- •Биогенді стимуляторлардың жалпы сипаттамасы.
- •Саз балшық препараттары (минерал тектес)
- •Ферменттердің сипаттамасы мен жіктелуі.
- •Жануар шикізатынан ферменттер өндіру. Асқазанның шырышты қабатындағы ферменттің препараттары.
- •Өсімдік шикізатынан алынған ферменттер өндірісі. Өсімдік шикізаты препараттарының жеке технологиясы.
- •8 Кесте - протеолиттік ферменттер мен олардың алу көздері.
Саз балшық препараттары (минерал тектес)
Пелоидин – Одесса қаласына жақын орналасқан Куяльницкий лиманы емдік балшығынан алынған сулы экстракт. Дайындалу технологиясы: 280 кг емдік балшықты керамикалық бакқа салып, оған 720 л су қосады. 1000 л қоспаға 6,68 кг натрий хлоридин қосады, себебі изотонды ерітінді алу үшін. Қоспаны үнемі араластыра отырып, 3-6 тәулік бойына, балшық бетіндегі тұнған сүзілген сұйықтықтың тығыздығы 1,008-1,010 г/мл; хлоридтердің мөлшері 11,5-14,5 г/л, ал құрғақ қалдық 12-16 г/л. Сонан соң, сұйықтықты тұнбадан құйып алады, механикалық қоспалардан және микроорганизмдерден тазарту үшін (диаметрі 0,3 мкм стерильденген пластинадан немесе мембраналық фильтрден) фильтрлейді. Фильтратты 1,5 сағат 60-70°С температурада қыздырады, салқындаған соң асептикалық жағдайларда 500 мл ден флакондарға құяды.
Пелоидодистиллят иньекцияға арналған ̶ Куяньнинцкий лиманы емдік балшығынан су буымен айдау тәсілімен алынады. Әдетте 1 кг балшықтан 72 мл-ге жуық айдама алынады. Айдамадан сутегі мен күкіртті аластатады, фильтрлейді, ампулаларға 1 мл-ден құяды және 120оС температурада 1 сағат стерильдейді.
Бишофит – скважинаны бұрғылау кезінде алынатын микроэлементтер және минералды хлор, магний, натрийдің комплекстерін құрайтын препарат. Қабынуға қарсы, ауырсынуды басу, артроз, артрит, радикулит, люмбаго және басқада қабынуға қарсы және дистрофикалық бұлшық ет–жүйесінің аппараттарының ауруларында қолданылады. Компрессор түрінде қолданылады. 50, 100, 200, 250, 450 және 500 мл флакондар түрінде шығарылады. Бишофит сонымен қатар «Бишолин» пастасы түрінде және пластыр түрінде шығарылады.
Вулнузан – жақпа май, Болгариядағы Поморий тұзды көлінен алынған экстракт. Құрамы: 12 г экстракт; 35 г кастор майы, ланолин-15 г; су -100 мл дейін. Іріңдеген, жарылған жаралардың тез жазылуына және тазалауында қолданылады.
Нафталанды мұнай, әлемде бір ғана Азербайджанда Нафталан кең орнынан алады. Олардан линимент, жақпа май, сыртқа қолдануға арналған сұйықтық дайындайды.
Линимент Гидрофильді негізінде 10% рафинирленген нафталан мұнайының эмульсиясы препараттың негізін құрайды. Бұл қоймалжын әлсіз қышқылдық ортада сироп тәрізді сұйықтық түзеді, қара түсті, ерекше иісі бар препарат. Препарат сумен әрекеттеспеді.
Жақпа май 70% нафталин майын құрайтын және 15 немесе 25 г тубаларда шығарылады. Сыртқа қолдануға арналған сұйықтық құрамында 98% нафтенді көмірсулар болады, 15 және 80, 120 мл флакондарда шығарылады. Нафталинді мұнай препараттары ревматизмде, буын ауруларында, бұлшықет және тері, организмде зат алмасу үдерісін көтеріп, орталық жүйке жүйесіне және ішкі бездерге әсер етеді. Кейде препарат терапевтикалық әсерді жоғарлату үшін салицил қышқылы, каротин, камфор, және т.б қолданылады.
Торфот –белгілі жер қойнауының торфының айдамасы ( айырылу дәрежесі 20-30 %, ылғалдылығы 40-60 %, күлділігі 6-8%). Шикізатты тәулік бойы бірдей көлемде суға жібітіп, содан соң су буымен айдауды бастайды. Айдалған затты жинап, есептелген көлемде натрий хлоридин қосып, фильтрлейді, ампулаларға құйып 120°С температурада 1 сағат бойы стерильдейді.
Дайын өнім – мөлдір, түссіз, өзіндік торфтың иісі бар, стерильді сұйықтық.
рН мәні 6,0-8,8 тең болады. ФиБС препараты сияқты қолданады. 1 мл ампулаларда шығарылады.
