Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
музыка Салтанат апай.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
39 Кб
Скачать
☆

Балаларды музыка арқылы әдемілікке тәрбиелеу

     Өсіп келе жатқан жас буын әдеби ертегілер мен бейнелеу өнері шығармаларындағы, музыка мен әуендегі, табиғаттағы, тұрмыстағы шын мәніндегі көркемдік қабылдау арқылы эстетикалық құштарлықты сезініп қана қоймай, ондай туындыларда кездесетін нәрсіздік пен көріксіздікті де ажырата біледі. Жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің басты саласының бірі – музыка мен ән. Музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, әдет, мінез-құлқын қоғам мүддесіне сәйкес қалыптастыруға, әдемілік заңымен өмір сүруге тәрбиелейді. «Дені саудың – жаны сау» дегендей, тәні де, жаны да сау, рухани бай эстетикалық жағынан сезімтал азаматты тәрбиелеп өсіру – ата-ана парызы, қоғамдық мекемелердің міндеті. Осы міндетті іске асыру балабақша мен мектепалды даярлық тобынан басталмақ.. Негізі отбасынан басталған тәлім-тәрбие білім беру мекемелерінде жалғасын тауып, белгілі бір жүйеде өрістеледі. Бүлдіршіндерді әсемдік әлеміне неғұрлым кеңінен жақындатып өнерге баулитын кезең – мектепалды даярлық тобы. Әсіресе музыка өнерімен шұғылдану баланың жеке басының жалпы дамуына жәрдемдеседі. Музыка сабақтары балаларды жан-жақты дамыту барысында көптеген мақсаттар қояды. Дәлірек айтсақ: балаларды музыка тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлілікке баулу, дыбыстардың типін түсіну және музыкаға қызығушылығын арттыру. Ән айту, музыка тыңдау, музыкалық сауат және қозғалыс (ырғақ) – музыкаға тәрбиелеудің міндетті бөлімдері. Мектепалды даярлық тобында бағдарлама бойынша ән-күй сабағы негізгі төрт бөлімнен тұрады: 

1. Әндер. 

2. Музыка тыңдау. 

3. Билер. 

4. Музыкалық – дидактикалық ойындар. 

Ән бөлімінде балаларды ырғағына келтіре, әдемі ән салуға тәрбиелейміз. Ән салу арқылы өлеңнің мазмұнын, тәрбиелік мәнін саналы түрде меңгеруіне мүмкіндік береміз. Балаларды хормен ән айтқызып жаттықтыру арқылы, оларды ортақ сезімге бөлендіріп, өздерінің әрекеттерін бір әуенге үйлестіруге төселдіреміз, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа баулимыз. Бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастырамыз. Жеке дауыста ән айта білуге, әндерді есте сақтай білуге, музыкалық шығармалардың құрылысын түсіне білуге тәрбиелейміз.  Музыка тыңдау бөлімінде жекелеген музыкалық үндерді және тұтастай музыкалық шығармаларды тыңдай білуге, ондағы музыкалық дыбыстарды ажырата білуге жаттықтырамыз. Дыбыстардың биіктігін, ырғағын, музыкалық бояуын және дұрыс тыңдап, қабылдай білу қабілетін дамытамыз. Сонымен бірге тыңдау арқылы оқушылардың эстетикалық сезімдері, талғамдары дамып, эмоциялық сезімдері оянып ләззат алады. Музыкаға деген қызығушылықтары артып, тыңдау қабілеті дамиды. Музыка тыңдату жайында балалар дамуының бірдей дәрежеде еместігін түсіну маңызын музыка мұғалімі білуі керек.  Би бөлімінде музыканың әуен-ырғағымен орындалатын арнайы жаттығулар жасату арқылы музыкалық ырғақты сезінуін қалыптастырамыз. Әуен сазын түсініп, сәнді қимылдар жасай білуге үйретеміз. Дене жаттығуларын музыкалық әуен ырғағына қосылып, әдемі қозғалыс көріністерін жасауға ынталандырамыз. Би қимылдарын жасатып, мүсін сымбаттылығын қалыптастыруды көздейміз.  Музыкалық – дидактикалық ойындар бөлімінде айтылған әннің сөздеріне, әуеніне зер салып, ұқыпты жүруге, әннің сөздеріне сәйкестіре қимыл-қозғалыстар жасауға баулимыз. Ойынның тәрбиелік мәні зор. Бала ойын арқылы дамиды. Ойын білместі – білгірге, орашолақты – іскерге айналдырады. Музыкалық – дидактикалық ойындар арқылы балалардың музыкаға, биге, ән әлеміне деген ынта-ықыласын жас кезінен арттырып қана қоймай, олардың сезімталдығын, кішіпейілділігін, ұйымшылдығын, эстетикалық құштарлығын тәрбиелеуге қызмет етеді. Нәтижесінде олар музыканы терең түсіне бастайды, ең бастысы – музыканы қабылдау, есте сақтау қабілеті артады, дене қозғалысы арқылы сымбаттылығы қалыптасады. Өсе келе олардың бойындағы табиғи дарын, қабілет, талант мүмкіндіктерінің сөзсіз әсері болатыны белгілі, өйткені бәрі де бала кездегі тәрбиеден басталады.