- •Математика Əдістемелік нұсқау
- •Қысқамерзімді жоспар
- •1А бөлім. Екі таңбалы сандар.
- •1В бөлім. Сандармен амалдар орындау. Есептер
- •1С бөлімі. Шамалар жəне олардың өлшем бірліктері
- •2А бөлім. Екі таңбалы сандарды қосу жəне азайту. Жүздіктер. Есептер.
- •2В бөлім. Шамалар жəне олардың бірліктері
- •2С бөлім. Жиынды жəне оның элементтерін белгілеу
- •Сабақ. Көпбұрыш түрлері. Шаршының жəне тіктөртбұрыштың қасиеттері
- •Сабақ. Фигуралар салу
- •Сабақ. Бұрыш жəне фигуралар салу.
- •Сабақ. Фигуралар тізбегі.
- •3В бөлім. Көбейту жəне бөлу. Есептер
- •Сабақ. Көбейту.
- •Сабақ. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.
- •Сабақ. Көбейту мен бөлудің байланысы.
- •Сабақ. 2 санына көбейту жəне бөлу кестесі.
- •Сабақ. 2 санына көбейту жəне бөлу кестесін бекіту.
- •Сабақ. 3 санына көбейту жəне бөлу кестесін құрастыру.
- •Сабақ. 3 санына көбейту жəне бөлу кестесін бекіту
- •Сабақ. 4 санына көбейту жəне бөлу кестесін құрастыру
- •Сабақ. Бекіту.
- •Сабақ. 5 санына көбейту жəне бөлу кестесін құрастыру
- •Сабақ. 2–5 сандарына көбейту жəне бөлу кестесін бекіту
- •3B бөлімі.Салт-дəстүр жəне фольклор
- •Сабақ.Баға. Сан. Құн
- •Сабақ. Жиындар жəне оларға амалдар қолдану
- •3С бөлім. Санды жəне əріпті өрнектер. Теңдеулер. Есептер.
- •Сабақ. Бекіту
- •Сабақ. Көбейту мен бөлуге берілген теңдеулер
- •Сабақ.Көбейту мен бөлуге берілген теңдеулер
- •Сабақ. Теңдеудің күрделірек түрі жəне оларды шешу.
- •Сабақ. Бірнеше есе арттыруға/кемітуге есептер шығару.
- •Сабақ. Еселік салыстыруға берілген есептерді шығару.
- •Сабақ. Есептер шығару.
- •Сабақ. Есептер шығару.
- •Сабақ. Есептер шығару.
- •Сабақ. «Бірнеше бірлікке артық/кем», «бірнеше есе артық/кем»қатынастарымен байланыстытура жəне жанама сұрақтармен берілген есептер
- •Сабақ. Есептер шығару.
- •Сабақ. Бекіту
- •Іv тоқсан. «Қоршаған орта», «Саяхат» тақырыптары аясында
- •4А бөлім. Есептеудің тиімді тəсілдері.
- •4В бөлім. Есеп шығару тəсілдері
- •4С бөлім. Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан
Қысқамерзімді жоспар
1А бөлім. Екі таңбалы сандар.
Оқушылар осы бөлімде мыналарды үйренеді:
100 көлемінде тура жəне кері ретпен санауды;
сандар қатарындағы екі таңбалы сандардың орнын анықтауды, оқуды, жазуды жəне салыстыруды;
екі таңбалы сандардың графикалық модельдерін тұрғызуды, разрядтар кестесін пайдалануды.
