Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
музыка Салтанат апай.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39 Кб
Скачать
☆

Мектепке дейінгі музыкалық тәрбие

Мектепке дейінгі жастағы баланың музыкамен айналысуының маңызы зор. Балалар халық әндерімен қатар түрлі классикалық музыка және вокалдық шығармалар, аспаптық шығармаларды тыңдап,ішкі дүниесімен қабылдауға тырысады. Музыканы түсіністікпен дифференциалдық түрде белсенділікпен қабылдайды. Балалар музыканы тыңдап, ән айтып, билейді, музыкалық ойындарға қатысып, қол ұстасып айналады, балаларға арналған салтанатты әндерді орындау мен қатар үлкендермен бірге ән айтып, ойын сауықтың шараларға мерекелік Жаңа жыл, 8-наурыз, Наурыз мейрамы, Тәуелсіздік күні мейрамына арналған ертеңгіліктерге қатысады. Музыкалық сауаттылығын ойнауға қызығушылығы артады. Ол үшін сазды естіп-тыңдау қабілетімен қатар баланың эмоционалдық қасиеттерін дамытып, ойын түрлерін, жоғарғы дауыстық әуендерді пайдаланған жөн. Қол қимылмен дыбыстық елестетуді байланыстыра білу керек. Балаланың музыкалық дыбысты ажырату қабілетін дамыту -шаруашылыққа деген қызығушылықты арттырып, музыкалық аспаптарда ойнап үйренуге жол ашады. Баланың саз жетекшісі , тәрбиеші, ата-аналары оларды музыкалық мәдениетке, оның тілін ұғынуға, музыка арқылы тұлғаның қасиетінің қалыптасуына көмектеседі. Үлкендердің музыкаға деген қызығушылығы , талғамы, балаға сенімі, сыйластығы, түсінушілігі байланыстығы шеберлігі жақсы жетістіктерге қол жеткізеді. Балаларды музыканы сүюге,оның тілін түсіне білуге, яғни олардың көркемдік талғамымен тәрбиелеу керек.Олар (хал, ішек,үрмелі)оркестр әуен ритм, екпін, жылдамдық, динамика, балет,опера,оперетта, концерт секілді терминдерді түсініп ұғынуға қабілетті. Музыкалық тәрбие берудің келесі санатында балаларды түрлі сипаттағы музыкамен таныстыру арқылы жалғасады музыкаға қызығу бір жаныр музыкадан айырмашылықтарын сипаттау мүмкіншілігі қалыптасады. Қазіргі музыканың өнер туралы айтылады. Ересек топтарындағы музыкалық тәрбие берудің негізгі міндеттері. Түрлі сипатындағы музыкаға қызығушылық және эмоцияналдық серпілісті дамыту және қалыптастыру музыка басталғанда немесе оны тыңдап отырып, оның сөзін естімей-ақ таныс шығармаларды басқаларынан айырып, оны еске сақтау бойынша музыкалық қабылдау қасиетін дамыту.

Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің маңызы.

Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны түсіну, есте сақтау, ажырата білу, ән салу, би билеу, сазгерлерді, аспаптарды тану қабілеттері бірте - бірте қалыптасады. Ал, балабақшаға қамтылған баланың бойына қысқа мерзім ішінде аталған білім дағдыларын қалыптастыру музыка жетекшісінің алдына қойылған аумақты да, жауапты ісі. Балабақшада музыкалық тәрбие жұмысын ұйымдастырудың түрлері: ән сабағы, баланың жеке музыкамен шұғылдануы, баланың күнделікті өмірдегі музыканың орны, мерекелік ертеңгіліктер т.б. Балаға музыкалық тәрбие берудегі мақсатымыз бен міндетіміз:

- Музыкаға қалыпты қызығушылығын, әр түрлі музыкаға эмоциялық сезгіштігін қалыптастыру және дамыту;

- Би билеу және ән салу дағдыларына үйрету;

- Музыкалық қабылдауын, таныс шығармаларды әуенінен тану және есте сақтауын дамыту;