Иньекцияға арналған ФиБС ( препарат авторлардың фамилиясы бойынша аталынған В.П.Филатов, З.А.Бибер, В.В.Скородинская). Препарат алу үшін шикізат ретінде Куяльницкий лиманы саз балшығы қолданылады. Алынған айдамада көп мөлшерде күкірт және күкірт сульфид болады. Алынған айдамаға натрий хлоридінің ( 1 л, 7,5 г) қосады, тұндырады және мата фильтрі арқылы фильтрлейді. Фильтрлеуді табақша тәріздес сұйықтықтық сепараторда сеперациялаумен алмастырады. Бұл жоғары өнімділікпен мөлдір ерітінді алуға мүмкіндік береді. Күкірт сутекті қыздыру арқылы бөледі, ал натрий хлоридінен тазалау үшін екінші рет айдауды қолданады. Алынған ерітіндіге пелоид ( 1 л-ге 0,3-0,4 г) корич қышқылын және кумарин (1 л-ге 0,1 г) қосады және фильтрлейді. 120°С температурада 1 сағат бойы стерильдейді.
ФиБС – кумарин иісі бар түссіз сұйықтық, рН мәні 4,6-5,4 тең болады. Ампулаларда 1 мл шығарылады. Препарат кератит, блефарит, шыны тәріздес дененің бұлдырлауын, және сонымен қатар артритте, радикулитте және т.б. ауруларда қолданылады. Препараттың аналогы болып «ФиБисол» препараты саналады. Биогенді стимуляторлы препараттардың стандартизациясы. Өсімдік және жануар, минерал тектес биогенді стимуляторлардың химиялық табиғаты толығымен зерттелінбеген, сондықтанда аталған препараттарды химиялық әдіспен анықтауда біршама қиындықтар туады. Қазіргі уақытта стандарттау үшін биологиялық тесттер қолданылады. Ұлпа препараттарының биологиялық белсенділігін анықтау әдісінің негізі, биогенді стимуляторлар организмде зат алмасуды белсендіріп, өмір сүруін жоғарылатады. Бұл шарттың негізгі түсінігі былай айтылады, уреаз ферментінің еркін дрожждардың белсенділігі, сұйық немесе қатты ортада олардың көбею интенсивтілігі, өсімдік дәнінің өсуін жоғарлату, қанның катализдік активтілігінің өзгеруі. Сонымен қатар препараттардың тотығуы және ерітіндінің рН мәні анықталады.
Дрожжды ̶ нефелометрлік тест келесідей тұжырымдалады. Шыны пробиркаға 1 мл анықталынатын прпарат сәйкесінше сұйылтумен құйылады (бақылау ретінде суды қолданады), Рингер ерітіндісінің 5 мл қосады және фотоколориметр мәні 0,05 тен экстинциге 2 мл дрожж культура суспензиясын қосады. 16-18 сағат бойы 27-28°С теспературада пробиркаларды термостатта ұстайды. Содан соң, соңғы пробиркадағы ФЭК-тегі экстенция мәні 0,1000 дрожждардың өсуі жеткенде пробиркаларды ыстық суға салуын тоқтатады. Суытқанда тәжірибелі пробиркада экстинция мәнінің қатуына алып келеді.
Бос энергияларды анықтау ̶ ашыған кезде түзілетін көмірқышқыл газының санын есептеумен тоқталады. Есептеу салмақты әдіспен жүргізіледі. Ол үшін 150-200 мл, 4 штук конустық колба, Мейсел вентилі және Бунзен затворасы. Вентиль орналасу керек, яғни бөлінген газ ашыған кезде күкірт қышқылы қабатынан өтіп, ол жерде су буын тастап және сыртқа Бунзен түтігі арқылы шығатындай болуы қажет. Бос колбаға 30 мл 17% қант ерітіндісін және 10 мл дрожж салмағын (100 мл дистиллденген суға, 10,0 г пресстелген дрожж) құяды. Екі колбаға 10 мл препаратты құйып, басқа екеуіне –су құйып, пробкамен жауып, 0,01 г дәлдікке дейін өлшейді. Колбаны 12 сағат бойы 22-27°С температурада ұстайды, содан соң қайта өлшейді, масса айырымы бойынша активация дәрежесін есептейді, бақылауға процентпен өрнектейді.
Тотығуын анықтау. Сұйық экстракт алоэның тотығуын анықтау нұсқауына қарауға болады. 100 мл дитилденген суға 2 мл бөліп алынған сығындыны қосып сұйылтады. Осы ерітіндіден 20 мл алып 200 мл колбаға ауыстырады, оған 5 мл 25% күкірт қышқылының ерітіндісін және 20 мл 0,1 М калий перманганаты ерітіндісін қосып 10 минут қайнатады, сұйықтықтың қыза бастауынан бастап санайды. Алынған ыстық ерітіндіге 20 мл 0,01 М қымыздық қышқылының ерітіндісін қосады және 0,01 М калий перманганаты ерітіндісімен титрлейді, содан соң 1 л препараттағы оттегінің миллиграмм санына байланысты-тотығуын анықтайды.
