- •М.Мөңкеұлы атындағы орта мектебі Мектеп мұғалімдерінің бірлескен оқуларында пайдалануға арналған тренингтер мен жаттығулар жинағы
- •52.«Комплимент» жаттығуы
- •53.«Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі» жаттығуы
- •56.«Орныңды жылдам ауыстыр» жаттығуы
- •58.«Карусель» жаттығуы
- •59.«Менің сүйікті ісім» жаттығуы
- •60.«Айна» жаттығуы
- •70.«Жер сілкіну» жаттығуы
- •71.«Сіздің көңіл-күйіңіз қандай?» жаттығуы
- •68.«Дирижер» жаттығуы
- •69,«Жыланша» жаттығуы
- •76.«Мен және басқалар»кешенді жаттығу
- •1 Жаттығу «Сәлеметсіңдер ме?»
- •77.«Мен қарым-қатынас жасаймын!» жаттығуы
- •79.«Адамдар не үшін дауласады?» жаттығуы
- •80.«Мен бақыттымын!» жаттығуы
- •81.«Сәлемдесу рәсімі» жаттығуы
- •83. «Түймедақ» жаттығуы
- •85.Қазір менің ішкі жан-дүнием қандай? «Ұлпалар» жаттығуы
- •86.«Акула - күш беруші » жаттығуы
- •87.«Көңіл- күйімді тап»жаттығу
- •97.Жан қуаты.Зейін, ес және оны дамыту жолдары
- •98.“Шапалақ”( саусақ -қол қимылдары)жаттығуы.
- •100.Қиял және шығармашылық қабілеттерін дамыту тапсырмалары
- •101.«Сенімділік жолында» жаттығуы
- •102. «Өмірдің мәні неде?» жаттығуы
- •103.Кедергілерді жеңуге арналған ситуациялық ойын «Өмір неткен керемет!»
- •105.«Патшалықтың таңбасы» жаттығуы.
- •106.«Біздің сезімдер» жаттығуы
- •107.«Күту» жаттығуы
- •108.«Мемлекеттердің бірігуі»жаттығуы
- •109.«Джунглидегі жаңбыр» жаттығуы
- •111.«Мен - ғажайыппын» жаттығуы
- •112.«Кеденшілер мен ұрлап өткізушілер» жаттығуы
- •113.«Жақсы тілектер айту» жаттығуы
- •114.Тұлғааралық қарым-қатынас тренингі
- •115.«Бұзылған телефон» жаттығуы
- •116.«Арқаға арқа» жаттығуы
- •117.«Қолтырауын» жаттығуы
- •118.«Ыстық орындық» жаттығуы
- •119. «Сиқырлы ғажайып орман» жаттығуы
- •120.«Жеміс-жидек» жаттығуы
- •121.«Карусель» жаттығуы
- •122. «Өзін-өзі таныстыру» жаттығуы
- •123.«Ауадағы сұрақтар» жаттығуы
- •124.« Қағаз бетіндегі саяхат» жаттығуы
- •125.«Екі шындық, бір жалған» жаттығуы
- •126.«Біз бір-бірімізге ұқсаймыз ба?..» жаттығуы
- •127.«Кішкентай ергежейлі» жаттығуы
- •128.«Кенгуру» жаттығуы
- •129.«Кеме» жаттығуы
- •130.«Алақанға жан бітір» жаттығуы
- •131.«Құпия дос» жаттығуы
- •132.«Жағымды сөздер» жаттығуы
- •133.«Микрофон алдында сөз сөйлеу» жаттығуы
- •134.«Ол кім, көрсет?» жаттығуы
- •135.«Жауырындағы жазу» жаттығуы
- •135«Суретті жалғастыру» жаттығуы
- •137. «Сыйлық» жаттығуы
- •138. «Ортақ әңгіме» жаттығуы
- •139.«Саусақтар» жаттығуы
- •140.«Шеңбер бойымен ырғақты беру» жаттығуы
- •141.«Кім жылдам?» жаттығуы
- •142.«Күтпеген сұрақ» жаттығуы
- •143.«Құпияны іздейміз» жаттығуы
- •144.«Жағымды сөздер» жаттығуы
- •145.«Микрофон алдында сөз сөйлеу» жаттығуы
- •146.«Сөйлемді аяқта» жаттығуы
- •147.«Үнсіз сурет салу» жаттығуы
- •148.«Құпия фарватер» жаттығуы
- •149.«Автобус» жаттығуы
- •150.«Тізеде отыру» жаттығуы
- •1.«Сенің есімің» ойыны.
- •2.«Ассоциация» ойыны.
- •1. «Досым, қалың қалай?» жаттығуы .
- •2. «Сенімділік» жаттығуы .
- •3. «Биіктік» жаттығуы .
- •3.Іскерлік ойын «Жағымсыз қасиеттер жәрмеңкесі».
