- •5. Тақырыптық жоспар
- •6. Пәннің мазмұны Дәріс сабақтары
- •Семинар сабақтары
- •Соөж тапсырмалары
- •7. Сөж орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •Сөж тапсырмалары
- •8. Академиялық мінез-құлық және әдептілік саясаты
- •9. «Әдебиет теориясы» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •10. Білімді бағалау шкаласы
- •11. Пәнді оқуға арналған әдебиеттер тізімі
8. Академиялық мінез-құлық және әдептілік саясаты
• Сабақ жүріп жатқанда сөйлеспеу, ұялы телефонды сөндіріп тастау
• Оқу процесіне белсенді қатысу
• Оқу үрдісіне жауапкершілікпен қарау, сабаққа кешікпеу
• Сабақты қалдырмау, ауырған жағдайда анықтама қағазын көрсету
• Сабақтан қалған күндерді оқытушы белгілеген уақытта қайта тапсыру
• Берілген тапсырманы уақытында орындау
• Барлық СӨЖ тапсырмаларын белгіленген мерзімде тапсыру
• Ұқыпты, сабырлы, ашық және басқа студенттер мен оқытушыларға кішіпейіл, мейірімді болу.
9. «Әдебиет теориясы» пәні бойынша емтихан сұрақтары
1. Әдебиеттің өзге өнер түрлерінен ең басты айырмашылығы неде?
2. Әдебиеттің өмір шындығын бейнелеп-танытуда ұстанатын басты заңдылығы
3. «Ақын образбен ойлайды, ол шындықты дәлелдемейді, оны көрсетеді» деген пікір
4. иесі
5. Ғылымнан өнердің (әдебиеттің) басты айырмашылығы қандай?
6. Көркемөнердің, әдебиеттің басты нысаны
7. Қай туындысында Абайдың өлең-өнерге деген жоғары талғамы, сыншылдығы танылады?
8. Әдебиеттің бірінші, ең басты элементі не?
9. Абайды «қазақтың бас ақыны» деп бағалаған әдебиетші ғалым
10. Қазақ әдебиеті тарихын зерттеуді алғашқылардың бірі болып бастаған ғалым, жазушы
11. «Әсемдік дегеніміз - өмір». Бұл кімнің тұжырымы?
12. И.В.Гете өнердің қай түрін «үнсіз музыка» деген?
13. Өнер әлемінде Пегас ненің белгісі?
14. Сөз өнерін алғашқылардың бірі боп тектерге, жанрларға бөліп, оларға байыпты талдау жасаған көне дәуір ғұламасы
15. Әдебиеттану қай ғылымның саласына жатады?
16. Әл-Фараби өзінің «Өлең өнері қағидалары туралы трактат» еңбегінде ақындарды
қанша топқа бөлген?
17. Әбиеттану ғылымының қосымша салаларының бірі
18. А.Байтұрсыновтың теориялық еңбегіне байыпты баға берген көрнекті әдебиетші
ғалым
19. Әдебиет, өнер дамуының үрдісіндегі көркемдік әдістерді, бағыт-ағымдарды, әдеби
мектептерді әдебиеттану ғылымының қай саласы қарастырады?
20. Лессинг сурет өнерін қандай өнер деп атаған?
21. Ғылыми айналымға «лирикалық кейіпкер» терминін енгізген әдебиетші
22. Әдебиеттану ғылымының белгілі бір ұлттың, халықтың сөз өнерінің өсу, қалыптасу
белестерін зерделейтін саласы
23. Қазақ әдеби сынының жанрлық ерекшеліктерін зерттеген әдебиетші ғалым
24. Өнердің табиғатқа мақсатты еліктеудің нәтижесі екендігі туралы ой түйген ғұлама
25. «Сурет – мылқау поэзия, ал поэзия – сөйлейтін сурет»: Кімнің пікірі?
26. «Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат» еңбегінде әл-Фараби қандай ел әдебиеті мәселелерін сөз етеді?
27. Музыка өнерін А.Байтұрсынов қандай ұлттық терминмен атаған?
28. Әдебиетті «адамтану ғылымы» деп атаған қаламгер
29. Әдебиет тарихшысы әдебиеттану ғылымының қай саласында зерттеу жүргізетін ғалым
30. Өнер туындысының басты үш мақсат-міндетін айқындап-тұжырымдаған ғалым, сыншы, эстет
31. «Мағжан терең ойдың ақыны емес, нәзік сезімнің, тәтті қиялдың ақыны, ол кедейдің ақыны емес, ұлт ақыны». Бұл бағалау кімдікі?
