Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Зертханалық жұмыс Access по ТБД.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
509 Кб
Скачать
☆

Зертханалық жұмыс№2. Сұраныстар

Сұраныс ақпараттарды алу үшін және мәліметтермен жұмыс жасау үшін деректерге үндеу жасайды. Сұранысты деректерді көру, өзгерту, талдау, есеп айырысу және әртүрлі кестелерден деректерді біріктіру немесе қосу, кестеде деректерді өзгерту немесе жою үшін қолдануға болады. Сұраныстарды сонымен бірге үлгіге немесе есеп беруге деректерді енгізуге қолдануға болады. Жақсы жіктелген деректер қорыда үлгі немесе есеп беру қолануымен көрсетілетін мәліметтер көбінесе әртүрлі кестелерде сақталынады. Сұраныс көмегімен үлгіні немесе есеп беруді жобалаудың алдында қажетті деректерді жинауға болады. Microsoft Access - те сұраныстың бірнеше түрлері бар:

1. Таңдауға сұранысы - сұраныстың өте жиi қолданатын түрі. Бұл түрдің сұраныстары бір немесе бірнеше кестелерден деректерді таңдай алады және жазбаларын жаңартуға болатын (кейбір шектеулермен) кесте түрінде оларды бейнелей алады. Таңдауға сұраныстарды сонымен қатар жазбаларды топтауға және қосындысын, орташа мәндерін, жазбалардың санын есептеуге және басқа қорытынды есептеулерді жүргізуге қолдануға болады.

2. Параметрлі сұраныс - бұл сұранысты іске қосқан кезде сұхбат терезеде мәліметтерді енгізуге ұсынады, мысалы жазбаларды таңдауға шартын немесе өріске қойу керек болатын мәнді. Бірнеше деректерді, мысалы екі датаны, енгізуге ұсынысын шығаратын сұранысты құруға болады. Содан кейін екі даталардың аралығындағы жазбаларды қайта шығаратын Microsoft Access- тың мүмкіндігі бар. Параметрлі сұраныстарды үлгі, есеп беру және деректерге қатынау парақтардың негізі ретінде қолдануға ыңғайлы.

3. Айқастырылған сұраныстар - деректерді есептеуге және талдауын жеңілдететін құрылымда деректерді көрсету үшін қолданатын сұраныстар. Айқастырылған сұраныс соманы, орташа мәнді, мәндердің санын есептейді немесе басқа статистикалық есеп айырысулар орындайды, содан кейін нәтижелер кестелер түрде деректердің екі жиыны бойынша топтасады, біреуі – бағаналар аттарын, ал екіншісі- жолдар аттарын анықтайды.

4. Өзгертуге сұраныстар - бұл бір операция ішінде бірнеше жазбаларды өзгертетін немесе орын алмастыратын сұраныс. Өзгертуге сұраныстарының бес түрі бар.

4.1.Жазбаны жоюға – бір топ жазбаларды бір немесе бірнеше кестелерден жояды. Жазбаны жоюға сұранысы арқылы ішіндегі жеке өрістерін емес тек жазбаны толығымен жоюға болады.

4.2. Жазбаны жаңартуға – бір немесе бірнеше кестелердегі топ жазбаларға өзгерістер енгізеді. Жазбаны жаңартуға сұранысы кестедегі мәліметтерді өзгертуге мүмкіндік береді..

4.3. Жазбаны қосуға – бір немесе бірнеше кестелердегі топ жазбаны бір немесе бірнеше кестелердің соңына қосады.

4.4. Кесте құруға – бір немесе бірнеше кестелердегі барлық немесе бөлік деректерінің негізінде жаңа кесте құрайды. Кесте құруға сұранысы Microsoft Access-тің басқа деректер қорыға экспорттау үшін кесте құруда немесе ескі жазбалары орналасқан архивті кесте құруда ыңғайлы.

4.5. Біріктіруге – құрылымдары ұқсас екі кестенің мәліметтерін топтастыруға мүмкіндік береді.

