- •Жалпы түсінік
- •Практикалық сабақтарды өткізу мен ұйымдастыруға қатысты талаптар
- •Тәжірибелік және семинар сабақтарын өткізу тәртібі
- •Оқытушының құқығы мен жауапкершілігі және міндеті
- •Студенттің құқығы мен жауапкершілігі және міндеті
- •Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Агамемнон мен Ахиллес арасындағы араздық
- •Патрокл өлімі
- •Гектор өлімі
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Одиссейдің үйіне оралуы
- •Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Есек пен өгіз жайлы хикая
- •3.3 Түлкі бикеш пен қасқыр жайлы хикая
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •III сахна
- •Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Студенттің өздік жұмысына арналған тапсырмалар
- •Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
- •10.2 Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •11.2 Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
- •Әдебиеттер
Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар
1. «Вокенің үйіндегі» адамдарға сипаттама беріңдер?
2. Гориоға мінездеме беріңдер?
3. Горио неліктен Вокенің үйінде тұрады?
4. Горионың қыздарына мінездеме беріңдер?
5. Горио қыздарына не үшін ренжиді?
6. Горионың қайтыс болардағы айтқан «Ақшаға бәрін де, тіпті қыздарыңды да сатып алуға болады» сөздерінің мәнін ашыңдар?
7. «Горио атай» романындағы қоғам көрінісі?
8. Гобсек сөзі қандай мағынаны білдіреді?
9. Гобсектің сараңдығын ашатын детальдарды келтіріңдер?
10. Гогольдің «Өлі жандар» шығармасындағы Плюшкинмен, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жырындағы Қарабаймен Гобсекті салыстырыңдар?
11. Гобсек өлер алдында неліктен каминдегі үюлі күлден көзін алмай жатады?
12. Гобсек байлығы құдіретінің қоғамға қандай ықпалы болды?
9-тәжірибешілік. В. Гюго «Аласталғандар» романы
Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар
В. Гюго. «Аласталғандар» романы (үзінді)
З.Әбдешев, С.Абдрахманов аудармасы
«1815 жылдың қазан айында Динь қаласына бір жолаушы келіп кірді. Тұрғындар әлгі жолаушыға тіксіне қарап қалған еді. Түрі әбден сіңірі шыққан қайыршылыққа жеткен мұндай жолаушыны кездестіру қиын болатын. Бұл орта бойлы, мығым да шымыр, күш-қуаты бойындағы адам секілді. Жасын қырық алты, қырық жетілерде деп шамалауға болатындай. Жіп секілді ширатылып кеткен мойын орамалы, әбден тозығы жетіп, ағарып кеткен бір тізесі жыртық көгілдір шалбары бар. Темір шеге қағылған башмақтарын жалаң аяғына сұға салған. Шашын тақырлап алдырыпты, ал сақалы сапсиып өсіп кеткен.
Жан Вальжан кедей шаруаның отбасында туды. Бала кезінде сауаты ашылмады. Есейген соң Фаверольде ағаш кесуші боп жұмыс істеді. Жан Вальжан ойшыл, бірақ үйірсек адамдарға тән уайымшыл болған емес. Ол тым бойкүйез әрі қарапайым бала еді. Әке-шешесі қайтыс болған соң әпкесі ғана қалады. Жесір әпкесінің жеті баласы бар еді. Үлкені сегіз жаста, кішісі бір жаста еді. Жан Вальжан соларға әке болып, асырауға көмектесті.
