Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 1.2.3.4..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
147 Кб
Скачать
☆

Тақырып 2. Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі жөнінде теориялар

Мектептің тәрбие жұмысының мазмұны, әдістемесі мен технологиясы оның тәрбие жүйесімен анықталады. Өз тұжырымдамасына сәйкес, әрбір мектеп бір-бірімен тығыз байланысты дидактикалық және тәрбиелік бөлімдерден тұратын педагогикалық жүйемен анықталады.

Тәрбиелік жүйе – ол біртұтас әлеуметтік ағза, оның қызмет істеу шарты: негізгі компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста (мақсат, мазмұн, іс-әрекет тәсілі) болады. Мектеп ұжымының басты міндеті – тәрбие жұмысының жүйесін қалыптастыру.

Жетпісінші жылдардың соңында қарай мектептің тәрбиелік жүйелік идеялры теориясына ене бастады. Бұл салада Ф.Ф. Коровлевтің (1970-74) еңбектері әдіснамалық рөлі атқарады, ғалымның дәлелдеуі бойынша жүйелік әдіс педагогикалық ойлау процесінің қайта құру кезеңі ретінде қарастырылады.

Жүйелілік әдісті тәрбие саласының кейбір объектілерін зерттеумен, үлгісін (моделін) құруда пайдаланудың теориялық негіздерін қалағандар А.Т.Куракин мен Л.И.Новикова (1973, 1980) және А. Левин (1970) болды.

Б.С.Гершунский «біртұтастылық», «жүйелілік», «кешенділік» деген категориялар арқылы оқу-тәрбие жүйесін жалпыланған, болашақтың мектебін жобалауға маңызы зор біртұтас ғылыми-педагогикалық әрекет объектісі ретінде қарастырған.

В.С.Ильин «педагогикалық жүйе» ұғымын біртұтас тұлға қалыптастыру теориясымен тығыз байланыстырады. (1985).

Ю.П.Сокольниковтың зерттеулерінде тәрбие жүйесінің даму сатылары аймақтықтан – функционалдыққа ауысуы көрсетілген (1986).

Жалпы білім беретін мектептердің тәрбие жұмысының тиімділігің арттыруда М.М. Поташниктің еңбектерінің маңызы зор. Жүйелік әдіс арқылы тәрбие жүйесін әртүрлі деңгейде жобалау, құрастыру, жетілдіру және қайта құру мәселелерін Л.И. Новикова зерттеді. Мектептің тәрбие жүйесінің компоненттері – мақсаттар, іс-әрекеттер, қоршаған ортамен қатынас, басқару бөлімдері. Тәрбие жүйесінің өзегі – мектеп ұжымы (таңдап алынған балалар мен ересектер ұжымы). Кең мағынада, мектеп - әлеуметтік-педагогикалық жүйе бола тұра, бірнеше құрамдас компоненттерден – ұсақ жүйелерден тұрады: басқару жүйесі, дидактикалық және тәрбие жұмысы жүйесі. Әрбір жүйе дербес болып саналады, бірақ бір-біріне ықпалы зор. Мектептің біртұтас жүйесі тұрғысынан алып қарасақ, сабақтың рөлі зор. Бұл жағдайда оқу процесі мектептің тәрбие жүйесінің бір саласы ретінде жалпы мақсаттардан бастау ала тұра, ортақ талаптарға бағынады. Сондықтан сабақтың мақсаты тек білім беру, дағды, икем қалыптастыру ғана емес, таным әрекетінің сыртқы ортамен қатынас барысында қалыптасатын дара тұлға – жеткіншекті тәрбиелеу. Оқыту процесі барысында тәрбие жүйесіне сәйкес «қатынас педагогикасы» қалыптасады. Нақты тәрбиелік қатынастар арқылы сабақтын мазмұны байып, әдістемесі өзгереді. Сабақ үстіндегі кей жағдайлар оқушылардың сабақтан тыс өмірінде де жалғасын тауып жатады, сондықтан оқыту процесі, оның негізгі түрі сабақ тәрбие жүйесінің шешуші компоненттерінің бірі. Оқу-тәрбие процесі біртұтас дейтініміз сондықтан.

Мектептің тәрбие жүйесіне енетін сабақ – дидактикалық жүйенің ең басты компоненті. Дидактикалық компонентпен қатар, тәрбие жүйесінің компоненттеріне мектептің материалдық-техникалық базасы, қоршаған ортаның табиғи, элеуметтік және мәдени эстетикалық қырлары енеді. Егер мектеп олардың тәрбиелік әлеуметтік қырларын толық пайдалана алса. Олар да мектептің тәрбие жүйесінің құрамдас бөлшектері болып есептеледі.