Сұраныстарды Мастер запросов (Query Wizard) немесе Конструктор запросов (Query Design) көмегімен құруға болады.

Біркестелі таңдамаға сұраныстары

Сұрыптау(кестедегі деректердің ішкі жиынын көру) жүргізетін сұраныс құру

Тапсырма : тауарлардың тізімін және тауарлардың бағаларын қарау.

1. « Мой сад» деректер қорын ашыңыз.

2. . Создание (Create) бетбелгісінде Запросы (Queries) тобында Конструктор запросов (Query Design) шертіңіз.

3. Добавление таблицы (Show Table) сұхбат терезесінде Таблицы(Tables) бетбелгісінде «Товары» екі рет шертіңіз.

4. Добавление таблицы (Show Table) сұхбат терезесін жабыңыз.

5. « Товары» кестесінде « НаименованиеТовара » және «ЦенаЗаУпаковку» өрістерінде тышқанды екі рет шертіңіз (сонымен бірге сұраныстың бланкісіне кестеден өрісті жылжытып, тышқан батырмасын басылу күйде, өріс қосуға болады).

6. Сұраныс бланкісінің Сортировка (Sort) жолында «ЦенаЗаУпаковку» өріс үшін По возрастанию (Ascending) таңдаңыз (сұраныстағы тауарлар бағалары өсу ретімен көрсетілу үшін).

7. Құралдар тақтасындағы Выполнить (Run) батырмасымен сұранысты іске қосу арқылы нәтижені қарап шығыңыз.

8. Сұранысты «Товары_И_Цены» атымен сақтаңыз (тышқандар оң батырмасын сұраныс аты берілген бетбелгіде шертіп және менюде Сохранить таңдап немесе Сохранить батырмасын басыңыз.)

Таңдалған диапазон аралығынан ішінен мәндерді таңдайтын сұраныс

1. Конструктор (Design) режимде « Товары_И_Цены » сұранысын ашыңыз.

2. « НаименованиеТовара » өріс үшін Сортировка (Sort) жолдың мәнін- По возрастанию (Ascending) орнатыңыз.

3. «НаименованиеТовара» өрістің Условия отбора (Criteria) долына меңзерді орналастырыңыз және Построитель выражений (Expression Builder) тәсілдерінің біреуімен шақырыңыз: Ctrl + F2 немесе Настройка запроса (Query Setup) тобында Построитель батырмасын шертіп.

Построитель выражений (Expression Builder) деректер қорыда қолданатын өріс аттарына және басқару элементтеріне, сонымен қатар өрнек құруда басқа ендірілген функциялардың жиына ыңғайлы қатынау жасауға мүмкіндік береді.

4. Операторы (Operators) буманы ашыңыз – Сравнения – Between операторын таңдаңыз және оған тышқанды екі рет шертіғіз.

5. Өрнекті түзетіңіз: Between “K” And “M” және ОК басыңыз. Назар аударыңыз, перне тақтадағы тіл кестедегі деректер тілінде болу тиіс.

6. Сұраныс орындаңыз және нәтижелерді қарап шығыңыз. « М » әріптен басталатын жазбалардың жоғына назар аударыңыз.

7. Сақтамай сұранысты жабыңыз.

Сұраныстың жасауы, үлгі бойынша мәндердің орындайтын таңдауы

1. Конструктор (Design) режимде « Товары_И_Цены » сұраныс ашыңыз.

2. « НаименованиеТовара » бағана үшін Условия отбора (Criteria) жолға өрнек енгізіңіз: * ая.

3. Сұранысты іске қосыңыз және нәтижені қарап шығыңыз.

4. Сақтамай сұранысты жабыңыз.

Бірнеше шарттар бойынша таңдау орындайтын сұраныст құру

Тапсырма : (Мысалы Джеймс Вилсон, коды ВИЛДЖ) бір клиенттің ағымдағы жыл ішіндегі барлық тапсырыстарын табу керек.

1. «Заказы» кестенің негізінде сұраныс құрыңыз,келесі өрістерді таңдап: «КодЗаказа», «ДатаЗаказа»« КодКлиента ».