Жан Вальжан ағаш кесуші болды, астық орды, фермада қара жұмысшы болды. Әпкесі де жұмыс істегенмен жеті баланы асырау оңайға түспеді. Бір қыс тіптен ауыр болды. Жан Вальжан жұмысынан айрылып қалған. Отбасы нансыз отыр. Жеті бала тіске басар ештеңесіз қалды. Түрмеде ол Жан Вальжан есімінен айрылып, 24601-нөмірге айналған. Ал әпкесінің күні не болды? Шиеттей жеті баласының ше? Онда кімнің не шаруасы бар? Егер түбірінен кеспек болса, жас ағаштың бір құшақ жапырағына кім аяушылық білдіруші еді? Түрмеде ол әпкесінің бір баласымен ғана қалғанын естиді. Содан олардың байланысы үзіледі. Жан Вальжан түрмеден екі рет қашпақшы болғаны үшін тағы он төрт жыл қосылады. Сөйтіп ол 1796 жылы каторгаға айдалып, 1815 жылы босады».
«Жан Вальжан каторга түрмесіне тұла бойы дірілдеп, еңіреп жылап кірген; шыққанда бей-жай күйде еді. Ол мұнда кіргенде әбден торығуда болған; шыққанда қара бұлттай түнеріңкі еді. Бұл надан, бірақ тым ақымақ адам емес-ті. Тумысынан бірге жаралған ақылы бойын нұрландырып тұратын. Ал адамға өзінше жарық түсіретін бақытсыздық мұның жан дүниесіндегі маздаған отты үрлеп өшірді. Аяусыз таяқталып, шынжырда, карцерде, ауыр жұмыста, күйдірген күн астында азап шегіп, тұтқын нарының жалаңаш тақтайында жатып, ол өз ар-ұятын зерделеді. Мүлдем кінәсіз сотталмағанын мойындады. Жазғыруға тұрарлық жаман қылық жасағанын түсінді, егер сол нанды жай сұраса да, бұған бере салар ма еді. Бұдан кейін ол өзіне мынадай сауал қояды: жазмыштың осы оқиғасына жалғыз бұл ғана кінәлі ме? Және, ең алдымен, бұл, жұмысшы адам, бір жапырақ нансыз қалуы аса оғаш жағдай боп табылмай ма? Өз қылмысын ашық мойындаған қылмыскерге бұл тым шектен шыққан қатал жаза емес пе? Мұны осыншама аяусыз жазаға тартқан әділсот қылмыскерден де бетер қиянат жасап отырған жоқ па? Ол қоғамға өз өшпенділігінің үкімін шығарды. Өзінің қоғамға келтірген залалы мен қоғамның өзіне келтірген залалында тепе-теңдік жоқ деп мәлімдеді. Бұл жастық шағынан, анасынан, әпкесінен айрылғаннан кейін бір де бір рет мейірлі лебіз естіп, өзіне деген достық пейілді білмепті. Оның жалғыз қаруы өшпенділік еді.
Адамның болмысы түбіріне дейін түпкілікті өзгеруі мүмкін бе? Құдай қайырымды ғып жаратқан пенде басқа біреудің кесірінен зұлым боп кетуі мүмкін бе?
Бірақ осы сөздер мұның қыр соңынан қалмады. Ол зұлымдық тірегі ретінде әрқайсымыздың ішімізде жүретін тәкаппарлығын қарсы қойып еді. Ол священниктің мейірімділігі өзі қашан да болмасын ұшыраған ең күшті шабуыл, ең қаһарлы тықсыру болғанын бұлдыр ғана сезінген.
Бұл каторга деп аталатын жүрек айнытар қара апаннан шыққанда оның жолында пайда болған епископ мұның жанына қараңғылықтан шыға келген адамның көзін самаладай жарық қалай ауыртса, сондай ауыртып жіберген еді».
«Теңіз жағасындағы Монрейль ықылым замандардан бері өнеркәсіптің айрықша саласымен – ағылшынның жасанды гагатын және қара шыныдан неміс бұйымдарын жасаумен айналысатын. Бірақ шикізаттың қымбаттығынан бұл өндірістің халі мүшкіл еді. 1815 жылдың аяғында қалаға кеп қоныстанған ешкімге белгісіз бір кісінің басына бұл бұйымдарды әзірлеген кезде ағаш шайырын камедьюмен алмастыру туралы ой келіпті. Осы болмашы өзгеріс кәсіпорында тұтастай төңкеріс туғызған. Үш жылға жетпейтін уақытта өнертапқыш байып шыға келген. Оны Мадлен ағай деп атайтын.
