- •Оқулықты қалай пайдалану керек
- •Бiрiншi бHлiм. Қазақстанның хviii ғасырдағы әлеуметтiкэкономикалық, саяси және мәдени дамуы
- •§1. Хviii ғасырдағы қазақ хандығының iшкi және сыртқы жағдайы
- •§2. Жоңғар шапқыншылығы
- •20 Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
- •§4. Хviii ғасырдың алғашқы ширегiндегi қазақорыс қатынастары
- •§5. Кiшi жүздiң ресейге қосылуы
- •§6. Хviii ғасырдың ортасындағы қазақстан
- •§7. Қазаққалмақ қатынастары
- •§8. Абылай хан билiгi тұсындағы қазақ хандығы
- •§9. Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар к]терiлiсiне қатысуы
- •§10. Сырым датұлы бастаған қазақтардың ұлтазаттық к]терiлiсi
- •КHтерiлiстiң жетекшiсi және қозғаушы күштерi. Көтерiлiстi
- •§11. Ресеймен экономикалық байланыстардың дамуы
- •Орынбор – Ресейдiң қазақтармен сауда жасайтын iрi орталығы.
- •§12. Қазақстанның хviii ғасырдағы ғылымы мен бiлiмi және мәдениетi
- •§13. Дәстүрлi билер соты
- •Патша үкiметiнiң Қазақстандағы билер сотының Hкiлеттiгiн
- •Екiншi бHлiм. Хiх ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiкэкономикалық
- •§14. Б]кей хандығының құрылуы
- •БHкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң
- •§15. Қазақтардың 1812 жылғы ресейдiң отан соғысына қатысуы
- •§16. Қазақстандағы хандық билiктiң жойылуы
- •§17. Ақмола бекiнiсiнiң салынуы
- •§18. Исатай тайманұлы мен махамбет
- •§19. Қазақстанда отаршылдық езгiнiң күшеюi
- •Үшiншi бHлiм. Қазақстанды ресей империясына қосудың аяқталуы §22. Ұлы жүздiң ресейге қосылуы
- •§23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкiметiне қарсы к]терiлiстерi
- •Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар).
- •ТHртiншi бHлiм. Қазақтардың хiх ғасырдың
- •§24. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығы
- •§25. Қазақ халқының мерекелерi мен ұлттық ойындары
- •§26. Қазақ халқының әдетғұрпы мен салтдәстүрлерi
- •Отбасы және неке саласындағы әдетғұрыптар мен салт
- •Бесiншi бHлiм. Хiх ғасырдың екiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiк экономикалық және саяси жағдайы §27. Семей iшкi округiнiң құрылуы
- •§28. Хiх ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •«Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару тура
- •Генерал-губернаторлыћ Облыс Уезд Болыс Ауыл 1кесте. Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi
- •§29. Хiх ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •§30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлерi
- •§31. Патша үкiметiнiң отаршылдық қоныс аударту саясаты
- •§32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
- •§33. Қазақстан аумағындағы қалалар
- •§34. Сауда. Жәрмеңкелер
- •Жәрмеңкелердiң әлеуметтiкмәдени саладағы атқарған қызметi.
- •§35. Қазақстанда ]неркәсiптiң дамуы
- •§36. Ұйғырлар мен дүнгендердiң жетiсуға қоныс аударуы
- •§37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
- •§38. Шетелдерде қазақ
- •Алтыншы бHлiм. Хх ғасырдың бас кезiндегi қазақстан
- •§39. Қазақстан ресейдегi 1905–1907 жылдардағы революция кезiнде
- •§40. Қазақтардың петициялық қозғалысы
- •Жетiншi бHлiм. Қазақстанның хiх ғасырдың екiншi жартысы — хх ғасырдың бас кезiндегi мәдени ]мiрi §43. Оқуағарту iсi
- •§44. Ыбырай алтынсарин – қазақ халқының аса к]рнектi ағартушысы
- •§45. Ғылыми мекемелер мен ғылымизерттеу жұмыстары
- •Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы. Қазақстан
- •Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуi. Хiх ғасыр
- •§46. Шоқан уәлиханов – қазақтың аса к]рнектi ғалымы әрi ағартушысы
- •§47. Қазақ поэзиясы мен музыка ]нерi
- •§48. Ұлы ақын абай құнанбаев
- •§49. Патша үкiметiнiң қазақстандағы дiни саясаты
- •Қорытынды
- •Оқушылар! осы оқулықтағы материалдарды сендер қаншалықты жақсы меңгердiңдер
- •Маңызды оқиғалардың хронологиялық к]рсеткiшi
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна
Отбасы және неке саласындағы әдетғұрыптар мен салт
дәстүрлер. Сөз болып отырған кезеңде қазақтарда отбасы мен не кеге қатысты сонау ежелден келе жатқан бiрегей әдетғұрыптары мен салтдәстүрлерi болатын. Дүниеге келген жас нәрестеге оның құлағына азан шақырып ат қойылатын. Жасы үлкен туысқандардың бiрi Құраннан аят оқып, нәрестенiң атын оның құлағына үш рет қайталап дауыстайтын.
