- •Хх ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы және өлкедегі қоныс аудару саясаты.
- •Хх ғасыр басындағы Қазақ жерінде өнеркәсіп ошақтарының қалыптасуы мен ахуалы.
- •Хх ғасыр басындағы Қазақстанның аграрлық жағдайы мен оның отаршылдық сипаты. П.А.Столыпин реформалары.
- •Хх ғ. Басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуы және олардың қызметі мен шығармашылығы.
- •Хх ғ. Басындағы ағартушылық ойлардың, ұлттық баспасөздің қалыптасуы мен олардың Қазақстанның қоғамдық-саяси жағдайына әсері
- •1905 Ж. Бірінші орыс революциясы және оның өлкедегі қоғамдық-саяси қозғалысқа әсері.
- •Қазақтардың Ресейдің і – іі Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы.
- •Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі.
- •1916 Жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері.
- •1916 Жылғы Ұлт-азаттық көтерілістің негізгі ошақтары мен жетекшілері.
- •1916 Жылғы Амангелді Иманов бастаған көтеріліс
- •1916 Жылғы көтеріліс және оның нәтижелері мен қорытындылары.
- •Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі.
- •1917 Ж. Шілдедегі I жалпықазақ съезі. «Алаш» партиясының құрылуы және оның бағдарламасы.
- •1917 Ж. Қазан төңкерісі, мәні, сипаты және оның Қазақстанның саяси өміріне әсері.
- •Өлкедегі ұлттық үкіметтердің құрылуы. 1917 ж. Іі Жалпықазақ съезі. «Алаш» автономиясының жариялануы және «Алашорда» өкіметінің құрылуы.
- •2) Қазақ-қырғыз автономиясы — «Алаш»[2] деп аталсын…
- •3) Алаш автономиясының жер үстіндегі түгі -— суы, астындағы кені Алаш мүлкі болсын…
- •5) Қазақ-қырғыз арасында тұрған аз халықтың құқықтары теңгеріледі. Алаш автономиясына кірген ұлттардың бүкіл мекемеде санына қарай орын алады…
- •1917 Ж. Қарашадағы мұсылмандардың іv төтенше съезі. Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы.
- •Азаматтық қарсыласу жылдарындағы Қазақстан және қазақ жерлеріндегі әскери іс-қимылдар. Қызыл Армияның және Алашорданың Ұлттық әскери бөлімдерінің құрылуы
- •Соғыс жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. «Әскери коммунизм»(1918-1921) саясаты: оның қазақ өлкесіндегі жүргізілуі мен салдарлары.
- •Қырғыз (Қазақ) революциялық комитетінің құрылуы мен оның ұлттық мемлекет құру идеясына қарсы іс-әрекеттері.
- •Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы және оның саяси-әлеуметтік маңызы.
- •Кеңестер билігінің экономикалық іс-шаралары. Жаңа экономикалық саясат: мазмұны мен жүзеге асырылу ерекшеліктері.
- •1921-1922 Ж.Ж. Ашаршылық және оның салдарларымен күрес.
- •Қазақстандағы 1921-22 жж. Жер-су реформасы: мақсаты және жүргізілу ерекшеліктері.
- •Қазақ жерлерінің Қазақ акср құрамына біріктірілуі (1924-1925 жж).
- •Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру идеясы, оның ерекшеліктері мен сипаты. Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы және оның қатерлі мазмұны.
- •Қазақстандағы 1920-30 жж. Кеңестік білім беру ісінің қалыптасуы мен ерекшеліктері, нәтижелері мен қайшылықтары.
1905 Ж. Бірінші орыс революциясы және оның өлкедегі қоғамдық-саяси қозғалысқа әсері.
1905—1907 жылдары Ресейде бірінші орыс революциясы болып өтті. Қазақстанда халықтың өкімет билігіне қарсы қарулы қақтығысы бола қойған жоқ. Бірақ қазақтардың, жұмысшылар мен шаруалардың жекелеген баскөтерулері орын алды. Ол жылдардағы маңызды оқиғалардың бірі қазақтардың Ресей Мемлекеттік Думасының жұмысына қатысуы болды.
