Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дина отчет.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

5. Еңбек және қоршаған ортаны қорғау әдісі

Астана қаласында орналасқан «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» ҚР қауіпсіздік және екбек қорғау" туралы заңына сайкес жүргізіледі. Өндіріс орнындағы еңбек қауіпсіздік шараларына жұмыс директоры жауапты. Жоспарлау және іске асырылу шараларының барлығы еңбек орнының басшылығымен тікелей бақыланып отырады.  Әрбір жұмыс орнындағы мамандар арнайы инструктаж көмегімен, қауіпсіздік ережелерін сақтай отыра жұмыс жасауға міндеттеледі және арнайы қауіпсіздік жайлы әдеби шолулар мен құлақтандырулармен таныстырылады.  Өндіріс орнындағы қауіпсіздік ережелері қатаң түрде сақталады, жіті қадағалауда болады. Микроорганизмдермен жұмыс стерильді түрде жүргізіледі. Өндіріс орнында әр микроорганизм түріне байланысты бірнеще бокс бөлмелері бар. Осының арқасында микроорганизмдермен жұмыс жасағанда контаминация мүлдем болмайды. Жұмыс бастар алдында бокс бөлмелері міндетті түрде ылғалды өңдеуден өтеді.  Өндірісте негізінен рет-ретімен инструктаж беріледі. Әрбір жұмысқа орналасқан теxнолог маман барлық осы инструктаждармен қанықтандыру жүргізіледі. Яғни, жаңа жұмыскерге әрбір бөлім жұмысымен,теxникалық қауіпсіздік және жұмыс барысындағы арнайы шаралар осы инструктаж арқылы көрсетіледі.Сонымен қатар таныстыру инструктажында: жұмыс істеу бағыты,барысы,ережелері мен жоспары және әрбір жұмысшы міндеттері,санитарлық талаптар,төтенше оқиғалар кезіндегі алғашқы шаралар,өрт қауіпсіздігі белгіленіп көрсетіледі. Осы инструктажбен таныстырылған жағдайда арнайы тіркеу журналына таныстырылғандығы жөнінде қол қоюмен бекітіледі. Жұмысқа жіберу немесе басқа жұмысқа ауысу кезінде инструктажбен танысу жұмыс орнында іске асырылады және жұмыс участкесіндегі тіркеу журналына да тіркеу жүргізіледі,ол журнал арнайы жауапты адам қолында болуы шарт.  Өртке қарсы шаралар өрт қауіпсіздігі бойынша инструктаж көмегімен жүргізіледі. Өрт туындаған жағдайда жұмысшылар:сөндіру,су жіберу,қорғаныс,күзет сияқты бөлімдерге бөліну жүреді.  Өндіріс орны,негізгі цеxтар шоғырланған жерлер,ішкі ғимарат арнайы өрт шараларының алдын алып жобалануы қажет.Барлық ғимарат бөлімдері өрт бола қалған жағдайда дайын болуы қажет,яғни өрт сөндіргіш құрылғылар,құм шелек сияқты арнайы заттармен қамтамасыздандырылған болуы қажет. Микроорганизмдермен жұмыс аяқталған кезде оларды залалсыздандыру жұмысы міндетті түрде жүргізіледі

6. Мекеменің өндірістік ісінің экономикалық эффективтілігі.

Экономикалық тиімділік жағынан "Микроорганизмдердің республикалық коллекциясында" микроорганизмдердің, атап айтатын болсақ: сүт қышқылды бактериялар, бациллалар, бактериялар, ашытқылар, саңырауқұлақтармен жұмыс жасау кезіндегі стерилььділік өте маңызды болып отыр.  Экономикалық тиімділігі тұрғысынан Қазақстан Республикасы үшін "Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы" өндіріс орны үлкен маңызды орынға ие. Себебі, онда микроорганизмдер штамдары әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы сақталынады.

Әрбір күні атқарылатын жұмыстар үшін шығыс мөлшері ауқымды болып келеді. Лабораторияларда жұмыс істеу кезіндегі басты талап стерильділік. Оған жарық үздіксіз келуі керек. Сонымен қатар электр қуат көзіне тоңызытқыштар, термостаттар қосылып тұруы қажет. Күніне арнайы қоректік орталар, дистильденген су, жұмыс жасауға қажетті қолғаптар, бетперделер, бахилалар жеткілікті мөлшерде болуы шарт.

Қорытынды

Өндірістік тәжірибені Астана қаласында орналасқан «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясында» өттім. Өндірістік тәжірибе барысында университет қабырғасында алған теориялық білімдерімді тәжірибе жүзінде орындадым.

Сурет-6. Бактерияларды Грамм тәсілі бойынша бояу және талдау сәті.

Сурет -7. Саңырауқұлақтарды криоконсервация әдісі арқылы сақтау.

Сурет-8. Сабуро, Чапека, ЕПА қоректік орталарын дайындау және Петри табақшаларына құю сәті.

Сурет-9. Лиофилизация әдісі және микроорганизмдердің өсуіне талдау жасау

23