- •1 Pic16f8x микроконтроллерлерінің құрылымы
- •1.1 Pic16f84a микроконтроллерінің архитектурасы
- •1.1 Сурет
- •1.2 Бағдарлама жадысының ұйымдастырылымы
- •1.3 Дерек жадысының ұйымдастырылымы
- •1.4 Арнайы қызмет регистрлері
- •1.2 Сурет
- •2 Pic16f8x микроконтроллерлерінің командалары
- •1.5 Команда көрсеткіші
- •1.3 Сурет
- •2.1 Сурет
- •2.1 Байттармен істеуші командалар
- •2.2 Биттермен істеуші командалар
- •2.3 Басқару командалары және константамен жұмыс жүргізу
- •2.4 Pic микроконтроллерлерін бағдарлау ерекшеліктері
- •3 Pic микроконтроллерлерін бағдарлаудың қалыпты тәсілдері
- •3.1 Импульстер тізбесін қалыптастыру
- •3.1 Сурет
- •3.2 Сандар тізбесін қалыптастыру
- •3.2.1 Деректерді тура сілтеу.
- •3.2.2 Деректерді жанама сілтеу.
- •3.2 Сурет
- •3.3 Есептелімді ауыстырылымдар
- •3.3.1 Бағдарламаның goto командалары арқылы тарамдалуы.
- •3.3 Сурет
- •3.3.2 Кестелі түрлендірілімдер.
- •3.4 Сурет
- •3.4 Динамикалы көрсетілім
- •3.5 Сурет
- •3.5 Екілік-ондық түрлендірілімдер
- •3.6 Үзілістер
- •3.6.1 Сыртқы сигналға байланысты үзіліс.
- •3.6 Сурет
- •3.6.2 Tmr0 таймерінің асып түсуіне байланысты үзіліс.
- •4 Перифериялық модулдермекн жұмыс ұйымдастырылуы
- •4.1 Eeprom жадысы
- •4.1.1 Eeprom жадысымен жұмыс ұйымдастыру принциптері.
- •4.1.2 Eeprom жадысының қолданылуы.
- •4.2 Таймер модулдері
- •4.2.1 Tmr1 таймері.
- •4.2.2 Tmr2 таймері.
- •4.3 Ccp модулі
- •4.3.1 Ұсталым режимі. Период ұзақтығын өлшеу.
- •4.3.2 Салыстырым режимі. Шектеме құрылғысы.
- •4.3.3 Еим режимі. Қуыстықты өзгерту.
- •4.4 Аналогты-цифрлық түрлендіргіш
- •Әдебиеттер тізімі
- •Мазмұны
2.2 Биттермен істеуші командалар
Бұл командалар микроконтроллер регистрлерінің жеке биттерімен әрекеттесінді. Регистр құрамының кез келген жеке битін бірге және нөлге қою bsf f, b және bcf f, b командаларымен жүзеге асырылады.
Қарастырылушы микроконтроллердің командалар жүйесінде шартты ауыстырым командалары жоқ. Олардың орнына келесі команданың орындалмай жібере салынуына мүмкіндік беретін командалар бар. Олардың қатарына жататын жоғарыда қарастырылған incfsz f, d және decfsz f, d командалары бағдарлама циклдерін ұйымдастыруға ыңғайлы келеді..
Бағдарламаның орындалу процесін басқару үшін, берілген регистрдегі нақтылы биттің ахуалына байланысты, бағдарламаның келесі командасының орындамай жібере салынуына мүмкіндік беретін, биттермен істеуші btfsc f, b және btfss f, b командалары пайдаланылады. Берілген регистр ретінде STATUS регистрі пайдаланылатын болса, онда бағдарламадағы ауыстырылымдардың басқарылуын операция нәтижесін сипаттаушы ахуал биттеріне байланысты ұйымдастыруға болады.
2.3 Басқару командалары және константамен жұмыс жүргізу
Константамен жұмыс жүргізу командалары, команда кодының бір бөлігі ретінде қойылған, тікелей берілген операндтармен операция орындауға пайдаланылады.
Movlw k командасы жұмыс регистріне (w) константа (k) жазуға пайдаланылады. Бұл кезде STATUS регистрінің құрамы өзгермейді.
Addlw k командасы тікелей берілген k шамасын w регистрінің құрамына қосады. Бұл команда нөл, тасымал және ондық тасымал биттерінің мәнін addwf f, d командасы сияқты өзгертеді.
Sublw k командасы w регистрінің құрамын берілген k константасының мәнінен алады. Бұл кезде алу операциясы константаға екінші операндтың қосымша кодын қосу арқылы жүзеге асырылатынын, яғни d = f – w операциясының орнына d = f + (-w) орындалатынын ескеру керек. Осы команданы sublw 0 түрінде пайдаланып, w регистрінің құрамының таңбасын өгертуге болады.