Ер бала 3,5 және 7 жасқа толғанда оны сүндетке отырғызу рәсiмi өткiзiлетiн. Сүндет тойына қонақтар шақырылатын, ат шаптыры лып, спорт жарыстары өткiзiлетiн.
Атаана өздерiнiң ұлын үйлендiру қамын әрқашан ойластырып жүретiн. Болашақ келiндi бала кезiнен iздестiре бастайтын. Тiптi балалар дүниеге келмей жатыпақ белқұда, ал сәбилер дүниеге кел ген соң бесiкқұда рәсiмдерi болатын. Құдаларды өнегелi, құрметтi, тектi жерден iздестiретiн. Құда түсудiң салтдәстүрлерi бойынша арнайы рәсiм өткiзiлетiн. Қазақтарда жетi атаға толмаған туыстар арасында неке қиюға қатаң тыйым салынатын.
Баланы үйлендiруге қатысты әдетғұрыптардың ретi мынадай бо латын: құда түсуге алдын ала келiсу, атаананың құда түсуi, күйеудiң қалыңдыққа ұрын баруы, келiн түсiру тойы, неке қию рәсiмi. Ұзатыла тын қыздың әкесi құда түсiп келген құдаларға құйрықбауыр же гiзетiн. Бұл салтдәстүр құдалық рәсiмiнiң орындалғанын көрсететiн. Ал құдалық екi жаққа да белгiлi мiндеттер жүктейтiн. Құдалықтан айнуға болмайтын.
Құда түсудiң ресми бөлiгi аяқталғаннан кейiн жiгiт жағы қыздың қалыңмалын төлейтiн. Қалыңмал әдетте мал басымен есептелетiн. Оның мөлшерi құда түсушiлердiң қаншалықты бай, ауқатты екен дiктерiне қарай белгiленетiн. Қалыңмалдың мөлшерi 5 жылқыдан 1000 жылқыға дейiн жететiн. Қалыңмал той шығынына, қыз жаса уына жұмсалатын. Үйлену тойы кезiнде құдалар бiрбiрiне кит
кигiзетiн болған. Ол түрлi қымбат баға лы киiмдерден, мата кездемелерден, мал басынан тұратын. Құдалар жағы бiр бiрiмен қоржын алмасып, өзара сыйлық жасасатын. Үйлену тойының әдетғұ рыптары неке қию рәсiмiне ұласады. Қа зақтардың дәстүрлi қоғамында қыздың жасауын берудiң де зор маңызы болды. Жасау қыз баланың жас кезiнен әзiрлене бастайтын. Қыздың жасауына киiз үй, кiлем, текемет, сырмақ сияқты бұйым дар, киiмкешек түрлерi мен ыдысаяқ тар, әр түлiктен тұратын мал басы және басқалары кiретiн болған. Қазақтар ара сында ажырасу деген болмаған. Аталып отырған кезеңде көп әйел алушылық дәстүрi орын алды.
Қалыңдық.
Күйеуi өлiп, жесiр қалған жас әйелге күйеуiнiң жақын туыстары
ның бiреуi әмеңгерлiк жолымен үйленуге құқықты саналатын. Көш пелi қазақ халқының өмiрiнде мұның әлеуметтiк маңызы үлкен бол ды. Әйел ерден кетсе де елден кетпедi. Марқұм болған адамның балалары өз руының, өз туысының қарамағы мен қамқорлығында қалды, жат жұртқа жiберiлмедi. Gйткенi олар өз туыстарының ара сында жетiмдiк көрмейдi. Сондықтан да құдалардың арасы суыс пайды. Егер бiреудiң отбасы перзент көрмесе немесе баласы тұрмай, шетiней берсе, ол алдын ала келiсiм бойынша, өз туыстарының бiрiнiң баласын бауырына басып, асырап ала алатын.
