Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Документ Microsoft Word.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
96 Кб
Скачать
☆

Қазақстан Республикасындағы сот және сот әділдігі

Құқық қорғау органдары жүйесіндегі маңызды орын алатын мемлекеттік органдардың бірі соттар. Сот әділеттілігін іске асыра отырып соттар, жаза тағайындау, жазадан босату т.б. сияқты шешімдер қабылдай отырып, құқықты колданып, өзінің биліктік құзыретін жүзеге асырып, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, олардың мүдделерін, әділ, заң арқылы корғауға тиіс орган. Адамдар қажет болғанда әділдік үшін сот төрелігіне жүгінеді.

Қазақстан Республикасында сот билігі мемлекеттік билік тармақтарының бірі болып табылады және заңнаманы бұзуға байланысты қоғамда туындайтын қақтығыстарды Конституцияны, заңдарды, басқа нормативтік кесімдерді негізге ала отырып, шешуді мақсат тұтады.

Әділ сотты сот тек республиканың атынан, қандай да бір басқа мемлекеттік органның, лауазымды адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, әлеуметтік топтардың, азаматтардың еркінен тәуелсіз жүзеге асырады.

Сот билігінің маңызды өзіндік белгісі оның айртықшылығы болып табылады. Ешбір басқа билік тармағының — заң шығарушы, атқарушы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті де сот өкілеттіктерін иеленбейді. Тек сотгар ғана әділ сотты жүзеге асырады, бұл Конституцияда ерекше ескерілген. Конституцияның 75-бабында «Қазақстан Республикасында әділ төрелігін тек сот қана жүзеге асырады» деп жазылған.

Қазақстан Республикасында сот билiгi тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртiппен қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқа заседательдерi арқылы соттарға ғана тиесiлi.

Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.

Сот iсiн қарау тәртiбiмен қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.

Сот билiгi Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi.

Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi.

Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды. Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады

Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялар.

Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың құдыретімен жаратылды деп түсіндіреді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б.

Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель болды.(оны жақтаушылар Фильмер, Михайловский т.б.)

Органикалық теория - бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған.(б.з IV-IIIғ) Бірақ теория толық түрде XIX ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Спенсер, Вормс, Прейс т.б. бұл теория - адам қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі- адамның басы-миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсінеді.

Күштеу теориясы - XIXғ. қалыптасқан пікір. Өкілдері: Л Гумплович, К Каутский т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз руларды, тайпаларды күштеп, зорлық жасап өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады- деп түсіндіреді.

Материалистік теория - мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, себептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама-қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде-мақсатты қорғауы.

Құқықтың жүйесі мен заңдардың жүйесін көрсетіңіз

Құқық жүйесі объективтік құбылыс. Ол қоғамның диалектикалық даму процесінің объективтік заңдылықтары арқылы өмірге келеді. Бір жағынан, құқықтық нормалар субъективтік жолмен қалыптасады. Екінші жағынан, құқықтық нормалар қоғамның объективтік табиғи даму процесінің тілегіне сәйкес қалыптасып елдегі әлеуметтік қарым-қатынастарды реттеп, басқарып жатады. Сондықтан мемлекеттік органдар құқықтық нормаларды өз бетімен, қалай болса солай қабылдай салмайды. Қоғамның әлеуметтік қарым-қатынастарының даму процесіне сәйкес құқықтық нормалар жан-жақты талқыланып, бекітіледі. Қоғамдық қатынастарды реттеп, басқару процесінде нормативтік актілер сала-салаға, жүйе-жүйеге бөлініп, дамып жатады. Сөйтіп құқық жүйесі қалыптасады.

Заң шығару жүйесінің өмірге келу жолы басқа. Бұл жүйе басым түрде субъективтік процесс арқылы қалыптасады. Қоғамдағы қарым-қатынастарды жақсы дамыту үшін нормативтік актілерді дер кезінде қабылдап, елді, мемлекетті дағдарысқа ұшыратпай басқару керек. Бұл мәселемен мемлекеттің заң шығару бағытындағы аппараттары шұғылданады. Осылай қоғамда заң жүйесі қалыптасады.

Заң жүйесі дегеніміз - құқықты құрастыратын (қалыптастыратын) нормативтік актілердің жиынтығы (негіздері). Нормативтік актілерсіз, заңсыз құқық болмайды. Заң жүйесі мен құқық жүйесі бір-бірімен тығыз байланысты.