32. Әдеби сынның жанрлары
33. М.Әуезовтің бүркеншік аттарының бірі
34. «Әдебиет теориясы» оқулығының авторы, қазақтың көрнекті әдебиеттанушы ғалымы
35. Қазақ сынының қалыптасу тарихы жайлы еңбек жазған белгілі әдебиетші ғалым, сыншы
36. Әдебиеттің бағбаны деп кімді атаймыз?
37. «Әдебиеттану терминдерінің сөздігі» кітабын құрастырып шығарған әдебиетші ғалымдар
38. А.Байтұрсынов қалыптастырған төл әдебиеттану терминдерінің бір тобы
39. «Поэзия адамның еркін тілімен берілетіндіктен, онда үн де, сурет те және байымды, айқын айтылған түсінік те болмақ. Сондықтан, өзге өнердің барлық элементтері поэзияда бар». Белинский бұл пікірін қандай еңбегінде айтқан?
40. Платон «Бүкіл Грекияның тәрбиешісі болды» дегенде кімді айтқан?
41. А.Байтұрсынов қандай ақынды «Қазақтың бас ақыны» деп атаған?
42. Көркем туындыға “өмір оқулығы” болу талабын қойған сыншы, эстет.
43. А.Байтұрсынов символды қандай ұлттық терминмен атаған?
44. Қазақ әдебиетінде мәңгүрттік тақырыбын алғаш көтерген туынды
45. Автордың шығармасында суреттеп көрсеткен өмір құбылыстары мен адамдар тағдыры арқылы айтпақ ойы
46. Көркем шығарманың эстетикалық мәні қалай танылады?
47. Өнерде (әдебиетте) идеяны танытудың қанша жол-тәсілі бар?
48. Тақырыптың толыққанды көркемдік шешімін табуы неге байланысты?
49. Шығармашылық ойлау жүйесінде тақырып бірінші ме, идея бірінші ме?
50. Тақырып таңдау проблемасы неге байланысты
51. Өнер туындысының мазмұны, арқауы
52. Әдебиеттің “екінші элементі” (Горький) не?
53. «Ой, дүние-ай! Тым болмаса, жасаған осындай бір жалбыр шашты қимады ғой! Дүниеде баладан қызық, баладан тәтті не бар дейсің! Қуарған қу бас өмір – бейне жапырақсыз ағаш. Онда не көрік, не сән бар?!» Мәтінде кейіпкер бейнесі қандай суреттеу тәсілімен берілген?
54. «Талантты жазушының әрбір образы – тип, «таныс-бейтаныс» деген нұсқалы пікір иесі
55. ...Деп зарлап күңіренді жаралы ер,
Айрылған екі жаннан қаралы ер,
Зарланып көзінен қан тамшылатты
Тұңғиық жанды жеген қап-қара шер.
Жүрегі тас болса да шыдай алмай
Қамығып, қайғы басып күрсінді жер.
Молайтып минут сайын қасірет жырын
Жанында өксіп-өксіп жылады жел...
Автор кейіпкер күйін танытуда қандай суреттеу тәсілін қолданған?
56. «Жер ошақ басында бір әйел отты түрткілеп отыр, екі беті ісік секілденіп баржиған, денесінің бәрін май басып, үстіндегі киімі сөгіліп кететіндей боп тырсылдап тұр».
57. Кейіпкер болмысын танытуда автор қандай суреттеу тәсілін қолданған?
58. Полилог дегеніміз не?
59. Қарабай («Қозы Көрпеш – Баян сұлу»( қандай танымды аңғартатын бейне?
60. Бұл қандай кейіпкердің ішкі монологы: «Ойбай-ау! Менің күйеуім ше? Ол енді менің маңыма жолар ма екен? Орыстан қалған салдаманы ол неғылсын! Ол алмаса, онда мені кім алады? Мен бір ел-жұртқа әйгілі көзге шыққан сүйел болған екем ғой?..»
61. Көркем бейненің әдіске қатысты жіктелуі
62. Судыр Ахмет (“Қан мен тер”) қандай бейне?
63. Абай бейнесі («Абай жолы») көркем бейненің қай түрі?
64. Тартыстың шығармада атқаратын басты қызметі
65. Әдеби тек тұрғысынан жіктегенде көркем бейне қанша топқа бөлінеді?
