Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 1.2.3.4..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

3 Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту міндеттері.

Жеке тұлғаның жан-жақты дамуын қалыптастыру дегеніміз:

-отанына берілгендікті, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға дайындығын, бейбітшілік үшін, халықтардың достығы мен ынтымағы үшін, еңбекшілердің бақыты үшін арнаулы даярлықта тәрбиелеу;

-ғылым, мәдениет, техника саласындағы білімдер жүйесін және өндірісті ұйымдастырудың даму жағдайларын игере білуін тәрбиелеу;

- адамгершілік қасиеттерді барынша құрметтеушілік, адамдарға деген қамқорлық жасау және оларға ілтипатпен қараушылық, жолдастық пен адалдық, шыншылдық, жауапкершілік сезімдерге тәрбиелеу;

- еңбекте адал қарым-қатынасын, қоғам игілігі үшін материалдық өндіріс саласында еңбек адамын құрмет етуге тәрбиелеу;

- әсемдікті барынша сезіне білуді, шын көріктілікті жасандылықтан ажырата білуді, музыкаға, өнерге, әдебиетке ынтасын үнемі жетілдіруге талпынысын, құштарлығын, табиғатты сүюге тәрбиешілерді тәрбиелеу;

- денсаулығы мықты және дене құрылысы жақсы дамыған, дене шынықтырумен /спортпен/ үнемі шұғылданатын адамды тәрбиелеу;

- табиғатты қорғау, оның байлығын көздің қарашығындай сақтау, адам өмірінің бастауы – жер, су, ауа, аң, өсімдіктерді бағалау, қастерлеу, сақтау рухында тәрбиелеу;

Әрбір мектеп мұғалімінің алдында, міне осындай оқушы тұлғасын тәрбиелеп шығару міндеттері тұр. Бұл міндеттерді шешу әсіресе тұлғаның балалық, жастық және жас өспірім шақтарына жүзеге асырудың маңызы ерекше.

Оны жүзеге асырудың қандай жолдары мен шарттары бар?

Тұлғаны барлық жағынан дамыттып тәрбиелеу, жас ұрпақты қоғам құрылысына белсене қатысуға әзірлеу міндеттерді мектеп арқылы жүзеге асырылады. Мектепте білім және тәрбие алу барысында жас түлектердің ақыл-ойы дамиды, адамгершілік қасиеттері қалыптасады, ой еңбегіне төселеді, рухани өмір байлығын меңгереді, эстетикалық сезім, талғамы артады... Соған сәйкес мектеп тәрбие беру ісін бірынғай мақсатты, жүйелі түрде ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

Тәрбие мақсатына сай бұл мәселелерді ұйымдастыру немесе жүзеге асыру тәрбиенің салалары: ақыл-ой тәрбиесі, азаматтық тәрбие, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық және дене, экологиялық т.б. көптеген тәрбие міндеттерін жүзеге асыру негізінде атқарылады. Бұдан арғы жерде бұлардың әрқайсысы жеке тарауларда қарастырылады.

Жеке тұлғаны барлық жағынан қалыптастыруда тәрбие салалардың міндеттерін жүзеге асыру, олардың бірлігі мен өзара байланысын қамтамасыз етудің маңызы зор. Себебі, жеке тұлғаның қасиеттері жеке дара қалыптаспайды. Керісінше, олар әрдайым бір мезгілде, тұтастық принципіне сай құрылады. Сондықтан да тәрбие процесін жоспарлау, оның мазмұны мен әдістерін, сондай-ақ нәтижесін жүйелі есепке алу, бағалаудың бірлігін қамтамасыз ету, яғни тәрбие қызметінің барлық буындарының бірлігін, өзара байланысын қамтамасыз ету әсіресе мектептің осы бағыттағы жұмыстарының негізгі бір буыны болып есептелінеді.

Кешенді көзқарас тәрбие процесінде және оны басқаруда жүйеліліктің болуын да қарастырады. Тәрбие процесін басқарудың нәтижелі болуы ондағы ішкі және сыртқы себеп-шарттарын және олардың өзара байланысын ескерген жағдайда болады. Ол үшін сол себеп-шарттардың жай-күйін және олардың ықпал ету жағдайын алдын ала білу қажет.

Қазіргі жағдайда тәрбие беру жұмысының тиімділігі мен сапасын арттырудың негізгі жолы – барлық тәрбиелік іс-шараларды ұйымдастыруды кешенді түрде жүргізу, яғни оқушылардың жеке басы мен әртүрлі әлеуметтік топтарын ескере отырып, тәрбие салалары: ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, дене және еңбек, құқыттық пен экологиялық тәрбиелерінің өзара тығыз бірлігін қамтамасыз ету. Соған сәйкес оқыту мен тәрбиелеу қызметінің бірлігін қамтамасыз етудің маңызы ерекше.

Тәрбие берудің кешенділігін қамтамасыз ету барлық тәрбие беру мекемелерінің, соның ішінде мектептің де идеологиялық жұмысын осы міндетке сай ұйымдастыра жүргізудің де қызметі ерекше. Оқушылардың тәрбие процесінұ ұйымдастырудағы мұндай көзқарас қоғамның әрбір жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді дамыту мақсатына толық сай келеді.

Бүгінде бұл мәселеге мақсатты қөзқарас 70 жылдардың бастапқы кезеңінен бастау алып, педагогика ғылымдарында айрықша мәнге ие болды, соның нәтижесінде күні бүгінге дейін жеке тұлғаны қалыптастырып дамытуға жан-жақты ықпал ету қызметінің бірлігі мен өзара байланысына баса назар аударылуда. Мұндай көзқараста тәрбие салалары бір-бірінен оқшауланбай, тығыз байланыста және өзара тәуелділікте жүзеге асырылуы міндеттелінді. Нәтижесінде тәрбиеленуші жас ұрпақтын сана-сезіміне, мінез-құлқына, іс-әрекетіне бір мезгілде жүйелі түрде ықпал етуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде индивид жан-жақты үйлесімді қалыптасқан тұлға ретіңде дамиды.

Дегеменде тәрбие салаларының өзіндік ерекшеліктері, өзіне тән қасиеттері бар. Тәрбие процесінде оларды да ескермеуге болмайды. Бірақта, олардың бәрі бірегей мақсатка – жеке тұлғаны жан-жақты үйлесімді қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

Олай болса, жан-жақты үйлесімді дамыған адам деп - өзінің бойындағы рухани байлықты, моральдық тазалықты және дене жағынан жетілгендікті үйлестіре, ұштастыра білген, сана-сезімі жоғарғы, өмірдің түрлі салаларында белсенді қызмет етуге қабілетт, ізгіленген және қаракетшіл тұлғаны айтуға болады.