Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
биогеохимия шпор.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

12.Қорғасынның, сынаптың, кадмийдің табиғаттағы негізгі

көздері. Мыс элементінің биосферадағы айналымы.

Ауыр металдар әр түрлі өндіріс өнеркәсіптерінде кеңінен қолданылады, сондықтан да, тазарту шараларына қарамастан, өнеркәсіп ағынды суларындағы ауыр метал қосылыстарының мөлшері едәуір жоғары болып қалады. Су көздеріне ауыр металдарды негізгі түсіруші топырақ екені анықталған, ол өзінің астында жатқан грунттармен биохимиялық өзара әрекеттесуі есебінен де, және атмосфералық жауын-шашын есебінен де үнемі осы химиялық заттармен байып отырады.

Ауыр металдардың ішіндегі ең қауіптілері сынап, қорғасын және кадмий болып табылады. 2006 жылдың қыркүйек айында Будапешт қаласында өткен химиялық қауіпсіздік жөніндегі Мемлекет аралық форумның бесінші сессиясында сынап, қорғасын және кадмийдің қоршаған орта мен бүкіл әлемдегі адамдардың денсаулығына әсері туралы мәлімдеме жасалып, бұдан былай ауыр металдарға байланысты жаһандық іс-шараларды жүзеге асырудың қажеттігі туралы мәлімдеме мақұлданды. Осы сессия барысында бұл металдар үлкен қашықтыққа тарайтын қабілеті бар заттардың санатына жататыны айтылды, сондықтан халықаралық масштабта әрекет ету қажеттілігі дәлелденді.

Сынап мұхитқа материк сулармен бірге және атмосфера арқылы түседі. Шөгінді жыныстардың және вулкандар атқылауынан түзілген жыныстардың желмен үгілуі кезінде жыл сайын 3,5 мың. т. сынап қоршаған ортаға бөлінеді. Атмосферадағы шаңның құрамында шамамен 12 мың. т сынап бар, оның көп бөлігі – антропогендік фактор әсерінен түзіледі. Бұл металдың жылдық өнеркәсіптік өндірілуінің жартысына жуығы (910 мың. т./жыл) әр түрлі су көздеріне әр түрлі жолдармен түседі. Өнеркәсіп орындарының ағынды сулары ластайтын аудандарда сынаптың ерітінділердегі және ерімеген күйінде араласқан заттар бар сулардағы концентрациясы өте жоғары

Қазақстанда өте өзекті болып отырған мәселелердің бірі - Нұра өзенінің ластануы, бұл өзеннің бойында бір жарым миллионға жақын тұрғыны бар, екі ірі өнеркәсіп орталықтары - Теміртау мен Қарағанды қалалары орналасқан. Нұра өзенінде сынап ең алғаш рет шамамен елу жылдай уақыт бұрын, Теміртау қаласында синтетикалық каучук зауты, қазіргі «Карбид», АҚ жұмыс істей бастағанда пайда болғаны белгілі (Шортанбаева М.А., т.б., 1995).

Бұл өнеркәсіп орнының ацетальдегид өндіретін цехтарында катализатор ретінде сынап қолданылатын. 1996 жылы зиянды ацетальдегид өндірісі жабылды. Алайда, ресми мәліметтер бойынша, өзеннің түбінде 150 тоннадай сынап шөгіп қалған. Қазіргі кезде Нұра өзені Қазақстанның астанасы – Астана қаласын сумен қамтамасыз ететін альтернативті су көзі ретінде жоспарланып, мамандар бұл өзеннің суын сынаптан тазартуға арналған жоба дайындауда, бұл жоба бойынша Нұраның түбінен 2-3 млн куб метр топырақты алып тастау көрсетілген.

орғасын – табиғатта кеңінен таралған элемент, ол қоршаған ортаның барлық компоненттерінде - тау жыныстарында, топырақтарда, табиғи суларда, атмосферада, тірі ағзаларда кездеседі. Қорғасынның құрлықтан мұхитқа тасымалдануы тек қана өзен суларымен бірге емес, сонымен қатар атмосфера арқылы да жүреді. Қорғасын қоршаған ортаға адамның шаруашылық әрекеттері кезінде белсенді таралады. Ол өндірістік, тұрмыстық ағынды сулармен, өнеркәсіп орындарының түтінімен, шаңымен, автотранспорттың іштен жану қозғалтқыштарының пайдалануынан шыққан газдарымен бірге қоршаған ортаға таралады.

Автотранспорттан шыққан газдардан жыл сайын атмосфераға 260 мың. т. жақын қорғасын бөлінетіні анықталған, ал бір автомобиль жылына атмосфераға, орта есеппен 1 кг аэрозоль түрінде қорғасын шығарады. АҚШ -да антропогендік фактор әсерінен қорғасынмен ластанудың 90% артығы дәл автокөліктің үлесіне тиеді (Самотуга В.В., т.б., 2006).

орғасынның қосылысы – тетраэтилқорғасын, табиғи суларға су көлігінің мотор отынының құрамында антидетонатор ретінде қолданылуына байланысты және қала аумағынан жер бетілік ағынды суларымен түседі. Бұл қосылыс жоғары улылығымен сипатталады және кумуляцияланатын қасиеті бар .