Заң шығару жүйесінің негізгі салалары:

1. Бір салалық қатынастарды реттейтін заң жүйесі. Заң жүйесінің бұл түрі құқық жүйелерімен ұқсас. Мысалы: азаматтық құқық, әкімшілік құқық т.б.

2. Саланың өз ішіндегі қатынастарды реттейтін заңдар нормативтік актілер. Мысалы: азаматтық құқықтың ішіндегі авторлық құқық; жер-су заңдарының ішіндегі тау-кен, экология туралы заңдар т.б.

3. Кешенді заңдар жүйесі (бірнеше салаларды қамтитын заңдар). Мысалы: шаруашылық, транспорттық т.б. заңдар. Бұл заң жүйелері қоғамның бірнеше салаларының ұқсас қатынастарын реттеп отырады.

4. Қорғаныс - әскери заң жүйелері. Бұл жүйе құқық жүйесінің басым көпшілігін біріктіреді. Мысалы: мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, жер, қылмыстық т.б. құқық салаларын біріктіреді.

Әскери заң жүйесі арнаулы, ерекше заң саласы болғанмен, қоғамдағы құқықтың негізгі қағидаларын қатаң сақтауға тиіс: азаматтардың теңдігін, бостандығын т.б.

Заң жүйесі объективтік жолмен қалыптасқан нормативтік актілерді субъективтік тұрғыдан біріктіріп, дамытып отырады.

Құқықтың дамып, қалыптасу кезендері:

1. Қоғамдағы қарым-қатынастардың өмірге келіп сала-салаға бөлінуі.

2. Қатынастарды реттеп, басқару үшін құқық жүйелерінің қалыптасуы.

З. Объективтік тұрғыдан қалыптасқан құқықтық нормаларды заң жүйесіне айналдыру. Сөйтіп құқықтың рөлін, маңызын күшейту, олардың қолдануын жеңілдету, нормативтік актілердің орындалуын жақсарту.

Әр елдің құқық жүйесі халықаралық құқықпен тығыз байланысты болады. Барлық мемлекеттер ол құқықты дұрыс орындауға міндетті. Өз нормативтік актілерін осы халықаралық құқыққа сәйкес қабылдауға тиіс. Егер қайшылықтар болса, халықаралық құқықтың нормалары басым болады.

Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары - құқық пен заңның дамуы қоғамның саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік реформаларға байланысты. Бұл процесте құқық пен заңның мазмұны да, сапасы да тереңдеп, жақсара түседі. Құқық және заң жүйелерінің даму бағыттары:

1). Қоғамдағы диалектикалық құбылыстардың құқық пен заңды объективтік тұрғыдан дамытуы;

2). Құқық жүйесінің дамуы;

3). Заң шығармашылық процестің сапасының жақсаруы.

Қазақстан Республикасы Конституциясының құрылымын көрсетіңіз

Әрбір мемлекетке төн бір ортақ көрініс - бұл мемлекетті ұйымдастыруда және мемлекеттік құрылысында өзіне ғана үйлесімді ерекшеліктердің болуы.

Конституциялық құрылыс бұл - сол елдің Конституциясында бекітілген, мемлекетті құрудағы ерекше бір әдіс немесе ерекше бір форма.

ҚР Конституциясының 1-ші бабына сәйкес, «Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді, оның жоғары құндылығы ретінде адам оның өмірі, құқығы мен бостандығын қояды» деп жазылған.

Басқару тұрпаты жағынан Қазақстан мемлекеті республика болып есептеледі. Мемлекеттегі билік халық тарапынан сайланған, белгілі бір мерзімдік өкілеттіліктерге ие өкілеттік органдар арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан - Президенттік басқарудағы республика.

ҚР-ның Президенті мен Парламенті жеке сайлауларда сайланады. Бұл көп жағдайда Президенттің Парламентке қатысты Тәуелсіз жағдайын анықтайды. Қазақстандағы Президенттің басқарудың негізгі белгілері:

республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және үкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамассыз етеді;

Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, конститутцияның мызғымастығының, адам және құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі;

Президент ұлттық Банкінің төрағасының, Бас Прокурорды және ұлттық Қауіпсіздің Комитетінің Төрағағасын қызметке Парламеттің келісімімен тағайындайды және қызметінен босатады.

ҚР Президенті Парламент үкіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министірді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламент Палаталарының арасындағы немесе Парламент пен Мемлекеттік билік басқа тармақтары арарсындағы

еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламентті тарата алады.

