- •Сандардың бөлінгіштігіне берілегн есептер
- •Санның бөлігі
- •Пайызға байланысты есептер
- •Жаңа логикалық амал
- •Отбасына байланысты есептер
- •Цифрлар саны
- •Бірлескен жұмысқа байланысты есептер
- •Автобустар саны
- •Теңдеулер жүйесін құруға берілген есептер
- •Теңдеулер жүйесін құруға берілген есептер(орташа)
- •Теңдеулер жүйесін құруға берілген есептер(ыдыс аяқ)
- •Теңдеулер жүйесін құруға берілген есептер(қосу)
- •Теңдеулер құруға берілегн есептер(оңай)
- •Теңдеулер құруға берілегн есептер(күрделі)
- •Әріптерді салыстыру
- •Формуламен шығатын есеп
- •Ықтималдықтар теориясы
- •Логарифм
- •Теңсіздіктер
- •Сандардың қосындысын табу
- •Түзулердің арақашықтығын табу
- •Тиімді тәсілмен есептеу
- •Қызықты логика
- •Кестелі Логика
- •Арифметикалық орта
- •Жылдамдыққа байланысты есептер
- •Қара, Жара
- •Есептеңіз
- •Кубтың боялған жағын табу
- •Санның соңғы цифрын анықтау
- •Адам жасына байланысты есептер
- •Үшбұрышқа байланысты есептер
- •Дәрежеге байланысты есептер
- •Комбинаторика
- •Ең кем дегенде
- •Газет бетін анықтау
- •Заңдылық(сурет)
- •Заңдылық
- •Тұжырым
- •Функция
- •Торғайлар
- •Цифрлардың айырымы мен қосындысына берілген есептер
Отбасына байланысты есептер
1. Отбасында бес ұл бала бар. Олардың әрқайсысының бір қарындасы бар. Ең аз болғаңда отбасында неше бала бар?
A) 1 B) 12 C) 6 D) 5 E) 11
2. Үсен атаның 6 ұлы бар, олардың әрқайсысының 6 ұлы бар, ал Үсен атаның әрбір немересінің 2 қызы бар. Атаның неше шөбере қызы бар?
A) 48 B) 98 C) 686 D) 72 E) 343
3. Жанұяда екі ағайынды бала, олардың әрқайсысының 2-ден қарындасы бар. Әрбір қыздың әкесі мен шешесі бар. Жанұяда қанша адам бар?
A) 10 B) 7 C) 8 D) 6 E) 9
4.
Цифрлар саны
1. Цифрлары тақ болатын екі таңбалы неше сан бар?
A) 20 B) 45 C) 25 D) 40 E) 50
2. 36 < m < 71 теңсіздігі дұрыс болғанда 6 санына еселік болатын барлық m сандары нешеу болады?
A) 6 B) 7 C) 35 D) 5 E) 34
3. 1; 2; 3; .....; 18 сандар тізбегінен барлық жұп сандар, сонымен қатар 3-ке бөлінетін сандардың барлығы сызылып тасталған. Сызылмаған қанша сан қалды?
A) 7 B) 9 C) 6 D) 8 E) 5
4. Оң, сол жағынан оқығанда бірдей болатын үш таңбалы сан нешеу?
A) 900 B) 100 C) 450 D) 80 E) 90
5. 1; 2; 3; ....; 17 сандар тізбегінен барлық тақ сандар, сонымен қатар 3 – ке бөлінетін сандардың барлығы сызылып тасталған. Сызылмаған қанша сан қалды?
A) 6 B) 8 C) 7 D) 5 E) 9
6. 0, 1, 2, 3, 4 цифрлары арқылы неше үш таңбалы әртүрлі цифрлардан құралған тақ сан құрастыруға болады?
A) 18 B) 36 C) 24 D) 15 E) 12
7. А және В бағандарын салыстырыңыз.
А |
В |
Екітаңбалы сандардың саны |
200-ден кіші үштаңбалы сандардың саны |
A) берілген мәліметтер жеткіліксіз B) 2А=B C) A>B D) A<B E) А=B
Бірлескен жұмысқа байланысты есептер
1. Тазы ит тамақты 5 минутта, ал овчарка 7 минутта жеп тауысады. Олар бірігіп жесе, осы тамақты қанша уақытта тауысатынын табыңыз.
A) 12 мин B) 6 мин C) 2 мин 55 сек D) 5 мин 20 сек E) 2 мин
2. Тек қана бірінші құбыр ашық болса онда бассейн 3 сағатта, ал тек екінші құбыр ашық болса, онда 5 сағатта толады. Егер екі құбыр да ашық болса, бассейн қанша сағатта толады?
A)
2 сағ B) 1,5 сағ C) 2,5 сағ D)
8
сағ E) 1
сағ
Автобустар саны
1. 217 оқушы мен 21 мұғалімді жазғы демалыс лагеріне апару үшін 45 орынды неше автобус қажет екенін анықтаңыз.
A) 7 B) 8 C) 9 D) 5 E) 6
2. 209 оқушы мен 19 мұғалімді жазғы демалыс лагеріне апару үшін 46 орынды неше автобус қажет екенін анықтаңыз.
A) 5 B) 9 C) 7 D) 6 E) 8
3. 239 оқушы мен 26 мұғалімді жазғы демалыс лагеріне апару үшін 45 орынды неше автобус қажет екенін анықтаңыз.