1-сабақ. 0-ден 10-ға дейінгі сандар. 11-ден 20-ға дейінгі сандар. Толық ондықтар. 100 саны
Тақырыбы: Мен лагерде демалдым |
Мектеп: |
||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||
Сынып: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Оқу мақсаттары |
2.1.1.1. 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну; 100 көлеміндегі сандарды тура жəне кері санау, олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау |
||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар үшін: 20-ға дейінгі сандарды ретімен жəне кері ретпен, толық ондықтармен санау, натурал сандар тізбегін анықтау |
||||
Бірқатар оқушылар үшін: толық ондықтармен санау |
|||||
Кейбір оқушылар үшін: 20 дейінгі сандардың түрлі моделін білу |
|||||
Тілдік мақсаттар |
Пəндік лексика жəне терминология:20-ға дейінгі сандардың аталуы, толық ондықтар, бірліктер, артық, кем, ерте, кеш, алдыңғы, артқы аралықтағы сандар |
||||
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Аралықтағы санды айта аласың ба? ... 10 жəне 20, 0 жəне 10 сандары арасындағыларды қалай анықтауға болады? Сандарды ретімен жəне кері ретпен санай аласың ба? Санның моделін қалай көрсетуге болады? 16 санының моделін көрсете аласың ба? |
|||||
Тірек білімдер, білік, дағдылар |
20-ға дейінгі сандар, толық ондықтар, сандарды салыстыру, жазу жəне оқу |
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-əрекет |
Қоры |
|||
0–3
|
Ынталандыру. Каникул кезінде санаудың қандай жағдайда қажет болғанын, математикалық білім мен дағдыларын қалай пайдаланғандары туралы əңгімелеседі. |
|
|||
|
Санаудың, дұрыс санай білудің маңызды екендігі туралы қорытындыға мұғалім оқушыларды жетектейді. |
|
4–6 |
Белсендіру. Сыныптағы ұлдар мен қыздар санын есептеуге болады. "Санды тап" ойыны ойналады. Алдын ала 0-ден 20-ға дейінгі сандардың қиықшалары дайындалады. Оқушылар командаға бөлінеді. Əрбір команда 20-ға дейінгі сандарды тауып, дұрыс айта білулері керек. Аз уақытта көп сан тапқан, барлық мүшелері бірдей жақсы жұмыс жасаған топ жеңіске жетеді. |
20-ға дейінгі сандардың, толық ондықтардың қиықшалары |
7–11
|
Мақсатты бекіту (мəселелі жағдаяттар). Сабақтың мақсатын бекіту: – Осы сабақта алдымызда қандай мақсат тұр? (тура жəне кері санауды, сандардың «көршілерін» атауға жаттығу,1-сыныпта өтілгендерді еске түсіру) |
|
12–29
|
Оқушылар №1 тапсырманың материалдары негізінде «Лагерьдегі жазғы демалыс» лексикалық тақырыбын түсіндіріп талдау. Оқушылар жазда достарымен қандай ойындар ойнағанын, қандай спорттық үйірмелереге барғанын əңгімелейді. Мұғалім оқулықтағы №1, а, ə, б тапсырмалармен жұмысты ұйымдастырады. Өздік жұмыс. Оқушылар 15, 20, 11, 9 сандарының моделін құрайды, одан соң жұмыс дəптерінен 2,3-тапсырмаларды өз бетінше тексеру арқылы орындайды. Қатені түзету. Сабақта жасалған əрбір жұмыс талданады. Өздік жұмысын дұрыс орындамағандар,түзету жұмысымен айналысады. Мұғалім мына сұрақтарға жауап алады:
Санның моделін көрсетуде оқушылар жұппен немесе топпен жұмыс жасайды. |
Дəптер, оқулық, санның моделін көрсететін үлкен жəне кіші дөңгелектер, шаршылар не жолақтар |
30–40
|
Өткенді қорытындылау. Оқулықтағы №2,3 тапсырмалар 1-сыныпта өткендерді қайталау жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сандар туралы білімдерді бекітеді. №3 тапсырманы орындауға берілген уақытты есепке алу мұғалім үшін өтілген материалдардың есте қалғанынан не қалмағанынан мəлімет береді. Өздік жұмыс Жұмыс дəптерінен 1-ші жəне 4-тапсырмалар беріледі. №1 тапсырма критерий бойынша тексеріледі. Оқушылар №4 тапсырмаға табыс критерийін өз бетінше қолданып көреді. №4 тапсырма арқылы 20-ға дейінгі сандар туралы білімін қайталауға көмектеседі.жұмысты үлгі бойынша өзара тексерумен жұпта ұйымдастыруға болады. Мұғалім орындалған жұмысқа формативті бағалау жүргізеді. |