- •1.«Шеңберден басып өту» жаттығуы
- •2.«Кім көшбасшы?» жаттығуы
- •3.«Көшбасшыға ілесу» жаттығуы
- •4.«Вербалды емес қарым-қатынас» жаттығуы
- •5.«Тыңдаушы жұптар» жаттығуы
- •6.«Қағаздарды жинақтау» жаттығуы
- •7.«Кеден» жаттығуы
- •8.«Карусель» жаттығуы
- •9.«Ұстаз бен ұстаз арасындағы қарым-қатынас» жаттығуы
- •10.«Біздің ұйымшыл топ» жаттығуы
- •11.«Мейірімді есім» жаттығуы
- •12.Тиімді қарым-қатынас деңгейін дамытуға арналған «Туған күн» жаттығуы
- •13.«Менің күшті жақтарым» жаттығуы
- •14. «Мен сені түсінемін» жаттығуы
- •15. «Мен және басқалар» жаттығуы
- •4. Жазбаша жұмыс «Аяқталмаған сөйлем»
- •5. Жаттығу «Ыстық орындық»
- •1.«Есім және қимыл» жаттығуы
- •2. «Бұрылып секіріс» ойыны (қатарда).
- •3. «Дракон» ойыны.
- •4. «Қазіргі көңіл-күйім» жаттығуы.
- •1.«Дәстүрлі емес сәлем» тренингі.
- •2.«Жағымды сөз» тренингі.
- •3.«Мен жақсы көремін» ойыны.
121.«Карусель» жаттығуы
Мақсаты: Бұл ойын әрбір адамның сауаттылығын, мінез, көңіл-күйін, салауаттылық қабілетін өзгерте білуіне, салауаттылық арқылы өзгелермен еркін араласу қабілеттерінің дамуына көмектеседі.
Тренинг барысы: Топ мүшелері екіге бөлінеді: Бірінші топ ішкі, екінші топ сыртқы болып бөлініп екі шеңбер жасайды. Жетекшінің берген белгісі бойынша олар тоқтайды да, екеуден ішкі топ және сыртқы топ бір-біріне қарсы тұрған адамдар бірігеді. Әрбір топқа кезекпе-кезек жетекші белгілі бір роль беруі керек. Мысалы: сатушы – сатып алушы, мұғалім – оқушы, дәрігер – қаралушы, жол полициясы – жүргізуші, әкесі – баласы, анасы – қызы. Бұл ойын әрбір адамның өзінің мінезін, көңіл-күйін, салауатты өмірге қабілетін өзгерте білуіне, осы арқылы өзгелермен еркін араласу қабілетінің дамуына көмектеседі.
122. «Өзін-өзі таныстыру» жаттығуы
Мақсаты: Топтағы адамдармен танысу және қандай көзқараспен қарайтынын, топқа өзін қалай ұстайтынын бақылау.
Адамдарды шеңберге тұрғызып, бірін-бірі қолдарын ұстап тұрып өзінің атын айтады да, оны кім қойды, оның шығу тарихын, өзінің атының қандай мағына беретінін айту. Атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны айтады. Енді алақан сипаған кезде қандай сезімде болдыңыздар. Алақан сипаудың да өзіндік психологиялық ерекшеліктері бар екен.
123.«Ауадағы сұрақтар» жаттығуы
«Ауадағы сұрақтар» тәсілін қолданамын. Бұл ойын түрінде жүргізілетін тәсіл. Мұғалімдерге шар үлестіріліп беріледі, бір сұрақ ойлап, оның жауабын шарға жазуды сұраймын. Шардың шетіне өз есімдерін жазып қоюды ұмытпауы тиіс. Мұғалімдер шарларды бір-бірімен алмастырады. Шардағы жазылған жауаптарға сұрақ қояды. Өз жауабы жазылған шар өзіне қайтып келгенше қайталай беруге болады. Өз шары өзіне қайтып келген соң, сондағы сұрақтарды төмен және жоғары дәрежелі деп екіге топтастырады. Бұл тапсырманың идеясы - шарларда жазылған сөздерге түрлі сұрақтар жазу және олардың түрлерін анықтау арқылы ашық және жабық сұрақтарды қою дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар, бұл тәсіл мұғалімдерді белсенді іс-әрекетке жетелейді. Қызықты жаттығу ретінде де қолдануға болады.
124.« Қағаз бетіндегі саяхат» жаттығуы
Тиімділігі: ынтымақтастық атмосферасын, жылдамдықты, жүйелілікті, сыныптағы жағымды ахуалды қалыптастырады. Бұл жаттығуды әсіресе «Сыныптағы психологиялық ахуал, Оқушыларды ынталандыру, «Ынтымақтастық атмосферасын орнату» тақырыптарын өткенде қолдану тиімді.
Сипаттама: тыңдаушылардың әрқайсысы постерге ортақ сурет салуға өз үлесін қосады. Әр қатысушы кезек-кезекпен бір сызықшадан (фигура, кескін) қаламның ұшын қағаздан алмай жалғастырып кету керек. Әр адамға 10 секунд уақыт беріледі. Басты шарт қаламды қағаздан үзбей сурет салу. Сызықтар бір бірімен қиылысуы мүмкін. Әр түсті маркер қолдануға да болады. Бұл жаттығуды топ болып орындаса да болады. Мен бұл жаттығуды өз тобымдағы мұғалімдермен орындадым.
Нәтижесі: тыңдаушылар бұл жаттығуды ұнатты, олар салынған суретте әрқайсысының үлесі бар екендігін сезініп, соңында өз саяхаттарының қайдан бастау алып, жолда қандай кедергілер және қызықты оқиғалар кездескенін анықтап, қайда келіп тоқтағанын сипаттап айтып берді.