Константамен логикалық операция жүргізу командалары (andlw, iorlw және xorlw) тікелей берілген константа биттері мен w регистрінің сәйкесті биттерінің арасында сәйкесті логикалық операциялар орындайды. Бұл командалар STATUS регистріндегі нөлдік битті ғана нәтиже мәніне байланысты қояды. Алынған нәтиже w регистрінде сақталады.
Iorlw 0 командасы арқылы w регистрінің құрамының нөлге тең екендігін анықтауға болады. W регистрінің құрамы нөлге тең болған жағдайда нөлдік бит бірге қойылады.
Goto k, call k, return және retfie командалары бағдарламаны басқаруға пайдаланылады.
Goto k және call k командаларында нақтылы парақ шегіндегі ауыстырым адресі тікелей беріледі. Парақ мөлшері микроконтроллер түріне байланысты: PIC микроконтроллерлерінің кіші деңгейлі моделдеріне – 256/512 адрес, орта деңгейлі моделдеріне (оның ішінде PIC16F8X) – 2К адрес және үлкен деңгейлі моделдеріне – 8К адрес. Ауыстырым адресі парақ шегінен шығатын болса, онда PCLATH регистрінде жаңа парақ туралы дұрыс ақпарат болу керек.
Орта деңгейлі PIC микроконтроллерлерінде қосалқы бағдарламадан қайтудың return, retlw k және retfie командаларымен анықталатын үш түрлі тәсіл бар. Бұл тәсілдердің бәрінде де адрес мәні стек төбесінен шығарылады да, команда көрсеткішіне енгізіледі. Бұл адрестер қосалқы бағдарламадан немесе үзілістен қайтуға пайдалынылады.
Return командасының қалыпты қолданылымында қосалқы бағдарламаны шақыру командасынан кейінгі команда адресі бұрынғы қалпына қайтарылады. Бұл кезде ешқандай регистрдің құрамы өзгермейді.
Retlw k командасы деректер кестесінен қажетті дерек шығаруға пайдаланылады. Retlw k командасының орындалуы кезінде W регистріне k константасы жазылады да, одан кейін стек бойынша қайту жүзеге асырылады.
Retfie командасы үзілістен қайтуға пайдаланылады. Ол return командасы сияқты жүзеге асырылады, бірақ оның орындалуы кезінде үзілісті басқарушы INTCON регистрінің GIE битін бірге қойылады. Бұл осы команда орындалғаннан кейін бірден өз кезегін күтіп тұрған үзілістерді өңдеуге ауысуға мүмкіндік береді.
Микроконтроллер жұмысын тікелей басқаруға арналған екі ғана команда бар, олар – clrwdt және sleep. Сlrwdt командасы бақылау таймерінің (WDT) құрамы мен алғы бөлгішті (егер ол бақылау таймеріне қосылған болса) нөлге қойып, бақылау таймерінің уақыт санауын қайта бастайды. Clrwdt командасының енгізілу мақсаты – бағдарламаның қалыпты орындалып, микроконтроллер жұмысының қайта басталуына жол бермеу.
Sleep командасы тоқтатылған микроконтроллердің жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беретін оқиға туғанша, оның кезекті жағдайының күту режимінде сақталуын қамтамасыз етеді.
Sleep командасы екі түрлі қызметке пайдаланылады. Олардың біріншісі – бағдарлама жұмысы орындалып біткеннен кейін, микроконтроллерді ажырату. Микроконтроллерді осылай оның нақтылы бір жұмысты орындау үшін ғана, ал одан кейін оның кажет болмайтын жағдайында пайдаланады.
Sleep командасының пайдаланылу қызметінің екіншісі – микроконтроллердің нақтылы бір оқиғаны күту режимін жүзеге асыру. Микроконтроллерді күту режимінен шығара алатын үш түрлі оқиға бар.
Олардың біріншісі – микроконтроллердің тазарту кірісіне іске қосу сигналын беру арқылы оның жұмысы қайта басталады да, ол бағдарламаны бірінші адрестен бастап орындай бастайды.
Екінші оқиға – бақылау таймерінен микроконтроллерді «ояту» сигналының түсуі.
Үшінші «ояту» тәсіліне сыртқы оқиғаға байланысты туған үзіліс жатады. Кез келген «ояту» тәсілінде sleep командасын пайдалану күту циклін ұйымдастыру қажеттігінен құтылуға және жүйенің энергия тұтылымын кемітуге мүмкіндік береді. Бұл кезде микроконтроллердің күту режимінен шығуы, кем дегенде, 1024 такт алатынын ескеру керек. Сондықтан сыртқы оқиғаға байланысты әрекет тез болу керек жағдайларда sleep командасын пайдалануға болмайды.
