Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыс Access по ТБД.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
509 Кб
Скачать
☆
    1. Сурет Өрнектер құру терезесі

3. Өзгерістерді сақтап, кесте режиміне көшіп, нәтижелердің нақтылығына көз жеткізіңіз.

Деректер қорының жазбаларына файлдарды енгізу («Вложение» өрісі (Attachment))

Вложение (Attachment) өрісі бірнеше файлдарды бір өрісте сақтауға арналған және оның алғышарты OLE типті өрістерді ауыстыруға арналған. Енгізулер әртүрлі типке жатуы мүмкін.

Тапсырма: «Сотрудники» кестесіне Вложение типті өрісін енгізіңіз және осы өріске қосымша деректерді енгізіңіз – әр қызметкердің түйіндемесі, («Резюме» бумасындағы) және әр қызметкердің суреті ( «ФотографииСотрудников» бумасы).

1. Конструктор режимінде (Design) «Сотрудники» кестесін ашыңыз. «Қосымшалар» атты және деректер типі «Вложение» бумасын құрыңыз.

2. Кестелер режиміне ауысыңыз – қазір ғана құрылған өріс шығады

3. Жазбаларға деректер енгізу үшін сәйкес өріске тышқанның оң баспасын басыңыз, мәзірдің Управление вложениями бөлімін таңдаңыз- Вложения (Attachment) сұхбат терезе ашылады.

4. Добавить (Add) баспасымен әр қызметкерге қажетті файлдарды таңдаңыз (қызметкерлердің түйіндемелері мен суреттері). Бір өрісіне бір мезетте бірнеше файлдарды енгізуге болады (түйіндеме және бар болса қызметкердің суреті).

5. Кестедегі өзгерістерді енгізіңіз.

Тапсырма: айтылған тәсілмен «Товары» кестесіне «Изображение» атты «Вложение» типті өріс енгізіп, «ЦветыКартинки» каталогынан алғашқы бес тауарға суреттерді енгізіңіз.

Кестелер арасына байланыстарды орналастыру

Кестені құрғаннан кейін деректер қорын да әр тақырыпқа Office Access 2010 көмегімен керек жағдайда барлық деректерді біріктіретін қосымшаларды орналастыру қажет. Бұл байланысқа кестелерге жалпы өрістерді орналастыру арқылы және кестелер арасындағы байланыстарды анықтау арқылы жүзеге асырылады. Осыдан кейін бірнеше кестеде бірдей көрінетін сұраныстарды, формаларды құруға болады.

Тапсырма: құрылған кестелер арасына байланыстар орнату жолымен деректер схемасын өңдер шығарыңыз (3 Қосымшаны қараңыз).

  1. Кесте аралық байланыстарды көру үшін Отношения (Relationships) тобындағы Работа с базами данных (Database Tools) бетбелгідегі Схема данных (Relationships) бөлімін таңдаңыз. Барлық байланыстар көрінетін «Схема данных» (Relationships) терезесі ашылады. Егер байланыстар анақталмаған болса немесе осы терезе бірінші рет ашылып тұрса, Access кестелерді қосуға сұраныс немесе терезеге сұраныс береді. Сонымен қатар Схему данных (Relationships)-ты Связи (Relationships) тобындағы Таблица (Table) арқылы ашуға болады.

1.5.Сурет Схема данных бөлімін таңдау жолдары

2. Кесте аралық байланысты «Схема данных» терезесі арқылы немесе Список полей аумағынан кестелерге өрістерді ауыстыру арқылы орнатуға болады. Кестелер арасында байланыстарды орнатқан кезде өрістерді ң аттары бірдей болғаны міндетті емес. Оның орнына осы өрістердің деректер түрі бірдей болуы қажет.

3. Егер деректер қорын да ешқандай байланыстар анықталмаған болса, автоматты түрде Добавление таблицы (Show Table) сұхбат терезесі ашылады. Егер ол шақпаса, Конструктор (Design) бетбелгіде, Связи (Relationships) тобындағы Отобразить таблицу (Show Table) баспасын басыңыз.

4. Бір немесе бірнеше кестелерді немесе сұраныстарды таңдап Добавить(Add) баспасын басыңыз. «Схема данных» терезесінде кестелер мен сұраныстарды енгізіп болғаннан кейін Закрыть(Close) батырмасын басыңыз.

5. Өрісті (негізІнен, біріншілік кілт) бір кестеден басқа кестедегі жалпы өріске (сыртқы кілт) ауыстырыңыз. Ctrl батырмасын басып ұстап тұру арқылы бірден бірнеше өрістерді ауыстырыңыз, әр өрісті таңдаңыз да оларды ауыстырыңыз. Изменение связей(Edit Relationships) диалогтық терезесі ашылады.