Мұрагерлік құқық және оның түрлерін көрсетіңіз


1. Мұрагерлiк деп-қайтыс болған адамның мұлкiнiң бiр немесе бiрнеше өзге тұлғаларға кұшуiн айтамыз. Мұрагерлiктiң бiр ерекшелiгi мұра алушыға мұра бойынша барлық құқықтар мен мiндеттер ұтедi. Мұрагерлiк өсиет бойынша немесе заң бойынша жұзеге асырылады. Мұрагерлiк бұл екi институт Рим мемлекетiнде бұлек-бұлек болатын. Мыс: бiр мұлiктiң жартысы ұсиет бойынша, жартысы заң бойынша болып бұлiнбейтiн. Мұрагерлiк процесiнде мұраның ашылуы мен мұраны алуға кұп кұңiл бұлiнген. Мұра мұра қалдырушының қайтыс болуынан бастап ашылады, ал мұраны алу тек мұрагердiң мұраны алуға келiсiмi болған жағдайда ғана болады.Өсиет деп Рим құқығында тұлғаның ұз мұлкiне билiгiн қайтыс болғанда өзге нақты тұлғаға өту туралы шешiмi. Классикалық құқықта мұндай сiлтеме өсиеттiң басында болуы тиiс едi. Мұрагердiң нақты айтылуы ұсиеттiң басты ерекшелiгi. Өсиет бойынша егер мұрагерлер бiрнеше бөлiк және мүлiктiң әр бұлiгiн бұлiп қойылған болса, Бiрақ мұрагердiң аты кұрсетiлмесе өсиет жарамсыз болып табылады. өсиеттiң iшiнде сонымен қатар ұсиеттен бас тарту (легаттар), жас мұрагерлерге қамқоршы тағайындау жөнiндегi нұсқаулар болуы мүмкiн. Өсиет қалдыру үшiн арнайы қабiлеттiлiк - testamentifactio activa қажет едi. Өсиет қалдыруға әрекетке қабiлетсiз тұлғалар, кейбiр ауыр қылмстары үшiн сотталған адамдарға құқық берiлмейтiн. Өсиет қалдырудың өзi белгiлi-бiр ережемен өтетiн. Мыс: Юстинианның кезеңiнде 7-куәнiң қатысуы қажет едi.өсиет бойынша мұрагер нақты кұрсетiлуi тиiс және мұра қалдырушы қайтыс болған кезден бастап ашылады. Ал егер ұсиет бойынша мұра қалдырушы ұсиетте мұрагерге қатысты шарт қоятын болса, осы шарт орындалғаннан кейiн ашылады. Алғашқы кезде мұрагарлер 3-ке бөлiндi:азаматпен тiкелей туыстық қатынаста болған кезде. Олар-әйелi, балдары, қайтыс болған баласынан асырап алғаг немересi. Мұндай жағдайда әйелi мен баласының үлесi теңдей бөлiнедi. Ал немересiнiң үлесi өзiнiң қайтыс болған әкесiнiң үлесiмен теңестiрiледi. Жақын туыстары-ағасы, қарындасы.Жақын адамдар- жақын адамдардың мұрагерлiк кезегi 1, 2-шi болмауы немесе мұрадан бас тартуы. Юстиниан императорының кезiнде мұрагерлердi бiрнеше топқа бөлдi. Онда қандық туыстық алғашқы орынға қойылды. Балдары, қыздары және бұрын қайтыс болған баласының немересi. Әкесi, шешесi, әжесi, атасы, ағасы, қарындасы және бұрын қайтыс болған ағасының балдары мен қыздары. Әкесi бiр, шешесi бөлек iнi-қарындастары. Жанамалай туыстар: жиен, нағашы. Император юстинианның кезiнде әйелдердiң үлесi ерекше тәртiппен белгiлендi. Әйелдiң ұлесi осы жоғарыда кұрсетiлген 4-топқа жататын мұрагарердiң қайсысы ие болған жағдайда соның 1/4 үлесi әйелдiң үлесi деп есептелiндi Өсиет қалдырушы өсиет бойынша мұрагерге мұра есебiнен өсиеттiк бас тартуды орындауды талап ету құқығын алатын бiр немесе бiрнеше адамның (бас тартушылардың) пайдасына қандай болсын мiндеттеменi (өсиеттiк бас тарту) орынауды жүктеуге құқылы. Заң бойынша мұрагерлер қатарына кiретiн адамдар да, кiрмейтiн адамдар да бас тартушылар (легатарийлер) болуы мүмкiн. Өсиет қалдырушы ұсиеттiк бас тартуды жүктеген мұрагер, оны тек оған ауысқан мұраның шын мәнiндегi құны шегiнде және мұра қалдырушы қарыздарының өзiне артылған бөлiктерiн шығарып тастап орындауы тиiс болған. Өсиеттiк бас тарту мұра ашылғанаға дейiн немесе ашылғаннан кейiн бас тартылушы қайтыс болған жағдайда, бiрақ өсиет бойынша мұрагер оны қабылдапт үлгерген кезге дейiн орындалмайды. Сонымен қатар, бас тартылушы мұра қалдырушының борыштары үшiн жауап бермейдi.