Жеке шаңырақ көтерiп, атаанасынан еншiсiн алып шыққан жас отбасында күнделiктi тiршiлiгiне қажеттi нәрсенiң бәрi де – отауы, төсекорындары мен үй iшiнiң жабдықтары, есiк алдында малы да болатын. Ежелден келе жатқан әдетғұрып бойынша атаанасының қолында кенже ұлы қалып, қара шаңыраққа бүкiл малмүлкiмен қоса иелiк ететiн. Қазақтар өздерiнiң атаанасын ешқашан тастап кетпейтiн. Даланың жазылмаған бұл әдетғұрпын бұзғандарды қазақ тар нағыз жексұрын, жауыз жандар ретiнде жек көрдi.
Бата беру. Қазақтарда бата беру әдетғұрпы кеңiнен етек алды. Ол әрбiр iске кiрiсер алдында мiндеттi саналатын. Бата поэтикалық тiлмен жалпы жұртқа қарап тұрып берiледi. Онда бата берушi адам өзгелерге iзгi жақсылық, табыс тiлейдi. Батаны жасы үлкен адам немесе жолы үлкен қонақ беруi тиiс. Бата берушi Жаратушы Алла дан бақытты өмiр, материалдық байлық, әрбiр iсте табысты болуын тiлейдi. Бата екi қолды iлгерi қарай жоғары созып, екi алақанды
өзiнiң жүзiне қарата бұрып тұрып берiледi. Бата беру «әумин» деген сөзбен аяқталады.
Бата адамдарды лайықсыз, терiс қылықтардан сақтандырады, ол жастарды, iзгiлiктi әрi қайырымды iстерге баулиды. Қандай да бол сын бiр iске кiрiсерде, дастарқаннан дәм татуға отырғанда немесе жол жүрiп, алыс сапарға аттанарда әркiм ақсақалдардан бата алатын болған. Бата шаңырақ көтерiп, жеке үйжай болғандарға да берiледi. Қазақтар өздерiнiң балаларына атақты кiсiлерден, құрметтi қонақ тардан бата алып қалуға тырысқан. Ислам дiнiнiң таралуына бай ланысты бұл дәстүр бұрынғысынан да күшейе түстi. Қайтыс болған адамның үй iшi мен туғантуыстарына көңiл айту кезiнде де бата берiледi. Марқұмның өзiне де, артында қалған үрiмбұтағына да iзгi тiлектер бiлдiрiледi. Қайтыс болған кiсiнiң отбасы мен туыстарын ағайын, жолдасжоралары арнайы шақырып, қонақ етедi. Оны көңiлшай деп атайды.
Бала тәрбиесi. Қазақтар бала тәрбиесiне ерекше көңiл бөлген. Қазақтың дәстүрлi тәрбиелiк үлгiөнегелерi ұрпақтан ұрпаққа ауы сып отырады.
Жиналып тұрған топқа жақын келген адам оларға бiрiншi болып сәлем беруге мiндеттi. Атты адам жаяу кiсiге, жасы кiшi үлкендерге бiрiншi болып сәлем бередi. Алға келген астан алдымен жасы үлкен адам дәм татады. Тамақ iшiп отырған кезде көп сөйлеуге болмайды. Балаларға жақсы тәрбие, үлгiөнеге беруде мақалмәтелдердiң атқа ратын рөлi зор. Халық даналығы балаларды еңбексүйгiштiкке, алды артын аңдап сөйлейтiн сақтыққа, адамгершiлiк асыл қасиеттерге бау лиды. Мәселен, «Аққа Құдай жақ», «Батырдың күшi – айласында»,
«Асықпаған арбамен қоян алады», «Еңбек етсең ерiнбей, тояды қар ның тiленбей», «Бiрлiк бар жерде тiрлiк бар», «Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды», «Жаздың бiр күнi жылға азық», «Жақсыда жат тық жоқ», «Жаман үйдi қонағы билейдi», «Жақсы жiгiтке жетi өнер де аз» сияқты мақалдардың тәрбиелiк маңызы зор.
