Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет по практике.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
222 Кб
Скачать
☆

Ibm pc компьютерінің классификациясы

Компьютер – сандық ақпаратты енгізуге, сақтауға, өңдеуге және тасымалдауға арналған әмбебап электрондық техникалық құрылғы. Компьютер (computer) сөзі «есептегіш» деген мағынаны білдіреді. Алғашқы шыққан компьютерлер тек қана есептеу жұмыстарына арналған болатын. Қазіргі кезде олар сандық есептеулермен қатар, басқа түрдегі ақпаратты да (мәтін, дыбыс, графика, фото, аудио, видео, анимация т.с.с.) өңдейді.

Жаңа ақпараттық технологиялар – объекттің, нысанның немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін деректерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын үрдіс.

Ақпараттық технологиялар дегенде көбінесе қағаз жүзінде әр түрлі ақпаратты жинау, өңдеу және жеткізу үрдістерін айтады. Бұларға бұқаралық ақпарат құралдары, полиграфия, теледидар, радио, байланыс желілері т.с.с. жатады. Жаңа ақпараттық технологиялар дегенде компьютер, оның есептеу желілері мен телекомуникациядан пайдаланып ақпаратты өңдеу және тасымалдау технологияларын айтады.

Жаңа ақпараттық технологиялардан пайдалану қоғамның көптеген қызмет салалары жұмыстарын жылдам және тиімді жүргізуге мүмкіндік береді. Өндірісті автоматтандыру мен жаңа ақпараттық технологиялармен басқарудан қоғамды ақпараттандыру, ақпараттық қоғам құру мәселелері туындайды.

Жаңа ақпараттық технологиялар техникалық және программалық жабдықтама болып жіктеледі  

Техникалық жабдықтама (hardware, аппаратное обеспечение) – деп ақпаратты сақтау, өңдеу немесе тарату үшін пайдаланылатын физикалық құрылғылар кешенін айтады. Оның құрамына кез келген компьютерлік жүйенің жұмыс істеуіне қажетті негізгі және сыртқы құрылғылары, телекоммуникациялық байланыс құралдары кіреді. Компьютерлік жүйе құрамын оның конфигурациясы деп атаймыз.

Техникалық жабдықтаманың үйлесімділігі бойынша дербес компьютерлер негізінен екі платформаға бөлінеді:

  • IBM–платформасы;

  • Apple–платформасы.

Біз төменде IBM PC (International Business Machines Personal Computer –IBM-нің дербес компьютері) платформасына жататын дербес компьютерлерді, олардың техникалық және программалық жабдықтамаларын үйренеміз. Бірақта, әлемде дербес компьютерлердің көптеген басқа түрлері бар.

Біріншіден, IBM PC түріндегі компьютерлерді IBM корпорациясымен қатар жүздеген басқа фирмалар жасап шығарады. Солардың ішінде Қазақстандық фирмалар да бар. IBM–платформасы компьютерлерінің әлемдік компьютерлік паркдегі үлесі 90% астам

Екіншіден, осы түрдегі дербес компьютерлер әр түрлі конфигурациямен жинақталып, әр түрлі программалармен жұмыс атқарады. Олар бір-бірінен жылдамдығы, жедел және сыртқы жады көлемі, функционалдық мүмкіндіктері бойынша ерекшеленеді. Сан алуан компьютерлерге арналған құрылғылардың, программалардың ортақ қасиеті, олардың үйлесімділігі, бір компьютерден екіншісіне тасымалдану қабілеттілігі.

Үшіншіден, қолданыстағы Apple Computer Inc. корпорациясының Macintosh компьютерлері бәсекеде тұрақты. Бұл түрдегі компьютерлер IBM PC компьютерлеріне үйлесімсіз болса да, Apple–платформасы компьютерлерінің әлемдік компьютерлік паркдегі үлесі 10% жақын (Power Macintosh, Performa).

Бұлардан басқа кейбір жеке алған салаларда ғана қолданылатын компьютер түрлері де бар. Бірақта олардың әлемдік компьютерлік паркдегі үлесі тіпті аз.

