- •Тақырып 6. Қазіргі педагогикадағы тәрбие әдістері, құралдары
- •Тақырып 7. Ұжым - тәрбие құралы
- •Тақырып 8. Тәрбие формалары
- •1921 Жылы Ұлыбританияда, Германияда, Италияда, Францияда, Индияда өз жұмыстарын жалғастырса, ал 1972 жылғы көрсеткіш бойынша оның таралуы 106 мемлекетті қамтыған.
- •Тақырып 9. Отбасы тәрбиесі
- •Тәрбиедегі атан-ананың ролі
Тәрбиедегі атан-ананың ролі
Бала тәрбиесі – ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет. Жас шыбық иілгіш болса, жас адам да сондай жақсыға да, жаманға да бірдей бейім болатыны баршамызға мәлім. Ата-ананың үйдегі іс-әрекеті балаларының көз алдында өтеді. Сондықтан жақсы, жаман әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы зор.
Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – туған ұясы, өз отының басындағы ата-ана тәрбиесі, өнегесі қазақта «Баланың бас ұстазы – ата-анасы» деген сөз бар. Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса, есейе келе тәртібі қиындап, оқу үлгерімі нашарлап кетеді. Мұндай жағдайларда «Не істеу қажет» деген ой туады. Әрине, ата-аналар балаларының оқу-үлгеріміне күнделікті назар аударып, оны қадағалап отыруы қажет. Тәрбие ешқандай үзіліс, демалыс деге күндерді білмейді.
Ұлы ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне қауіп әкеледі» - десе, Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туады, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты өзің қалай тәрбиелесең, ол солай тәрбиеленеді» деген екен. Бұдан шығатын түйін, бала тәрбиесінің ең әуелі оның өз ата-анасының еңбекқорлығы, ұстамдылығы, ақыл-ойы, сана-сезімі, адамгершілігі әсер етпек.
Бала – ата-ананың ғана емес, ұлыс пен ұлттың ертеңгісі, келер тахқа аманат. Жас ұрпақты жан-жақты жетілген, ақыл-парасатты, ой-өрісі биік азамат етіп тәрбиелеу қоғамымыздың ең өзекті мәселесі.
Сондықтан, ата-ана, ұстаздар болып жас ұрпаққа жан-жақты тәрбие беруді назарда ұстағанымыз жөн.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудағы негізгі міндеттер мыналар:
Оқу жылының басында және оқу тоқсанының қорытындысында сыныпта ата-аналар жиналысын тұрақты өткізіп отыру. Жалпы ата-аналар жиналысында мектептің оқу-тәрбие жұмысының барысы, алдағы міндеттері туралы педагогикалық ұжымның ата-аналар алдында есеп беруін ұйымдастыру.
Сынып жетекшісі оқушының ата-анасымен, отбасының тұрмыстық жағдайымен танысу үшін оқушы үйлеріне барып тұру, балаға отбасының ықпал деңгейін, баланың неге қызығатынын анықтау.
Ата-аналарға бала тәрбиесі туралы дәрістер оқып, баланың жеке басының қалыптасу жолдары мен даму заңдылықтары туралы білім беру. Ата-аналар коммитетімен тығыз байланыста болу, жалпы мектепте өтетін іс-шараларға белсене қатыстыру, үлгілі ата-аналарды өнеге ету.
Жанұя 5 типке бөлінеді:
1-тип. Жанұядағы адамгершілік құндылығы жоғары деңгейде қалыптасқан. Бақытты, дені сау жанұя. Балаларға бар мүмкіндік жасалған. Кей уақытта жекелеме кеңестер қажет бола тұрса, ұстаздардың араласуы аса керек емес.
2-тип. Жанұядағы ата-аналардың қарым-қатынасы жақсы бола тұра, бала тәрбиесінде бағыт жоқ. Ьала тек ата-ананың «ерекше» қамқорлығын сезінеді, «өзімшіл» болып өсіп келеді. Сондықтан ұстаздың көңіл аударуы сөзсіз талап етіледі.
3-тип. Ынтымақсыз жанұя. Мұндай жағдайда ата-аналар өзара қарым-қатынас дауынан аса алмайды. Бала тәрбиесі мүлде ескерусіз қалған.
Өсіп келе жатқан ұрпаққа әсері болмас үшін жанұядағы көңіл-күйді өзгертуге белсенді педагогикалық ықпал қажет.
4-тип. Сырттай қарағанда қолайлы жанұя қатарында болғанымен рухсыздық, нақты адамгершілік құндылықтар, ұрпақтар ізгілігінің бұзылуы сияқты жағымсыз қасиеттер басым. Мұндай жанұямен тәрбие жұмысын жүргізу ерекше қиындық туғызады.
