Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекции 1-5.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
53 Кб
Скачать
☆

Дәріс №5 Фитоценоздар флорасының географиялық элементтері

Фитоценоздардың формацияның және басқа өсімдіктер жабынының бөлімдерінің флорасында түрлердің үш тобын ажыратуға болады : эндемдер, аэндемдер және айремдер

Эндемдер-географиялық шашағын аймаққа ғана таралған, басқа жерлерде кездеспейтін түрлер; аэндемдер-осы шағын аймақта пайда болған, бірақ қазіргі ареалы ол аймақ териториясының сырт жерде пайда болған түрлер. Сонымен бірге , сирек және реликті түрлерді көрсету қажет. Екі формацияның немесе екі аймақтың флораларының айырмашылығы немесе ұқсастығын ортақық коэфицент арқылы көрсетуге болады:

К=а+в-с/а+в+с

мұндағы а-бірінші аудандағы түрлердің саны; в-екінші аудандағы түрлердің саны; с-түрлердің жалпы саны.

Әдетте фитоценоздардың, формацияның немесе өсімдіктер типінің флорасына талдау жасағанда оларды дербес географиялық элементтерге немесе геоэлементтерге бөледі. Географиялық элементтерге бөлгенде негізгі континенттердің көпшілік мақұлдаған бөлінуі алынады-голарктикалық , палеотропикалық, неотропикалық, австралиялық, қаптық және антарктикалық элементтері. Егер де Тянь-Шандағы бір формацияның флорасын алсақ , онда мынандай геоэлементтер бөлінеді: эндемдер, тянь-шань-джунгарлық, тянь-шань-алтайлық, тянь-шань-сибирлік, тянь-шань-памирлік және с.с.-тың флорасына талдау жасауға болады.

Флоралық дүниелер

Флоралық дүние-өте үлкен флоралық бөлім. Жер шарында бір-бірінен флорасымен кенет өзгешеленетін алты флоралық дүниелер

Алтай флорасының геоэлементтерінің спектрлері: I – орман округі (прителецкии); II – тау округі; I I I – биік тау округі 1- алтайлық;

2- орта азиялық; 3 – азиялық; 4 – евразиялық; 5 – голарктикалық;

6 – космополиттік геоэлементтер

I. Голартикалық дүние. Ол Солтүстік жартышарының тропикадан басқа бүкіл бөлігін қамтиды. Бұл аймаққа Aceraceae, Apiaceae, Brassicaeae, Campanulaceae, Beezberidaceae, Setulaceae, Primulaceae, Ranunculaceae, Rosaceae, Salicaceae, Saxifragacea және басқаларға тән. Басқа флоралық дүниелерде бұл тұқымдастар аз немесе тіпті кездеспейді. Көлемді Carex туысының көптеген түрлері тек қана голартикалық дүниеде кездеседі. Голартика дүниесі бірнеше флоралық аймақтарға бөлінеді: шығысазиялық, ортазиялық, батысазиялық, шығыссібірлік, жерорта теңізі-макронозейлік, европалық батыссібірлік, щңтүстік атлантикалы-солтүстікамерикандық, солтүстік атлантикалы-солтүстікамерикандық, тынықмұхитты-солтүстікамерикандық және циркомартикалық.

II. Палеотропикалық дүние. Ол ескі Әлемнің барлық тропикалық (ыстық жақтар) аудандарын қамтиды және көптеген қысы суық болатын аймақтарда кездеспейтін, тропикалық тұқымдастардың (мысалы: Pandanaceae, Lingiberaceae) және басқалары болатындығымен ерекшеленеді. Мұнда үш дүние тармағын бөледі:

а) африкалық

б) индо-малайлық

в) полинезиялық.

Бұлардың әр қайсысы эндемикалық тұқымдастардың болуымен сипатталады.

III. Неотропикалық дүние. Бұған Мексика, орталық және Оңтүстік Америка (ең шеткі оңтүстік аудандардан басқа) жатады. Бұл флоралық дүниеде, палеотропикалық дүниеде кездесетін тропикалық тұқымдастар өте көп кездеседі, бірақ туыстардың көпшілігі әртүрлі.

Тропикада кең тараған туыстардың 47℅-ті палетропикалық дүниеде кездеседі, тек 13℅ ғана екі дүниеде бірдей кездеседі.

IV. Автралиялық дүние. Бұл флоралық дүние ерекше оңашаланған жағдайда. Мұндағы барлық түрлердің 86℅ тек қана Автралияда кездеседі. Бірқатар эндемикалық тұқымдастар, тұқымдас тармақтары және туыстар бар. Ерекше есте қаларлықтары Eucalyptus және Acacia туыстары Eucalyptus туыстарының 450 шамасында түрлері бар, олардан Австралияның барлық ормандары тұрады.

V. Антарктикалық дүние. Бұл дүние Оңтүстік Америкадан Жаңа Зеландияға дейін созылып, Антарктида континентін қоршап жатады.

Антарктида континентінде гүлді өсімдіктердің текосы жерге ғана тән жергілікті екі түрі кездеседі: Colobanthus crassifaiug (Cariophyllaceae) және Deschampsia Antarctica (Poaceae).

Ерекше маңызы бар антарктикалық элемент –Nothffagus туысы. Бұл туыстың түрлері басқа кейбір антарактикалық ағаш туыстарымен бірге Жаңа Зеландияда және Оңтүстік Американың оңтүстік батысында ылғалды антартикалық ормандары құрастырады.

VI. Кап дүниесі. Бұл флоралық дүниелердің ішіндегі көлемі жағынан уң кішкентайы, оған тек Африканың оңтүстік-батыс шегі ғана кіреді, бірақ соған қарамастан бұл дүниеде 6000-нан астам гүлді өсімдіктердің түрлері кездеседі. Бұл аймақта бірнеше эндемикалық тұқымдастар (Bruniaceae, Panacaceae) және басқалары бар. Үйлерде өсетін өсімдіктердің көбісі, мысалы Pelazgonium, Amaryavllis, Frecsica және басқалары Щңтүстік Африкадан шыққан.