- •2.1 Мекеме орнымен танысу.
- •2.2.Қауіпсіздік техникасымен танысу.
- •1. Қолдану саласы
- •2.3.Сырым ауданының 2017 жылғы жаз айындағы ауа райы. Жаз айы, 2017 жыл.
- •Cырым ауданы бойынша 2017 жылы аса қауіпті зиянды организмдерге мониторингтік зерттеу жүргізілген жер көлемдері
- •Сырым ауданы бойынша 2017 жылы аса қауіпті организмдерге жүргізілген жүйелі бақылау жұмыстарының есебі
- •Нестадные саранчовые (Үйірсіз саяқ шегірткелер)
- •Сырым ауданы бойынша саяқ шегірткелердің қыстап шыққан күбіршектерінің қоныстануына көктемгі зерттеу жұмыстары бойынша 2017 жылғы есеп
- •Сырым ауданы бойынша саяқ шегірткеcі дернәсілдерінің қоныстануына көктемгі-жазғы зерттеу жұмыстары бойынша 2017 жылғы есеп
- •2.6. Қр ашм аөк мик «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» зертханасымен танысу.
- •2.6. Сырым ауданының далалық аймағында кездесетін каратиндік өсімдік. Жатаған у кекіре. Күресу шаралары.
- •2.8. Бұлан ауылдық округінен табылған мүйізді қоңыз
- •2.9.Сырым аудандық аумақтық инспекциясының құжатнамаларымен танысу және жұмыс жасау.
- •Ел ертеңі білікті мамандар
Сырым ауданы бойынша 2017 жылы аса қауіпті организмдерге жүргізілген жүйелі бақылау жұмыстарының есебі
(мың га)
кесте № 4
№ |
Аса қауіпті организмдердің атауы |
Жүйелі бақылау жұмыстарын жүргізу жоспары, мың.га |
Нақты жүргізілгені, мың. га |
1 |
Италиялық прус |
70,0 |
70,0 |
2 |
Азиялық шегіртке |
50,0 |
50,0 |
3 |
Сарышұнақтар |
20,0 |
20,0 |
4 |
Тышқан тектес кеміргіштер |
6,0 |
6,0 |
5 |
Дәнің сүр көбелегі |
20,0 |
20,0 |
6 |
Гессен шыбыны |
20,0 |
20,0 |
7 |
Зиянды бақашық кандаласы |
25,0 |
25,0 |
8 |
Астық қоңызы |
25,0 |
25,0 |
9 |
Колорад қоңызы |
0,5 |
0,5 |
10 |
Дәнді дақылдардың аурулары |
25,0 |
25,0 |
|
Барлығы |
261,5 |
261,5 |
Үйірсіз саяқ шегіртке.
Нестадные саранчовые (Үйірсіз саяқ шегірткелер)
Крестовая кобылка – Айқышты саяқ шегітке – Pararcyptera microptera F. W.
Белополосая кобылка – Ақ жолақты немесе мүсінді саяқ шегіртке –Chortippus albomarginatus D.G.
Чернополосая кобылка- Қара жолақты саяқ шегіртке – Oedaltus dekorus ujerm.
Сибирская кобылка – Сібірлік саяқ шегіртке – Gomphoceus sidiricus L. Атбасарка – Атбасарлық саяқ шегіртке – Dociostaurus kraussi lngen.
Биылғы жылы көктем айының созылып, ауа-райы температурасының салқын болуына байланысты саяқ шегірткелер дернәсілдерінің жер бетіне бастап шығуы 11 мамыр күні байқалды,жаппай таралуы 24 мамыр күні байқалды. Cаяқ шегірткелердің бастап қанаттануы 18 маусымда тіркелді Шағылысуы 23 маусымда байқалды. Жұмыртқа салуы 6 шілдеде , зиянкестердің бастап өлуі шілде айының 19 жұлдызында байқалды.
Саяқ шегірткелерінің күбіршелерінің санын және олардың қыстап шыққан жағдайын анықтау үшін көктемгі жүйелі бақылау жұмыстары Шолақаңқаты а/о қарасты 100 га жайылымдық жер зерттелді. Нәтижесінде саяқ шегірткелердің күбіршелері қоныстанған аумақ 100 га құрады, 1 шаршы метр жердегі күбіршіктердің саны 0,8 дананы құрады. Күбіршелердегі жұмыртқаның орташа саны 12-14 дана болды. Күбіршіктердің зақымдалуы анықталмады.
Саяқ шегіртке дернәсілдерінің шығуы кезеңіндегі көктемгі-жазғы жүйелік бақылау жұмыстары Шолақаңқаты а/о және Аралтөбе а/о қарасты 3700 га жайылымдық жерлерде жүргізілді. Нәтижесінде қоныстануы 2800 га құрады. Өңдеуге жатқызылған жер көлемі 400 га құрады. Саяқ шегіртке дернәсілдерінінің жайылымдық жерлердегі ең аз және ең көп қоныстануы 1 м 2 шаршы метрде 1,0-9,0 дананы құрады.
Саяқ шегірткелерінің шағылысу және жұмыртқа салу кезеңіне жазғы жүйелік бақылау жұмыстары Аралтөбе а/о және Шолақаңқаты а/о қарасты 2500 га жайылымдық жерлерде жүргізілді. Нәтижесінде саяқ шегірткелердің қоныстануы 1600 га жерде анықталды.Өңдеуге жатқызылған жоспарлы жер көлемі 400 га құрады. 1 ш.м жердегі шегірткелердің ең аз және ең көп қоныстануы 0,7-2,3 дананы құрады.
Саяқ шегірткелерді түр құрамына зерттеу жұмыстары кезінде: Ақ жолақты немесе мүсінді саяқ шегіртке 12,0 %, Зиянды айқышты саяқ шегіртке 30,0 %, Айқышты саяқ шегіртке 33,0 %,Қара жолақты саяқ шегіртке 5,0 %, Атбасарлық саяқ шегіртке 14,0 %, Қара қанатты саяқ шегіртке 6,0 % құрады.
Саяқ шегірткелерінің күбіршік салу кезеңіне күзгі жүйелік бақылау жұмыстары Аралтөбе а/о қарасты жайылымдық жерлерде 100 га жер көлемінде жүргізілді. Қоныстануы 100 га, тығыздығы 1 ш/м 1,2 дананы құрады, жұмыртқа саны 11-13,0 дана. Күбіршіктердің зақымдалуы анықталмады.
