Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык КР1.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
91 Кб
Скачать
☆

5.Мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметтері.

Мемлекет мынадай қызметтерді атқарады: шаруашылық жүргізу (меншік) мәселелерін реттеу (бөлу), жер бөлу, алым-салық жүйесін белгілеу, адамдардың құқықтық жағдайын белгілеу, қорғанысты қамтамасыз ету, тағы басқа мемлекет саяси ұйымдардың ішіндегі ерекше күрделісі және қуаттысы бола отырып, бүкіл қоғамды қамтып, сол қоғам атынан оның ішінде де, сыртында да өкілдік етіп, сол қоғам үшін қызмет ететін саяси ұйым. Осыған орай мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанама әсер ететін ерекше органдары және оны басқа саяси ұйымдардан ажырататын белгілері бар:

  • 1) өз аумағында бүкіл қоғамның жалғыз ресми өкілі ретінде халықты азаматтық тұрғыда біріктіреді;

  • 2) жоғарғы билік, тәуелсіздік мемлекетте ғана болады. Ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз, яғни сол қоғамның ең жоғарғы билігін өз қолында ұстап, ішкі және сыртқы саясатын өз қалауымен жүзеге асырады;

  • 3) заң күші мен құқық нормаларын шығару, құқық шығарма мемлекетке ғана тән;

  • 4) билеуші органдарының болуы. Оның органдарында тек қана басқару ісімен шұғылданатын арнайы қызметкерлері болады. Қоғам тәртібін сақтау үшін мемлекет әскері мен жасағы құрылады. Сыртқы күштердің ықпалынан қорғану үшін оларға қарсы барлау ұйымдастырылады;

  • 5) мемлекет органдары мен онда қызмет ететін адамдарды қаржыландыратын арнаулы материалдық қор болады, ондай қор жасау үшін алым-салық белгілейді және жинайды;

  • 6) өз тұрағы, аумағы бар. Сол аумақта билігі жүреді, өмір сүреді және оны қорғау мақсатында тынымсыз әрекет жасайды. Басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін аумақты әкімшіліктерге бөледі.

  • 7) құқықтық жүйенің қалыптасуы. Басқарылатын қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады.

Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілетті органы болады. Мемлекетті шаруашылық жүргізу тәсіліне қарай құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық,социалдық деп бөлу олқылықтарына қарамастан бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. Сонымен бірге батыс зерттеушілері мемлекетті мәдени белгілеріне қарай ислам, қытай, батыс, православтық деп өркениеттік жіктеу негізінде де бөледі. Осы пайымдауларға қоса мемлекеттерді пайда болған табиғи ортасына қарай ірі өзендер аймағында, теңіз жағалауларында, далалы-орманды жерлерде пайда болған мемлекеттер деп бөлуге болады. Мемлекеттің пайда болуына әр түрлі табиғи орта мен әлеуметтік жағдай әсер етеді, сондықтан да белгілі бір аумақтағы мемлекеттің қалыптасу барысы әр түрлі болады. Ол мемлекет туралы әр түрлі ілімдердің пайда болуынан көрінеді.

6.Мемлекет нысаны.

Мемлекет нысандары — саяси өкіметті ұйымдастыру жолдары, басқару нысанын, мемлекеттік ұйымдастыру нысанын және саяси режимді қосып алады.

Егер «мемлекеттің негізі» санаты мемлекеттегі басты, зандылық неге байланысты екенін белгілесе, «мемлекет нысаны» санаты – қоғамда кім және қалай басқарады, қалай ұйымдасқан және ондағы мемлекеттік билік құрылымы қалай қызмет істейді, ол аумақтың тұрғындары қалай біріккен, әр түрлі аумақтық және саяси құрылымдар мемлекетпен қалай қатынаста, қандай әдістердің және жолдардың көмегімен саяси билік жүргізілетіндігін көрсетеді.

Мемлекет және  құқық  теориясы  құқық пен  мемлекеттің  шығу себебін, белгілерін, функцияларын, типологиясын, аппаратын, қоғамдық саяси жүйеде алатын орнын тағы басқа маңызды мәселелерін зерттейді. Әсіресе нарық  жолына түскен біздің егеменді елімізде мемлекетіміздің нысаны амалын түсіну, жетілдіре түсу мәселелерінің де мәні зор-ақ.

Аристотельдің берген мінездемесі бойынша, мемлекеттің нысаны ол    жоғарғы    өкімет    органдарының    іске    асатын    саяси    жүйесі.

Мемлекетті дұрыс басқарудың үш нысаны бар: Монархиялық басқару (королдік билік), Аристократтық және Полития, ал бұрыс нысанда тирания, олигархия, демократия жатады, ең дұрыс нысанды Аристотель полития деп түсіндірді.

Полития көпшіліктің мақсатын көздеп мемлекетті басқарады. Аристотельдің ойлауынша, политая олигархия мен демократияның өзіне жақсы жағын алады. Полития мемлекеттің орташа нысаны. Мемлекет ортанғы азаматтардан тұрса, ол ең жоғарғы дәрежедегі мемлекеттік қатарға жатады.

Басқару нысаны мынандай мәселелерді түсінуге мүмкіндік береді:

— мемлекеттің жоғарғы орғаны қалай құрылады және олардың құрылымы қандай;

—  жоғарғы және басқа мемлекеттік органдардың арасындағы қарым-қатынастардың негізінде қандай принциптер жатыр;

—  жоғарғы мемлекеттік билікпен тұрғындардың арасындағы қарым-қатынас қалай құрылған;

— жоғарғы мемлекеттік органдардың ұйымдастыру қызметі азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз етуге қандай деңгейде мүмкіндік береді.

Жоғарыдағы айтқандарымыздың қорытындасы 1995 жылдың 30 тамызында кабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабында көрсетілген: «Қазақстан Республикасы — президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет «.

Президенттік басқару нысандары әр елде әр түрлі болады. Президенттік басқаруға тән мынандай сипаттарды айтуға болады:

1. Президентті Парламентсіз сайлау және үкіметті құру тәсілі;

2. Үкіметтің Парламенттің алдында емес, Президенттің алдындағы жауаптылығы;

3. Парламенттік республикаға қарағанда, мемлекет басшысының өкілеттігінің көбірек кеңдігі.