Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс 5.6.7.8.9..doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
204 Кб
Скачать
☆

1921 Жылы Ұлыбританияда, Германияда, Италияда, Францияда, Индияда өз жұмыстарын жалғастырса, ал 1972 жылғы көрсеткіш бойынша оның таралуы 106 мемлекетті қамтыған.

Ал Ресей жерінде 1909 жылы оның бірінші отрядтары құрылды.

Дегенмен де, 1917 жылы Ұлы Қазан жеңісінен кеін 50 мыңдық скауттар ұйымын құраған Ресей топырағында, 1918-20 жылдардағы комсомолдардың 2,3, және 4 съездерінің шешімдері бойынша оның жұмыстары тоқтатылып, орнына жаңа балалар ұйымы, яғни пионерлер ұйымы құрылды.

Ол – 19 мамыр 1922 жыл еді. Оның алдына қойған мақсаты - жас жеткіншектерді коммунистік рухта тәрбиелеу болды.

Содан бері 70 жылдай уақыт ішінде жастар қозғалысы октябрят, пионер, комсомол ұйымдары болып, кезең-кезеңмен коммунизм құрылысшыларын тәрбиелейді.

Оның жетекшісі комсомол ұйымы болды.

Бүгінгі жағдайда Қазақстан елі үшін қызмет ететін балалар мен жас жеткіншектерді тәрбиелеуде қызмет ететін ұйымдарға – олардың қоғамдық негіздегі бірлестіктері жатады.

Олар 1980 жылдардың орта шенінде пайда болып, пионер ұйымдарымен қатарласа жұмыс істеп келеді.

Олардың қызметі негізінен 3 бағытты қамтиды:

1. Дамытушылық қызметі. Ол тұлғаның азаматтық, адамгершілік қалыптасуын және оның әлеуметтік шығармашылық дамуын, адамдармен қарым-қатынас жасау біліктілігін, қоғамдық және тұлғалық маңызды мақсатқа қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

2. Бағыттаушылық қызметі. Мұнда адамгершілік, әлеуметтік, саяси және мәдени құндылық жүйесін меңгерудің бағытын қамтамасыз етуді көздейді.

3. Компенсаторлық қызметі. Бұл балалардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын және мүмкіншіліктерін жүзеге асыру үшін жағдай тудыруды көздейді.

Бүгінде балалар бірлестіктері

  1. өзінің ұйымдастыру – құқықтық формасына (бірлестік, ұйым, қозғалыс, орталық, клуб);

  2. көлемі мен деңгейіне (пионер одағының ұйымы, республикалық «Невада» қозғалысы (Семей қаласы), аймақ аралық клуб;

  3. әрекеттерінің мақсаты және мазмұнына (елжандылық, экологиялық, саяси, скауттық, пионер);

  4. әрекет ету бағдарламасына (Атамекен, Дәстүр, Жұлдыз, Ұлан, Азамат, Мың бала, Ата кәсіп т.с.с.);

  5. құрылымына (звено, бригада, команда, отряд, дружина, клуб: крлік мектебі, ынтымақ, кәсіпкерлер, шымырлар, салауат, ұландар клубы – бұлардың өздерінің ережесі, рәміздері болады);

  6. басылымдарына (газат, жорнал, альманах, әдістемелік хабаршы бюллетені);

  7. ұйымдастыру базасына (балалар бірлестіктері, жалпы орта мектептері, қосымша білім беру және мәдени мекемелер, клубтар, балалар үйі, тұрғылықты мекен – жайы);

  8. ұйымдастырушыларына (жетекші, лидер, вожатый, нұсқаушы, әлеуметтік педагог т.т.) байланысты әртүрлі болып келеді

1991 жылы Мәскеу қаласында Пионер ұймдарының одағы құрылды.

Ол демократиялық тұрғыдағы ерікті қоғамдық ұым.

Оның идеологиялық бағыты – гуманистік, жалпы адамзаттық құндылықтыұстану және мақсат ету.

Негізгі міндеті - өсіп келе жатқан ұрпақтың рухани жан дүниесін дамыту, жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруі мен әлеуметтік маңызды істерге тарту.

Басымдық танытатың ұстанымдары (принциптері) – еріктілігі, тең құқықтылығы, өзі-өзі басқаруы, заңдылықты сақтауы, жариялығы.

Қазіргі кездегі құрылып жатқан балалардың мұндай бірлестіктері бұрыннан қалып тасқан пионер үйымдарының іс-тәжірибесіне арқа сүйеуде.

Олардың теориялық – практикалық негіздерін қалаған Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский және И.П. Иванова.

«Мың бала» патриоттық қозғалысының бағдарламасына тоқталайық.

1. «Білік мектебі» Халқымыздың ерлік тарихын, жауынгерлік метебін оқып ұйренеді.

Соғыс пен бейбітшілік мәселелерін зерттейді, сабақтар, конференция семинарлар, кездесулер өткізеді.

2. Біз бейбітшілік сақтаймыз. Бейбітшілік жақтайтын балалар іс - әрекетін ұйымдастырады, өзара қарым – қатынасын орнатады.

3. Мен ертенгі жауынгер. Болашақтағы әскери өмірге үйренеді.

Әскери сипаттағы жарыстар өткізеді.

Әскери бөлімшелерге, шекара заставаларына таным жорықтар ұйымдастырады.

4. Төні саудың – жаны сау. Денесін шынықтырып, спорт түрлерімен айналысады.

Басқа халықтардың қорғану әдістері, олардың түрлерімен танысады.