Кадмий - бұл, жоғары концентрациясында улы элемент. Кадмий табиғи суларға топырақты сілтісіздендіру кезінде, өз денелерінде кадмий жинақтауға қабілетті гидробионттардың шіруі нәтижесінде түседі. Кадмийдің қосылыстары әр түрлі өнеркәсіп орындарынан шыққан ағынды сулармен бірге жер бетілік суларға келіп түседі.

Кадмийдің биосфераға антропогендік эмиссиясы (бөлінуі) табиғи жолмен бөлінуінен бірнеше есе асып түседі. Мысалы, атмосфералық ауа бассейніне жыл сайын 9000 т кадмий бөлінсе, оның 7700 т (85% -дан артығы) - адамның іс- әрекеті нәтижесінде бөлінеді. Бір ғана Балтық теңізіне жыл сайын 200 тонна кадмий түседі..

Қоршаған ортаны кадмиймен ең көп ластайтын - металлургия мен гальванотехника, сол сияқты қатты және сұйық отын жағу.

Мұхит үстіндегі таза ауаның құрамында кадмийдің орташа концентрациясы 0,005 мкг/м3, ауылды елді мекендерде – 0,025 мкг/м3, ал өнеркәсіп орындары (түсті металлургия, таскөмір мен мұнай жағатын ЖЭО, пластмасса өндірісі, т.б.) орналасқан аудандардың ауа бассейнініңқұрамында және өнеркәсіпті қалаларда - 0,5 мкг/м3 –ға дейін (әдетте, 0,02 -0,05 мкг/м3) болады. Кадмийдің шамамен 52% мөлшері қоршаған ортаға құрамында кадмий бар материалдарды, әсіресе, беріктік қасиет беру үшін кадмий қосылған пластмассалардан жасалған өнімдерді және кадмийлі бояуларды жағу және өңдеу кезінде түседі.

. Қорғасын (лат. Plumbum), Pb – элементтердің периодты жүйесінің IV-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 82, атом массасы 207, 2.[1]Қорғасын өте ерте заманнан белгілі, одан жасалған тиын ақша, медальондар ертедегі Египет қазбаларынан көп табылған. Жер қыртысындағы мөлшері 1.6 07 %, ол жеке күйінде кездеседі. Ең маңызды кені- галенит- қорғасын жылтыры PbS; Қазақстандағы кендері Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда және Қарағанды облысында. Қорғасын бос күйінде көкшіл-сұр түсті жұмсақ және ауыр металл, оңай балқиды. Қорғасынды өндіру үшін, оның рудасын алдымен байытады, одан шыққан концентратта 40-78% қорғасын болады.

Кадмий –сынап, мышьяк сияқты ауыр металдардың бірі болып табылады. Кейбір тәжірибелер бойынша оны өте улы металл деп атайды. Кадмийдің организмде жаксы бейімделу қасиеті бар. Адам организміндегі кадмидің басты орналасатын жері ол өкпе – 36-60℅,бүйрек – 20-25℅. Калғандары асқазанда, сілекейде және сүйектерде болады. Кадмий ерітінділері қанға еніп,бауыр,бүйрек,фосфорлы – қышқыл айналуын бұзады. Созылмалы улану қаны аздыққа және сүйектердің қирауына алып келеді. Кадмий тұздарымен улану симптомдары құсық және құрысулар болып табылады.

Кадмий атом энергетикасында оңай балқығыш,басқа балқымада қолданылатын күмістей жалтыраған, ақ түсті жұмсақ, қорғайтын қабаты бар металл болғандықтан, бұл қауіпті элемент мырыш кенін білдіретін грек сөзінен алынған. Ол мырыш кенінің өңдеуінен алынатын қосымша өнім болып табылады. Кадмидің көп мөлшері денсаулыққа зиян.

Адамдар кадмимен мұнай айыратын зауыттар мен металлургиялық кәсiпорындар маңайында орналасқан топырақтан өнген көкөністерді,астық дақылдарын,суды пайдаланғанда улану қаупі туады. Төзімсіз бұлшық ет ауруы (кадмий организмнен кальциді жуып шығарады) еріксіз мертігулер, жеңіл деформация,бүйректердің және тағы басқа органдардың функцияларын бұзады. Кадмий артық дамығыш ісікке алып келеді.

Никотиннің канцерогендік әсері, темекі түтіндегі кадмидің қатысуын көрсетеді. Үлкен дәретпен және несеппен кадмий ыдырайды,бірақ күніне тек 48 мг аспайды. Бәрінен артық ол бауырда және бүйректе, аздап қанда жинақталады.

Елдегі өнеркәсіп дамыған сайын, өкінішке орай ол да көбейеді, бұл элементтің шоғырлануы топырақта. Суперфосфаттардың қатысуы өсімдіктердің кадмиді жақсы сіңіруіне алып келеді, егер суперфосфаттар аз болса кадмий денеге таралмайды немесе тек аз мөлшерде ғана болады.

Кадмий организмге темекі түтіні,бояудың кейбір түрлері, су, кофе,астық дақылдары, тазартылмаған өнімдер арқылы түседі. Кадмий топырақта әсіресе мырыштың табиғи шоғырланатын орындарда кездеседі. Бұл ауыр металл организдегі мырыштың айналуына,,иммунитетке, сүйекке кері әсерін тигізеді.