Дəптер, оқулық |
41–45
|
Рефлексия. Рефлекцияны жүргізу үшін оқушыларға өз біліктерін мақсатқа сай екенін салыстыруды ұсынады: кім сабақта түсінді, ол нені біледі: 20-ға дейінгі сандарды, толық ондықтарды тура жəне кері ретпен санау, санның натурал сандар қатарындағы орнын анықтау;
|
Жетістіктер жолағы |
2-сабақ. 21-ден 100-ге дейінгі сандар
Тақырыбы: Менің мектебім |
Мектеп: |
||||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||||
Сынып: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
Оқу мақсаттары |
2.1.1.2.Екі таңбалы сандарды оқу, жазу жəне салыстыру |
||||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар үшін: 100 дейінгі сандар, толық ондықтар, сандарды салыстыру, жазу жəне оқу. |
||||
Бірқатар оқушылар үшін: 100 дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну, натурал сандар тізбегінде санның орнын анықтау. |
|||||
Кейбір оқушылар үшін: 100 дейінгі сандардың түрлі моделін ұсыну, модельдің көмегімен сандарды салыстыра алу. |
|||||
Тілдік мақсаттар
|
Пəндік лексика жəне терминология:100 дейінгі сандардың аталуы, толық ондықтар, бірліктер, артық, кем, ерте, кеш, алдыңғы, артқы, аралықтағы сандар. |
||||
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
4)Егер цифрлардың орнын алмастырса, онда екі таңбалы сан бола ма? Қандай сан шығады? Ол екі санды салыстырыңдар. |
|||||
Жазу: 0-100 аралығындағы сандарды жазу, санның «көршілес» сандарын жазу |
|||||
Тірек білімдер, білік, дағдылар |
0-ден 20-ға дейінгі сандар, толық ондықтар, салыстыру, сандарды оқу жəне жазу |
||||
Жоспар |
|||||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-əрекет |
Қоры |
|||
0–3 минут |
Ынталандыру. Сандардың адам өміріндегі маңызы туралы əңгімелеседі. 0–9 сандарының қиықшаларын көтеру арқылы қандай сандардың көрсетілгенін оқушылар анықтайды. Бұл жұмыс мұғалімге оқушылардың екі таңбалы сандармен таныс не таныс еместігінен хабар береді. |
0–9 сандарының карточкалары |
|||
|
Белсендіру. |
0–20 |
|||
4–6 |
Өткен сабақтағы сияқты сандар (20-ға дейінгі сандар, толық ондықтар) туралы əнді еске түсіру жəне орындау, сыныптағы заттарды санау (үстелдер, орындықтар, санау материалдары жəне т.б.) Бұдан кейін мұғалім "Санды тап" ойынын жүргізеді. Ол үшін алдын-ала 0-ден 20-ға дейінгі сандардың қиықшалары дайындалады. Ойынның мақсаты – сандарды дұрыс жəне жылдам тауып жəне тура жəне кері ретпен тізбектеп көрсету. Ойынды күрделендіруге болады – бір сан немесе екі сан тастап сандарды атау. Оқулықтағы №2 тапсырма ауызша орындалады – тура жəне кері ретпен ондықтарды санау. |
сандар,толық ондықтар |
||
7–11
|
Мақсатты бекіту (мəселелі жағдаяттар). Оқушылар командаға бөлінеді. Əрбір команда 21-ден 100-ге дейінгі сандарды тауып, дұрыс айта білулері керек. Аз уақытта көп сан тапқан, барлық мүшелері бірдей жақсы жұмыс жасаған команда жеңіске жетеді. Бұл тапсырма арқылы мұғалім оқушылардың екі таңбалы сандарды атай алуы жəне жаза білетіндігін бақылайды.
|
21-ден 100-ге сандар жазылған карточкалар |
||
12–29
|
Жаңаны ашу. №3 тапсырма оқушыны екі таңбалы сандардың құрылуымен таныстырады. Осындай жұмыс тақтада да жүргізіледі.
