Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ulgileu daris.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Сур. Модельдеудің жалпы схемасы

Модельдеу жүйесі — зерттелетін жүйенің немесе оның элементтерінің математикалык және физикалық аналогтарын құру және талдау. Модельдік тәжірибе зерттеу тәсілі ретінде жүйені жаңғыртуға және зерттеуге мүмкіндік береді, ал зерттелетін жүйеге тікелей тәжірибе жүргізу киын, немесе экономикалык түрғыдан тиімсіз болуы мүмкін.

Модельдер не үшін қажет? Адамның практикалық, ғылыми қызметтерінде жұмыс істеуіне тура келетін объектілердің қандай да бір алмастырушысын қүрады. Мұның табиғи көшірме - картина/скульптура; самолеттің үшу қасиетін зерттеуге белгіленген макеті; қандай да бір бұйымның партиясын дайындауға арналған үлгісі болуы мүмкін.

Адамның оқып үйренетін объект туралы ақпараттык моделінің негізін күрайтын қажетті ақпараттарды жинақтауы кажет.

Практикалық есепті шешу тұрғысынан модельдерді пайдалану окып үйренетін объектілердегі модельдеудің мәнін, мазмұнын демонстрациялауға мүмкіндік береді.

"Модель" термині көп мағыналы. Модель деп қандай да бір заттың кішірейтілген көшірмесін (самолет моделі, түрғын үйлер макеті), математикалык формулаларды, бүрыштан горизонтқа лақтырылған дененің үшу моделін, іштен жану двигателі жұмысының моделін, бұйымдарды жинау моделін, құрамы бойынша сөйлем талдау моделін, кандай да бір нәрсенің эталонын (метр эталоны, килограмм эталоны) айтамыз.

Жалпы түрдегі "модель" түсінігі төмендегідей негізде анықталады.

Модель - модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің құбылыстың кейбір жақтарын ұқсастырып бейнелейтін жаңа объект.

Модель - объектінің нақты жұмыс істеуіне сәйкестенетін анықталған параметрлер бойынша жұмыс істейтін физикалык/акпараттық алмастырушысы.

Модельдеудегі ең бастысы модельдеуші объекті мен оның моделі арасындағы өзара ұқсас қатысы болып табылады.

Барлық модельдердің көпбейнелілігі негізінен үш топқа белінеді:

  • Материалдық (табиғи) модельдеуші объектінің сыртқы түрін, құрылымын (кристал торлардың модельдері, глобус), жағдайын (самолеттің радио баскарылымды моделі) бейнелейтін кішірейтілген/ұлғайтылған көшірмелері;

  • бейнеленуші модельдер (геометриялык нүктелер, математикалык маятник, идеал газ, шексіздік);

  • ақпараттық модельдер - модельденуші объектінің акпаратты кодтау тілдерінін бірінде жазылған сипаттамасы (сөздік сипаттау, схемалар, сызбалар, картиналар, суреттер, ғылыми формулалар, бағдарламалар).

Информатика курсында негізінен ақпараттық модельдер қарастырылады.

Ақпараттық модель 1) баскару жүйесінде – автоматтандырылған өндеуге жататын ақпарат айналымының процесін параметрлік ұсыну; 2) мәліметтер базасында тұтастық шектеулер жиынтығы; мәліметтер құрылымын тудыратын ережелердің, олармен жүргізілетін операциялардың, сондай-ақ рұқсат етілетін байланыстар мен мәліметтердің мәнін, олардың өзгерістерінің тізбегін анықтайды; мәліметтер мен олардын арасындағы қатынастарды математикалық және программалық тәсілдермен ұсыну; ақпараттық құрылымдар мен олармен жүргізілетін операцияларды формалдық баяндау.

Акпараттық модельдердің баска да акпарат түрлері сияқты өзіндік тасымалдаушысы болуы керек. Олар кағаз, сынып тақтасы, кабырға -яғни, бірнәрсе жазуға, бейнелеуге болатындай кез-келген бет болуы мүмкін. Бүл тасымалдаушыларда модельдер түрлі "физикалық" тәсілдермен: калам, бор, бояу, диапроекторлық жарық бейнесі көмегімен жазылады. Біздер жалпы жағдайда акпараттык модель түсінігінің аясында берілетін мазмүнда түсінеміз. Мысалы, квадраттық тендеу формуласы калай және кайда жазылғандығына қарамастан квадраттык тендеу формуласы болып қала береді.

Модель- бұл:

  • накты объектінің карапайымдандырылған ұқсасы;

  • заттың кішірейтілген/ұлғайтылған түрдегі макеті;

- табиғат пен қоғамдағы қандай да бір процесстің/құбылыстың бейнесі, сипаттамасы және схемасы;

  • жұмыс істеуі анықталған параметрлер бойынша нақты объектінің жұмыс істеуіне ұқсас физикалық/акпараттық аналогы;

  • аныкталған шарттарда түпнүсқа объектінің бізді қызықтыратын қасиеттері мен сипаттамасын алмастыра алатын алмастырушы-объектісі;

  • модельдеу мақсаты тұрғысынан оқып үйренетін объектінің/құбылыстын кейбір нақты жақтарын бейнелейтін жана объект.

Ақпараттың модель - модельденуші объектінің акпаратты кодтау тілдерінің бірінде сипатталуы.

Модельдеу - бұл:

- накты бар объектілердің (заттар, күбылыстар, процестер) модельдерін қүру;

  • накты объектіні қолайлы көшірмемен алмастыру;

  • таным объектілерін модельдері аркылы зерттеу.

Модельдеу кез-келген максатқа бағытталган кызметтің ажырамас бөлігі. Модельдеу танымның негізгі әдістерінін бірі.

Нақты қызметтердегі объект модельдері төмендегі жағдайларға пайдаланылады:

  • материалдық заттарды бейнелеу;

  • белгілі фактілерді түсіндіру;

  • болжамдар құру;

  • зерттелінетін объект туралы жаңа білімдер алу;

  • болжау;

- басқару және т.с.с.