5. Салауат клубы. Салауатты өмір салты насихатталады.

Арақ ішуге, темекі тартуға, нашақорлыққа т.б. денсаулыққа зиянды әрекеттерге қарсы күрес жүргізеді.

«Мың бала» атты оқушы жастар ұйымның негізгі өнеге етіп ұстар тұтқасы, алатын жолы он бес жасар Сартай батырдың адамгершілік пен отаншылдық ерлігі.

Мың баланы басқарған «Сартай батыр» дастанында елжандылық, қазақ халқын бірлікке, татулыққа, өнерге, ерлікке шақыру жағы басым.

Сартай батырдың ерлігін дастан етіп жазған ақын Нұрмағамбет Қосжанұлы (1897-37жыл) осы дастанды жазғаны үшін «Халық жауы» деп атылды.

Дастандағы әр сөз тәрбиенің әр саласына арналған қасиетті тұмардай, кейіпкерлердің іс-әрекеті бір-бір тақырыптағы тәрбиелік көрініс.

Қазіргі жастарға, ел басқарған әкім, қара басының қамын ойлап байыған қорқауларға арналғандай.

І – ХІ сыныптарға арналған «Атамекен» бағдарламасының мазмұнына көніл аударайық. (Мұхамед – Рахим Қыдырбайұлы)

«Атамекен» - Қазақстандағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие процестерінің өзіндік ұлттық, айшық ерекшеліктерін анықтайтын қазақ халқы педагогикасының тәлім-тәрбиелік ұстанымдарына негізделген ғылыми педагогикалық және методикалық бағдарлама.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – ұлттық өзіндік ерекшеліктерді ескере отырып, оқу – тәрбие жұмысын жасау, балалар мен ересектерді біріктіретін ауылдық, аудандық, қалалық, облыстық, аймақтық «Атамекен» ордасын (штабын) құру.

«Елімай» атты ұлттық – этнографиялық іскерлік, шығармашылық – көріністік ойындарын өткізу, ол өз туын, ел таңбасын,төсбелгісін, ұлттық киім үлгісін және өзге рәсімдік – рәміздік белгілерді иелену, әрбір мектепте тарихи ұлттық – этнографиялық мұражайлар ашу.

Қызметі: «Атамекен» негізгі 30 шығармашылық бағыттан құралған.

Онда халықтың салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптары, тарихи, этно –мәдениеті мен этностық тілдері, рухани игіліктерін қолдана отырып барлық ағарту – тәрбие процестері кешенді (комплексті) түрде қарастырылған.

Шығармашылық бағыттарды толығынан жүзеге асыру үшін мектептерде,

Мектептен тыс мекемелерде, педагогикалық жоғары оқу орындары мен колледждерінде және өзге құлшыныс танытқан орындарда іс - әрекет етуші «Атамекен» ордасы құрылды.

Орда төрағасы, орынбасарын, 3 – бірлестіктің жетекшілерін І –ІV сынып

«Балдырғандар ата – баба елінде», V-VII сынып «Мұрағер және VIII- IX- XI сыныптар – «Мирас» бірлестіктерін құрып, толық шығармашылық жұмыстар жүргізеді.

Әрбір бірлестік өздерінің жас ерекшеліктеріне қарай және өз тілектеріне орай бағыттарын белгілейді.

Олар белгілі бір мерзімдер бойынша бірлестіктерге тапсырылып, салтанатты және дәстүрлі түрде жалғастырылып отырады.

Қоғамдық пікірлер арқылы өзгертіліп және толықтырылып тырады.

Әрбір шығармашылық бағыт өзінің ұлттық – рәміздік елтаңбасын иеленеді.

Жастардың білім, білік дағдыларын қоғамдық іске бейімдейтін, шығармашылық қабілеттерін дамытатын қоғамдық ұйымдарының бірі «Болашақ» балалар ұйымы.

Бұл ұйым ережесін Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім Академиясының этнопедагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі зертханасының қызметкерлері даярлаған.

«Болашақ» атты ерікті оқушылар ұйымы – мектеп оқушыларын жастайынан қоғамдық істерге бейім, өнер мен спортты, білімді, өнегелі өсиетті, бизнесті сүйетін, жан-жақты жетілген, іскер азамат етіп тәрбиелеуді көздейтін ерікті ұйым.

Бұл ұйымның мүшелері ізгілік, қайырымдылық, шыншылдық, адалдық, әділдік, іскерлік, қажырлық сияқты жоғары адамгершілік қасиеттерді өз бойларына сіңіруде аянбай еңбек етеді.

Ұйымның басты міндеті – оқушылардың егеменді Қазақстан мемлекетінің мүддесін қорғай алатын, адал да әділетті, іскер де белсенді қайраткер етіп шығару. Сөйтіп оқушы жастардың шығармашылық іс-әрекеттерін жеке бастың қабілеті мен қасиеттерін жетілдіруге, саяси көзқарастарын қалыптастырып, өмірге белсенді түрде араласуға, Отанның қауіпсіздігін қорғай білуге, салауатты өмір сүруге дайын, рухани байлығы молайған азамат даярлау.

Ұйым оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін-өзі басқаруға, жеке тұлға ретінде дамуына ерекше көңіл бөліп, бірнеше бағытта тәрбие жұмысын жүргізеді.

Сол мақсатта жергілікті мүмкіндіктерді пайдалана отырып, мектеп мұғалімдері мен ата-аналар қауымының қолдануына сүйеніп, демократиялық негізде белсене қоғамдық істер атқаратын болады.