1905 жылдан 1907 жылға дейінгі кезеңде бірінші орыс революциясы болып өтті. Оның жаңғырығы Қазақстанға да жетті. Патша үкіметінің 1905 жылғы 9 қаңтарда қарусыз шеруге шыққан жұмысшыларға оқ атып, қырып салғаны оның қанішер зұлымдық саясатын әшкерелеп берді. Бұл хабар халықтың кекке толы ашу-ызасын келтірді. Қазақтың белгілі ақыны әрі этнограф, тарихшы, шежірешісі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиғаға арнап «Қанды жексенбі» деген өлең жазды. Өлеңнің «Айқап» журналына жарияланғалы жатқанын сезіп қалған жергілікті отаршыл әкімшілік оны басып шығаруға тыйым салды. Автор қуғын-сүргін көрді. Ташкент, Қоқан жағында және Ішкі Орда аумағында бой тасалауға мәжбүр болды.
Верный, Перовск, Қазалы, Орал, Ақтөбе, Петропавл мен Семейде жұмысшылардың наразылық жиналыстары мен митингілері болып өтті. Ақмола облысы мен Далалық өлке орталығы Омбы қаласында да халық наразылық шеруіне шықты.
Қазақстанда жұмысшылардың өре көтерілуі мен ереуілдері темір жол бекеттерінде ерекше орын алды. Алайда олардың патша үкіметіне қарсы қарулы қақтығыстары бола қойған жоқ. Өйткені жұмысшы табының қатары әлі аз еді. Саяси жағынан пісіп жетілмеген, көтеріліске әзірленбеген болатын. Жұмысшы табы енді ғана қалыптасып келе жатқан-ды. Оның үстіне, шет аймақтың ұлттық ерекшелігі де тежеуші әсерін тигізбей тұра алмады. Патшалық самодержавие мұнда еуропалық ұлт өкілдерінің ат төбеліндей аз жұмысшылары мен жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ жұмысшылары арасына от тастап, оларды бір-біріне қарсы қоюға тырысып бақты.
Бұл кезенде патша үкіметінің отаршылдық саясаты күшейіп, барған сайын асқына түсті. Мұны мынадан айқын көруге болатын еді. Біріншіден, қазақтардың жерлерін қоныс аударушы орыс шаруаларының және қазақтардың қорын жаппай тартып алу одан әрі жүріп жатты. Патшаның 1904 жылғы жарлығы бойынша бұрынғы Сібір шекара шебіндегі ені он шақырымдық бейтарап алқап казак әскерлерінің «мәңгілік» пайдалануына берілді. Патша үкіметінің осы және басқа да озбырлық әрекеттері салдарынан дала тұрғындары жаппай жерсіз қала бастады. Мәселен, XX ғасырдың бас кезінде бір ғана Семей облысының өзінде 147 мыңға жуық қазақ жерсіз қалды. Сондықтан да жерсіз қазақтар жерді Сібір қазақтарынан, император әулетінің Алтай таулы округіндегі меншікті аумағынан, Томск, Тобыл губернияларындағы орыс шаруаларынан, сондай-ақ Қытай империясының әкімшіліктерінен жалға алып пайдалануға мәжбүр болды. Екіншіден, өлке аумағынан мал өнімдері шикізаты, минералдық ресурстарды көптеп тасып әкету күшейді. Кеніштерді, шахталарды, зауыттар мен фабрикаларды болмашы арзан бағаға сатып алған шетелдік кәсіпкерлер елдің табиғи қазба байлығын тасып әкетуде алдарына жан салмады. Үшіншіден, жұмысшыларды, соның ішінде әсіресе қазақтарды қанау әлдеқайда қатыгездік сипат алды. Қазақтардың жалақысы көрер көзге төмендетілді, олар мамандық деңгейі төмен, ең ауыр қара жұмыстарда істеді. Орыс жұмысшыларымен салыстырғанда тұрғын үй жағдайлары да адам төзгісіз еді. Төртіншіден, патша үкіметі қазақ өлкесінде православие дінін уағыздаушы миссионерлерді қаптатып жіберді.
Жергілікті халықтың тарапынан әлдебір келеңсіз әрекеттердің жасалып кету мүмкіндігінің алдын алу үшін 1906 жылғы 6 қаңтардан бастап патшаның арнайы жарлығы бойынша Ақмола және Семей облыстарының бүкіл аумағында әскери төтенше жағдай жарияланды. Патша үкіметі бұл аймаққа қосымша әскери күш жеткізді. Жұмысшы қозғалысының жетекшілерін қамауға алу, жер аудару, кәсіпорындағы жұмысынан босату шаралары басталды.
