- •5. Тақырыптық жоспар
- •6. Пәннің мазмұны Дәріс сабақтары
- •Семинар сабақтары
- •Соөж тапсырмалары
- •7. Сөж орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Сөж тапсырмалары
- •8. Академиялық мінез-құлық және әдептілік саясаты
- •9. «Әдебиет теориясы» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •10. Білімді бағалау шкаласы
- •11. Пәнді оқуға арналған әдебиеттер тізімі
6. Пәннің мазмұны Дәріс сабақтары
Апта |
Тақырыбы |
Мазмұны |
1. |
Әдебиет теориясы пәнінің болмысы, табиғаты және эстетикалық ойдың даму кезеңдері
|
1. Әдебиет теориясы мен эстетиканың ерте кезеңі. Әдебиет теориясы жайлы алғашқы ұғымдар. («Махабхарата», «Ригведа», «Рамаяна» эпостарындағы сұлулыққа қатысты сезім, пайымдар, өлең түзу ережелері. «Гильгамеш» жырындағы ерлік пен достық, махаббат идеялары) 2.Әдебиет теориясының эстетика, өнер теориясы, философия, тіл білімі т.б. ғылымдармен байланысы. 3.Ұлттық эстетиканың қайнар бұлағы. |
2. |
Көркем әдебиет табиғаты
|
1. Сөз өнерінің образдық-суреттілік табиғаты. 2. Көркем бейненің танымдық, эстетикалық, философиялық мәні. 3.Көркем образдың тарихи жағдайға, ортаға тәуелділігі. «Мәңгілік бейнелер» сыры. |
3. |
Өнердегі типтілік мәселесі. Типтендіру түрлері
|
1.Кейіпкер және образ. Образ және архетип. 2. Көркем туындыдағы образ сомдау тәсілдері. 3. Жинақтау және даралау. Мінездеу түрлері. 4.Типтік бейне және прототип. |
4. |
Қазақ әдебиеттануы ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
|
1.Әсемдік туралы талғам, пайымдардың ұлттық фольклордан бергі үзілмес арнасы. 2.Ш.Уәлихановтың «Манас» жыры, «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» лиро-эпосын жазып алып, насихаттауы. 3.Ы.Алтынсариннің ауыз әдебиеті үлгілерін жинауы. Абай шығармашылығы поэзиясының әлеуметтік, эстетикалық сипатына байланысты пайымдары. 4.А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» - қазақ әдебиетінің алғашқы теориялық кітабы. |
5. |
Көркем шығарма және оның құрылысы |
1.Көркем шығарманың мазмұны мен пішінінің бірлігі. 2. Көркем шығармадағы сюжет мәселесі. Оның атқаратын көркемдік-идеялық функциясы. 3. Сюжет және фабула туралы ой-пікірлер. 4. Сюжет және көркем тартыс. (Гегель, Белинский) 5. Композициялық элементтер және композициялық бүтіндік мәселесі. |
6. |
Көркем шығарманың тілі
|
1.Тіл байлығы-мазмұн байлығы. 2.Көркем туындыдағы тілдік қолданыстардың маңызы. 3.Шығарманы ажарлау тәсілдері. |
7. |
Көркем шығарманың поэтикалық тілі |
1.Құбылту тәсілдерінің ерекшелігі. 2. Айшықтау тәсілі және оның қолданылу ерекшелігі. |
8. |
Әдеби жанрлар теориясы |
1.Әдебиеттің тегі мен түрі туралы жалпы ұғым. 2.Қазақ әдебиетіндегі жанрлардың қалыптасу, даму тарихы. 3.Эпостық тек-эпикалық бейнелеу тәсілінің ерекшеліктері, Эпикалық жанрлар. |
9. |
Лирика және драмалық жанрлар табиғаты |
1.Лирикалық жанрлар. Лирикалық туындылардағы ішкі ғалам сыры, субъективтілік сипат. 2.Драмалық жанрлар ерекшелігі (Аристотель, Гегель, Белинский, Байтұрсынов, Горький т.б.) 3. Аралас жанрлар теориясы. |
10. |
Әдеби процестер. Көркем әдебиеттегі дәстүр мен жаңашылдық мәселесі. |
1.Көркемдік даму және оның заңдылықтары. 2.Дәстүр мен жаңашылдық бірлігі. Төл әдебиетіміздегі көркемдік дәстүрлер. 3. Абай дәстүрі және оның қазақ поэзиясындағы жалғастығы. Әуезовтың тарихи роман дәстүрі. |
11. |
Көркемдік әдіс. Әдеби бағыт, ағымдар. Әдеби мектеп.
|
1.Шығармашылық және көркемдік әдіс мәселесі. Көркемдік әдіс туралы толғамдар тарихына шолу. 2.Көркемдік әдісті айқындайтын факторлар. Көркемдік әдістер арасындағы байланыс-сабақтастық. 3. Әдеби дамудың формулалары (әдеби бағыт, әдеби ағым, әдеби мектеп) 4. Орыс («Гогольдің натуралдық мектебі», «Некрасов мектебі т.б.») және қазақ («Абайдың ақындық мектебі» т.б.) әдебиетіндегі әдеби мектептер. |
12. |
Батыс Еуропа эстетикасы тарихынан (XVII-XVIII ғ.ғ.) Классицизм эстетикасы. |
1.Классицизм өнерінің туып, қалыптасуы. Классицизм эстетикасының көне грек өнері мен қайта өрлеу дәуірі эстетикасымен байланысты. 2.Н.Буалоның «Поэтикалық өнер» трактаты-классицизм өнерінің теориялық бағдарламасы. |
13. |
XVII ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасы.
|
1. XVII ғасырдағы ағартушылық дәуір эстетикасы өкілдерінің өнер, әдебиет жайлы толғамдары. 2.Д.Дидроның, И.Гердердің, Лессингтің еңбектеріндегі өнердің бұқаралығы, өмірмен байланысын күшейту, шынайылығы т.б. озық ой-толғамдар. 3.Лессингтің «Лаоокон...» еңбегінің маңызы. 4.Ағартушылық дәуір эстетикасының озық және әлсіз жақтары. 5. И.Кант эстетикасындағы қисындылық ұғымы, әсемдік, асқақтық, олардың шарттары. 6. Г.В.Гегель эстетикасындағы қайшылықты және құнды пайымдаулар. |
14. |
Г.В.Плехановтың әдеби-эстетикалық көзқарасы.
|
1.Г.В.Плеханов орыстың классикалық сынын XIX ғ. аяғында жалғастырушы сыншы, эстет, әдебиет теоретигі. 2. Г.В.Плеханов эстетикасындағы басты мәселелер. 3.Жаңа әдебиет, өнер жайлы ойлары. Әдебиеттің, өнердің партиялылығын сынға алуы. |
15. |
Әдебиеттегі модернистік бағыт-ағымдар.
|
1.XIX ғасырдың соңғы ширегінде Батыс өнерінде дүниеге келген түрлі бағыт-ағымдар. Олардың пайда болу себебі, мақсаты, адамды, өмірді нақтылы суреттеуден бас тартуы. 2. Модернистік әдебиет түрлері (экзистенциализм, абстракционизм, символизм, сюрреализм, футуризм т.б.) өкілдері. XX ғ. басындағы орыс әдебиетіндегі модернистік-декаденттік бағыт-ағымдар. 3.Модернистік бағыттағы туындылар үлгілеріндегі пішін тұрғысындағы, адамның ішкі әлемін танытудағы кейбір көркемдік жетістіктер. |