Жапсырмалар жиынтығы ұсынылады. Жұмысты топпен жүргізуге болады. Топпен сандарды жазады, оларды жіктейді (сипаттама береді):
Қандай сан шығады? Екі санды салыстырыңдар. Оқулықтағы №4тапсырманы орындауды ұсынады. №5 тапсырма ойын түрінде жүреді. Дайын 100-ге дейінгі сандар кестесі ұсынылады. Топта кейбір оқушылар теріс қарайды, басқалары кестедегі сандарды фишкамен жабады. Санды дұрыс тауып, оған дұрыс сипаттама беріледі, одан соң оқушылар алмасып, тапсырманы орындай береді. Сан сипатамасының мысалы:
Түсіндіру арқылы алғаш бекіту. Жұмыс дəптерінен №1-2-тапсырма. Осы тапсырма екі таңбалы сандардың нөмірленуін білдіреді. Үлгі бойынша өз бетінше тексеру оқушының өз қатесін анықтауға мүмкіндік береді. Бағалау критерийлері: |
Оқулық, 100 дейінгі сандар кестесі, санау материалдары, дəптер. |
||
|
|
|
||
30–40
|
Жаңаны қолдану. №3тапсырма. Санның құрамын дəптерге жазады. Өздік жұмыс №4 тапсырманы дəптерге орындауды ұсынады. |
Дəптер |
||
41–45 |
Рефлексия. Оқушы өз біліктерінің мақсатқа сай екенін салыстырады: осы сабақта оқушы:
|
Жетістіктер баспалдағы |
3-сабақ. Екі таңбалы сандардың ондық құрамы
Тақырыбы: Менің сыныптас достарым |
Мектеп: |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||
Сынып: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Оқу мақсаттары |
2.5.2.1.Екі таңбалы сандардың графикалық моделін құру, разрядтық кестені қолдану |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар үшін: 100-ге дейінгі сандар, толық ондықтар, сандарды салыстыру, жазу жəне оқу. |
||
Бірқатар оқушылар үшін: 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну, натурал сандар тізбегінде санның орнын анықтау. |
|||
Кейбір оқушылар үшін: 100-ге дейінгі сандардың түрлі моделін ұсыну, модельдің көмегімен сандарды салыстыра алу. |
|||
Тілдік мақсаттар |
Пəндік лексика жəне терминология:100-ге дейінгі сандардың аталуы, толық ондықтар, бірліктер, артық, кем, ерте, кеш, алдыңғы, артқы, аралықтағы сандар. |
||
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.
4)Егер цифрлардың орнын алмастырса, онда екі таңбалы сан бола ма? Қандай сан шығады? Ол екі санды салыстырыңдар. |
|||
Жазу: 0-100 аралығындағы сандарды жазу, санның «көршілес» сандарын жазу. |
|||
Тірек білімдер, білік, дағдылар |
0-ден 100-ге дейінгі сандар, толық ондықтар, салыстыру, сандарды оқу жəне жазу. |
||
Жоспар |
|||
Жоспарланған уақыт |
Жоспарланған іс-əрекет |
Қоры |
0–3 минут |
Ынталандыру. Мұғалім оқушылармен жылдам жəне дұрыс санаудың маңыздылығы туралы əңгіме жүргізеді. Əрбір адамға санаудың қажет болатын жағдайларын атауды ұсынады. |
|
4–6
|
Белсендіру. Сабақта сыныптағы үстелдер мен орындықтар санын санаймыз. "Санды тап" ойыны ойналады. Алдын ала 50-ден 70-ке дейінгі сандардың қиықшалары дайындалады. Əрбір команда 70-ке дейінгі сандарды тауып, дұрыс айта білулері керек. Аз уақытта көп сан тапқан, барлық мүшелері бірдей жақсы жұмыс жасаған команда жеңіске жетеді. |
50–70 сандары, толық ондықтар |
7–11 |
Мақсатты бекіту (мəселелі жағдаяттар). Мұғалім оқушыларға екі таңбалы сан жазылған карточкадан алып жəне төменде ұсынылған жоспар бойынша оған сипаттама беруді сұрайды.