Мадлен ағайдың тапқан пайдасының арқасында ол екінші жылдың өзінде кең екі шеберханадан тұратын үлкен фабрика салды: мұның бірі еркектерге, екіншісі әйелдерге арналған еді. Мадлен еркектерден табандылықты, әйелдерден парасаттылықты және бәрінен адалдықты талап етті. Ол қыздар мен әйелдердің мінез-құлқы түзу болу үшін олардың шеберханасын еркектердікінен бөліп тастады. Мадлен ағайға дейін бүкіл өлкені самарқаулық басқан; енді бәрі қызу еңбекке араласты. Жұмыссыздық пен кедейшілік мүлде ұмытылды».
«1820 жылы Лафитте оның атына алты жүз отыз мың франк жиналыпты. Ол миллионнан астамын қала және кедей-кепшіктердің мұқтаждықтарына жұмсады. Ол бірін – қыздарға, екіншісін – балаларға деп екі мектеп салғызды. Мемлекеттегі ең маңызды тұлғалар – асыраушы мен мектеп мұғалімі депті.
1819 жылы өлкеге көрсеткен өлшеусіз қызметі үшін король Мадленді Монрейльге мэр етіп тағайындайды деген қаңқу сөз тарап кетті. Бірнеше күннен кейін осы тағайындау Монитерде жарияланды. Келесі күні Мадлен одан бас тартты».
«1820 жылы оны тағы да мэр етіп тағайындайды. «Алпамсадай аю» дейтін ол жөнінде әйелдер. Оның шағын, бірақ талғаммен жинаған кітапханасы бар еді. Өзі жас емес еді, бірақ оның қайрат-күші жайында қызықты әңгімелер айтылатын. Жығылған атты көтеріп тұрғызып алды, балшыққа батқан доңғалақты сүйреп шығарды, қашқан бұқаны мүйізінен ұстап тоқтатты. Қамбаларға ас тұзының ерітіндісін шашып және тесіктерін сонымен бітеу арқылы астықтың қара күйесін жоюды үйретті. Жайылымдарға және үй қабырғаларына, шатырларға сәлбен гүлінің бумаларын тастау арқылы зиянкес қоңыздарды қуудың жолдарын көрсететін. Қалақайдың жас кезіндегі жапырақтары дәмді өсімдік екенін, ұсақтап туралғаны үй құстарының, талқандалғаны ірі қараның жеміне жарамды екенін, жем-шөпке араластырылған қалақай дәні малдың жүнін жылтырататынын да үйретеді».
«Жавер былай дейді: «Мадлен мырза! Өмірімде сіз талап еткенді істей алатын бір ғана кісіні білетін едім. Мадленнің тұла бойы дір етті. Жавер немқұрайды үнмен: – Ол бір каторжник еді, – дегенді қосып қойды. Мадленің түсі қуарып кетті. Жавер тағы сөйледі: – Өз өмірімде домкратты алмастыра алатын бір ғана адамды білетін едім. Сол каторжник қана.
Сонда Мадлен қолдарын кеудесіне айқастырып, бұрын бұл қалада ешкім естіп көрмеген қатал үнмен былай деді:
– Қылмыстық заңдар жиынтығының 9,11, 66-баптарына сәйкес мұндай істер менің құзырымда. Мен бұл әйелді босатып жіберуге бұйырамын. Өз бетіңізше тұтқынға алғаныңыз хақында 1799 жылғы бірінші заңның 81-бабын ескерте кетейін.
