- •Оқулықты қалай пайдалану керек
- •Бiрiншi бHлiм. Қазақстанның хviii ғасырдағы әлеуметтiкэкономикалық, саяси және мәдени дамуы
- •§1. Хviii ғасырдағы қазақ хандығының iшкi және сыртқы жағдайы
- •§2. Жоңғар шапқыншылығы
- •20 Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
- •§4. Хviii ғасырдың алғашқы ширегiндегi қазақорыс қатынастары
- •§5. Кiшi жүздiң ресейге қосылуы
- •§6. Хviii ғасырдың ортасындағы қазақстан
- •§7. Қазаққалмақ қатынастары
- •§8. Абылай хан билiгi тұсындағы қазақ хандығы
- •§9. Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар к]терiлiсiне қатысуы
- •§10. Сырым датұлы бастаған қазақтардың ұлтазаттық к]терiлiсi
- •КHтерiлiстiң жетекшiсi және қозғаушы күштерi. Көтерiлiстi
- •§11. Ресеймен экономикалық байланыстардың дамуы
- •Орынбор – Ресейдiң қазақтармен сауда жасайтын iрi орталығы.
- •§12. Қазақстанның хviii ғасырдағы ғылымы мен бiлiмi және мәдениетi
- •§13. Дәстүрлi билер соты
- •Патша үкiметiнiң Қазақстандағы билер сотының Hкiлеттiгiн
- •Екiншi бHлiм. Хiх ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiкэкономикалық
- •§14. Б]кей хандығының құрылуы
- •БHкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң
- •§15. Қазақтардың 1812 жылғы ресейдiң отан соғысына қатысуы
- •§16. Қазақстандағы хандық билiктiң жойылуы
- •§17. Ақмола бекiнiсiнiң салынуы
- •§18. Исатай тайманұлы мен махамбет
- •§19. Қазақстанда отаршылдық езгiнiң күшеюi
- •Үшiншi бHлiм. Қазақстанды ресей империясына қосудың аяқталуы §22. Ұлы жүздiң ресейге қосылуы
- •§23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкiметiне қарсы к]терiлiстерi
- •Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар).
- •ТHртiншi бHлiм. Қазақтардың хiх ғасырдың
- •§24. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығы
- •§25. Қазақ халқының мерекелерi мен ұлттық ойындары
- •§26. Қазақ халқының әдетғұрпы мен салтдәстүрлерi
- •Отбасы және неке саласындағы әдетғұрыптар мен салт
- •Бесiншi бHлiм. Хiх ғасырдың екiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiк экономикалық және саяси жағдайы §27. Семей iшкi округiнiң құрылуы
- •§28. Хiх ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •«Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару тура
- •Генерал-губернаторлыћ Облыс Уезд Болыс Ауыл 1кесте. Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi
- •§29. Хiх ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •§30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлерi
- •§31. Патша үкiметiнiң отаршылдық қоныс аударту саясаты
- •§32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
- •§33. Қазақстан аумағындағы қалалар
- •§34. Сауда. Жәрмеңкелер
- •Жәрмеңкелердiң әлеуметтiкмәдени саладағы атқарған қызметi.
- •§35. Қазақстанда ]неркәсiптiң дамуы
- •§36. Ұйғырлар мен дүнгендердiң жетiсуға қоныс аударуы
- •§37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
- •§38. Шетелдерде қазақ
- •Алтыншы бHлiм. Хх ғасырдың бас кезiндегi қазақстан
- •§39. Қазақстан ресейдегi 1905–1907 жылдардағы революция кезiнде
- •§40. Қазақтардың петициялық қозғалысы
- •Жетiншi бHлiм. Қазақстанның хiх ғасырдың екiншi жартысы — хх ғасырдың бас кезiндегi мәдени ]мiрi §43. Оқуағарту iсi
- •§44. Ыбырай алтынсарин – қазақ халқының аса к]рнектi ағартушысы
- •§45. Ғылыми мекемелер мен ғылымизерттеу жұмыстары
- •Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы. Қазақстан
- •Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуi. Хiх ғасыр
- •§46. Шоқан уәлиханов – қазақтың аса к]рнектi ғалымы әрi ағартушысы
- •§47. Қазақ поэзиясы мен музыка ]нерi
- •§48. Ұлы ақын абай құнанбаев
- •§49. Патша үкiметiнiң қазақстандағы дiни саясаты
- •Қорытынды
- •Оқушылар! осы оқулықтағы материалдарды сендер қаншалықты жақсы меңгердiңдер
- •Маңызды оқиғалардың хронологиялық к]рсеткiшi
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна
Маңызды оқиғалардың хронологиялық к]рсеткiшi
1710 – Жоңғар басқыншыларына қарсы күресу үшiн қазақтың үш жүзi өкiлдерiнiң бас қосуы.
