- •2.1 «Шах» супермаркетінің бизнес-жоспары
- •Өндіріс объектісінің сипаттамасы
- •Саланы сипаттау.
- •Ұйымдастырушылық жоспар.
- •Маркетингтік жоспар.
- •Қаржылық жоспар.
- •Тәуекелдерді талдау.
- •Қазақстан Республикасының ауыл-шаруашылық министрлігі Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті
- •Бизнес-жоспар
Тәуекелдерді талдау.
Көптеген кәсіпкерлер қажетті қаржысы бола тұрып, супермаркет ашарда көптеген қателіктер жіберіп жатады. Бұл оның кейін банкрот болып пайда таппақ түгілі кеткен шығынын да жаба алмай қалады. Белгілі бір бизнес бастағанда онда болатын тәуекелдерді ескеру керек.
Жаңадан супермаркет ашамын деген кәсіпкерге біріншіден қателікке жол бермеу керек. Бизнес жоспар жасауда арнайы мамандардың қызметіне жүгінуге болады. Олардың қызметі арзан емес, бірақ супермаркет ашқан кезде қателіктерге жол бермесе оған кеткен ақша мың есе қайтарылады. Басқа супермаркетке қарағанда өзіндік бір ерекшелігің болу керек. Қазіргі көптеген супермаркеттердің сәтсіздікке ұшырауының себебі олар басқа супермаркеттердің көшірмесі болып табылады.
Бірінші кезекте бұл көшірме әр қашанда түп нұсқаудан нашар болып шығады, сондықтан клиенттер өзіне үйреншікті супермаркетін ауыстырғысы келмейді. Екіншіден супермаркет басшысы бизнес жоспарды дұрыс құрмағандықтан жоспарланған пайданы ала алмағандығына таң қалуы, ал үшіншіден клиенттерге толыққанды қызмет көрсетпеу немесе клиенттердің көңілінен шыға алмау. Супермаркет жоспары Ақтау қаласына арнайы жасалған, егер бұл жоспарды басқа қалаға қолданса жоспарланған пайда өзгеруі мүмкін (жоғарлауы немесе керісінше төмендеуі мүмкін). Инфляция деңгейі де супермаркет пайданы тікелей әсер етеді. Қымбатшылық кезінде супермаркет өзінің жоспарланған пайдасын табу үшін тауар бағасын қымбаттауы мүмкін. Бұл да клиенттерді жоғалтып алудың үлкен тәуекелі. Баға саясатын толық бір қалыпты ұстап отыру үшін өзіңнің серіктестеріңмен немесе басқа бәсекелес супермаркеттермен де келісімге келу керек.
Инфляция деңгейі қарқындап дамып келе жатыр. Халықтың әл – ауқаты жақсарып кәсіпкершіліктің түр – түрімен айналыса бастады. Көбісі супермаркеттер мен басқа да сауда орындарын ашады. Бұл таңқаларлық жайт емес, себебі супермаркет табысы өте жоғары бизнестің бір түрі. Соның дәлелі ретінде Алматы қаласында күн сайын жаңа супермаркеттер ашылып жатады. Көбісі тәуекелділікті дұрыс бағаламағандықтан шығынғы батып жатады. Міне осы салада бәсекелестікке шыдап, қателіктерге жол бермеу үшін болашақта мүмкін болатын тәуекелдерді зерттеп, толық бағалау керек. Сонда ғана сіздің бизнесіңіз жанданып, шарқырап дами береді.
РЕЗЮМЕ
Аты-жөні: Мұрсал Жантілек Кемелбекұлы
Мекен-жайы: 10000, Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы
Телефон: 8 (7292) 600119, ұялы телефон: +77016518700
Е-mail : MursalZhantilek@mail.ru
Жалпы ақпарат Туған жылы: 1998 жылғы 18 қаңтар
Ұлты : қазақ
Жынысы: ер
Отбасы жағдайы: үйленбеген
Азаматтылығы: Қазақстан Республикасы
Жұмыс тәжірибесі: -
Білімі:
Орта 2004-2015жж. Есір Айшуақұлы атындағы орта мектеп
Жоғары 2015-2019жж. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті – «Кадастр» - бакалавр
Тілді білуі: қазақша- ана тілім, орысша- еркін,
ағылшынша – сөздік бойынша
Компьютерді игеруі: MS Office, E-mail, барлық интернет браузерлермен жұмыс істеу, Internet, графикалық бағдарламалар, База данных My SQL
Жеке қасиеттері: жауапкершілікті, жан- жақтылық, ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеттері,
талапшыл, алдына қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас.
Құштарлығы: кітап оқу, саяхатқа шығу, бос уақытта интернетте it- жаңалықтарды оқу, мобильді телефондар дамуын зерттеу,спортпен айналысу, тілдер үйрену, футбол ойнау.