Мектептің тәрбие жүйесі мақсаттық бағыт пен тәрбие жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымынан тұрады. Яғни, бұл құрылым-мақсаттық бағыт және тәрбие жүйесінің тұжырымдамасын құрайтын жетекші педагогикалық идеялар, ережелер, көзқарастар жиынтығы. Мектептің тәрбие жүйесіне белгілі ұйымдастырушылық құрылымы тән. Тәрбие жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымы әртүрлі принциптерге негізделуі мүмкін, біреуінің негізі-тәрбиелік орталықтары болса, екіншісінікі-клубтар тобы. Кешен мектептері де бар, олар жалпы білім беретін, спорттық, көркемдік мектептерден құралған. Л.И. Новиканың анықтау бойынша «мектептің тәрбие жүйесі» ұғымы кең мағыналы болғандықтан, ол өзінің құрамына мектепке қатысты барлық жүйелік ұғымдарды қамтиды. Атап айтқанда: материалдық, процессуалдық, идеялық.

Материалдық-адамдар, ұжымдық құрал-жабдықтармен педагогикалық қатынастардың материалдық қолдаушысы, қорғаушысы.

Процессуалдық-тәрбие, оқу-тәрбие процесі, педагогикалық процесс, әрекет.

Идеялық компоненттері-ұғымдар, ережелер, тәрбие жүйесінің мақсаты, мазмұны, түрлері, даму кезеңдері, қатысушылардың рөлдік позициялары. Мектептің тәрбие жүйесі қалыптасу барасында бірнеше сатыдан өтеді:

І даму кезеңінде – негізгі идеяны қолдайтын мұғалімдердің шығармашылық тобы құрылуы шарт.

ІІ даму кезеңінде – ортақ іс-әрекет арқылы мұғалімдер ұжымы мен оқушылар ұжымының бірігуі орын алады.

ІІІ даму кезеңінде – тәрбие жүйесінің қалыптасуының негізгі көрсеткіші – біртұтас ұжым құрылуы (ұстаздардан, оқушылардан, ата-аналардан) тиіс.

Л.И. Новикова мектептің тәрбие жүйесінің 9 белгісің айқындаған:

1. Мектептің «кіші тұжырымдамасының» айқындағы – оның ата-аналардың, мұғалімдердің, оқушылардың қолдауы арқылы қабылдануы.

2. Мектеп өмірінің (оқу, еңбек, ойын-сауық, шығармашылық істер) балаларға қолайлылығы, олардың қызығушылығына сәйкес келуі, биресми қатынастардың құпталуы.

3. Балалар өмірінде қуанышты оқиғалардың болуы.

4. Мектептің, баланың, топтың еркін дамуына шектеу келтіретін «ұйымдастырылмаған аралдың» болуы.

5. Балалардың күнделікті өмірін бейнелейтің «сөйлеп тұрған қабырғалардың» болуы.

6. Қоршаған ортаның мектепке, мектептің қоршаған ортаға ықпалы.

7. «Ішкі қайшылықтарды» шешу.

8. Мектеп ұжымы мүшелері арасындағы жалпы ізеттілік қарым-қатынастың қалыптасуы.

9. Оқушылар өздерін мектеп ұжымынан ажыратпауы, мектеп ұжымы мүшесі екенін толық сезінуі.

Бүгінгі қоғамдағы өзгерістер – ғылыми-техникалық прогресс, ізгілендіру үрдісі білім беру жүйесінің алдына күрделі міндеттер туындатып жүктеп отыр.

Бүгінгі білім беру жүйесінде құрылып жатқан жаңа типті мектеп-гимназиялары қоғамның сұранысына сай жан-жақты білім беруге, гимназистерді рухани жетілдіруге негізделеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында жана типті мектептердің құрылымдық жүйесіне түсініктеме берілген. Мәселен: гимназия – негізгі, қосымша, жалпы білімдік бағдарламалары оқушылардың қабілеті мен бейімділігіне қарай тереңдетіп, бағдарлы және саралап дәріс беру арқылы жүзеге асырылатын орта жалпы білімдік оқу мекемесі деген анықтама берілсе, ал лицей – негізгі және қосымша жалпы білімдік бағдарламалары жүзеге асыратын, қабілеті мен бейімділігіне сәйкес кәсіби бағдар бойынша дәріс беретін жоғарғы сатады оқушыларды аймақтық қатыстығына қарамастан қабылдап, оларға жалпы білім беретін оқу мекемесі делінген.

Қазіргі тәрбие теориясының көзқарасы тұрғысынан тәрбие жүйесі - тәрбие процесі компоненттерінің реттелген жиынтығы (мақсаты, тәрбие субъектілірі, олардың іс-әрекеті, қарым-қатынасы, орта) олардың өзара әрекеттесуі мен интеграциясы жеке тұлғаның дамуына мектептің мақсатты да тиімді жағдай жасауының негізгі шарты. Мектептің тәрбие жүйесінің құрылымы мына компоненттерден тұрады: мақсаты, мақсатқа жету іс-әрекеті, іс-әрекет субъектілері, іс-әрекет негізінде пайда болатын қарым-қатынастар, жүйелік орта, басқару және жүйенің дамуы. Мектептегі тәрбие, тәрбие үрдісі арқылы жүзеге асады, бұл – педагогтар мен балалардың оларды өзіндік дамуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі іске асыруға бағыттау мақсатындағы қарым-қатынас.

