Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2016_Оқу құралы_Цифрлық жүйелерді PIC микроконтроллерлері негізінде құру (с.3-96).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1.4 Арнайы қызмет регистрлері

Арнайы қызмет регистрлері нақтылы адрестер бойынша орналастырылған және олардың стандартты аталымдары өзгертілмейді. Олардың құрамын, яғни биттерінің мәндерін өзгерту (кейбір биттеріне 0 немесе 1 қою) арқылы микроконтроллердің ішкі құрылым элементтерінің жұмысын бағдарламада жоспарланған жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етуге бағыттауға болады.

Кейбір арнайы қызмет регистрлері екі банкте де қайталанады (1.2 сурет). Бұндай регистрлердің көпшілігімен жұмыс нөлінші банкте жүргізіледі. Бұл кезде нөлінші банктегі регистрлердің құрамы бірінші банктегі сәйкесті регистрлерде қайталанады.

Банк 0

Банк 1

00

INDF

80

INDF

01

TMR0

81

OPTION

02

PCL

82

PCL

03

STATUS

83

STATUS

04

FSR

84

FSR

05

PORTA

85

TRISA

06

PORTB

86

TRISB

07

87

08

EEDATA

88

EECON1

09

EEADR

89

EECON2

0A

PCLATCH

8A

PCLATCH

0B

INTCON

8B

INTCON

0C

8C

.

.

.

.

.

.

4F

8F

1.2 Сурет

Кейбір арнайы қызмет регистрлерінде микроконтроллердің құрамын реттеу биттерінен басқа оның реттеліміне әсер етпейтін биттер де болады, олар тулар деп аталады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл биттер өзгеріс туғызатындай әрекет қылмайды, бірақ олардың құрамына қарап, орындалған операцияның нәтижесі туралы мәлімет алып (мысалы, операция нәтижесінің нөл немесе нөл еместігі туралы), сосын бұл мәліметті бағдарламаның одан арғы жұмысының бірнеше бағытының (сценариінің) біреуін таңдауға пайдалануға болады. Сонымен, тулар жұмыс әрекеттеріне жанама түрде қатыса алады. Сәйкесті тулардың жағдайын талдау бағдарлама жұмысын реттеуге көптеген пайдалы ақпарат береді.

Арнайы қызмет регистрлерімен және олардың биттерімен бұл регистрлердің алда қарастырылатын бағдарламаларда пайдаланылу кезінде танысамыз.