1711–1781 – Қазақ мемлекетiнiң көрнектi қайраткерi Абылай ханның өмiр сүрген жылдары.
1715 – И.Бухгольцтiң Орта Ертiс бойына жасаған әскерибарлау экспедициясы.
1716 – Омбы және Жәмiшев бекiнiсқамалдарының салынуы.
1717 – Железинск бекiнiсқамалының салынуы.
1718 – Семей бекiнiсқамалының салынуы.
1720 – Gскемен және Коряков бекiнiсқамалдарының салынуы.
1723 – «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» басталуы.
1726 – Ордабасыда бүкiлқазақтық құрылтай жиналысы болып өттi.
1728 – Қазақ жауынгерлерiнiң жоңғар әскерлерiмен Бұланты және Бiлеутi өзендерiнiң бойындағы шайқасы.
1730 – Қазақ әскери жасақтарының жоңғарлармен Балқаш көлiнiң маңындағы Итiшпес Алакөл (Аңырақай) деген жердегi шайқасы.
1731 – Кiшi жүз қазақтарының бiр бөлiгiнiң Ресейдiң қол астына өтуi.
1731–1732 – А.И. Тевкелев бастаған орыс елшiлiгiнiң Кiшi жүз дiң ханы Әбiлқайырдың ордасына келуi.
1734 – И. Кириллов басқарған Орынбор («Қырғызқайсақ») экс педициясы қызметiнiң басталуы.
1734 – Қазақтардың Жайықтың оң жағалауына көшiпқонып жүруiне тыйым салынуы.
1735 – Ор өзенiнiң сағасында Орынбор қаласы (Ор бекiнiсқама лы) негiзiнiң салынуы.
1741–1743 – Абылай сұлтанның қонтайшы ГалданЦереннiң қо лында тұтқында болуы.
1742 – Патша үкiметiнiң қазақтардың Жайық өзенiне, Жайық қалашығына және салынып жатқан бекiнiсқамалдарға жақын бару ына тыйым салуы.
1743 – Орынбор қаласын жаңа орынға көшiру.
1745 – Орск бекiнiсқамалында қазақорыс саудасаттығының басталуы.
1748–1786 – Нұралы ханның Кiшi жүзде билiк құрған жылдары.
1752 – Петропавл бекiнiсқамалының салынуы.
1752–1755 – Орта жүз қазақтарының көшiпқонып жүрген жер лерiнде Жаңаесiл шекара шебi ауданының құрылуы.
1755 – Сыртқы iстер министрлiгi алқасының Орта жүз қазақта рының Ертiстiң оң жағалауына өтуiне тыйым салған жарғысының шығуы.
1755 – Қазақбашқұрт қақтығысының шиеленiсуi.
1756 – Қазақтардың Абылай ханның басшылығымен Цинь аг рессиясына қарсы күресi.
1758 – Жоңғар мемлекетiнiң күйреуi.
1758 – Үрiмшi қаласында қазақтардың Қытаймен саудасаттық жасау мекемесiнiң ашылуы.
1765 – Патша үкiметiнiң Ертiс өзенiнiң сол жағалауындағы ұзына бойында енi он шақырым келетiн бейтарап алқапты құра бастауы.
1767 – Қытай үкiметiнiң Тарбағатай ауданы мен Iле өзенi бойын да қазақтардың көшiпқонып жүруiне ресми рұқсат етуi.
1771–1781 – Абылай ханның билiк еткен жылдары.
1771 – Патша үкiметiнiң Орта жүз қазақтарының Ертiстiң оң жағалауына өтуiне уақытша рұқсат беруi.
1771 – Қазақтардың «Шаңды жорыққа» қатысуы.
1773–1775 – Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтарының Е. Пугачев бастаған шаруалар көтерiлiсiне қатысуы.
1774–1860 – Батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлының өмiр сүрген жылдары.
1775 – Жайық өзенi атының Оралға, Жайық казак әскерлерiн Орал казак әскерлерiне өзгертiлуi.
1781–1819 – Уәли ханның Орта жүздi билеген жылдары.
