- •2.1 «Шах» супермаркетінің бизнес-жоспары
- •Өндіріс объектісінің сипаттамасы
- •Саланы сипаттау.
- •Ұйымдастырушылық жоспар.
- •Маркетингтік жоспар.
- •Қаржылық жоспар.
- •Тәуекелдерді талдау.
- •Қазақстан Республикасының ауыл-шаруашылық министрлігі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті
- •Бизнес-жоспар
Саланы сипаттау.
Супермаркет «Шах» қызметі ұзақ мерзімге жоспарланған. Бизнес жоспар құру кезінде клиенттермен алдын – ала келісіп, оларға қандай тауар керектігі анықталған. Ұзақ мерзімді ірі кәсіпкершілікте өте қиын жағдай туындайды. Ол кәсіпкердің тауарына деген сұранысының өзгеруін анықтау, оның сатылуы, тұтынылуы. Бизнес жоспар жасағанда бағалау, есептеу және болжау негізінде құрылады. Бұл салада тұтыну тауарларын сататын басқа да супермаркеттер, дүкендер көптеп кездеседі. Олар негізгі бәсекелестер болып табылады. Бәсекелестік супермаркеттің дамуының факторының бірі бәсекелестері ескере отырып сатылу көлемін жоспарлағандай іске асыру қиынырақ болады. Ол үшін бәсекелестердің қызметін біліп, олардан керегін үйреніп, олардан да сапалы қызмет көрсетуді ұйымдастыру керек. Супермаркеттің бизнес жоспарын құрғанда нарықты толық зерттеу керек.
Яғни сұраныс пен ұсыныс деңгейін, нарықта қандай тауарға қажеттілік туындағанын зерттеу керек. Осы факторларды толығымен зерттеп бәсекеге қабілетті үлкен супермаркет ашу керек. Бәсекелестен озудың негізгі жолдарының бірі баға саясаты. Осы аудандағы, осы саладағы бәсекелестердің тауарының бағасынан арзан баға белгілеу керек. Супермаркет «Шахтың» тауарларының бағасы басқа супермаркеттерге қарағанда екі есе арзан. Себебі біздің супермаркет өндірушіден тауарды тікелей ешбір делдалдың көмегінсіз алуды да, оның үстіне 10% үстеме қосады. Бұл баға тұтынушыға өте икемді. Олар супермаркет клиенттерінің санын көбейтеді. Бизнес жоспар құру кезінде супермаркеттің клиенттері тек қана аудан тұрғындары емес, сонымен қатар бірнеше кәсіпкерлермен, компаниялармен келісім жасалған. Олар супермаркеттің тұрақты клиенттері болып саналады. Оларға сұранысына сай белгіленеді. Бизнес жоспар құру кезінде болашақ клиенттерді анықтап алған жөн, себебі оларға байланысты супермаркеттің өмір сүру уақыты анықталады. Бұл бизнес түрімен айналысқанда көптеген заңнамаға сәйкес міндеттерді орындауға міндеттеледі. Соның ішінде қоршаған ортаны ластамау, міндетті салық түрлерін уақытында төлеу, тұрғындарға әлеуметтік көрсету де қарастырылған. Баға саясатын тұрақты ұстану, болашақ клиенттерге сапалы қызмет көрсету супермаркеттің дамуына оң әсер етеді.
Ұйымдастырушылық жоспар.
Супермаркет жұмыс істеу барысында онда жұмыс істейтін мамандар мәселесі туындайды. Жұмысшы жалдау барысында олардың кәсіби біліктілігін ескерген жөн. 2 – кестеде супермаркетке керекті мамандар және оларға төленетін еңбекақы сомасы көрсетілген.
2 – кесте
Супермаркетке керекті кадрлар және оларға төленетін жалақы
Керекті мамандар |
Мамандар саны |
Жұмыс күні (1 айға) |
Төленетін жалақы (әр адамға) |
Зейнетақы қоры |
Беруге сома |
Бөлім бастығы |
3 |
30 |
50 000 |
10% |
45 000 |
Сату жөніндегі менеджер |
2 |
15 |
40 000 |
10% |
36 000 |
Бухгалтер |
1 |
30 |
45 000 |
10% |
40 500 |
Сатушылар |
10 |
30 |
25 000 |
10% |
22 500 |
Жеке жүргізуші(тауар жеткізетін) |
2 |
30 |
30 000 |
10% |
27 000 |
Күзетші |
3 |
10 |
25 000 |
10% |
22 500 |
|
21 |
|
215 000 |
|
193 500 |
Супермаркетке тұтыну тауарларын, тұрмыстық техника, киім – кешек сататын үш бөлім болғандықтан үш бөлім бастығы тағайындалады. Олар өз бөлімдерінің қызмет ету сапасын көтеру үшін, сол бөлімдегі жұмысшыларды басқару үшін керек. Бұл қызметкерлер 2 – 3 жыл еңбек өтімі бар кәсіби білікті мамандар. Бөлім бастығынан басқа сату жөніндегі менеджер, бухгалтер, сатушылар, жеке жүргізуші және күзетшілер бар. Жеке жүргізуші супермаркетке керекті тауарларды жеткізу мен айналысады. Күзетшілер кезек кезекпен 10 күнде бір супермаркетті күзетеді.
Жұмысшылардың барлығы өз жалақысының 10% - ын зейнетақы қорына аударып отырады. Жұмысшыларға жалақы түскен пайдадан бөлініп отырады. Жұмысшылар белгіленген саннан артық алынбайды.
3 – кесте
Супермаркеттің негізгі капиталы
Негізгі қорлардың түрлері |
Орташа құны млн. тг |
Аммортизациялық аударымның жылдық нормасы% |
Ғимарат |
600 |
5 |
Жер |
500 |
5 |
Құрал – жабдық |
50 |
12 |
Транспорт |
25 |
20 |
3 – ші кестеде супермаркеттің негізгі капиталы көрсетілген. Олардың орташа құны нарықтық бағамен анықталған. Супермаркетті орналастыру үшін ауданнан арнайы жер төлемі сатып алынды. Сол жерге арнайы супермаркеттің ғимараты тұрғызылды. Оның орташа құны 600 млн. теңгеге бағаланды. Сауда орны толық жұмысқа кірісу үшін арнайы құрал – жабдықтар сатылып алынды. Ал транспорт өндірушілерден керекті тауарды тасымалдауға өте қажет. әр негізгі қордың жылдан жылға тозуы мүмкін. Осыған орай олар өзінің құнын толық дайын өнімге ауыстыруы үшін жылдық аммортизация аударымдарының нормасы белгіленеді. әр негізгі қордың өзінің аммортизациялық аударымы пайызбен көрсетілген. Осы екі кестеден супермаркетті ұйымдастырудың негізгі структурасы көрсетілген.