Мемлекеттік қызметтің принциптері:

- Заңдылық.

- Қазақстандық патриотизм.

- Мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып

бөлінуіне қарамастан мемлекеттік қызметтің бүтіндей жүйесі.

- Мемлекет мүддесі алдында республика азаматтарының құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін белгілеп, табу.

- Өзінің қабілеттеріне сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша мемлекеттік қызметке қатысты республика азаматтарының бірдей құқыққа ие болуы.

- Азаматтардың мемлекеттік қызметке тұру еріктілігі.

- Мемлекет қызметшілердің кәсіпқойлығы мен құзіреттігі.

- Теңдей мәнді жұмысты орындағаны үшін теңдей жалақы төлеу.

- Бағынышты мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік органдардың төменгі тұрған қызметкерлері үшін олардың құзыреті шегінде жоғары тұрған мемлекеттік органдармен лауазымды тұлғалардың орындауға міндетті шешім қабылдауы.

- Мемлекеттік қызметшілердің қадағалаумен есеп берушілігі.

- Мемлекеттік құпия мен басқада заңмен қорғалатын құпияны құрайтынды қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықтың есебі.

- Мемлекеттік қызметшілердің құқық және әлеуметтік қорғалуы.

- Мемлекет қызметшілерді қызметтік міндеттерін адал, бастамшылықпен және аса күрделі әрі маңызды тапсырмаларды орындағаны үшін марапаттау.

- Мемлекеттік қызметшілердің өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны үшін және өзінің өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауапкершілік.

- Мемлекеттік қызметшілердің діліктілігін көтерудің үзілмеуі.

- Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың құрылуына жол берілмейді.

- Мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін орындау барысында заңдардың талаптарын

басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен органдардың шешіміне байланысты емес.

‘‘Қазақстан 2030’’ Стратегиялық бағдарламасы кәсіпқой мемлекет құруды көздейді. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілердің корпусын құру қажеттігі туындайды. Кәсіпқой мемлекетте оның органдары басқарушылармен құралады. Президент оларды жаңа генерация ақсүйектері деп атап және оларды ұлттар құлдары деп белгіледі. Бұл адамдардың ерекше белгісі – патриотизм. әділеттілік, өз ісіне берілушілік, кәсіпқойлық, ұзақ мерзімді мәселелерді қою қабілеттілігі, оларды жаңа талаптарға сай шеше білу және еркіндігі. Мемлекеттік қызметтің бағасы, іріктей және қызметтік жұмысшыларды жылжыту, көтеру жүйесінің критершілері жасап шығарылған. Әсіресе аумақтық деңгейде қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру қалыптастырып жатыр. Қазақстанда қазіргі мемлекеттік қызмет Академиясы әрекет етіп жатыр.

Мемлекеттік қызмет – басқару персоналының әлеуметтік пайдалы, обьективті қажетті және ұйымдаса жабдықталған саналы қызмет бола отырып, өзінің еңбек құралына ие болады. Мемлекеттік қызметшінің кәсіби қызметі арнайы белгілерге ие болады.Осындай белгілердің бірі еңбек құралының арнайылығы (қызметтік міндет) болып табылады. Мемлекеттік қызмет бірде бір қызмет түріне қатысты, яғни кәсіпқойлық, мамандық, биліктік, қызметке қатысты жұмысының орындалуын болжайды. Кәсіп (профессия) – бұл адамның өзінің білімі, қабілеті мен әрекетіне сәйкес өзінің еңбектік мамандығын қолдана алатын қызметтің кең ауқымды саласы болып табылады. Мамандық (специальность) – бұл жұмысшылар мен қызметшілерге тез әрі тиімді еңбек етуге мүмкіндік беретін терең әрі жан-жақты сана мен білімге ие болатын көрсетілген кәсіп саласындағы еңбек қызметінің елеулі тар саласы. Біліктілік – жұмысшыеың қабілеттілігі еңбектің қаншалықты күрделілігін орындай алатынын көрсетеді. Әкімшілік мемлекеттік қызметтің біліктілігі біліктілік категориясымен белгіленеді.