A) 8 B) 9 C) 5 D) 6 E) 7
Теңдеулер жүйесін құруға берілген есептер
1. Нұржан нысанаға дәл тигізсе 20 теңге алады, тигізе алмай қалса, 15 теңге береді. Нұржан 20 атыстан сон 225 теңге ақша алды. Ол нысанаға неше рет дәл тигізген?
A) 16 B) 10 C) 18 D) 15 E) 20
2. Ауладағы қаздар мен қояндардың бастарының саны 24, ал аяқтарының саны 66. Аулада неше қаз, неше қоян бар?
A)16 қаз,8 қоян B) 11 қаз,13 қоян C) 15 қаз,9 қоян D) 14 қаз,10 қоян E) 12 қаз,12 қоян
3. Аманкелді 110 беттен тұратын кітапты 16 күн оқыды. Ол бірінші күн күніне кітаптың 5 бетін, ал қалған күндері күніне кітаптың 11 бетін оқыды. Аманкелді неше күн күніне кітаптың 5 бетін оқығанын табыңыз
A) 11 B) 7 C) 8 D) 9 E) 5
4. Аулада тауықтар мен қояндар жүр. Олардың саны 15, ал аяқтарының саны 44. Аулада неше тауық бар екенін табыңыз.
A) 7 B) 6 C) 9 D) 8 E) 10
5. Оқушы 40 есепті шығару керек еді. Әр шешілмеген есепке 3 ұпайдан ұтылып отырады, ал әр шешкен есепке 5 ұпайдан ұтып отырады. Нәтижесінде ол жеңбеді де, жеңілмеді де. Оқушы қанша есеп шығарғанын анықтаңыз.
A) 10 B) 25 C) 15 D) 20 E) 23
6. Аулада жайылып жүрген қаздардың саны қояндардың санына тең. Олардың барлығында 54 аяқ бар. Аулада неше қаз жайылып жүр?
A) 9 B) 11 C) 8 D) 12 E) 7
7. Мұғалім 25 сұрақ қойды. Оқушылар дұрыс жауап үшін 4 балл және қате жауап үшін (-1) балл алады. 60 балл алған оқушы қанша сұраққа дұрыс жауап берді?
A) 9 B) 17 C) 12 D) 7 E) 21
8. Сымбат екі түрлі дәптердің біреуін 25 теңгеден, екіншісін 20 теңгеден барлығы 22 дәптер сатып алып, 490 теңге жұмсады. Сымбат екі түрлі дәптердің әрқайсысынан неше дәптерден сатып алды?
A) 10; 12 B) 6; 16 C) 13; 9 D) 14; 18 E) 7; 15
9. Сегізінші сыныптарда барлығы 65 оқушы бар. Мектеп ауласында тазалау жұмыстарын жүргізу үшін олар 3 адамнан және 4 адамнан тұратын 18 бригадаға бөлінді. 3 адамнан тұратын бригада нешеу және 4 адамнан тұратын бригада саны нешеу?
A) 6 және 12 B) 10 және 8 C) 5 және 7 D) 7 және 11 E) 4 және 14
10. Айлақта екі орындықты және үш орындықты барлығы 10 қайық тұрған еді. Осы қайықтарға 24 адамды орналастыруға болады. Айлақта неше екі орындықты, неше үш орындықты қайық тұрғанын анықтаңыз.
A) 8; 2 B) 1; 8 C) 6; 4 D) 5; 5 E) 3; 7
11. Әйгерім екі түрлі дәптердің біреуін 20 теңгеден, екіншісін 15 теңгеден барлығы 21 дәптер сатып алып, 395 теңге жұмасады. Әйгерім екі түрлі дәптердің әрқайсысынан неше дәптерден сатып алды?
A) 7; 14 B) 15; 6 C) 8; 13 D) 12; 9 E) 16; 5
12. Аулада қояндар мен тауықтар жайылып жүр. Қояндар санынан тауықтар санының 8-і артық. Барлығының аяқтарының саны 46. Аулада неше қоян, неше тауық жайылып жүр?
A) 3 қоян ,16 тауық B) 2 қоян ,15 тауық C) 5 қоян ,13 тауық D) 6 қоян ,14 тауық E) 4 қоян ,12 тауық
13. 140 метрлік канализациялық жүйені іске қосу үшін ұзындықтары 800 мм және 1200 мм болатын 150 керамикалық құбырлар пайдаланылды. Осы құбырлардың әрқайсысынан қанша алынды?
A) 95; 55 B) 40; 110 C) 100; 50 D) 85; 65 E) 60; 90
14. Ұзындығы 60 м жерді шарбақпен қоршау үшін 200 см және 300 см 25 шарбақ пайдаланылды. Осы шарбақтардың әрқайсысынан қанша алынды?
A) 20; 5 B) 15; 10 C) 14; 11 D) 12; 13 E) 16; 9
15. Қорадағы қаздар мен қояндардың жалпы саны 30. Олардың аяқатрының жалпы саны 80 болса, қорада қанша қаз және қанша қоян бар?
A) 20 қаз,10 қоян B) 18 қаз,12 қоян C) 15 қаз,15 қоян D) 16 қаз,14 қоян E) 10 қаз,20 қоян