5-тип. Қолайсыз жанұя, мұнда дөрекілік, ұрыс-керіс, жағымсыз тәртіп сияқты сипаттар көп. Баланың қызығушылығын қорғау үшін мұндай жанұяларға тұрақты педагогикалық бақылау, қоғамдық орындардың араласуы үнемі қажет және талап етіледі.
Сынып жетекшісінің ата-аналармен қарым-қатынасының формалары
Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі формалар:
- ата-аналар жиналысы;
- жалпы сыныптық және жалпы мектептік конференциялар;
- ұстаздың жеке ақыл-кеңесі, әңгімесі;
- оқушылардың үйін аралау;
- ата-аналар университеті;
- ашық есік үйі.
Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес формалары:
- тақырыптық ақыл-кеңес, әңгіме;
- ата-аналар оқуы;
- ата-аналар кеші;
- ата-аналар тренингі.
Ата-аналарға кеңс берудің тақырыптық мысалдары:
- Бала оқығысы келмейді. Оған қалай көмектесу керек?
- Баланың есте сақтау қабілеті нашар. Қалай дамыту қажет?
- Жанұядағы жалғыз бала. Тәрбиелеудегі қиыншылықтарды бөлісу жолдары;
- Балаларды жазалаудың қандай жолдары бар?
- Жанұядағы түсінбеушілік және дөрекілік.
Ата-аналар жиналысы – ата-аналарға педагогикалық білім береді, олардың педагогикалық мәдениетін көтереді, баланы тәрбиелеуге көмектеседі, мектептің оқу-тәрбиесіндегі міндеттерді жүзеге асыруда ата-аналардың белменділігі көтереді, ынтымақтастықты нығайтады.
Ата-аналар жиналысының тақырыптары мектептің жылдық жоспарындағы тәрбие жұмысының іс-шараларына, сыныптың жас ерекшеліктеріне, ағымдағы міндеттерге байланысты іріктеліп алынып, бір апта бұрын жиналыстардың өткізілу кестесі бекітіледі. Жиналыстың алдында оның пәрменділігін арттыру мақсатында сынып жетекшілері тақырыпқа байланысты нұсқау кеңес өткізіп, ата-аналарға қойылатын талаптар әңгіме болады. Ата-аналар жиналысы қажеттілігіне қарай кейде барлық сыныптарда бір тақырыппен, кейде сынып жетекшісінің қалауы бойынша дайындалып, таңдалып алынады.
Сынып жетекшісініне ата-аналар жиналысын өткізуге ескертпе
- ата-аналар жиналысы туралы ата-аналарға алдын ала хабарлау (оқушының күнделігіне жазып беру);
- жаңа сынып жетекшісі жиналысты оқушылардың ата-анасымен танысудан бастайды;
- ата-аналарды мектептің, сынып ұжымының осы оқу жылындағы мақсатымен, міндеттерімен таныстырады;.
Ата-аналар ұсыныстары:
- қосымша сұрақтар, міндеттер қою;
- ата-аналарды факультатив, секция, үйірме жұмыстарымен таныстыру;
- ұйымдастыру мәселелерін шешу: құрамы 3 адамнан тұратын ата-аналар комитетін құру ашық есік күні ата-аналар жиналысы туралы мәліметтер беру;
- жиналысқа келе алмаған ата-аналармен кездесу ұйымдастыру.
Ата-аналар жиналысын дайындау ережесі:
Бірінші ереже
- ата-аналар жиналысының тақырыбы өзекті болуы керек.
Екінші ереже
- ата-аналар жиналысы оларға ыңғайлы уақытта болуы тиіс.
Үшінше ереже
- ата-аналарға жиналыстың өту жоспары белгілі болуы керек;
Төртінші ереже
- жиналыс ата-аналармен сыйластық қарым-қатынаста өтуі керек.
Бесінші ереже
- жиналыс жоғары дайындық пен өтуі тиіс.
Ұйымдастыру, тақырыптық және қорытынды ата-ана жиналыстарын қалай дайындап, қалай өткізуге болады.
Ұйымдастыру ата-ана жиналысы.
Жиналыс мақсаты: Сынып оқушыларының ата-анасымен танысу, ата-аналарды өзара таныстыру, ата-аналарды мектептегі жұмыстарға тарту.
Ұйымдастыру жиналысының міндеттері:
- ата-аналардың қызығушылық басымдылықтарын білу;
- ата-аналарды сынып жетекшісінің сынып ұжемымен өткізетін шығармашылық, белсенді іс-әрекеттерінің жоспарымен таныстыру;