Мемлекеттің қызметтің тағы бір түрі – органдардағы қызметке мемлекеттік қызметшінің жеке қатысуы болып табылады. Бұл азаматты мемлекеттік органның жеке құрамына (штат) қосуды және оны басқарушылық қызметке енгізуді болжайды. Қызметші тұлғаның мемлекеттік органның регламенті мен ішкі еңбек тәртібіне бағынуы мемлекеттік қызметтің келесі белгісі болып табылады. Ішкі еңбек тәртібінің мазмұнын жұмысшы ұжымның нақты және біртекті жұмысын, қызметші тұлғалар мен басқа да жұмысшылардың ортақ басқарушылық қызметін қамтамасыз ететін нормалар құрайды. Ішкі еңбек тәртібі заңдармен, заңға тәуелді актілермен, ішкі еңбек тәртіп ережесімен және регламенттермен реттеледі. Мемлекеттік органдағы ішкі еңбек тәртібінің ажырамас элементі субординация жүйесі болып табылады. Бұл дегеніміз – мемлекеттік қызметшілердің төменгі тұрған қызметшілердің жоғары тұрған лауазымды тұлғаға бағынуы болып табылады. Мемлекеттік қызметтің ерекшелігі мына белгімен сипатталады, ол қызметшінің еңбек ақысы

Қазiргi мемлекеттiк аппараттың қызметi мынадай принциптер мен реттеледi: мемлекет аппаратының iшкi құрылысы және құзыретiнiң нәтижелi, тиiмдi болуы.

Ол үшiн оның қызметi демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиiс. Мемлекеттiң лауазымды адамдары, қызметкерлерi нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Мемлекеттiк аппарат халықтың мүддесiн қорғап, соны iске асыруға мiндеттi. Халықтың мемлекеттiк басқару процессiне қатысуының демократиялық жолдары – олардың сайлауға қатысуы, Халықтың өкiлдерi мемлекеттiк аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепiлдiк бередi. Халық мемлекеттiк аппараттың қызметiне көмек беру үшiн қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттiк аппаратпен байланысатын саяси жүйенi құрады. Конституцияның 33 бабында «Азаматтардың тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекеттiң өкiлдiк, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс iстеуi жөнiндегi әрекетiн жүзеге асыру мүмкiндiгi» делiнген. Қатысудың түрлерi былай деп белгiленедi: мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жеке және ұжымдық өтiнiштер жолдау: мемлекеттiк органдар мен өзiн өзi басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттiк қызметке кiру.

Мемлекеттiк қызметтердiң принциптерi: заңдылық; мемлекеттiк билiктiң заң шығарушы, атқарушы және тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдында басымдылығы; мемлекет қызметiне кiруге, қатысуға ерiктiлiгi; өз өкiлеттерi шегiнде жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымда адамдар қабылдаған шешiмдердiң төменгi мемлекеттiк органдар қызметшiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттiлiгi; мемлекеттiк қызметкерлердiң кәсiпқойлығы мен жоғарғы билiктiлiгi.

Мемлекетті қызметті ұйымдастырудың басты негізгі талаптары ҚР Конституциясында қарастырылған (33бап). Сонымен қатар, 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңынан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Аталған Заң мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың негізін, мемлекеттік қызметтердің құқықтық жайдайларын және мемлекеттік қызмет аясындағы қарым-қатынастарын реттелуін анықтайды.

Үкімет Қазақстан Республикасының атқару билігін жүзеге асырады. Конституцияға сәйкес ол атқарушы органдар жүйесін басқарып, қызметтеріне жетекшілік етеді.

Үкіметтің қызметінің құқықтық негізі ҚР Конституциясы, 1995 жылғы 18 желтоқсанда ҚР Президентінің заңды күші бар Жарлығы бойынша қабылданған «ҚР Үкіметі туралы» және ұйымды анықтайтын, сонымен бірге органның қызметін анықтайтын Президент пен Парламенттің актілері болып табылады.