Дербес компьютер микропроцессор негізінде жұмыс істейтін, көлемі шағын, тек қана бір тұтынушыға арналған компьютер. ЭЕМ-дердің жұмысын басқарушы және арифметикалық-логикалық құрылғыларды бірге қосып процессор деп, ал дербес компьютердің процессорын микропроцессор деп атайды. 1970 жылы Маршиан Эдвард Хофф (Intel Corp.) 4-разрядты Intel-4004 микропроцессорын ойлап тапты. Бұл кезде ЭЕМ-дердің процессорлары 16-разрядты немесе 32-разрядты болатын. Бірақта Intel корпорациясы 1973 жылы 8-разрядты Intel-8008 микропроцессорын, ал 1974 жылы Intel-8080 микропроцессорын жасап шығарды. Алғашқы дербес компьютерлерге осы микропроцессор негізінде Эд Робертс құрастырылған «Altair-8800» (MITS, 1975),  Стив Возняк және Стив Джобс жасап шығарған «Apple-I» (Apple, 1975) компьютерлері жатады. 1977 жылдан бастап Commodore, Apple-II, Atari компьютерлері шығарыла бастады. 1981 жылы олардың қатарына IBM корпорациясы компьютерлері қосылды.

Қазіргі кезде дербес компьютерлерді және оның құрылғыларын мыңдаған корпорациялар, соның ішінде Compaq, IBM, Dell, Intel, AMD, Apple, Toshiba, Fujitsu, Siemens, Hitachi, Hewlett-Packard, Epson, Canon, Phillips, Samsung, LG, Daewoo т.б. істеп шығарады

Қазіргі кезде ЭЕМ-дер функционалдық мүмкіндіктеріне қарай шартты түрде төмендегі топтарға бөлінеді:

  • Макро ЭЕМ (mainframe, super computer);

  • Мини ЭЕМ (workstation);

  • Микро ЭЕМ (personal computer).

Макро ЭЕМ-дер өз кезегінде екіге бөлінеді:

  • үлкен ЭЕМ;

  • супер ЭЕМ.

Үлкен ЭЕМ-дерге (mainframe – универсал ЭЕМ) негізінен IBM корпорациясы компьютерлері жатады. Олар жылдамдығының үлкендігі, сенімділігі, жоғары дәрежеде енгізу-шығару мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Бұл компьютерлерге мыңдаған тұтынушылар терминалдар (тек қана монитор және клавиатура) немесе дербес компьютерлер арқылы қосылады. Әдетте мұндай компьютерлерде брэнд-корпорациялар, банктер жұмыс атқарады. Үлкен ЭЕМ-дер миллиондаған доллар тұрса да, оларға болған сұраныс тұрақты. Оларда орталық және шет аймақтық деп аталатын бірнеше процессорлар орналасқан. Процессорлар компьютерге енгізілген ақпаратты параллель өңдейді, яғни операциялық жүйе виртуал уақыт және мультипроцессорлық режимдерде жұмыс атқарады.

Супер ЭЕМ-дер (super computer – жоғары сапалы компьютер)  үлкен көлемді есептеу жұмыстарына арналған. Мысалы, сапалы тәрізде ауа-райын есептеу, цунами геоатласын бақылау, спутниктердің траекториясын есептеу т.с.с. Мұндай компьютерлер ондаған миллион доллар тұрсада, атқаратын қызметтері қаражатты ақтайды. Бұл топқа Cray Research, Hitachi корпорациялары компьютерлері жатады.

Мини ЭЕМ-дер (mini computer, workstation – ықшам компьютер, автоматтандырылған жұмыс орны) мэйнфрэйм мен дербес компьютерлер арасындағы аралық орында. Бұл топ компьютерлерінің ақпаратты сақтау және шығару құрылғыларына жоғары талаптар қойылады. Бұл топқа DEC (Digital Equipment Corp.), Sun, IBM, Hewlett-Packard корпорациялары компьютерлері жатады.

Микро ЭЕМ-дер (personal computer – дербес компьютер) техникалық жабдықтаманың үйлесімділігі бойынша екі топқа бөлінеді:

  • IBM–платформасы;

  • Apple–платформасы.

Дербес компьютерлер функционалдық мүмкіндіктеріне қарай шартты түрде келесі топтарға жіктеледі:

  • тұтынушының дербес компьютері (consumer PC);

  • офистік дербес компьютер (оffice PC);

  • ойын дербес компьютері (еntertainment PC). 

Дербес компьютерлер өлшемі бойынша төмендегі топтарға бөлінеді:

  • столдық (desktop);

  • ықшам (notebook);

  • қалталық (palmtop).

 

Бағдарламашы – арнайы математикалық модельдеудің көмегімен компьютерлік бағдарламаларды және алгоритмдерді құрастыратын маман.

