- •Лекция 1. Геоботаника пәннің мақсаты ғылымдар жүйесіндегі орны дамуының негізгі кезеңдері
- •Лекция 2. Фитоценоз туралы түсінік. Фитоценоздардың қалыптасуы және оның компонентерінің қарым - қатынасы.
- •Геоботаникалық негізгі ғылыми мектептер дәстүрлі және бағыттар
- •1. Лионерлік топталушылық. Көрші өсімдіктер арасында бір-біріне елеулі әсер ету байқалмайды.
- •Лекция 3. Фитоценоздағы өсімдіктердің өзара қатынасы.
- •Дәріс №4 Фитоценоздың құрамы
- •Дәріс №5 Фитоценоздар флорасының географиялық элементтері
Лекция 3. Фитоценоздағы өсімдіктердің өзара қатынасы.
Фитоценозға кіретін әр өсімдік, биологиялық және морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты, қоршаған ортага өзінің белгілі эсерін тигізеді. Фитоценоз компоненттерінің бір-біріне әсер етуі оның негізгі белгілерінің бірі болып табылады. Бүл белгі әлі фитоценоз ретінде қалыптаса қоймаған басқа өсімдік топтарынан фитоценоздың негізгі айырмашылықтарының бірі болып табылады. Егерде өсімдіктер өздерінің жер үстіндегі немесе жер астындагы мүшелері арқылы түтасып байланысқан болса ондай учаскелерді өсімдіктер қауымы /фитоценоз/ деп санау қабылданган.
Өсімдіктердің бір-біріне әсерлері әр алуан, олардың классификациясын үш тұргыдан /Миркин, Розенберг, 1978/ қарауға болады: 1/ бір-біріне әсер ету жолдары; 2/ өсімдіктердің бір-біріне әсер етуін көрсететін нәтижелері; 3/ өсімдіктердің бір-біріне әсер.
Ортаның алғашқы климаттық және эдафикалық факторлар комплексі фитоценоз компоненттерінің эсерінен өзгеріп фитоценоз қалыптасуы процесінде экотоп биотопқа айналады. Бүл өзгерістер өте нашар және өте күшті болуы мүмкін, ол фитоценозды қүратын өсімдіктердің элсіздігі /мысалы: шабындық өсімдіктері/ не күштілігіне /мысалы: шырша немесе сфагнум мүгі/ брйланысты. Өсімдіктер қауымында түрлер арасындагы қарым - қатынас негізгі бәсеке болгандықтан фитоценоздағы өмір жағдайы ашық өсімдіктер топтарына Карағанда күрделірек. Бұл туралы өткен ғасырдың соңында Ф.Штеблер жэне К.Шретер /1891/ жазған болатын. Сол кезден бастап геоботаниктер әрбір өсімдік түрі үшін экологиялық және фитоценотикалық оптимумдарын ажырата бастады.
Экологиялық оптимум дегеніміз өсімдіктің түріне конкуренция жоқ жерде /мысалы: пионерлік топта/ ең көп масса беруіне жағдай жасайтын ортаның факторларының қолайлы үлестірілуіне.
Фитоценотикалық оптимум дегеніміз фитоценоз компоненттері арасында қатты конкуренция бар жағдайда өсімжік түрінің жақсы өркендеп өсе алатын ортаның жағдайы.
Түрдің экологиялық және фитоценотикалық оптимумы туралы сүраққа А.З. Прозоровсқий /1940/ ғылыми тәжірибе тұрғысынан жауап береді. Прозоровсқий далада өсетін өсімдіқ түрлерінің бәсеке /конкуренция/ жоқ болса шабындық ылғалдылығы жағдайында барынша көп масса бере алатындығын көрсетті. А.П. Шенниқов /1942/ оларды құрғақсүйгіштер емес қүрғаққа төзгіштер деп аталады. Дала жағдайында өсетін өсімдіқтер ылғалдың жетіспеушілігіне бейімделген /мысалы, шымды астық тұқымдастар/, сондықтан дала жағдайында олардың конкуренцияға түсуге күшті қабілеттігі бар. Ал шабындықта ортаның жеткілікті ылғалдылығы жағдайында таза фитоценотикалық себептерге байланысты олар /дала өсімдіқтері/ өсіп жетіле алмайды, өйткені мезлфиттердің /ылғалдылығы жеткілікті, бірақ шамадан артық болмайтын жағдайда өсетін өсімдіқтер/ конкуренциясы төзе алмайды.
Әрбір өсімдік түрі үшін екі оптимумның бар екендігі ғылыми тажірибе негізінде дәлелденген. Бұл түсініктерге көп көңіл бөліп анализ жасаған Т.А.Работнов /1966/ ең қолайлы деп «аутоэкологиялық» /экологиялық/ және «синэкологиялық» /фитоценоткалық/ оптимум терминдерін үсынды /оптимумдар туралы толығырақ фитоценоздар экологиясы 151 тарауында беріледі.
