- •1. Мекеменің техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері............................................................................................................................................4
- •2. Компьютерлік технологиялар......................................................................................7
- •1. Мекеменің техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері
- •2. Компьютерлік технологиялар
- •Ibm pc компьютерінің классификациясы
- •Пайдаланылған әдебиеттер
1. Мекеменің техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері
Бірінші барған күні жетекшім мені мекемедегі техника қауіпсіздіктерімен таныстырды. Онда компьютерді қалай қосып-өшіру керектігін көрсетті. Және де электр сымдарына абай болу керек екенін айтып отырды. Компьютерді жұмыс істеп болғаннан кейін міндетті түрде сөндіріп қою қажеттігін, компьютердің алдына міндетті түрде кактус гүлін қойып қою көзге қауіпсіз екенін ескертті. Бөлмеден шығарда бөлменің терезелерін жауып, бөлмедегі электр жарығын сөндіріп кету керектігін айтты. Егер бұл міндеттерді орындамаған жағдайда кенеттен төтенше жағдай болуы мүмкін екендігін ескертті. Мен өзіме тиесілі жұмыстарды техника қауіпсіздігін сақтай отырып жұмыс істедім.
Техника қауіпсіздік шараларымен танысу. Сонымен жалпы алғанда мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
Есептеуіш техника бөлмесінде әрбір студент қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң тәртіпте орындау керек.
Электр тогымен зақымдалған студентке әрбір қызметкер алғашқы көмек көрсете білу керек.
Электр тогымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек.
Егер демалысы тоқтап қалған болса, онда дәрігер шақырып жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету керек. Ол минутына 16-18 рет бірқалыпты өту керек және қашан тыныс пайда болғанша жасау керек.
Өрт сөндіретін құралдармен әрбір студент жұмыс істей алу керек.
Суланған қол, ылғал киіммен ЭЕМ-мен жұмыс істеуге болмайды.
Зақымдалған сым дұрыс істемей тұрған есептеуіш техникасының ққұралдарымен жұмыс істеуге болмайды.
ЭЕМ-мен жұмыс істеу барысында қолайсыз иіс, дыбыс немесе түтінделген сым байқалған болса, ЭЕМ-ді өшіріп мұғалімге хабарлау керек.
ЭЕМ-ді іске қосып ескерусіз қалдыруға бөлме ішінде жүріп, жолдастарының назарын аударуға болмайды.
ЭЕМ-нің үстіне кітап, дәптер, киімдер тағы басқа заттарды қоюға болмайды.
ЭЕМ-мен жұмыс істеп жатқанда сырттан кірген кісілерге тұрудың қажеті жоқ.
ЭЕМ бөлмесіне рұқсатсыз кіруге болмайды.
1.1 ІС - ТӘЖІРИБЕНІҢ МАЗМҰНЫ
Мен Омар Мейрамгүл өзімнің өндірістік іс - тәжірибемді 2017 жылдың 22 мамыр мен 5 шілде аралығында Астана қаласындағы Әскери Комиссариатында өттім. Жалпы өндірістік іс - тәжірибенің мазмұны мен маңыздылығы ол мекеменің жаңа үлгідегі компьютерлерімен танысу, мекеме қолданатын жаңа бағдарламаларын үйрену, сол жердегі қызметкерлермен білім алмасу, өзімнің үш жылдық оқыған білімімді компьютердегі жұмыста пайдалана білу болды.
Жетекшімен танысу.
Тәжірибе дегеніміз – теориялық негізде жинаған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру болып табылады.
Тәжірибе нысанының, яғни Астана қаласындағы Әскери Комиссариатының шығу тарихымен, онда жұмыс істеген жұмысшылармен, олардың атқарған жұмыстарымен таныстым. Қазіргі уақытта Астана қаласындағы Әскери Комиссариатының бастық қызметін Н.Хамидулин атқаруда.
Техника қауіпсіздікпен танысу.
Техникалық қауіпсіздік пен өрт сөндіру ережелерімен танысу күндері болды. Яғни бұл күндері техникалық қауіпсіздік ережелеріне сай, алғашқы көмек көрсете білу мақсатына арнайы екі сағат бөлінді және алғашқы өрт сөндіру кезінде қолданылатын жабдықтардың орнын көрсетіп шықты. Жалпы мекеменің техникалық қауыпсіздігі өрт сөндіруге қарсы алғашқы кезде қолданатын жабдықтармен жабдықталған. Оны мекеме ішіне кірген кезде байқауға болады. Жабдықтар қазіргі заман талабына сай, жоғары деңгейлі болып келеді. Мекемедегі әр қызметкер немесе іс – тәжірибеші ондай келеңсіз жағдайларды болдырмау үшін, келесі техникалық қауыпсіздік ережелерін сақтау қажет:
Электрлік тоқпен зақымдалған адамды әрбір адам бірінші көмек яғни алғашқы көмек көрсете білу қажет.
Электр тоғымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек.
Егер тынысы тоқтаған жағдайда міндетті түрде дәрігер көмегін шақырып не жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету қажет. Бұл әрекет тыныс пайда болғанша жасалу қажет.
Қызметкер өрт сөндіретін құралдарымен жұмыс істей білу қажет.
Өрт жағдайында қызметкер эвакуация жолдарын білу қажет.
Қызметкерлер ЭЕМ -сым өткізгіштеріне рұқсатсыз тимеу қажет.
ЭЕМ-мен су қолымен не ылғал киіммен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
Зақымдалған сымтетіктерді өз бетінше жөндеуге не жұмыс істеуге рұқсат етілмейді.
ЭЕМ-мен жұмыс істеу барысында қолайсыз иіс, дыбыс немесе түтінделген сым байқалған болса, компьютерді өшіріп мұғалімге хабарлау қажет.
ЭЕМ ді ескерусіз қалдыруға не бөгде ададарды кіргізуге болмайды.
ЭЕМ-нің үстіне кітап, дәптер, киім тағы басқа бөгде заттарды қоюға болмайды.
Әскери комиссариаттың техникалық және программалық жабдықтармен қамсыздандырылуымен таныстық.
Астана қаласындағы Әскери Комиссариатының техникалық және программалық жабдықтармен қамсыздандырылуымен таныстым. Мұнда жоғары технологиялар маңызды және ең қажетті жабдықтардың бірі болып табылады, өйткені жұмыс барысы соны талап етеді. Әсіресе жоғары деңгейлі компьютерлер мен оның көптеген қосымша қосалқы бөлшектері(принтердің, сканердің, модем т.с.с соңғы үлгілері) үлкен рөл атқарады. Ұжымның соңғы деңгейдегі компьютерлік техника бар. Сондай-ақ, компьютерлік сыныптардағы техника өзара ішілік жергілікті желіге және мектептің серверлік компьютерлері арқылы бүкіләлемдік Интернет желісіне жалғанған. Жұмыскерлер құрамы кез-келген мезетте әлемдік желіге байланысып, қажетті жұмыстарымен айналыса алады.
Компьютерлердегі жүйесінде түрлі офистік бағдарламалар мен мектеп пәндері бойынша оқытылатын арнайы бағдарламалары бар. Олардың құрамында MS Windows, UNIX, LINUX операциялық жүйелері өздерінің утилиталарымен бірге, MS Office 2003(2007) оффистік программалар пакеті сияқты көптеген қолданбалы программалармен таныстым.