- Музыкалық танымын кеңейту, машығын дамытуға жағдай жасау; - Музыкалық әрекеттің барлық түрі бойынша белсенділікті дамыту. Сол себепті, музыканың құдіретті күшін бала бойына дарыту, сіңіру мақсатында музыка, сазды әуен баланың күнделікті өмірінде орын алуы қажет. Музыкалық оқу іс - әрекетінің музыка тыңдау бөлімі бойынша ән, күй, халық әуендерін, басқа ұлттық шығармаларды қолдана отырып, музыканы тыңдау, қабылдау, есте сақтау, ажырата білумен қатар, оның мазмұнын, көркемдік қасиетін түсіндіру қажет. Әнді музыкамен, музыкасыз жеке, көппен қосылып, орындау кезінде дауысын дамытуға, өлең сөзін дұрыс, анық айтуға, ырғақты қимылмен музыка үндестігін сезіне, денесін дұрыс ұстап, әдемі қозғала білуіне ерекше мән беріледі. Музыканы басқа пәндермен байланыстыруда (тіл дамыту, сахналау, дене шынықтыру, бейнелеу т. б) баланың көңіл хошы, өз күші мен ептілігіне қызығушылығы арта түседі. Ән баламен ойын - сауықтарда, музыкалық кештерде, ертеңгіліктерде, билерде, ойындарда бірге жүреді. Демек, ойнай жүріп, баланың әнге деген құштарлығы арта түседі. Музыкалық – дидактикалық ойындарды ойнау, балалардың музыкаға қызығушылығын арттырады және музыкалық іс - әрекет түрлерін тез, әрі дұрыс үйренуге көмектеседі. Музыкалық оқу іс - әрекеттерінде музыкалық - дидактикалық ойындарды жүйелі түрде пайдалану – музыканы сипатына, көңіл - күйіне, динамикалық реңкіне қарай ажыратуды үйретеді. Балаларды әр түрлі музыкалық шараларға тек жеке өзін қатыстырмай, үлкендермен, ата - аналармен бірге қатыстырудың мәні зор. Бұл баланың өзіне - өзінің сенімін ұштап, шығармашылығын шыңдайды. Музыкалық - ырғақты қимылдарды орындауда, би билеуде музыкалық аспаптарды қолдану музыканың ырғағын, динамикалық үнін, екпінін ажыратуға үйретіп, орындаушылық шеберліктерін шыңдайды. Мерекелік ертеңгіліктердің, ойын - сауықтардың, сахналық қойылымдардың кезінде бала образдық бейнелерді дәл бере білуге, сахна мәдениетіне жауапкершілікке, көпшілікпен жұмыс істеуге үйренеді. Қазіргі оқу - тәрбие жұмысын жан - жақты дамыту мақсатындағы басты міндеттердің бірі бала тәрбиесіне қазақ халқының ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан тұрмыс - салтына, әдет - ғұрпына, ұлттық дәстүріне байланысты әдебиет пен мәдениетке, өнерге үйрете отырып, баулу. Белгілі бір өнер иесіне арналған әсерлі әдеби - музыкалық кештер өткізу де бала санасында із қалдырады. Жақсыға, әдемілікке, үлкеннің маңызды да пайдалы ісін қайталауға, ұқсап бағуға талпындырады. Әр сазгердің немесе әншінің шығармашылығындағы, репертуарындағы әндерді, шығармаларды тереңірек талдау арқылы бала тағы да музыканың эмоциялық әсерін, бейнелеу күшін түсініп, жақсы мен жаманды ажырата алуға үйренеді. Сол сияқты баламен жеке жұмыс жасауда әр баланың бойындағы қабілетін тауып, дамытуға жол ашады. Ал, музыканы түсіне шығарма кейіпкерімен бірге жетіле, әсемдік пен әдемілікті сезіне өскен бала қоғамға тек пайдасын тигізетін, ұлттық қазынаны бағалай білетін, саналы да білімді, отансүйгіш, тәрбиелі, адал азамат болып өсері сөзсіз.

Мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық қабілеттерін қалыптастырудың жағдайлары Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың музыкалық қабілетін жан - жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың музыкалық қабілетін дамыту мүмкіндіктері мол. Ғалымдардың пікірінше табиғи жаратылысында музыкалық қабілетінің алғашқы шарттары 50 - 60% байқалған. Баланың музыкалық ерекшеліктері жаратылысынан шығармашылық, ізденімпаздық сипаттарға ие, алайда оны дұрыс бағытта дамыту жағдайлары әрқилы, сондықтан баланың ақыл - ой қабілетін дамыту, оның нақты бағыттарын айқындау ең алдымен оның жас және дара ерекшеліктерін ескеріп тәрбиелеуге байланысты. Балалардың толыққанды музыкалық тәрбиесін қарапайым музыкалық түсініктерді қалыптастырудан бастау қажет. Баланың музыкалық даму процесі музыкалық қызметтерді ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Сәбилік шақтан бастап музыкалық қызығушылықтарын дамыту – тәрбиешінің міндеті.

  • 1 - 2 жаста бала ересек адамның әнін тыңдай отырып дауыс интонациясына уілдейді, былдырлайды.

  • 2 жаста бала қарама - қарсы сипаттағы әндерге шаттанып қуанады, немесе сабырлы күй танытады. Алақандарын шапалақтап, аяқтарын топылдатады. Кейде әннің жеңіл буындарын «әй - әй», «топ - топ» буындарын қайталайды.

  • 3 - 4 жаста шағын әндерді ересектердің көмегімен орындай алады. Дербес әрекет етуге ұмтыла отырып билеуге, ойнауға талпынады.

  • 5 жас – баланың көп білуге құштар кезеңі. «Неге?», «неліктен?», деген сұрақтарды көп қояды. Бала жетекшінің қойған талаптарын, ән, пьесалардың көңілді, қуанышты, сабырлы сипаттарын сезіне отырып, пьесадағы қарама - қарсы екі бөлімді, музыкалық аспаптар тембрін, қол ұстасып ән айту, жеңіл би қимылдарын орындай алады.

  • 6 жас – балаларды мектепке дайындау кезеңі. Балалар музыкалық шығармаға сипаттама бере отырып, эстетикалық көзқарасын қалыптастырады. Ән, би, ойындарды орындауда шығармашылығы дамып, музыкаға деген ынта - ықыласы айқын көріне бастайды. Музыкалық тәрбие берудің басты мақсаты – музыка өнері арқылы баланың өмірге деген көзқарасын, Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін, өз халқының өнерін, салт - дәстүрін жоғары бағалай білетін парасатты азамат тәрбиелеу. Білім берудің ең төменгі сатысы – мектепке дейінгі кезең және тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастырудың ең қуатты кезеңі. Бұл сатыдағы баланың есте сақтау қабілеті, қабылдауы төмен болғанымен білуге құштарлығы зор болады. Даму ортасының негізінде тұлғаның дамуын қамтамасыз ететін мектепке дейінгі білім беру мекемесі, баланың тұлғасын дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашып, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуі шарт. Баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау;

- Әр балада оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашып, олардың өмір сүруге қажетті салаларға орнығуына мүмкіндік көрсету; - Әр баланы тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуге және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдарды іздестіру;

- Әр баланың тұлғасына деген құрмет пен сүйіспеншілікті қамтамасыз ететін қарым - қатынасты орнату;

- Тұлғаға әсер етудегі белсенді әдістерге бағдар жасау;

- Ойын арқылы оқыту, білім беруді ізгілендіру технологиясында қарапайымдылық, кішіпейілділік, өзара түсінушілік сезімдерін баулиды.

- Оқытудың ақпараттық технологиялары арқылы мультимедиялық құралдарды пайдалану.

Отбасында ата - аналарға педагогикалық білім өте қажет, себебі ата - ана бала тәрбиесінің мақсат, міндеттерін айқын түсінбей бала тәрбиесінің жолдары мен амалдарын ойдағыдай іске асыра алмайды. Ата - аналармен әңгіме кезінде өсіп келе жатқан сәбидің мүмкіндіктері зор, бірақ олар шексіз емес екендігін олармен бірге өткізілетін тренингтерде ескерту қажет. Баланың мүмкіндіктерін ескермей дамуды жеделдетуге болмайды, сондай - ақ даму барысында кідірісте болмау қажет. Сондықтан ата - ана ерте сәбилік және мектепке дейінгі жастағы балалардың музыкалық дамуының көрсеткішін білуі маңызды.