2. « КодКлиента » өріс үшін “ВИЛДЖ”таңдау шартын енгізіңіз.

3. « ДатаЗаказа » өріс үшін Построителя выражений (Expression Builder) көмегімен келесі өрнек енгізіңіз: Year([ДатаЗаказа]) = Year(Date()) - 1. Осы өрнек кестеден өткен жыл бойынша жазбаларды таңдауға мүмкіндік береді.

4. Сұраныс орындаңыз және нәтижелерді қарап шығыңыз.

5. «Заказы» кестеге осы клиенттен бір тапсырыс қосыңыз, сұраныстың шартын өзгертіп, өткен жылдың емес ағымды жылдың жазбаларын таңдаңыз: Year([ДатаЗаказа]) = Year(Date()).«Заказы_Период» атымен сұраныс сақтаңыз және оны тағы бір рет орындаңыз . Оның орындалуының түзулілігіне көз жеткізіңіз.

Тапсырма: Жоғарыдай сияқты «Товары» кестенің негізінде «Борьба с вредителями» категорияның 20 теңгеге жоғары барлық тауарларын таңдауға сұраныс құрыңыз. Сұранысқа кестенің үш өрісі к\іру керек: «НаименованиеТовара», «КодКатегории» (Условия отбора (Criteria) жолына –18 санды, тауарлардың «Борьба с вредителями» категорияның коды болатын) енгізіңіз және «ЦенаЗаУпаковку» (өсу ретімен сұрыптау, Условия отбора (Criteria) жолына >20 енгізіңіз). Сұранысты іске қосыңыз. Таңдау шартын өзгертіңіз: Between 10 AND 30. Сұранысты іске қосыңыз. «Товары_Вредители» атымен сұранысты сақтаңыз.

Көпкестелі таңдамаға сұраныстары

Жақсы жіктелген деректер қорыда кестелер бір-бірімен логикалық қатынастармен байланысқан. Бұл қатынастар осы кестелердің ортақ болатын өрістердің негізде орнатылады. Байланысқан кестелерден деректерді қарастыру болған кезде таңдамаға сұраныс қолданады.

Тапсырма : берілген барлық тапсырыстар туралы жалпы ақпаратты қарастыру керек (тапсырысқа не кіреді, қашан және кім орындады, тапсырыс орындалуына кім жауапты екенін).

1. Создание (Create) белгіге өтіңіз және Мастер запросов (Query Wizard) батырмасын басыңыз.

2. Простой запрос (Simple Query Wizard) – ОК таңдаңыз.

3. Сұранысқа келесі өрістерді таңдаңыз (берілген тәртіппен):

«Товары» кесте

«НаименованиеТовара» өріс

«Подробности_Заказа» кесте

«Количество» өріс

«Клиенты» кесте

«Фамилия», «Имя» өрістер

«Заказы» кесте

«КодКлиента», «ДатаЗаказа», «ТребуемаяДатаВыполнения» өрістер

«Сотрудники» кесте

«Фамилия», «Имя», «Должность». өрістер

Далее (Next) батырманы басыңыз.

4. Подробный (Detailed) есеп берудің түрін таңдаңыз – Далее (Next).

5. «Список_Заказов_По_Датам » сұраныстың атын енгізіңіз - Готово (Finish). Бірнеше кестеледен таңдаулы өрістердің негізінде жаңа сұраныс құрастырылады.

6. Конструктор(Design) режимде осы сұранысты ашыңыз. Бірінші болатындай «ДатаЗаказа » өрісті ауыстырыңыз – яғни оны «НаименованиеТовара »өрістің алдына орналастырыңыз (өрісті ерекшелеңіз және тышқан батырмасы басылу күйде жылжытыңыз).

7. «ДатаЗаказа» өріс үшін Сортировки (Sort) жолында– По возрастанию (Ascending) орнатыңыз.

8. Сұранысты іске қосыңыз. Назар аударыңыз, сұраныста тапсырыстар олардың орындау уақытысы бойынша шығарылды– біріншісінен соңғысына дейін.

