Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык КР1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91 Кб
Скачать
☆

3.Мемлекеттің пайда болуының негізгі теориялары.

Мемлекеттің пайда болуының маңызды теорияларының сипаттамасы.теологиялық және патерналисік теориялар мемлекеттің пайда болуының ең ерте және көне терияларының қатарына жатады.

Теолонгиялық теориялар мемлекеттің құйшы міәнімен келіп шыққан ,бұл теориядан құдайдың идеялары мен тілегінің жүзеге асуын және жазмыштың жазуын ғана көреді. Олардың айтуы бойынша,құдай адамды жаратты,оларды қоғамға және мемлекетке біріктірді,қолында билігі бар билеушілер берді;осы теорияны ұстанғандардың ойы бойынша,құдайдың айқындаушы рөлі оның уәкілетті өкілдері арқылы да, тікелей де көрінеді. Заңдылық пен құқық тәртібін сақтау құдайдың өсиетін орындау болып түсіндіріледі,ал зайырлы билік құдайдың билігінің жердегі аналогы саналады.

Патернализмнің теологиялық теориядан айырмашылығы,мемлекеттік биліктің отбасы егесінің билігімен ұксастығы мен туыстығын көре білді.Патерналистік тұжырымдаманыың түсінігіне сәйкес, мемлекет отбасынан шығады және өзінің құрылымында,қол астындағылармен өзара қарым қатынаста отбасының ұйымдастыру және тіршілік ету принциптерін туғызады.

Озбырлық теориясы мәжбүрлеу факторларын мемлекеттің пайда болу және даму процестеріндегі бірінші себебі деп саналады. Сонымен,бұл теорияның кейбір өкілдері ішкі озбырлыққа баса көңіл бөлсе,басқалары сыртқы озбырлыққа назар аударды.Озбырлық теориясына баға бере келіп,озбырлық, мәжбүрлеу мемлекеттің пайда болуы процестеріне қатысқанымен,аталған теорияда олардың абсолюттендіріліп,шектен тыс өсіңкіреп кеткендігін айта кету кереук. Ал бұл,шындыққа жанаспайды.

Дидактикалық материалистік теория мемлекеттің пайда болуын табиғи тарихи себептермен өндіріс қаржысына жеке меншіктің пайда болуымен,қоғамның тапқа бөлінуімен,шиеленіскен әлеуметтік келіспеушіліктер мен қарсыласулар тудыратын олардың теңсіздігімен,таптық қарама қайшылықтың ымырасыздығымен түсіндіріледі.

4.Мемлекеттің механизмі және аппараты.

Мемлект механизімі – мемлекет әрекеттінің негізгі бағыттарын жүзеге асыратын қоғамды басқаруды жүргізетін, белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Мемлект механизімі шынайы ұйымдастырушылық және материалдық күш, мемлекет оны қолдана отырып, билікті жүзеге асырады және белгілі бір саясатты жүргізеді. Әдетте заң әдебиеттерінде «мемлекет механизмі» және «мемлекеттік аппарат» түсініктер синоним сездер ретінде қолданылады. Мемлекет механизмі – бұл мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағьггталған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекет аппартының, оның барлық бөлімшелерінің мазмұнын қоғамдык өмірдің барлык салаларының тиісті ұйымдаусы мен тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық қызметті құрайды. Сондай-ақ, мемлекет аппараты ретінде тұрақтылықты (статика) алынған мемлекеттің барлық органдарын, ал мемлекет механизмі ретінде осы органдарды қозғалыста (динамикада) қарастырған ғылыми көзқарастар да бар. Мемлекет аппартын зерттеу барысында белгілі бір мемлекеттік органының маңызы, құрылу тәртібі, құзіреттілігі туралы мәселелер көтеріледі, ал мемлекет механизімін зерттеу барысында мемлекеттік органдардың әрекеті, олардың мемлекеттің белгілі бір қызыметін жүзеге асыру үрдісіндегі өзара байланысы қарастырылады. Аталған көзқарасдың авторларлары ретінде В.В.Лазеров пен С.В.Липенді атауға болады. Мемлекет механизімінің маңызды белгілеріне мыналар жатады: - ол өзара байланысты мемлекеттік органдардың тәртіптелінген жиынтығын, яғнижүйесін көрсетеді. Мемлекет механизіміне заң шығару органдары (парламент), өз әкімшілігімен қоса призидент, атқару аргандары (үкмет, министірліктер, ведомствалар, мемлекттік камиттеттер, әкімиаттар), сот органдары, пракуратурлық және өзге де қадағалау органдары, полиция, салық полициясы, қарулы күштер және тағы басқалар кіреді. Олар жиынтығында билік құрудың бір тұтас жүйесін құрайды; - оның біртұтастығы ортақ мақсаттар мен міндеттер арқылы қамтамасыз етіледі. Мақсат пен міндеттер жағарыда көрсетілген сан алуан мемлекеттік құрылымдарды тұтас ағзаға айналдырады, ортақ мәселелерді шешуге бағыттайды; - мемлекет механизмінің негізгі элементі ретінде биліктік өкілеттіктерге ие мемлекеттік органдар танылады; - мемлекеттік билікті жүзеге асырудың, нақты нәтижелерге жетудің ұйымдастырушылық және материалдық күші, құралы болып табылады.