Айталық, өзімді ұстап берейін. Мені тұтқындайды, Шанматьені босатады, мені қайтадан каторгаға аттандырады, бәрі де дұрыс, ал содан кейін ше? Мына жерде не болмақшы? Иә,осында! Мұнда тұтас өлке, қала, фабрик, өнеркәсіп, жұмысшылар, еркектер, әйелдер, балалар, кедей-кепшіктер бар! Осының бәрін өзім құрып, олардың тіршілік етуіне жағдай жасадым; молшылық, сауда айналымы, несие әкелдім, бүкіл өлкені оятып, сергітіп, байытып, бойына қан құйдым; егер мен құрысам, ол да жанынан айрылады. Ал әлгі анасына әкеп беруге уәде еткен ана ше? Егер мен жоғалып кетсем, не болмақ? Ана өледі. Бала панасыз қалады. Он жылдан кейін он миллионым болады және оны бүкіл өлкеге бөліп берем, өзіме ештеңенің қажеті жоқ, сонша ақшаны қайтем? Жырақтағы фермалардың орнына деревнялар пайда болады. Мұқтаждық жоғалады, жезөкшелік, ұрлық-қарлық, кісі өлтіру, барлық жаман қылықтар, барлық қылмыстар келмеске кетеді! Әлгі бейшара ана баласын тәрбиелейді!
Сондай ең сорақы түрлерінің бірі – жеңістен кейін өлілерді жанталаса тонау. Шайқастан кейін көтерілген таңғы шапақ әдетте тыржалаңаш мәйіттерді көзге тосады.
Мұны кім істейді? Кімнің сынғыр қолы оның қалтасын тазалайды? Жеңімпаздардың соңынан ылғи да қарақшылар ілесе жүретіні хақ. Әрбір армияның соңынан құйрығы ілесе жүреді. Жартылай қарақшы, жартылай малайлар, соғыс аталатын ымыртта пайда болатын сан алуан малғұндар, тіпті әйелдерін ертіп алып арбамен жүретін маркитанттар, өздері сатқанды ұрлаушылар.
Бұл тіршілік иелері надан емес, бірақ табысты және білімді адамдар тобына жататын. Орташа және төменгі тап аталатындардың ортасында жүріп, жұмысшының қайырымды құлшынысынан да, буржуаның парасаттылығынан да жұрдай азған топқа жататын.
Бұлар егер зұлымдық отымен қыздырса, оп-оңай құбыжыққа айналып шыға келетін ергежейлі пенделер еді. Әйелдің мінезінде хайуанның дөрекілігі, еркегінің мінезінде табиғи оңбағандық болады. Су шаяны сияқты жандар болады. Алға қарай жүрудің орнына олар үнемі қараңғы түнекке қарай шегіне береді. Жамандықты бойына батпандап жинап, хайуанға айнала түседі. Ерлі-зайыпты Тенардьенің жан дүниесі міне тап осындай еді.
Біреуді жақсы көре тұрып, басқаларға өшпенділікпен қарайтын пенделер болады.Тенардье ханым өз қыздарын өлердей жақсы көріп, бірақ бөтенді жек көретін. Ана махаббатының осындай өрескел қылықтары болатыны өкінішті».
«Жұрт өзіне ешқандай қатысы болмаса да біреудің қылығын көзден таса қылмауға тым әуес қой. Не үшін? Жай әншейін. Көру, білу, қазбалау құштарлығын қанағаттандыру үшін ғана. Соларды езуі көпіріп өсектеу үшін. Кейбіреулердің мұндай залым болатыны тек бірдеңе айтқысы кеп аузы қышып тұратындығынан. Бұлардың әңгімелері, қонақжайдағы пыш-пыштары кіре беріс бөлмедегі отынды жалмап жатқан алаупешке ұқсайды; оларға да көп отын керек, ал ол отын – жақын жуықтары. Сөйтіп, Фантинаны да бақылай бастаған. Шеберханада кейде теріс қарап, көзінің жасын бір сығып алатыны да назардан тыс қалмапты. Осы сәттерде баласын ойлап кететін шығар».