Оқушылар №4 жаттығу нені білдіретінін білмейтіндіктен, оларда қиындық туындайды. - Ондықтар мен бірліктердің қосындысы нені білдіреді? Оқушылар бұны сабақта білуді мақсат етіп қояды. |
Санау таяқшалары |
12–29
|
Жаңаны ашу. №1 тапсырманы практикалық жұмыс түрінде жүргізуге болады. Оқушылар жұптасып қолдарында бар материалдардан (санау таяқшалары, геометриялық фигуралар, қақпақтар, дəндер жəне т.б.) сандардың моделдерін тұрғызады. Оқушылар бірліктерді ондықтарға біріктіреді, ондықтармен санайды, екі таңбалы сандарды құрайды, олардың құрамын атайды. №1, 2-тапсырмаларды дəптерге орында. Сандарды жазады. Оның ішінде бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды іріктеп алады. Мұғалім оқушылардан 100-ге дейінгі сандардың тізбегін құрастыруды сұрайды. Берілген сандардың орнын тізбекте анықтауды оқушылар орындайды. Дайын 100-ге дейінгі сандар кестесін беруге болады. Топпен жұмыс ретінде кез келген əрбір ондықтағы түрлі сандардың орнын анықтау ұсынылады. Түсіндіру арқылы алғаш бекіту. №3тапсырма жұппен түсіндіріле ауызша айтып отыру арқылы орындалады. Топта №4 тапсырма ойын түрінде жүргізіледі. Өздік жұмыс. Тапсырманы дəптерге орындау ұсынылады. Тапсырманы орындау екі таңбалы сандардыңнөмірленуін түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Үлгі бойынша өзіндік |
Оқулық, 100 дейінгі сандар кестесі, дəптер |
|
тексеруді орындауды жəне оқушылардың жіберген қателерін анықтауды ұсынады. |
|
30–40
|
Жаңаны қолдану. №3 тапсырма дəптерге орындауды ұсынады.Тапсырманы орындағаннан кейін мұғалім оқушыларды критерийімен таныстырады. Олардың əрқайсысының алдына белгі қоюды сұрайды. Бағалау критерийі: екі таңбалы санның моделін дұрыс көрсете аламын; ондықтар мен бірліктердің қосындысына дұрыс жіктей аламын. Өткен материалмен жұмыс. Өздік жұмыс. Оқулықтан №5 тапсырманы орындауды ұсынады. Дəптерге №4 тапсырманы орындауды ұсынады. |
Оқулық, дəптер |
41–45
|
Рефлексия. Оқушы өз біліктерінің мақсатқа сай екенін салыстырады, осы сабақта оқушы:
|
Жетістіктер жолағы |
4-сабақ. Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы
Тақырыбы: Менің досым |
Мектеп: |
||
Күні: |
Мұғалімнің аты-жөні: |
||
Сынып: |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
Оқу мақсаттары |
2.1.1.3. Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу |
||
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар үшін: екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау. |
||
Бірқатар оқушылар үшін: екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы бойынша қосылғыштарға жіктеу. |
|||
Кейбір оқушылар үшін: санның разрядтық құрамы туралы білімі негізінде есептеу орындау. |
|||
Тілдік мақсаттар |
Пəндік лексика жəне терминология:Сан, цифр, бір таңбалы, екі таңбалы сандар, сан тізбегі, ондықтар, бірліктер, екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы. |
||
Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл. Екі таңбалы сан қалай құрылады? Ондықтар мен бірліктердің қосындысы нені білдіреді? Санды разрядтық қосылғыштарға қалай жіктейді? |
|||
Жазу: 0–100 аралығындағы сандарды жазу, санның «көршілес» сандарын жазу. |
|||
Тірек білімдер, білік, дағдылар |
0-ден 100 дейінгі сандар, толық ондықтар, салыстыру, сандарды оқу жəне жазу. |
||
Жоспар |
|||
Жоспарланған уақыт (минут) |
Жоспарланған іс-əрекет |
Қоры |
|
0–3
|
Ынталандыру. Оқушылар 0-ден 9-ға дейінгі сандардың қиықшаларын таңдайды. Мұғалімнің айтуымен жұп құрады. Музыканы ойнатып, музыка аяқталғанда, кез келген жұпты тұрғызып, сандарға талдау жасалады. Мұғалім оқушылардың білімін тексереді. |
0–9 цифрлары жазылған қиықшалар |
|
4–6
|
Белсендіру. Мұғалім оқушыларға екі таңбалы сан жазылған карточкадан алып жəне төменде ұсынылған жоспар бойынша оған сипаттама беруді сұрайды.
Оқушылар №4 жаттығу нені білдіретінін білмейтіндіктен, оларда қиындық туындайды. - Ондықтар мен бірліктердің қосындысы нені білдіреді? Оқушылар бұны сабақта білуді мақсат етіп қояды. Білімді белсендіруге жəне «разрядтық қосылғыштардың қосындысы» ұғымын ендіруге бағытталған №1 тапсырманы орындауды ұсынады. |
Оқулық, дəптер |
|
7–11
|
Мақсатты бекіту (мəселелі жағдаяттар). 2- (ə) тапсырмадағы санды разрядтық қосылғыштарға жіктеу тəсілімен есептеу қиын болады. Санды разрядтық қосылғыштарға жіктеу тəсілін меңгеру бастапқыда қиындау. Алдымен сатылап, 2-а) тапсырмадағы ондықтар мен бірліктерді анықтайды. "Разряд" терминін қолданбайды, оның орнына«ондықтар мен бірліктердің қосындысы» деген сөздер қолданылады. Сабақтың мақсаты – санды ондықтар мен бірліктердің қосындысына жіктеу жəне ондықтар мен бірліктердің қосындысынан санды табу. |
|
|
12–29
|
Жаңаны ашу. Санды ондықтар мен бірліктердің қосындысына жіктеу үшін екі таңбалы санның моделін қолдануды ұсынады. Тапсырма жұппен немесе топпен жүргізіледі. Санның моделі құрамындағы ондықтар мен бірліктердің санын білдіреді. Ереже құралады: Санды қосылғыштарға жіктеу үшін екі таңбалы санның ондықтары мен бірліктерінің қосындысын табамыз. №3тапсырма. Оқушылар сандардың моделдерін құрастырады жəне сандарға сипаттама береді. Түсіндіру арқылы алғаш бекіту |
Оқулық, дəптер |
|
|
№4 тапсырманытүсіндіре отырып дəптерге орындау ұсынылады. Өздік жұмыс. Дəптердегі тапсырмалардан ұсынуға болады. |
|
|
30–40
|
Жаңаны қолдану. Оқулықтағы№5 тапсырманы орындау ұсынылады. Тапсырманың «бағалау» белгісі бар. Өзіндік бағалауды ұсынады. Өздік жұмыс. Жұмыс дəптерінен №4 тапсырма. |
Оқулық, дəптер |
|
41–45
|
Рефлексия. Оқушы өз біліктерінің мақсатқа сай екенін салыстырады, осы сабақта оқушы:
|
Жетістіктер жолағы |
|
5-сабақ. 1А бөлімібойынша жиынтық жұмыс.
Оқушыларды1А бөлімі бойынша жиынтық жұмыс өткізуге дайындау керек. Жұмыстың мақсаты жəне оны орындау ережесі түсіндіріледі. Суммативті жұмысты өткізуде қарым-қатынастың ынтымақта болуын жəне жұмысқа бағдарлануын қадағалаңыз.
Осы сабақтың мақсаты - сен мақсатыңа жеткенінді тексер:
Мен:
сандар туралы білетінімді қайталауды;
21-ден 100-ге сандарды оқуды, жазуды жəне салыстыруды; сандардың моделін тұрғызуды;
разрядтық қосылғыштар қосындысын құруды үйрендім.