9. Сұранысты сақтаңыз.

10. « ДатаЗаказа » өріс үшін таңдаудың шарты орнатыңыз :

Between Date() and Date()-19

Сұранысты орындаңыз. Сұраныс соңғы 20 күннің аралығында (ағымды күнімен бірге) орындалған тапсырыстар турады жазбаларды шығарады.

11. Сол өріс үшін таңдау шартын алмастырыңыз :

>#01.01.2007# And <#01.01.2010#

Сұранысты орындаңыз. Сұраныс 2007 ж. - 01.01.2010 ж. уақыт аралығында орындалған тапсырыстар туралы барлық жазбаларын шығаруға тиісті. Назар аударыңыз сұранысқа 2007 жылғы жазбалар кіреді, ал 2010 жылғы – кірмейді.

12. Өзгерістерді сақтамай сұранысты жабыңыз (яғни таңдау шартсыз).

Тапсырма : тапсырыс жасамаған клиенттердің тізімін шығару керек.

1.Создание (Create) бетбелгіге өтіңіз, Запросы (Query) тобында Мастер запросов (Query Wizard) таңдаңыз.

2. Сұраныстың түрін– Записи без подчиненных (Find Unmatched Query Wizard) таңдаңыз - Далее (Next).

3. Бағыныңқы кестедегі сәйкес жазбаларының жоғын анықтауға негізгі кестені таңдаңыз, «Клиенты» - Далее(Next).

4.Бағыныңқы кестені таңдаңыз –« Заказы » кестені - Далее (Next).

5. Екі кестенің ортақ өрісін – КодКлиента – Далее (Next).

6. Қорытынды сұраныстағы қажетті өрістер « Фамилия », « Имя »- Далее (Next).

7. Сұраныстың аты –« Клиенты_Без_Заказов ».

8. Сұранысты орындаңыз . Оның орындалу түзулілігін қарап

Тапсырма : Нью-Йорк штаттан әкелетін тауарлардың тізімін қарап шығу керек (шартпен таңдамаға көпкестелі сұраныс құру).

1. Создание (Create) бетбелгіге өтіңіз және Конструктор запросов(Query Design) батырманы басыңыз.

2. « Поставщики » және « Товары » кестелер қосыңыз, кестелерді қосу терезесін жабыңыз.

3. « Поставщики» кестеден сұраныс бланкісіне « Организация », « Штат » өрістерді қосыңыз.

4. «Товары» кестеден сұраныс бланкісіне « НаименованиеТовара » өрісті қосыңыз.

5. « Штат» өріс үшін сұраныс бланкісінде Нью-Йорк таңдау шартын орнатыңыз және сұранысыты орындаңыз ..

6. « Поставки_Нью-Йорк » атаумен сұранысты сақтаңыз.

Параметрлік сұраныстарды құру

Параметрлі сұраныс орындау үшін сұраныстың шарттарын құруға қолданушыда пайдаланатын өрістердің мәндерін сұрайды.

Тапсырма: (бұл тапсырманы орындау үшін «Поставки_Нью-Йорк » бұрын құрылған сұранысты түрлендіру қажет) Қолданушымен берілген штаттан әкелетін тауарлардың тізімін шығаратын сұраныс құру керек.

1. Деректер қорының терезесінде « Поставки_Нью-Йорк » сұраныс ашыңыз.

2. Создание (Create) бетбелгіге өтіңіз және Конструктор запросов(Query Design) батырманы басыңыз және «Штат» бағананың Условия отбора (Criteria) жолына бұрын құрылған «Нью-Йорк» шарттың орнына мәтін енгізіңіз: : [Введите название штата:].

3. Сұранысты орындаңыз . Пайда болған терезенің өрісіне штаттың атауын енгізіңіз (Техас, Айова және т.с.с.)

Орындалған сұраныстың нәтижесін бейнелейтін динамикалық жиында тек шартта берілген штаттардың жеткізушілері болады.

4. Конструктор (Design) терезесіне қайтып өтіңіз және шартты түрлендіріңіз: