- •Қазіргі білім беру технологиялары пәні бойынша
- •5В010300 - Педагогика және психология»
- •Пән бойынша оқу-әдістемелік кешен мазмұны
- •Қазіргі білім беру технологиялары бойынша жұмыс бағдарламасы (syllabus)
- •5 .Тақырыптық жоспары
- •6.Пән мазмұны Лекциялық курс
- •Семинар сабақтары
- •Сөож тапсырмалары
- •7. Сөж тапсырмаларын өңдеуде әдістемелік ұсыныстар
- •Сөж тапсырмалары
- •8.Дәрістің саясаты және студенттердің академиялық мінез-құлқы және этикасы
- •9. «Қазіргі білім беру технологиялары» курсы бойынша бақылау сұрақтары
- •10.Білімді бағалау шкаласы
- •11. Пәнді меңгеру әдебиет тізімі
- •3.Лекциялық кешен (лекция мәтін тезистері)
- •Б.Блум таксономиясы бойынша танымдық салада оқу мақсаттарының категориялары.
- •Блум таксономиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар үлгісі.
- •V. Жинақтау.
- •Vі. Бағалау.
- •Он екі баллдық жүйе енгізгенде оқушылардың білімін бағалау балын бөлу жобасы (танымдық қабілеттерінің даму деңгейі)
- •4. Демонстрациялау және қосымша материалдар кешені
7. Сөж тапсырмаларын өңдеуде әдістемелік ұсыныстар
СӨЖ тапсырмаларын жасауда әр сұрақтарын талдап, оны дайындауда ұсынылған әдебиеттерді оқып-зерттеп, ең алдымен, орындау тәсілдерін негізге алу керек. СӨЖ жұмысы компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал(аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты «Times New Roman», кегль 14. СӨЖ жұмысының көлемі тапсрымаға байланысты шағын болу керек.
СӨЖ жұмысының мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.
СӨЖ жұмысының құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», сонымен қатар тараулардың атаулары құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс, оларды беттің жоғары жағында ортасында бас әріптен бастап, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай толық шрифтпен басу қажет.
1. Реферат- теориялық білімнің шығармашылық қабілеттілік арқылы көрінісінің бір түрі. Көлемі кем дегенде 8 (15) бет. Реферат құрылымы бойынша кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
2. Баяндама– тақырыптың мазмұнын теориялық бағдарда ашатын жазбаша жұмыстың бір бақылау түрі. Жұмыс көлемі 8 бетке дейін болады.
3. Эссе– бұл ғылыми жұмыстың сыни шығармашылық нысанындағы түрі. Студент теориялық білімін тақырып бойынша жүйелеп, тәжірибелік деңгейде саралап, аналитикалық қорытындылар жасап, өз бетінше көзқарас қалыптастырып, сыни ой, пікірлерді қалыптастыруға арналған шығармашылық бағдардағы жазбаша жұмыс. Оның көлемі 1 – 1,5 бет.
4. Аналитикалық реферат- өте қысқа бағдардағы жазбаша жұмыс, бұл кестелік, графиктік, суреттер түрінде қысқаша тұжырымдар түрінде берілетін жазбаша жұмыс. Көлемі 1 – 3 бет.
5.Презентация (слайд шоу жасау)– тақырып материалын әрі қысқа, әрі нұсқа түрінде беруге мүмкіндік беретін үлестірме материал ретінде жүретін, қазіргі ақпараттық технологияны қолдануға толық мүмкіндік беретін, ыңғайлы, қашанда қолда бар, өзгеріс енгізуге қолайлы жазбаша және де электронды түрдегі өзіндік жұмыс. Оның саны кем дегенде тақырыптың санына сай болуы керек, болмаса талап бойынша теориялық және практикалық материалдарды көрсету үшін оның саны екі есеге артады, мысалы 7 тақырып 7 слайд, ал талап бойынша 7 тақырып 14 слайд болуы қажет. Ол әрлендіріліп, көлемді материалды түйіндеп мазмұнды түрде беретін шығармашылық қабілетті көрсеттін өзіндік жұмыс түрі.
Логикалық кесте- Логикалық құрылымды кестелер нақты модель, яғни білімді өрнектеудің шартты материалданған формасы ретінде студенттерге ұғымдарды, заңдылықтарды кестелер түрінде көрсетілген сыртқы заттық (материалданған) әрекеттерді меңгеруден бастауға мүмкіндік береді. Кестелер ұғымдарды мазмұнға сай меңгерудің маңызды шарты болып табылады.Сонымен қатар оқу процесін логикалық-құрылымды кестелер негізінде ұйымдастыру және өткізу, біздің ойымызша, студенттердің оқу-танымдық қызметін басқару әдісі ретінде теориялық білімдерді тиімді меңгеруді қамтамасыз етеді.Логикалық-құрылымды кестелер соңғы кезде жоғары оқу орындарында түрлі пәндерді оқытудың құралы ретінде кең қолданылуда.
Сызба - нұсқасын жасау, сынама алғаны жөнінде акт толтыру, зертханалық сабақ, жағдайлық есептерді шешу, дөңгелек үстел, жобаны қарау, пресс-конференция т.б.
Жоба- асалуға, қайта құрылуға, қалпына келтірілуге, салынуға тиісті кәсіпорындар мен ғимараттардың, қондырғылар мен жабдықтардың, аппараттардың, т.б. макеттері, есептеулері және принципті дәлелдері көрсетілген техникалық құжаттар жиынтығы. Жобаны ғылыми тұрғыда дайындау үшін жобалық тапсырма.
