріген күйдегі газдар (02, N2, С02, S02, т. б) кездеседі.

6.В.И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі. Биосфераның химиялық құрамы ж/е шекаралары.В.И.Вернадскийдің биосфера туралы ілімі -бұл өткен кезеңде,қазір және болақшақта дамитын,өзін-өзі реттейтін жүйе ретіндегі ғаламшарды зерттеуге бағытталған мүлде жаңа көзқарас болып есептелетін біртұтас іргелі ілім.Бұл ғалымның түсіндіруіне сәйкес биосфера тірі затты ,биогенді затты,өлі затты,биоөлі затты,сондай-ақ радиоактивті затты,ғарыштық затты және шашыранды атомдарды қамтиды.Бұл аталған заттардың барлығы геологиялық тұрғыдан өзара байланысты болады.В.И.Вернадский ілімінің негізгі мәні Жер ғаламшарының келбетін өзгертудегі «тірі заттың» ерекше рөлін мойындауда болды. Заманның геологиялық кезеңі ішіндегі оның атқарған қызметінің жиынтығы өте ауқымды болды.В. И. Вернадский биосферадағы тіршілік үрдістерін жан-жақты зерттей келе биохимиялық элементтердің бір тобын «тірі заттар», екінші тобы биогенді, үшіншісі – биокосты, сирек кездесетін элементтер деп бірнеше категорияларға бөлді.Биогенді заттарға сутек, оттек, көміртек, азот, фосфор және күкірт жататынын В. И. Верданский анықтап берді. Ол геохимик және минералог еді. Биогенді элементтердің атомы тірі ағзалардың денесінде күрделі биоорганикалық қосылыстарды жасап, көмірсулар, жоғары молекулалы заттар,яғни белоктар, нуклеин қышқылдары, дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ), рибонуклеин қышықылы (РНҚ), липиттерді синтездейді. Бұл химиялық қосылыстар биосферадағы тірі организмдердің негізгі құрамы тіршілік тірегі.