«Бұл өсекші Виктюрньен ханым жұрттың бәрінің етегі жабық болуын қадағалап жүретін көксоққанның өзі еді. Елу алты жастағы Виктюрньен ханымның табиғи сұмпайылығын егделігі тіптен еселеп тұратын. Дауысы даңғырлаған, нағыз әңгірлеген біреу».
«Егер мен бес сағаттан көп ұйықтамай, қалған уақытымның бәрін киім тігумен өткізсем, нан пұлымды табатын түрім бар. Және сонан соң адам күйзеліп жүрсе, тамақты да аз жейді. Несі бар! Бір жағынан – азап, үрей және бір кесек нан, екінші жағынан – күйзеліс, қарнымды әбден тойғызып жүр.
Алғашқы кезде Фантинаның жұрттан қысылғаны соншама, тіпті үйден шығудан қалған. Көшеге шыға қалса, жұрттың бәрі соңынан қарап, мұны саусағымен көрсететін сияқты; бәрі мұның бетіне бағжиып қарағанымен, бірі де амандаспайтын; әрі-бері өткендердің уытты да суық жеккөрушілігі мұның денесі мен жан дүниесін ызғарлы жел сияқты қарыды.
Шағын қалаларда бақытсыз әйел өзін кекеткен әрі әуесқой топтың алдында тыржалаңаш келе жатқандай сезінеді. Парижде сізді ешкім танымайды.
Бірде Тенардьелерден мынадай мазмұнда хат алған: Козетта біздің аймақта басталған жұқпалы дертке ұшырады. Оны бөртпе қызба деп атайды. Соған қымбат дәрілер керек. Егер бір аптаның ішінде қырық франк жібермесеңіз, қызыңыз өледі!».
«Фантинаның хикаясын не деуге болады? Бұл күң сатып алатын қоғамның хикаясы емес пе? Кімнен? Қайыршылықтан. Аштықтан, суықтан, жалғыздықтан, жарлы-жақыбайлықтан. Еуропа өркениеті құлдықты жойды дейді. Бұл адасушылық. Ол әлі өмір сүріп жатыр, бірақ оның бар ауыртпалығы әйелге, яғни әдемілікке, әлсіздікке, сұлулыққа, аналыққа түскені. Бұл еркектер үшін масқара.
Ол енді ештеңеден қашқақтамайды. Ол енді ештеңеден қорықпайды. Тіпті көк аспан қақ айрылып, мұхиттың бар суы үстіне лап қойса да оған бәрібір! Енді қайтсін? Ол қазір дүниенің бар ласын бойына жинап алған мүскін болса!». «Бірақ адам бар тағдырымды тамамдадым және бар уын түгел іштім десе, оңбай қателеседі».
«Бірнеше ай бұрын Фантина соңғы ар-ұяты мен соңғы қуанышынан айрылғанда өзінің көлеңкесі болып қалған еді, қазір өз елесіне айналған. Тәннің дерті жанның дертімен қоса аяқталғандай. Осы жиырма бес жастағы әйелдің маңдайын әжім басқан, жақтары солған, танауы сүйірленіп, тістерінің еті қашқан, өңі көгеріп кеткен, мойны сорайып, бұғана сүйегі адырайып тұр, әбден арыған, терісі топырақ түстес. Ауру бет-жүзімізге қарттықтың белгілерін қалай жымдастырып жібереді десеңізші!».
«Козетта әлі кішкентай кезінде апалы-сіңлілі екі қыздың қолжаулығы болған, бес жасқа толған соң үй қызметшісіне айналды. Козеттаны зат сатып алуға баруға, бөлмені, ауланы, көшені сыпыруға, ыдыс жууға, тіпті ауыр заттарды тасуға мәжбүр етті. Егер үш жылдан кейін Фантина Монфермейльге келсе, баласын танымас та еді».
