- •2.1 Мекеме орнымен танысу.
- •2.2.Қауіпсіздік техникасымен танысу.
- •1. Қолдану саласы
- •2.3.Сырым ауданының 2017 жылғы жаз айындағы ауа райы. Жаз айы, 2017 жыл.
- •Cырым ауданы бойынша 2017 жылы аса қауіпті зиянды организмдерге мониторингтік зерттеу жүргізілген жер көлемдері
- •Сырым ауданы бойынша 2017 жылы аса қауіпті организмдерге жүргізілген жүйелі бақылау жұмыстарының есебі
- •Нестадные саранчовые (Үйірсіз саяқ шегірткелер)
- •Сырым ауданы бойынша саяқ шегірткелердің қыстап шыққан күбіршектерінің қоныстануына көктемгі зерттеу жұмыстары бойынша 2017 жылғы есеп
- •Сырым ауданы бойынша саяқ шегірткеcі дернәсілдерінің қоныстануына көктемгі-жазғы зерттеу жұмыстары бойынша 2017 жылғы есеп
- •2.6. Қр ашм аөк мик «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» зертханасымен танысу.
- •2.6. Сырым ауданының далалық аймағында кездесетін каратиндік өсімдік. Жатаған у кекіре. Күресу шаралары.
- •2.8. Бұлан ауылдық округінен табылған мүйізді қоңыз
- •2.9.Сырым аудандық аумақтық инспекциясының құжатнамаларымен танысу және жұмыс жасау.
- •Ел ертеңі білікті мамандар
Ел ертеңі білікті мамандар
Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысының қара шаңырағы, ауыл шаруашылық саласының ордасы Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттеріміз. Болашақ мамандығымыз «Өсімдік қорғау және карантин».
Бұл мамандық бойынша бітірушілер әкімшілік құрылымдарда, фирмаларда, кооперативтерде, акционерлік қоғамдарда, жоғары оқу орындары мен колледждерде, ғылыми-зерттеу институттарында, кедендік тауар биржаларында жұмыс орындарында қызмет ете алады. Университетіміздің бастамасымен Сырым аудандық аумақтық инспекциясынан машықтан өтіп жүрміз. Бұл біз үшін аса маңызды. «Ауыл шаруашылығы» мамандарын даярлаушы ретінде аса маңызды құжаттармен таныстырылып, заманауи үлгідегі базалар бойынша оқу-іс тәжірибесінен өткізуде. Білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты студенттерді жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында әр студенттің дарындылығын айқындап, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасалуда. Өсімдік қорғаушы мамандары ретінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, ауыл шаруашылық дақылдарын жаңа технологияны енгізіп, жаңа препараттарды зиянкестерге, кеселдерге, арамшөптерге қарсы қолдануға, жоғары сападағы тұқымдарды даярлауға және жұмысын ұйымдастыруға практика жүзінде қолданып келеміз.
Мемлекетіміз болашақ жас мамандардың біліктілігін арттыруды, сондай-ақ студенттердің де келешекте атқаратын мамандығына сай бағыт бағдар беруді үнемі назарда ұстайды. Еліміздің өркениетті алпауыт мемлекеттерден қалыспай, тең қадам басуы үшін болашақтың тұтқасын ұстар болашақ білікті мамандарды дайындау – бүгінгі күннің міндеті. Елбасы айтқандай, осындай жан-жақты дамыған білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің атқарған ісіне жауапкершілікпен қарауды азаматтық парызымыз деп санаймыз.
Нұржауған Есен, Али Утепов, Лаура Биктурганова
Сырым аудандық аумақтық инспекциясынан машықтан өтушілер, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттері
Қорытынды.
Мен Есен Нүржауған Мақсотқызы 22 мамыр мен 12 шілде аралығында ҚР АШМ АӨК МИК «Аудандық аумақтық инспекция» республикалық мемлекеттік мекемесі Сырым аудандық филиалында теориялық білімімді практика жүзінде тәжірбиеден өткіздім. Бұл тәжірбие барысында, өсімдік карантині мәселесі бойынша шығарылған жаңа заңдармен танысып, олардың іс жүзінде қалай орындалатынына көз жеткіздім.
Тәжірбие жүзінде бәрі басқаша екенін түсіндім, яғни жұмыс барысында шапшаң қимылдап іске кірісу керек екенін. Ауыл шаруашылыоығы бөлімінде азаматтарды қабылдау кезінде сыпайы болуды, оларға мәдениетті жауап беруді, сабырлы болуды талап етеді.
Өндірістік практика барысында өзім үшін бірқатар жаңалықтар аштым:
Біріншіден, бұл – Университеттен алған білімді тәжірбие жүзінде пайдалану.
Екіншіден, мемлекеттік қызметтің қаншалықты қиын және үлкен жауапкершілікті қажет ететініне көз жеткіздім.
Үшіншіден, тәжірбие барысында бәрі басқаша, теория жүзінде басқаша.
Орындалған практика міндеттері:
Практика базасына уақытылы келіп және кәсіпорын жанындағы практика жетекшісін жеке тапсырмасымен танысып, практика өту жөніндегі нұсқау алдым.
Практикадан өту кезінде еңбек қорғау ережелерін, қауіпсіздік техникасы және ішкі еңбек ережелерін қатаң сақтап, кәсіпорын жанындағы практика жетекшісінің тапсырмаларын толық орындадым. Қызметкерлермен жұмыс жасау барысы ұнады. Қызметкерлер бір отбасы секілді. Бір-бірінің жетістігіне ерекше қуанып, әрдайым алдынан тосынсыймен қарсы алады.
Егер теориялық тұрғыдан алған білімімізді іс жүзінде жетілдіретін болсақ, еліміздің экономикасын арттырар білікті маман иелері артатынына сенімдімін.
Ұсынысым: аудандық аумақтық инспекциясындағы далалық аймақтарға алып шығатын байланыс құралдарын жетілдіру.
Пайдаланылған әдебиеттер:
ГУ Фитосанитария Мақала 22.02.2017
МЕТОДИЧЕСКИЕ УКАЗАНИЯ по выполнению лабораторно-практических занятий по дисциплине «Интегрированная защита сельскохозяйственных культур от вредных организмов» для магистрантов специальности 6М080100 – «Агрономия», Турганбаев Т.А., канд. с.-х.наук, Рецензент: Калиева Л.Т., к. с.-х.наук. © РГП «Западно-Казахстанский аграрно-технический университет имени Жангир хана», 2015
Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған профессор Е. Арын – Павлодар: 2007 - 1028 б. ISBN 9965-08-286-
Обзор распространения вредных и особо опасных вредных организмов сельскохозяйственных культур в 2011 году и прогноз их появления в 2012 году. – Астана: 2011.
3РОСМЭН, Жәндіктер, Мәскеу Росмэн 2012.
Сулейменова З.Ш. Методические указания по учету и выявлению карантинных объектов. - Астана: 2009.
Сырым елі газеті, 27 маусым, 2013 жыл
ҚР АШМ АӨК МИК «Аудандық аумақтық инспекция» республикалық мемлекеттік мекемесі Сырым аудандық филиалының жылдық есебі. 2017 жыл.
http://adilet.zan.kz/rus сайты
stud.kz/prezentatsiya/id/11882 сайты
