1. Салықтық құқық ұғымы.
Салықтық құқық Қазақстан Республикасы салықтық құрылысының, мемлекеттің ішкі және сыртқы салық саясатының, сондай-ақ салықтық қатынастардың тиімді қалыптасуының құқықтық негіздерін құрайды. Осыған орай салықтық құқық салықтық қатынастардағы қоғам мен мемлекет және жеке меншік мүдделерінің қақтығысын болдырмауды, болған жағдайда дұрыс шешуді, салық салу аясындағы салықтық тәртіпті сақтауды, сондай-ақ мемлекеттік мәжбүрлеуді қолдану жүйесін ретке келтіруді қамтамасыз етеді. Салықтық құқықтың маңызын және нарықтық қатынастар аясындағы рөлін әлі де болса ашып көрсету үшін аталған құқықтық құрылымның теориялық және практикалық мәселелерін ғылыми зерделеп, зерттеуші отандық және шетел ғалымдарының кейбір еңбектерін қарастыру қажет деп ойлаймыз.
«Салықтық құқық – мемлекеттің салықтық қызметінің процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Салықтық құқық аясындағы негізгі құрылымдарға мемлекеттің салық жүйесі және мемлекеттің салық қызметі органдары жатады», «Салықтық құқықты кең мағынада, мемлекеттің салықтық құрылымын айқындайтын, оның салық жүйесін белгілейтін, сондай-ақ салық міндеттемелерін орындау процесінде туындайтын қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы ретінде айқындауға болады. Салықтық құқық аясында мемлекеттің салық жүйесі, мемлекеттің салық қызметі органдары, салық міндеттемелері көрініс табады» деген мәні мен маңызы бойынша біркелкі ұғымдарды айқындаған.
Әкімшілік құқық – қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Атқару билігі мен мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру.
«Администрацияң сөзі латын тілінен аударғанда «басқару» деген мағынаны білдіреді. Әкімшілік құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және атқару биліктің жүзеге асуымен тікелей байланыста жүргізіледі.
Әкімшілік құқық – мемлекеттік басқару қызметін ұйымдастыру мен іске асыру барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдық нормалар жиынтығы.
Әкімшілік құқық саласының белгілері:
Қазақстан құқығының негізгі, жариялы (мемлекеттік) салалардың бірі;
өзінің реттейтін пәні – атқарушы билікті жүзеге асыру жөнінде пайда болатын басқару қатынастары;
өзінің құқықтық реттейтін әдісі;
ішкі ұйымдастырылуы (құрылымы);
нормативтік базасы (нормативтік қайнар көзі).
Әкімшілік құқық жалпы қоғамдық қатынастарды, оның ішінде әкімшілік-құқықтың реттелуін қарастырып, тәжирибеде әкімшілік құқықтық нормалардың орындалуын бақылайды және мемлекеттік басқаруда объектілер мен субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілеп, басқарудың құқықтық әдістері мен нормаларын және олардың жүргізілуі тәртібін айқындап, сонымен қатар, басқарушы мен басқаралушы жақтардың қызметін құқықтық реттейді.
Әкімшілік құқық пәні, шартты түрде екі бөлімнен тұрады.
1. Аппарат ішілік қатынастар. Мұнда мемлекеттік органдардағы аппарат ішілік жұмыс әдістерімен және формаларын, қызметін ұйымдастыру нығайтылады.
2. Әкімшілік биліктің түрлі ұйымдармен, мекемелермен азаматтарымен қатынасы.
Әкімшілік құқық пәні астарында басқару мазмұнындағы қатынастар жатады.
Бұлар :
- басқару органдары арасындағы көлбеу (вертикалды) қатынас (Казақстан Республикасының Үкіметі және министрлік).
- басқару органдары арасындағы бағынушылық қатынас (аудандық әкімдік және жергілікті орган).