66. «Әсіресе казак-орыстардың отряды келгенде тобырлы жын келгендей болады. Кеуделерін ерсілі-қарсылы қатар тізілген оқпен шырмап тастаған. Иықтарына қылыш, мылтық, шыбыртқы қамшы асынған. Бөріктері бір жақ шекелерінде, шалбарларының екі жақ сандары төрт елідей қызыл жол шүберек»
67. Мәтінде портреттік тәсілдің қай түрі қолданылған?
68. Текке қатысты жіктелген көркем бейне
69. «...Есіл ер хан боп неге тумады екен
Қарадан неге туған, алда сорлы!
Бұл сорлы Дулат па екен, Үйсін бе екен?
Күйшім боп өмір бойы жүрсін бе екен?
Сүйкімді жігіттің бұл бұлбұлы ғой
Қарашаш осыған-ақ тисін бе екен?!...»
70. Үзіндіде кейіпкер күйі қандай суреттеу тәсілімен берілген?
71. Ішкі монолог суреттеу тәсілі хақында зерттеу жазған қазақ әдебиетші ғалымы
72. «...Үлкен тамға шам жағылған. Іші жылы, жарастықты жайлы екен. Есіктен төрге дейін жайылған қызыл кілем. Төрде көрпе. Оң жақта үлкен, сәнді, жалтыраған жұмсақ орыс төсегі. Соның тұсында тұтқан түкті, сары ала кілем де үйдің ішін қуантып, жақсы ұядай түрлентіп тұр»
73. Мәтінде қандай әдеби суреттеу тәсілі қолданылған?
74. Типтік тұлғаны мүсіндеуде прототипті пайдалану негізінен қандай өнерге тән ерекшелік?
75. Жалғыздық, ортасына, қоғамға көңілі толмау қандай кейіпкерге тән ерекшелік?
76. Типтік бейне. Бұл кейіпкерді қай тұрғыда саралау?
77. Белгілі бір әлеуметтік топтың көзқарасын, мұратын, мінезін танытатын бейне
78. Көркем туындыда белгілі бір дәуір, тарихи кезең келбетінің сол уақыт ағымдарына сай бейнелену ерекшелігі
79. Типтік шындық дегеніміз не?
80. Көркем туыңдының әңгімелеп айтуға болатын мазмұны қалай аталады?
81. Көркем шығарма сюжетінде экспозиция қандай роль атқарады?
82. Көркем туындыда баяндалған оқиғалар мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың, тартыстың аяқталуы
83. Шығарма көркемдігінің басты шарты
84. «Сюжет... типтің, характердің қалыптасу тарихы» деген кім?
85. Шығармада оқиға даму мен кейіпкерлер арасындағы қарым-қатынастың қиындап, күрделене түскен шағы
86. Көркем шығармадағы эпилог
87. Көркем дәлелдеу не үшін керек?
88. «Шұғаның белгісі» повесінде Әбдірахманның Шұғаға жазған хаты ұсталғаннан кейінгі кезең сюжет дамуындағы қандай кезең?
89. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы ең басты сюжеттік желі
90. Сюжетке қатысты перипетия термині қандай мағынаны білдіреді?
91. Троптың қай түрін «жасырын теңеу» деп те атайды?
92. Оқиғалардың суреттеліп-баяндалуы уақыт жағынан жалғасып, бірізділік тақырыптық сюжет түрі
93. Көркем мәтіннің материалы
94. «Егер әкімдік тізгіні бар адам болсам, бір сөзді дұрыс қолданбаған жазушыны жазу құқығынан айырып, жүз дүре соқтырар едім» Кімнің сөзі?
95. Теңізде тұрған желдейін
Күтірлеп кеткен сеңдейін
Вулкан шашқан таудайын…
Мәтінде троптың қай түрі қолданылған?
96. - Дуана – еке, мен … мен... Мамырбай ақсақалдың … дей беріп еді.
Мәтінде фигураның қай түрі қолданылған?
97. Диалектизмдер мен варваризмдер сөздердің көркем шығарма ретінде қолданысы
98. Ағаштар үнсіз қалғып тұр
Кейіп ап қардың қолғабын (Т.Медетбек).
99. Боз үйге ай сәулесі нұрын төгеді
Шәпи қыз сәлем айтып, келсін деп ед
Шомылған айдын көлде аққудай боп
Бұраң бел сылаң етіп шыға келед.
Мәтіннен тұрақты эпитетті табу
100. Көркем шығарма тілін ақын тілі, әшейін тіл деп екі топқа бөлген әдебиетші ғалым.
