Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шетел әдебиеті ПРАКТИКА.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
601 Кб
Скачать
☆

Тәжірибешілік сабақтарға арналған материалдар Талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1. Троя соғысының себебі.

2. Агамемнонға мінездеме беріңдер.

3. Ахиллеске мінездеме беріңдер.

4. Париске мінездеме беріңдер.

5. Гекторға мінездеме беріңдер.

6. Сол кездегі гректерге тән әдет-ғұрыптар қандай? Мәтіннен мысал келтіріңдер.

7. Поэмадағы теңеулерге мысалдар келтіріңдер.

8. Поэмадағы психологизмге мысал келтіріңдер.

9. Қазақ ауыз әдебиетіндегі батырлар жыры мен «Илиада» арасында қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар?

10. Троя соғысындағы батырлардың ерліктері қандай эпизодтарда көрінеді?

11. Главк Диомедке сыйға тартқан алтын сауыт-сайманының құны қанша?

12. Агамемнон Ахиллеске не үшін елшілер жібереді?

13. Патрокл қалай қаза табады?

14. Гекторды кім өлтіреді?

15. Ахиллес қалай өледі?

16. Ахиллес пен Гектордың жекпе-жегіне сипаттама беріңдер.

17. Несторға сипаттама беріңдер.

18. Агамемнон мен Ахиллес арасындағы араздықтың себебі не?

19. Приам Гектордың денесін қалай сатып алады?

20. «Илиада» поэмасында кімдер жеңіске жетеді?

Гомер. «Илиада» поэмасы (үзінді)

А.Сейдімбеков аудармасы

Агамемнон мен Ахиллес арасындағы араздық

Агамемнон ахейліктерді менменси шолып өтті де, тіл қатты:

– Жарайды, қайтаруға келістім. Халықтың өліміне мені күйдірмесе болғаны. Кемелерді дәл бүгін қамдасын да, гекатомбаға шалатын өгіздерді арта бастасын. Кеме басшысы етіп ахейліктердің данышпаны Одиссейді белгілейміз; Аполлонды райынан қайтарар құрбандық беріп, Хризеиданы әкесіне жеткізеді. – Патша енді даусын көтере сөйлейді. – Бірақ айырылған олжаның орнын өздерің толтыруларың керек! Ахей әскелерінің ортасында жалғыз менің сый-сияпатсыз қалуым масқара ғой!

Бұл сөзге Ахиллес қатты жауап қайырды:

– Дандайсыған Атрид, сенің құлқыныңда тойым жоқ! Саған деген сыйлықты біз қайдан аламыз? Ортаға жиған қазынамыз жоқ: жорық олжалары бірден бәріміздің бөлісімізге түседі. Ал үлеске түскен олжа болса, оны ең бір жетесіз жауынгердің өзінен қайтып алу ұят қой. Егер сен қазір өз үлесіңді берсең, Зевс жар болып Трояның берік қорғанын бұзғанда саған үш-төрт есе етіп олжа байлар едік!

Агамемнон найзасымен жер шаншып, ызалана айқайлап жіберді:

– Қуланба, айбынды Ахиллес! Үлесіме сен ие болып, маған қол қусырып отыр демексің ғой? Жоқ, егер ахейліктер менің олжамның орнын лайықты сыймен толтырмаса, онда мен өз қолыммен толтырамын. Хризеиданың орнын басатын тап сенің қолыңдағы тұтқын қыз Брисеиданы алып кетемін. Бұл жерде менімен ешкімнің үзеңгі қағыстыра алмайтынына және сенен қаншалықты жоғары тұрғаныма көзіңді жеткізу үшін, жаңағы ойымды дәл қазір жүзеге асыратыныма, құдайлардың атымен ант етемін!

– Арсыз, жауыз, құлқынның құлы! Сенің әміріңе бас ие қояр кім бар?! Мен троялықтармен қырқысуға осында өзім үшін келді ғой деймісің?! Приам ұрпағының маған деген қылдай қиянаты жоқ: олар менің үйір-үйір жылқым мен табын-табын өгіздерімді айдап алған жоқ, даламды таптаған жоқ, қойнымдағы қатынымды алып қашқан жоқ. Мен мұнда сенің інің Менелайдың намысын жыртып, кек қайырғалы келдім! Оның қадірін біліп тұрған сен жоқсың, енді келіп қан майданда қабырғам қайысқан еңбегім үшін ахейліктердің берген сыйын тартып аламын деп қыр көрсетесің! Жаны тәтті жалмауыз төбет! Біз жорыққа шыққанда ғой, сен шатырыңның саясында қалып шарап ішуге құмарсың, сонан соң, өзгенің үлесіне езеурей жүгіресің. Мен қан төгуді қаламаймын, әйтпесе, бұл қылығың сен үшін өміріңде көрсеткен соңғы зәбірің болар еді. Бірақ бұдан былай сен үшін шайқасқа шықпаспын!