1782 – Кiшi жүз қазақтарының Жайықтың оң жағалауына өтуiне уақытша рұқсат етiлуi.
1783–1797 – Кiшi жүз қазақтарының Сырым Датұлы бастаған ұлтазаттық көтерiлiсi.
1786 – Омбы қаласында азиялықтарға арналған мектептiң ашылуы.
1788, 1789 – Патша үкiметi қазақтардың Ертiстiң оң жағалауына өтiп, тұрақты тұруына ресми түрде рұқсат еткен жылдар.
1791–1838 – Батыр Исатай Тайманұлының өмiр сүрген жылдары.
1791–1794 – Ералы ханның Кiшi жүздi билеген жылдары. 1796–1797 – Есiм ханның Кiшi жүздi билеген жылдары. 1797–1805 – Айшуақ ханның Кiшi жүздi билеген жылдары.
1801 – Қазақтардың Жайықтың оң жағалауына жаппай көшуi және Iшкi Орданың құрылуы.
1804–1846 – Ақын Махамбет Gтемiсұлының өмiр сүрген жылдары.
1802–1847 – Хан Кенесары Қасымұлының өмiр сүрген жылдары.
1807–1888 – Батыр Есет Көтiбарұлының өмiр сүрген жылдары.
1808 – Сiбiр шекара шебi казак әскерлерiнiң құрылуы.
1808 – Кiшi жүз бен Орта жүздiң Ресеймен шекаралас ауданда рындағы ашаршылық.
1808 – Қоқандықтардың Ұлы жүз аумағына басып кiруi.
1810 – Жаңаелек шекара шебi ауданының құрылуы.
1820 – Қазақтардың шекара шебiнiң iшкi жағында көшiпқонып жүруi үшiн билеттiк жүйенiң енгiзiлуi.
1821 – Қазақстанның оңтүстiгiндегi қазақтардың Қоқан ханды ғына қарсы көтерiлiсi.
1822 – Орта жүздегi хандық билiктiң жойылуы.
1822–1825 – Жоламан Тiленшiұлы бастаған қазақтардың патша үкiметiне қарсы көтерiлiсi.
1824 – Кiшi жүзде хандық билiктiң жойылуы.
1824–1845 – Жәңгiр ханның Бөкей хандығын билеген жылдары.
1824 – Көкшетау және Қарқаралы сыртқы округтiк приказда рының құрылуы.
1824–1825 – Патша үкiметiне қарсы Ғұбайдулла Уәлиханов бас таған қозғалыс.
1825–1836 – Патша үкiметiне қарсы Саржан Қасымұлы бастаған қозғалыс.
1830 – Ақмола бекiнiсқамалының салына бастауы.
1831 – Кiшi жүз аумағында дистанциялық басқарудың құрылуы.
1832 – Ақмола округтiк приказының ашылуы.
1832 – Бөкей хандығында хан жәрмеңкесiнiң ашылуы.
1833 – Орыстың ұлы ақыны А.С. Пушкиннiң Орынбор мен Орал да болуы.
1834 – Құсмұрын округтiк приказының ашылуы.
1835–1865 – Қазақтың ұлы ғалымы әрi ағартушысы Шоқан Уәлихановтың өмiр сүрген жылдары.
1835 – Ор және Троицк бекiнiсқамалдары арасында жаңа шека ра шебi ауданының құрылуы.
1836–1838 – Бөкей хандығы қазақтарының Исатай Тайманұлы мен Махамбет Gтемiсұлы бастаған көтерiлiсi.
1837–1847 – Қазақтардың Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт азаттық көтерiлiсi.
1841 – Бөкей хандығында қазақ балалары үшiн алғашқы зайырлы мектептiң ашылуы.
1841 – Кенесары Қасымұлы қазақтың бүкiл үш жүзiнiң ханы болып сайланды.
1841–1889 – Қазақтың аса көрнектi ағартушысы әрi педагогы Ыбырай Алтынсариннiң өмiр сүрген жылдары.
1844 – Кiшi жүз қазақтарын басқару жөнiндегi жаңа Ереженiң енгiзiлуi.
1845 – Iшкi Ордада хан билiгiнiң жойылуы.
1845–1904 – Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы әрi ағартушысы Абай Құнанбаевтың өмiр сүрген жылдары.
1847–1857 – Украин халқының ұлы ақыны Т.Г. Шевченконың Қазақстан аумағында саяси айдауда болған жылдары.