Оқу пәндерін оқытумен қатар тәрбие жүйесі маңыздылығын сезінгенде ғана ОТП (оқу-тәрбие процесі) сәтті жүзеге асыру мүмкін болады.

Тәрбие жүйесі – бұл ересектер мен балалардың бірлескен өмірлік әрекетін олардың мейлінше толығырақ өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жүзеге асыру мақсатында ұйымдастыру бойынша мақсатқа бағытталған іс-әрекеті.

Мектептің тәрбие жүйесінің мазмұны, әдісі және технологиясы оның тәрбие жүйесімен анықталады.

Мектеп өзі тұжырымдамасына сай тәрбиелік және дидактикалық кіші жүйелер бір-біріне әсер ете, толықтыра немесе жол бере отырып өзара қарым-қатынас жасап, өзіндік педагогикалық жүйе құрайды.

«Тәрбие жүйесі – негізгі тәрбие компоненттерінің (субьектілер, мақсат, мазмұны және әрекеттің тәсілдері) өзара байланыстылығы жағдайында қызмет ететін және ұжымның өмір сұруі, оның психологиялық климаты сияқты интерактивтік мінездемеге ие болатын тұтас әлеуметтік организм (ағза)» (Л.И.Новикова). Қазіргі уақытта педагогиканың феноменды үлкен мамандар тобы зерттеуде, атап айтсақ В.А.Караковский, Л.И.Новиков, Н.А.Селиванов, Е.И.Соколов. Зерттеушілер феноменнің пайда болуын педагогикалық жүйенің объективтік себептерімен түсіндіреді. “Қазіргі үдемелі ауыспалы уақытта ... интеграция және дифференция бір жақты өзара үздіксіз байланысқан екі ұғым пайда болуда. Қорытындылай келе әртүрлі қарама-қайшылықтар туындайды. Сол уақытта әртүрлі жүйелер түрі, жалпы құбылыстар, интегралды біртұтас процесстер, әрекет, жекеленген құбылыстар бірыңғай білім ыдырайды. Біржақтылық бұл өзіне тән және педагогикалық ақиқаттан және қазіргі адам дамуынан, сол сияқты жеке тұлғадан және жеке адам үлгісінен, ықпалдан қалыптасқан. Олар мақсатқа бағытталған тәрбие, сол сияқты әлеуметтік стихиялық (апаттық) процесстер сияқты қалыптасады.

Мақсаттық бағыт- нақты мектептің тәрбие жүйесінің тұжырымдамасын құрайтын жетекші педагогикалық идеялар, көзқарастар жиынтығы. Бір жағынан ол тәрбиенің жалпы мақсатын бейнемесе, екінші жағынан – мектептің тәрбие жағдайына сәйкес өзгеріп, мақсаты мен міндеттеріне ауысып отырады. Мектептің тәрбие жүйесіне белгілі ұйымдастырушылық құрылым тән. Бұл құрылым үлгісін жобалағанда қалыптасады және жүйенің қызмет істеу барысында реттеліп тұрады, жүйемен бірге дамиды. Мектептің тәрбие жүйесі көпқұрылымды, оны мақсат, әрекет, қатынас тұрғысынан қарастыруға болады.

Мектептің тәрбие жүйесінің қалыптасқанын қандай белгілер (критерий), көрсеткіштер (показатели) арқылы білуге болады? В.А.Караковский 3 критерий (бағалау белгісі) ұсынады: I – факт белгісі, II – cапа белгісі, III – уақыт белгісі.

1. Факт белгісі.

1.1. Мектеп өмірі реттелген, тәрбие жұмысының мазмұны, түрі мектептің жағдайына сай келген;

1.2. Барлық тәрбиелік іс-әрекеттер педагогикалық тұрғыдан алғанда қажет, мақсатқа сәйкес, келісілген;

1.3. Барлық ұжымдардың, үйірмелердің, ұйымдардың, бірлестіктердің жоспары келісілген;

1.4. Мұғалімдер мен оқушылар ынтымақтасып жұмыс істейді;

1.5. қалыптасқан біртұтас тәрбие ұжымы өзінің заңдарын, ережелерін, әдет-ғұрыптарын басшылыққа алып отырады;

1.6. Тәрбиелік ықпалдар комплекстерге (кешендерге) жинақталған (орталықтарға, клубтарға, т.б).

II Сапа белгісі.

2.1. Тәрбиелік жүйенің мақсатқа жақындауы.

2.2. Мектеп өмірінің қызу, жалынды түрде өтуі, оған мажор, әзіл, қысқаша айтқанда, «қуаныш педагогикасы» тән.

2.3. Мектеп пен отбасы бірін-бірі толықтырып тұр.

III Уақыт белгісі.

3.1. Мектептің тәрбие жүйесі қалыптастырылған мінез-құлқының, білімнің, дағдыларының беріктілігі.

3.2. Оқушылардың өз мектеп өміріне беретін бағаларының өзгеруі.

3.3. Оқу бітірген жастарды тәрбие жұмыстарына пайдалану мүмкіндігі.