Бағдарламашыларды салаларға байланысты үшке бөліп қарауға болады. Қолданбалы бағдарламашылар көбіне ойындар, есептеу бағдарламалары, редакторлар мен мессенджерлерді қамтамасыз ететін бағдарламаларды жабдықтаумен айналысады. Олардың саласындағы жұмыстарға тағы да жүйелі видео және аудио бақылаулар орнату, от өшіру жүйелері мен сигнал беру жабдықтарын жатқызуға болады.

Жүйелік бағдарламашылар операциялық жүйелерді, желі платформаларын, интерфейс жабдықтарын, әр түрлі ақпарат орталықтарын жинақтайтын ғаламтор беттерін жасаумен айналысады. Бұл саланың маманын жоғары төлемақыға ие бола алатындар қатарына жатқызамыз. Сонымен қатар, олар бағдарламалық қамту жүйелерін (сервис), есептеуді қаматамасыз ететін блоктарды (процессор, коммуникациялық және перефириялық құрылғылар) да жасайды.

Web-бағдарламашылар да желімен жұмыс жасайды. Дегенмен, олардың негізгі міндетіне ғаламтормен жұмыс істеу кіреді. Олар сайттардың бағдарламалармен қамтылуын, динамикалық веб-беттерді және дерекқормен жұмыс жасайтын web-интерфейстерді жасаумен айналысады.

Мамандықтың ерекшеліктері

Бағдарламашы ғылыми-техникалық және өндірістік есептерді математикалық модельдерді талдау мен алгоритмдік шешімдер арқылы есептеу жұмыстарын атқаратын бағдарламаларды құрастырады. Сондай-ақ, олар автоматты, типтік және стандартты бағдарламаларды және сыртқы алгоритмдік тілдерді жасақтаумен жұмыс істейді.

Маңызды қасиеттері

Бағдарламашы өте жылдам дамып жатқан технологияларға бейімделе білуі қажет. Сол себептен, өзін-өзі оқыту ең басты касиеттерінің бірі болуы тиіс. Әйтпесе, бірнеше жылдың көлемінде маманның маңызы кетіп, жұмыстан шығып кетуі мүмкін.

Техникалық құжаттарды оқи алатын дәрежеде ағылшын тілін білу де ең маңызды талаптардың бірі. Аталған маман иелері топпен жұмыс істей алуы керек. Үлкен жобаларда біріге, жұмыла жұмыс жасай алатын мінездің болғаны да артықтық етпейді.

Әйгілі бағдарламашылар:

  • Кнут Дональд Эрвин

  • Мацумото Юкихиро

  • Таненбаум Эндрю

  • Рэймонд Эрик Стивен

  • Фаулер Мартин

  • Хоппер Грейс

  • Столлман Ричард Мэттью

  • Кей Алан

  • Мейер Сид

  • Страуструп Бьёрн

Қызықты фактілер

- Бағдарламалаудың қай кезде және қалай мамандық ретінде қалыптасқанын нақты айту қиын.

- Тұңғыш есептеу құрылғысы болған аналитикалық машинаны компьютер атасы Чарлз Бэббидж жасап шығарған.

- Ең алғашқы есептеу компьютеріне (1941 жылы) арналған Планкалкюль бағдарламалау тілін неміс инженері Конрад Цузе құрастырады.

- Алғашқы кәсіби деңгейде жұмыс істей алатын бағдарламаларды жасаған бағдарламашылардың есімдері белгісіз. Олардың есімдерінің тарихта қалмауының себебі, ол кезде бағдарламалау екінші сатылы жұмыс болған.

                                              ҚОРЫТЫНДЫ

 

Мен өзім үшін іс-тәжірибе өту барысында көптеген жаңалық аштым. Мектептегі ұжыммен танысып, олардың көптеген мәселелерге дайын екеніне көзім жетті. Менің жетекшім маған дербес компьютердің ішкі құрылысын көрсетіп, әрбір детальдің неге жауап беретінін түсіндірді. Біз көбінесе документтермен жұмыс жасағандықтан, Microsoft Word Office-тің өзім үшін кейбір жаңа жақтарын аштым. 

Қазіргі кезде түрлі шаруашылықтарда, оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және тағы басқа салаларда  мәліметтер қорымен жұмыс істеу барысында оларды берілгендер қоры түрінде дайындау қолданылып келеді.

Бүгінгі күні мәліметтер қоры ақпараттық процестердің компьютерлік қамтамасыз ету негізін құрайды, ал бұл ақпаратттар адамдардың қызмет сфераларының барлығын қамтып отырады. Сондықтан мәліметтер қоры бүгінгі күнде ең басты ақпарат көзі болып табылады.