- басқару органдарының өздеріне бағынышты ұйым, бірлестіктермен қатынас (завод және министрлік).
Әкімшілік құқықтың әдісі – жолдардың, тәсілдердің жиынтығы, солар арқылы басқару қатынастары реттелінеді.
Әкімшілік әдістерінің түрлері:
Императивтік (кесімді,биліктік) - құқықтық нұсқамалардан бұлтаруды болғызбайтын ықпал ету тәсілі.
Диспозитивтік (автономиялы) ықпал ету субъектілерін өзара қатынастарын заңмен белгіленген шеңберде реттеуге мүмкіндік беретін ықпал беру тәсілі.
Көтермелеу – мінез құлықтың белгілі бір түрі үшін көтермелеуге уәде беру жолымен белсенді мінез құлықты ынталандыратын ықпал ету тәсілі.
Ұсыныс жасау – басқару субъектілеріне қолданылып жүрген заң тұрғысынан мінез құлықтың ең пайдалы түрін ұсынатын ықпал ету тәсілі.
Әкімшілік құқықтың жүйесі - өзара байланысты әкімшілік -құқықтық институттар мен нормалар жиынтығы.
Әкімшілік құқықтық институт – басқару қатынастарының сапалық жағынан біркелкі тобын реттейтін біршама бөліктенген әкімшілік құқықтық нормалардың жиынтығы.
Әкімшілік институттар: Әкімшілік құқықтың принциптеріннің, азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесі, мемлекеттік қызмет, атқарушы билік органдарыме басқарудың өзге де субъектілері мәртебесі; Әкімшілік құқықтық нысандар мен әдістер, әкімшілік жауаптылық, әкімшілік іс жүргізу, мемлекеттік басқаруда заңдылықты қамтамасыз ету, салааралық басқару, экономика аясындағы басқару, әкімшілік саяси аясында басқару, әлеуметтік – мәдени аясындағы басқару
Мәміле ұғымы, түрлері және нысаны.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтың құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп аталады.
Мәмілелер бір жақты және екі немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкін.
Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет. Біржақты мәміле, мәміле жасаған адамға міндеттер жүктейді. Ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгіленген не сол адамдармен келісім болған реттерде ғана міндеттер жүктей алады.
Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінгі қалдыратын шартпен жасалады деп есептеледі.
Егер тараптар құқықтар мен міндеттемелердің толықтырылуын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасалды деп есептеледі.
Егер шарттың басталуы тиімсіз болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен ықпал етсе, шарт басталмаған деп есептеледі.
Мәмілелер нысаны. Мәмілелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай және нотариалдық). Жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше көзделмесе ауызша түрде жасалған болып табылады.
Үндемей қолу заңдарда немесе тараптардың келісімімен мәлім жасауға ерік білдіру деп танылады.
Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәлмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша жасалуы мүмкін.
Мәміленің жазбаша түрі:
Мынадай мәмілелер:
егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын.
мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткіш жоғары сомаға
заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасауға тиіс.
Екі жақты мәмілелер әрқайсына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.
Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс немесе субъектілерді немесе олардың еркі білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдарда немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасаған мәмілеге теңестіріледі.
Жарамсыз мәмілелер және жарамсыздықтың түрлері.
Азаматтық құқық теориясында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді:
а) Зат құрамының ақауы болатын мәміле;
б) ерікке қатысты ақауы бар мәміле;
в) нысананың ақауы бар мәміле;
г) мазмұнның ақауы бар мәміле.
Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ құқықтық тәртіп негізінде немесе адамгершілікке көрнеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле жарамсыз болады.
Қажетті лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшінің біткеннен кейін жасалған мәміле жарамсыз болады.
Әрекет қабілеттілігі болғанмен, мәміле жасаған кезде өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін жағдайда болған азамат жасасқан мәмілені сот сол азаматтың талабы бойынша, ал егер тірі кезінде талап етуге азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейін басқа мүдделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.