1848 – Қарқаралы округiнде Қоянды (Ботов) жәрмеңкесiнiң ашылуы.
1853 – Сырдария әскери шебiнiң құрылуы.
1854 – Ертiс өзенiнiң оң жағалауында Семей iшкi округiнiң құры луы.
1854 – Алматы шатқалында Верный бекiнiсқамалының салына бастауы.
1856 – Жетiсуда Алатау ерекше округiнiң ашылуы.
1856–1857 – Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қар сы күрес жылдары.
1862 – Ақмола бекiнiсқамалына округтiк қала мәртебесiнiң берiлуi.
1866 – Ақмола облысы Көкшетау округi аумағына қоныс ауда рушы орыс шаруаларының алғашқы тобының келуi.
1866–1937 – «Алаш» қозғалысының көсемi Әлихан Нұрмұхамед ұлы Бөкейхановтың өмiр сүрген жылдары.
1867 – «Жетiсу және Сырдария облыстарын басқару жөнiндегi уақытша Ереженiң» бекiтiлуi және Түркiстан генералгубернатор лығының құрылуы.
1867 – Жетiсу казак әскерлерiнiң құрылуы.
1868 – «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару жөнiндегi уақытша Ереженiң» бекiтiлуi.
1868–1869 – Орал және Торғай облыстарындағы қазақтардың патша үкiметiнiң отаршылдық саясатына қарсы күресi.
1869 – Ақтөбе қаласының салына бастауы.
1870 – Маңғыстау қазақтарының патша үкiметiнiң отаршылдық саясатына қарсы күресi.
1879 – Қостанай қаласы негiзiнiң қалануы.
1880 – Патша үкiметiнiң қазақтардың Томск губерниясының Құ лынды даласына көшуiне рұқсат етуi.
1881 – Семей облысының аумағында Қырғыз миссиясы қызме тiнiң құрылуы.
1881 – Ұйғырлар мен дүнгендердi Жетiсуға қоныс аудару жө нiнде Ресей мен Қытай арасында СанктПетербург келiсiмiне қол қойылуы.
1881–1884 – Ұйғырлар мен дүнгендердiң Жетiсу аумағына жап пай қоныс аударуы.
1883 – Патша үкiметiнiң сенiмдi деген шаруаларды Қазақстанға қоныс аударуға ресми түрде рұқсат етуi.
1889 – Шаруаларды iшкi Ресейден Қазақстанға жаппай қоныс аударту жөнiнде заң қабылданды.
1890 – «Закаспий облысын басқару жөнiндегi уақытша Ереже» бекiтiлдi.
1891 – «Ақмола, Семей, Жетiсу, Орал және Торғай облыстарын басқару жөнiндегi Ереженiң» бекiтiлуi және Дала генералгубер наторлығының құрылуы.
1896–1903 – Ф. Щербина басқарған экспедицияның Ақмола, Семей және Торғай облыстарының 12 далалық уезiн зерттеген жылдары.
1897 – Ресей империясындағы Бүкiлресейлiк алғашқы халық санағы өткен жыл.
1901–1905 – Орынбор–Ташкент темiр жолының салынуы.
1902 – Қазақстанда шаруа бастықтары лауазымды қызметiнiң енгiзiлуi.
1902 – Дала генералгубернаторлығында ауыл мектептерiнiң ашы луы.
1903 – «Сырдария, Ферғана және Самарқанд облыстарындағы қазыналық жерлерге ерiктi түрде қоныс аудару туралы жаңа Ере желердiң» қабылдануы.
1904 – «Село тұрғындары мен мещан диқандардың қоныс ауда руы туралы уақытша Ережелердiң» бекiтiлуi.
1904–1906 – Қазақстан аумағында қоныс аударушы шаруаларды орналастыру үшiн – Торғай–Орал, Ақмола, Семей, Сырдария және Жетiсу аудандарының құрылуы.
1905–1907 – Бiрiншi орыс революциясы.
1905 – Ресейдегi азаматтық бостандықтар туралы Манифест. 1906 – Қазақтардың I Мемлекеттiк Думаның жұмысына қатысуы. 1907 – Қазақтардың II Мемлекеттiк Думаның жұмысына
қатысуы.
1911–1915 – «Айқап» журналының шығып тұрған жылдары.
1913–1918 – Жалпыұлттық «Қазақ» газетiнiң шығып тұрған жылдары.
1914 – Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыстың басталуы.
