- •Белоруссия жастары арасындағы контрацептивтік ақпараттандыру
- •Қазақстандағы студенттер арасындағы контрацептивті әдістер туралы түсініктері мен қолдану тәжірибесі
- •Контрацепция туралы түсінік
- •Контарцепция түрлері мен әдістері
- •3. Ерте жастағы аналық және жасөспірімдік жүктілік
- •Жыныстық жолдармен берілетін инцекциялар (жжби)
- •Жас өспірімдер арасында ерте жастағы жүктіліктің алдын-алу және репродуктивті денсаулығына кері әсерінің профилактикасы
- •Анкета анонимна
- •Зерттеу тәсілдері мен материалдары.
- •3.1. Алдыңғы зерттеулерге сүйене отырып Қызылода Медицина жоғары колледжінде контрацепцияның ақпараттандырылу деңгейін анықтау мақсатында зерттеу жүргіземін.
- •Нигерияның Лагос қаласында жасөспірімдерден алынған сауалнама
- •Анкета анонимна
- •5. Авторы: г.К. Омарова, б.К. Аманжолова, а.О. Мейрманова, м.М. Майкупов, з.М. Нашекенова
3. Ерте жастағы аналық және жасөспірімдік жүктілік
Жасанды түсіктердің жиілігі, ұрықтылық денсаулық пен біраз жылдарға дейінгі өмір сапасына әсерін ескере отырып, репродуктивті денсаулықтың негізгі мәселесі болуы заңды құбылыс. Түсіктер әсіресе жасөсіпірім қыздарға зиян, денсаулығына келтіретін үлкен ақаулардан бөлек, көптеген моральді, әлеуметтік, психолоиялық мәселелер туындатады. Жасөспірімдік кезең – жыныстық даму аяқталатын, гормоналды статус құрылатын, жастық максимализм мен психологиялық балалық үрдістер ересек адамдарға тән мінезге алмасатын кезең. Жасөспірімдер өз денсаулығына тиісінше көп назар аудармайды әрі өзіндік салауатты өмір салтын құруға ынталары төмен.
Ресей Федерациясында 2010 жылы 15-19 жастағы 1000 қызға шаққандағы көрсеткіші 50 жүктілікті құрады. Соңғы жылдары Қазақстанда орын алған әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер сексуалды әдептің либерациялануымен, адамгершілік басымдылқтар, тұлғалық және қоғамдық құндылықтардың белгілі өзгерумен қатар жүрді.
Осы өзгерістер мен жастардың репродуктивті мәнез-құлқы стандартының қауіпсіздеу, жасанды түсіктер мен жыныстық жолдар арқылы берітлетін инфекциялардың қаупі жоғарлауымен байланысты әлеуметтік-детерминивтік бағытта өзгеруіне алып келді. Жасөсіпірімдердің жүктілігі неғұрлым жас болса, соғұрлым денсаулықтарына зиян болу қаупі жоғары болады (әсерсе 13-16 жастағы жасөспірімдерге). Осындай жүктілік бала көтере алмау жиілігіне әсер етеді, себебі жасөсіпірімдерде баланы толық мерзім көтермеу жиілігі бала туатын жастағы әйелдерге қарағанда 2,5 есе жоғары.
Оларда плацентарлы жетіспеушілік, жүктілікті тоқтау қаупі, токсикоз бен анемия жиі дамиды. Жасөспірімдер арасында туу кезіндегі ана өлімі деңгейі де жоғары.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, 2009 жылы 360 мың босанудың 4360-ы 15-18 жастағы әйелдер болған. 15-18 жастағылардың арасындағы тіркелген босанулар 8 мыңнан асса, осы жастағы жасөспірім қыздардың жасанды түсік жасату жағдайлары 4 мыңнан астам тіркелген. ҚР Статистика агенттігінің мәліментінше, 15-19 жастағы туу коэффиценті Қазақ стан бойынша 31%, оның ішінде қалалаларда - 34%, ауылдарда - 27% құраған. Некесіз туылған босану жағдайлары 2009 жылдың басында кәмелетке толмаған 100 қызға шаққанда 23,5% құрады. Сол арада, ерте босану кәмелетке толмаған аналардың да, нәрестелердің де денсаулығына кері әсер етеді. Бұл балалар жиі әлсіз әрі түрлі патологиялармен туылады.
Мамандардың пікірі бойынша, бұл жағдайды мектеп оқушылары мен жастар арасында котрацепция әдістері туралы ақпараттандыру бойынша белсенді профилактикалық жұмыс жүргізе жасқасартуға болады. Бұл шаралар жастардың жыныстық өмірді ерте бастаудан бас тартуға негізделген әдеп тәрбиесімен қатар жүргізілуі қажет. Халық құрылымында елеулі орын алып, оның мәдени, интеллектуалды, өндірістік әрі репродуктивті әлеуетін құрайтын жас өспірімдердің популяциялық денсаулығы көп жағдайда қоғамның денсаулығы мен дамуын айқындайды.
Жыл сайын Қазақастанда 10 мыңға жуық жас өспірімдер жүктілігі орын алады, оның 6 мыңы түсікпен аяқталса, қалғаны – босануға келеді. Осы арада, ерте жастағы босану ана мен нәрестенің денсаулығы кері әсерін тигізеді, бұл балалар көп жағдайда әлсіз әрі түрлі патологиялармен туылады. Жас өспірімдерді котрацепциялық әдістерге үйрету мен түсік жасауды заңнамамен тиым салу қажет деген пікір де бар. Бірақ, түсік жасатуға тиым салу қалаусыз жүктілік мәселесін шешпей ғана қоймай, жағдайды ушықтыруы мүмкін. Әсіресе, криминалды түсік жасату мен тастанды балалар санын арттыруы мүмкін.
Жас өспірімдер арасындағы жыныстық қатынастардың жиі кездесетін салдары:
ерте жастағы жүктілік, оның жасанды түсікпен және салдарынан болатын кері әсерлерімен аяқталу; жыныстық жетілмеген жастардың неке құруы; бедеулік;
жыныстық органдардың ісіну аурулары, жыныстық жолдармен берілетін инфекциларды жұқтыру қаупі (гигиена, денсаулық, дәрігелреге уақытыл қаралмау, т.б. сынды сұрақтардағы төмен сауаттылық нәтижесінде), жас өспірім кезіндегі түсік, жүктілік және босану салдарынан туындаған гинекологиялық аурулар;
ерте ата-ана атануына байланысты күрделі әлеуметтік және моральды-этикалық қиындықтар;
ерте жастағы жыныстық өмір осы жаста қалыптасып жатқан репродкуктивті жүйенің гормоналды реттеуін бұзатынымен қауіпті.
Мамандардың пікірі бойынша, бұл жағдайды мектеп оқушылары мен жастар арасында котрацепция әдістері туралы ақпараттандыру бойынша белсенді профилактикалық жұмыс жүргізе жасқасартуға болады. Бұл шаралар жастардың жыныстық өмірді ерте бастаудан бас тартуға негізделген әдеп тәрбиесімен қатар жүргізілуі қажет.