Қазақтардың қонақжайлылығы мен өзара көмек көрсету әдетғұрып тары туралы айтып берiңдер. 2. Әдептiлiк пен сыпайылық ережелерiн
атап шық. 3. Қазақтар жасы үлкен кiсiлердi қалай сыйлаған? 4. «Тамырдос тық» деген сөздiң мәнiн қалай түсiнесiңдер? 5. Отбасы және неке мәселесi саласындағы әдетғұрыптардан не ұғындыңдар? 6. Қазақтардың өмiрiнде бата берудiң маңызы қандай? 7. Қазақтардың ежелгi әдетғұрыптары мен салт дәстүрлерiнiң қайсысы бiздiң кезiмiзге дейiн жеткен?
Бата беру – жақсы тiлек бiлдiру.
Баллюзек Лев (1822–1879) – белгiлi орыс ғалымы, қазақтардың әдет құқықтарын зерттеушi. Торғай облысының әскери губернаторы болған.
«...
Қырғыздардағы
(қазақтардағы. –
авт.)
некенi
қазiргi
бiздегi
сияқты әлдебiр құпия немесе қасиеттi үйлену салты деп санауға болмай ды. Оларда мұның өзi нағыз азаматтық мәмiле деуге лайық. Қазiргi неке лер қалыңмал алу арқылы шаруашылығының жағдайын жақсартып алу ды көздейдi. Мұндай жағдайда құда түсуге күйеу жiгiт пен қалыңдықтың қатысуы шарт емес, тiптi құда түсу рәсiмi болашақ күйеу бала мен бола шақ қалыңдықтың бесiкте жатқан кезiндеақ орындала бередi. Бұрынғы кездерi қалыңмалдың екi түрi болатын. Бiрi сұлтандардың, ал екiншiсi қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) қалыңмалы деп аталатын. Сұлтан дардың қалыңмалы әр түрлi 47 бас малдан (түйе, жылқы, сиыр және уақ мал), қырғыздардың малы тап сондай түлiктердiң 37 басынан тұратын. Мұндай кезде қалыңмалдың мөлшерiн белгiлеуге қалыңдық жағының бүкiл руы, ал малды тапсыру кезiнде күйеу жiгiт жағының бүкiл руы қатысуы тиiс болатын. Ал қазiр қалыңмалдың мөлшерiн қыздың әкесiнiң бiр өзi ғана белгiлейтiн болды. Сондықтан да қалыңмалдың мөлшерi күрт өзгерiп кеттi: байларда 300 басқа дейiн жетсе, кедейлер жалғыз сиырдан аса алмайды...»
Ресей. Бiздiң Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы. Орыс адамдарының үйде де, жолда да қолдан түспейтiн кiтабы. СПб.,1903, 18 том (Қырғыз өлкесi), 216–217беттер.
«...Қырғызша (қазақша) «құдалар» деп аталатын бұл елшiлердi қабылдау дәстүрлi той – «құда түсер» деп аталатын ресми құда түсуге байланысты мерекеге ұласып кетедi. Тойдың басты ырымы – құдаларды қонақ қылып, сыйлау, оларға қойдың құйрығы мен бауырынан жасалған тағам беру; бұл тағам ет қосылмай, тек құйрық пен бауыр асатудан тұратын болған соң, «Құйрықбауыр асату» деп аталды. Құда болатын екi жақтың жақсы туыс болуын тiлеп, әдеттегi дұғаны оқығаннан кейiн, яғни бата оқылған соң құйрықбауырды бiрнеше уыстан жейдi, бұл жастардың не кеге отыруының шарттарын бекiтудiң не келiсудiң белгiсiн бiлдiредi.
Баллюзек Л.Ф.//Қазақтар. Көпшiлiкке арналған тоғыз томдық анық тамалық. 7 том. А., 2003, 17бет.
1. Құда түсу кезiнде күйеу жiгiт пен қалыңдықтың қатысуы мiндеттi
болды ма? 2. Құда түсiп, үйлену тойын өткiзу, неке қию рәсiмi қалай өткiзiлдi? 3. Сұлтанның беретiн қалыңмалының қатардағы қазақтардың беретiн қалыңмалынан айырмашылығы қандай едi? 4. ХХ ғасырдың бас кезiндегi жағдайда қалыңмал төлеуде қандай өзгерiстер орын алды?
«Құйрықбауыр асату» дегенiмiз не?