Қатерлі дабыл қағылмай тұрып-ақ троялықтардың қатарынан сымбатты бір жауынгер шыға келді. Иығына қабыланның шұбар терісін жамылыпты, қолына соғыс найзасының екеуін ұстаған. Қарсыластары оны бірден-ақ таныды, бұл Еленаны алып қашқан, асқан сұлу Парис Приамид болатын. Ол ахейліктерге тақалып келді де, даусын көтере тіл қатты:

- Аргивяндар, сөзіме құлақ салыңдар! Орталарыңда ержүрек жауынгер бар ма екен?! Приамның ұлы Париспен жекпе-жек шығатын қайсың бар?!

Осы кезде Приам тәрізді иығына қабыланның шұбар терісін жамылған, сұлу тұлғалы, қарасақал жауынгер күймеден ырғып түсіп, троялықтарға қарай беттеді. Парис болса қарсыласының жақындауын күтіп тұрып қалған еді. Кенет оның өңі қашып, айналасына дегбірсіздігіне қарағыштай берді. Ол Атридтің Менелайын таныған еді.

Елшілік

Ұрыс алдында ақжүрек Аякс пен Одиссейді жоғарғы көсем түнделетіп қайда жұмсап еді?

Елшілерге жақын келген Агамемнон толқыған үнмен тіл қатып:

–Не болды, айбынды Одиссей, сөйле жылдамырақ, не деп жауап берді Пелид? Кемеміздің түбінен жаудың бетін қайтаруға келісе ме екен, жоқ әлде тәкаппар көңілі бұрынғыша қаскөйлікке толы ма екен?

– Патша, – деп жуап берді Одиссей, – айтқан әміріңнің бәрін де жеткіздім мен оған. Түбімізге жетер ашуды тастап, ахейліктерге көмек көрсет дедім. Сенің оған Бриcеиданы қайтарып қана қоймай, қолынан өнері төгілген тағы да жеті күңді қосып беретініңді айтып уәде бердім. Оның ренішін жуып - шаю үшін беретін сыйлықтарыңның бәрін де атап шықтым: он талант алтын (талант – салмақ өлшемі, 26,2 келіге тең), жиырма алтын ыдыс, үш аяқ мосының жаңадан соғылған жетеуі, он екі ат. Бұған қоса Трояны басып алғанда алтынды, мыс пен ақ темірді қалауынша кемесіне тиейтінін және тұтқынға түскен троялық жиырма күңді бірінші болп таңдайтынын да айттым. Микенге қайтып оралған соң үш қызыңның бірін беріп, өзіңе күйеу бала ететініңді, ескі салт бойынша ешқандай калың мал алмайтыныңды, керісінше, бұрын-соңды болмаған жасауды өзің беріп, теңіз жағасындағы байлыққа бөккен жеті сәулетті қалаңды сыйға тартатыныңды да жеткіздім. Ант етейін, Атрид, сенің ұсыныстарыңның бірде-бірі ұмыт қалған жоқ, мұны менің жолдастарым да қуаттайды. Ешкім тіс жарып үндеген жоқ. Батыр сөзін жалғай берді. – Менің сөзімді Ахиллес ашуға булығып, шыдамсыздана тыңдап отырғанын сезіп қалдым да, басқаша үгіттеп те көрдім. Мен троялықтардың бетпе-бет ұрысқа шыққан кезінде оны қандай ерліктер күтіп тұрғанын айттым... Ахейліктердің арасынан өзіне тірі жанды тең санамаған Гекторды да жеңетінін айттым... Трояны жеңушінің мәңгілік даңққа бөленетінін де айттым...

– Пелид не деді? – деп Агамемнон шыдамсыздана сұрады.

– О патша, – деп күрсінді Одиссей, – менің сөзімнің бәрі де желге ұшқанмен тең болды. Ахиллес сенің сыйлығыңның бәрін де қабылдамады: кемелер мен әскерді Гекторды қорғаудың тәсілін өздері ойласын деп, саған, ахейліктерге сәлем айтты.