Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
АЕАГ-1 каз силлабус.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112 Кб
Скачать
☆

2. Бағдарлама

2.1 Пән туралы қысқаша мәлімет

Резидентурада мамандар дайындау денсаулық сақтау ұйымының мамандандырылған кадрларымен жүзеге асырылады. Резидентураны меңгеру бағдараламасы 6R114400 «Акушерлік және гинекология, соның ішінде балалар гинекологиясы»3жылды құрайды.

Акушер-гинеколог мамандығы бойынша дәрігерді резидентурада даярлау, медициналық институт, академия және университет түлектерінің практикалы дайындықтарын жоғарлатуға, әйелдер консультациясында, перзентханада аурухананың гинекологиялык бөлімшелерінде өздігінен дәрігерлік қызметке дайындықтың кәсіби деңгейін арттыруга, акушерия-гинекологиялық күрделі патологияларды жіктеуді дәрігердің клиникалық ойлау қабілеттілігін қалыптастыруға негізделген.

2.2 Пәннің мақсаты: «Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар гинекологиясы» мамандығы бойынша резидентурада «Амбулатория-емханалық акушерия және гинекология -1» пәнінен окытудың негізгі максаты теориялык білімді кен көлемде меңгерген, кәсіби тапсырмаларды ойдағыдай шешуге кабілетті, амбулаториялық этапта гинекологиялық науқастарда саралау диагностикалык ізденістерді өткізе алатын, толык көлемде медициналык жәрдем көрсете алатын, әйел өмірін сақтап қалуда профилактикалық және реабилитациялық іс-шараларды іс жүзінде жүргізе алатын жоғары білікті акушер-гинеколог дәрігер маманын даярлау болып табылады.

2.3 Пәннің міндеттері.

  1. Науқастың және дәрігердің құқығын сақтайтын,профессиональді жауапкершілікке қатысты медико-құқықтық білімі және қолдануы.

  2. Перинатальдік ауру және аналық өлімге қауіп тобы болып табылатын жүктілерге диспансерлік бақылау жүргізу және тіркеуге алуды білу.

  3. Асқынусыз босанған әйелдерді курациялау.

  4. Гинекологиялық ауруларда емдеудің заманауи әдістерін қолдану және диагноз қою.

  5. Гинекологиялық және онкологиялық ауруларды ерте анықтау мақсатында әйелдерді профилактикалық қарауды жүргізу.

  6. Жүктілерді босануға физикалық және психопрофилактикалық дайындау сабақтарын өзіндік жүргізу.

  7. Жүктілердің және босанушылардың патронажын жүргізу.

  8. Отбасын жоспарлау,репродуктивті жасты сақтау туралы сұрақтарда кеңес беру және қызмет көрсету.

  9. Кіші гинекологиялық оталарды заманауи медициналық технологияларды қолдана отырып жүргізу(жатыр мойны биопсиясы, цитологиялық зерттеу мақсатында жатыр қуысы сұйықтығын аспирациялау, полипэктомия, диатермокоагуляция, ЖІС салу және алу).

  10. Жүктілікте, босануларда және гинекологиялық ауруларға байланысты уақытша еңбекке жарамсыздыққа тексеру жүргізу.

  11. Медициналық тіркеу-есеп құжаттарын рәсімдеу.

  12. Әйелдер консультациясы жұмысының айлық көрсеткішіне қатысу,медициналық көмектің тиімділігіне және сапасына,акушерлік гинекологиялық көмекті жақсарту мақсатында жаңа ұсыныстар жасауға қатысу.

  13. Халыққа білім беру жұмыстарын өткізу,дәрігерлермен және акушеркалармен келесі үлгіде: жеке және топтық әңгімелесу,лекциялар,витраждар,электронды және басылым түріндегі публикациялар(теледидар,радио және интернет).

  14. Науқастармен, науқастардың туыстарымен,медициналық қызметкерлермен қарым-қатынастың коммуникативті дағдыларын көрсету.

15. Озық және үздіксіз кәсіби білім алуға ұмтылу, қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауда клиникалық тәжірибесі мол дәрігер мен науқастың құндылықтарын ғылыми дәлелдемелерде пайдалану.

Оқытушының жетекшілігімен жұмыс жасау:

  • Таңертеңгілік дәрігерлік, ғылыми-тәжірибелік, патанатомиялық конференцияларға, ана және перинатальдық патологиялардың клиникалық талдауларына қатысу;

  • Факультативті проблемалықдәрістер;

  • Семинарлық сабақтар;

  • Тақырыптық және клиникалық талдаулар;

  • Клиникалық шолулар, консилиумдар;

  • Аурухананың балалар бөлімшелерінде, қабылдау бөлімшесінде жұмыс жасау (науқастарға курация жасау, бағдарламада қарастырылған диагностикалық және емдік процедураларды орындау, медициналық құжаттарды рәсімдеу);

  • Диагностикалық бөлмелерде және бөлімшелерде жұмыс жасау (УДЗ, ЭКГ, лаборатория, рентген бөлмесі, егу бөлмесі т.б.)

  • Жетекші бақылауында тәжірибелік машықтарды және дағдыларды жетілдіру;

  • Резиденттер курация жасаған науқастардың ауру тарихтарын экспертті бағалау;

  • Жетекші бақылауында медициналық құжаттарды рәсімдеу;

  • Ауруханада кезекшілікте тұру, таңертеңгілік дәрігерлік конференцияда есеп беру (айына 4 реттен кем емес);