Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
практикус.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
687 Кб
Скачать
☆

Ауыл шаруашылық дақылдары егістіктерінде ору науқанынан кейінгі топырақтағы арамшөптер тұқымдарымен ластануы бойынша 2017 жылғы күзгі зерттеу жұмыстарының жылдық есебі

Аудан бойынша Шолақаңқаты, Талдыбұлақ, Аралтөбе ауылдық округтерінде егістік танаптарда топырақтың арамшөптер тұқымдарымен ластануына 300 га жер зерттелді.

1 га көлеміндегі топырақтың 10-30 см қабатында тұқым саны 15,6 млн.дана құрады. Оның ішінде азжылдық астық тұқымдас арамшөптер тұқымымен ластанған аумақ 1,8 млн.дана/га. Азжылдық қосжарнақты 4,0 млн.дана/га. Атпатамырлы арамшөптер тұқымымен ластанған аумақ 7,0 млн.дана/га. Тамыр сабақты арамшөптер тұқымымен ластанған 2,8 млн.дана/га құрайды.

Арамшөптерге қарсы күрес шаралары жүйелі түрде жүргізілуі кажет. Олардың биологиялық қаблеттерін ескере отырып, атап айтқанда дұрыс ауыспалы егістік жүйесін жүргізу, өңделген таза тұқымдарды себу, уақытылы себу мен өнімді жинау, агротехникалық және химиялық әдістерді үйлесімді қолдану.

2018 жылы агротехникалық және химиялық әдіспен өсімдіктерді қорғау жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмесе, арамшөп өсімдіктері егіс алқаптарында биылғы жылдан жоғары болады деп болжамдалуда. Келесі жылы аз жылдық астық тұқымдастар және азжылдық қосжарнақты арамшөптерге қарсы химиялық отау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер

1.Вредные саранчовые насекомые.

2.Ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестерден, аурулардан қорғау.

3.Жалпы энтомология. Алматы 2012

4.Ғаламтор.

5.ҚР АШМ АӨК Сырым аудандық аумақтық инспекциясының 2017 жылғы есебі.