Үкімет құрамы - Премьер-Министр және үкіметтің мүшелері кіретін ұжымдық орган. Оның әкімшілік құқықтық мәртебесі бірнеше ерекшеліктермен ерекшеленеді:

құрылу тәртібі; қызметінен кетірумен; өкілеттілігін тоқтату институтымен.

Үкімет басшысы тағайындалғаннан кейін 10 күн мерзім ішінде Премьер – Министр Үкіметтің құрылғысымен құрамы жөнінде ұсыныс жасайды. Үкімет Президенттің қатысуымен құрылады. Үкімет мүшелері халыққа және Президентке ант береді.

Азаматтық құқықтың жалпы ережелері.

Қазақстан Республикасының бір тұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын – азаматтық құқық.

Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оның римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқық цивильді (jus cіvіle) құқық деп атаған.

Қазақсатн Республикасының азаматтық құқығының пәні тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.

Сонымен қатар мүліктік қатынасқа байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.

Азаматтық құқық реттелетін қоғамдық қатынастар негізінде мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздармен басқа да мүліктермен байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас) мүліктің (тиістілігіне қарай) меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі.

Мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.

Азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені олардың өзі әртүрлі сипатта кездеседі.

Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді.

Азаматтық құқық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлық анықтайтын мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабысын пайдаланғаны үшін онда авторлық сый ақы алу құқығы пайда болады.

Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбеті құқығы. Жеке өмірден құпиялылығы, тұрған үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарға жатқызуға болады.

Азаматтық құқықтың принциптері. «Принцип» (қағида) термині латын сөзі «бастау» «негіз» дегенді білдіреді. Азаматтық принциптер-ол нормативтік сипаты бар қоғамдық қатынастарды азаматтық құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз.

Азаматтық құқық мынадай принциптері бар:

  1. Азаматтық құқықтың қатынастарға қатысушылардың теңдігі.

  2. Меншікке ж/е басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық

  3. Шарт еркіндігі

  4. Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығы.

  5. Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру

  6. Нұқсан келтірген құқықтарды қалпына келтірілуін қамтамасыз ету

  7. Азаматтық құқықтың сот арқылы қорғау.

Ата-аналардың балалары жөніндегі құқықтары мен міндеттері.

Ата-аналардың және балалардың құқықтары мен міндеттері балалардың заңмен белгіленген тәртіппен куәландырылған тегіне негізделеді.

Баланың анасы жағынан тегін (анасы болуын) ананың медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда - медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде азаматтық хал актілерін жазу органы белгілейді.

Бір-бірімен некеде тұратын адамдармен туған баланың туу тегі атаанасының неке туралы жазбасымен куәландырылады. Бала неке бұзылған, оны жарамсыз деп таныған кезден бастап немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған кезден бастап екі жүз жетпіс күн ішінде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылады.

Баланың анасымен некеде тұрмайтын адамның әке болуы баланың әкесі мен анасының азаматтық хал актілерін жазу органына бірлесіп арыз беруі жолымен; анасы қайтыс болған, ол әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларды немесе ол ата-ана құқығынан айырылған жағдайда - қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен бала әкесінің арызы бойынша, мұндай келісім болмаған жағдайда - сот шешімімен белгіленеді.

Әке болуды анықтау туралы бірлесіп арыз беру бала туғаннан кейін мүмкін емес немесе қиын деп ұйғаруға негіз беретін мән-жайлар болған кезде болашақ баланың бір-бірімен некеде тұрмайтын ата-анасы анасы жүкті болған кезде азаматтық хал актілерін жазу органына сондай арыз беруге құқылы. Баланың ата-анасы туралы жазба бала туғаннан кейін жасалады.

Егер анасының күйеуі емес еркектің әке екендігі анық болып шықса, анасы босанғанға дейінгі және босанғаннан кейінгі кезеңдердің ішінде өзін асырау жөніндегі шығындарға одан тиісті ақша қаражатын сот тәртібімен талап етуге құқылы. Ақша қаражатының мөлшерін тараптардың материалдық, отбасылық және назар аударуға тұрарлық басқа да мүдделерін негізге ала отырып, ақша қаражатын төлеу кезінде қолданылып жүрген есептік көрсеткіштің еселенген арақатынасымен сот белгілейді.

Он сегіз жасқа (кәмелетке) толған адам жөнінде әке болуды белгілеуге оның келісімімен ғана, ал егер ол әрекетке қабілетсіз деп танылған болса - оның қорғаншысының немесе қорғаншы және қамқоршы органның келісімімен ғана жол беріледі.