Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диплом қазақша контрацепция.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67 Кб
Скачать
☆

Жыныстық жолдармен берілетін инцекциялар (жжби)

Жыныстық жолдармен берілетін инфекциялар, әлеуметтік негіздегі патология бола отырып, мінез-құлықтық ауруларға жатады. Аурулардың қатарының көбеюіне, бәрінен бұрын, бұрыс сексуалды мінез-құлық (танымайтын адамдармен жыныстыққа қатынасқа түсу, жеке қауіпсіздік пен контрацепция әдістерін падалануды елемеу, жыныстық серіктестерді жиі ауыстыру). Бұл мәселе әсіресе жасөспірім кезде өзекті.

Материал және әдістер. Зерртеу жұмысында Ставрополь қ. ЖЖБИ алдын-алу мен емдеу бойынша «Доверие» жасөсіпірімдер орталығының 125 әйел және 125 ер жынысты амбулаторлы аурулардың медициналық карталары (№025/У-87 формасы) пайдаланылды.

Нәтижелер мен талдау. Жасөспірімдер орталыққа шағымдарымен немесе профилактикалық тексерілу мақсатында қаралған. Қыздар арасында ауру белгілерімен 73,8%, профилактикалық тексерілу мақсатында – 25,0% қаралған. Қызығы сол, ер жігіттер арасында орталыққа жүгіну мақсаты бойынша көрсеткіштер тіпті басқа: ауру белгілерімен 38,8%, яғни қыздардан 1,9 есе аз. Профилактикалық тексерілу үшін 61,2%, яғни қыздар санымен салыстырғанда 2,5 есе көп. Тұрақты жыныстық серіктес болмауы венерологиялық ауруларға алып келеді. Сифилис, гонорея, трихомониаз, хламидиоз – жеңілтектік нәтижесі. Бұл аурулардың барлығы бедеулік, әйелер мен ерлердің жыныстық органдарының созылмалы ауруларының себебі болады.

Контрацепцияға байланысты жағдай, біздің зерртеуіміз бойынша, келесідей: сұхбаткерлер арасындағы қыздардың 72,5% - презерватив қолданады, 10,0% басқа да контрацепция түрлерін қолданады. Презервативті сирек пайдаланатын немесе мүлде пайдаланбайтын ер жігіттердің үлесі 66,7%, тұрақты қолданатындар – 33,3%. Ер жігіттердің бұл сұрақтағы қыздарға қарағанда естілігі жыныстық жолдармен берілетін аурулардан сақтанудан көрі серіктесінің жүкті болуынан қорғану. Сексуалды белсенді жасөсіпірімдердің презервативтерге қояр талаптарының жоғары екендігі мәлім. Біріншіден, оның жоғары, 100% жақын тиімділіг маңызды. Денсаулыққа максималды зиянсыз болуы, аллергия сынды әсерлері болмауы қажет. Жас тұтынушыға контрацепцияның жақысы қайтымдылығы, яғни ұрықтану қабілетін тез қайтару мүмкіндіг маңызды. Белгілі маңыздылыққа қолжетімділік, конфилденциалдылық, экономикалық және әлеуметтік әрі жеке бағыттағы сипаттары ие. Контрацепция түрлерінің барлық артықшылықтары, кемшіліктері, ерекшеліктері – ЖЖБИ алдын-алудың маңызды бөлімі. Олар жасөспірімдерге максималды қолжетімді, қызықты етіліп ьарлық дереккөздер арқылы жеткізілуі қажет: Интернет, дәрігерлер мен мұғалімдер лекцияларында, баспасөз шығарылымдарда. Осындай кеңестерді жасап шығару маңызды міндет болып табылады.

Қорытынды. Жүргізілген зерттеу нәтижесінде, жастарды әлеуметтік тәрбиелеудегі айқын сәтсіздікке байланысты, «Доверие» орталығының жұмысын қайта қарастыру, профилактикалық іс-шараларды дамытуға бағытталған қызметін кеңейту қажеттілігі айқындалды.

Жас өспірімдер арасында ерте жастағы жүктіліктің алдын-алу және репродуктивті денсаулығына кері әсерінің профилактикасы

Осы ақпараттық ескертпе Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Басқармасының дамушы елдердегі жас өспірімдер арасындағы ерте жастағы жүктілікті алдын-алу және репродуктивті денсаулығы бұзылуының профилактикасы бойынша нұсқаулық негізінде жасалды. Саяси бағдарламаларды белгілейтін тұлғалар, сонымен қатар азаматтық қоғам белсенділері мен топтарына арналған бұл нұсқаулық репродуктивті денсаулықты қорғау саласындағы мемлекеттік саясат пен бағдарламалар аясындағы тиімді ұлттық шараларды ұйымдастыру бойынша ғылыми негізделген кеңестерді қамтиды.

Контрацепция әдістерін қолдануды кеңейту.

Контрацепция әдістерін жаныстық қатынаста жүргізетін жасөспірімдер қолдануының ықтималдығы, тіпті олар қол жетімді болатын жерлерде де, ересектермен салыстырғанда төмен.

Контрацепция құралдарының, сәйкес ақпарат пен қызметтерінің қолжетімділігін қаматамасыз ететін заңнама қабылдау. Жасөспірімдердің барлығына контрацепция (соның ішінде шұғыл контрацепция) құралдары қолжетімді болуы үшін заңдар мен саясат шараларының көп нұсқаулары қайта қаралуды талап етеді.

Контрацептивті құралдардың бағасын төмендету және контрацепциялық қызметтерді пайдалануға ат салысу. Жасөспірімдер үшін контрацептивті дәрілер мен құралдардың бағасын төмендетуге арналған шараларды қолдап, денсаулық сақтау қызметтері жастардың қажеттіліктеріне қарай бағытталуына ат салысуымыз қажет.

Жас өспірімдерді контрацептивтік қорғаныс түрлерін пайдалануға қатысты ақпараттандыру. Жас өспірімдер контрацептивтерді қайдан алуға болатынын немесе дұрыс пайдалану әдісін білмеуі ықтимал. Жыныстық және контрацептивті ақпараттандырудың ресми де, биресми дереккөздерден қолжетімділігін арттыруымыз қажет.

Контрацептивтердің жасөспірімдерге қолжетімділігіне қатысты әлеуметтік қолдауды арттыру. Қоғам тарапынан жасөспірімдерге, әсіресе некеге тұрмағандарға, контрацептивтердің қолжетімді болуына жиі қарсылық білдіріледі. Контрацепцияның қолжетімді болуының және оларды пайдаланудың маңыздылығы туралы ақпараттандыру деңгейін ұлғайтып, осы сұрақта қоғамның қолдауыны негізделуіміз қажет.