1 мл 0,01 М калий перманганаты ерітіндісі 0,008 мл оттегіге сәйкес келеді. Егерде 300 мг оттегі болса, тотығу болады. Медициналық практикада биогенді стимуляторлы препараттардың алатын орны ерекше. Қазіргі таңда әлемде өсімдік, жануар, минерал тектес емдік дәрілер жайлы көптеген жұмыстар жасалуда. Дәрілік заттардың әсер ету механизмі негізінде аталынған препараттарды алу, көптеген сұрақтарды шешуге және медицинаның қызығушылығын тудырады [22,26,27].
Жас өсімдік препараттарына жалпы сипаттама. Жас өсімдіктерден алынған экстракциялық препараттар.
Жас өсімдіктерден алынатын препараттардың ерекшелігі, оларда барлық комплексті биологиялық белсенді заттар болады және дәрілік шикізат құрамында табиғи күйде кездеседі.
Жас өсімдіктерден алынған препараттардың тарихы ежелден басталады. 18-19 ғасырлардағы отандық және шет елдік медико-фармацевтикалық оқулықтарда оларды дайындау туралы көптеген мәліметтер бар. Петербургтағы «Медико-хирургия академиясының» фармация кафедрасының басқарушысы А.П. Нелюбин дәрісі бойынша «Фармацевтикалық хат» құрастырылған, онда жас өсімдіктерден тұндырмалар мен сөлдерді алу жайлы мәліметтер табуға болады.
XX ғасырлардың басында жас өсімдіктерден алынған препараттардың саны төмендеп, олар тек қана гомеопатикалық аптека номенклатурасында қалды.
Қазіргі уақытта галенді және жаңа галенді препараттарды кептірілген дәрілік шикізаттардан дайындайды. Олардың сандық және сапалық құрамы жағынан биологиялық белсенді заттары, жаңадан жиналыған өсімдік бойындағы ББЗ мөлшерімен тең болмайды.
Жинағанда, кептіргенде, сақтағанда энзиматикалық үдеріс ауадағы оттегі және басқада факторлардың әсерінен ББЗ өзгержүзеге ұшырайды.
Ғалымдардың айтуы бойынша, 1/2-1 жыл сақтағанда дәрілік шикізаттағы биологиялық белсенді заттардың (жүрек гликозидтері және эфир майлары) мөлшерлері төмендейді. Кей жағдайларда, құрғақ шикізаттан алынатын препараттарға қарағанда жас өсімдіктерден алынатын препараттардың белсенділігі жоғары болады. Сонымен, итжидек (Atrope belladonna) шырыны күшті әсер көрсетеді, сәйкес атропин дозасына қарағанда, дәрілік жас шүйгіншөп тамырының тұндырмасы 2-3 рет белсенді құрғақ тамырдан алынған тұндырмаға қарағанда. Сонымен қатар, витаминді және фитонцидті белсенділігі жас өсімдіктер препараттарында жақсы қадағаланады. Сондықтанда жас өсімдік препараттарын қолдану тиімді екенін көрсетеді.
Заманауи жас өсімдіктер препараттары екі топқа бөліп қарастыруымызға болады
1 - шырындар;
2 – экстракциялық препараттар.
Шырындар – бұрыннан пайдаланылып келе жатқан дәрілік форма. «Сенің денеңнің күші өсімдік шырындарында», - бұл сөздер қазіргі заманға сай естіледі, алайда бұл сөзді қытай императоры, әрі дәрігері Шин Нон 5 мың жыл бұрын айтып кеткен. Шырындар – өсімдік азықтарын қабылдаудың толыққанды физиологиялық түрінің бірі, онда тұрақсыз, бірақ организмге қажетті белсенді заттардың табиғи немесе аз өзгерген түрінде барынша мөлшері сақталады. Шырындарға мыналар тән:
барлық компоненттерімен организмге жеңіл сіңеді, өйткені олар өсімдік жасушасында заттың бастапқы қатынасына ұқсас болады;
ас қорыту ағзаларына әсері, олар клетчаткалардың барлық бөлшектерінен тазартылған;
көп қырлы әсері, өйткені жасушамен синтезделген органикалық заттар топыраққа сіңген минералды заттармен байланыса отырып табиғи бірлестік құрады;
зат алмасудың минералдануы; өткені өсімдік шырындары тікелей минералды негізден тұрады және сондықтан әрқашан қанның қайта тотығуы қарсы әсер етеді. Шырындардың келесі түрлері ажыратылады:
табиғи, шикізаттың бір түрінен өңделген,
қоюланған немесе құрғақ, табиғи шырындардан суды жою жолымен алынады.
Шырындар құрамында көптеген емдік профилактикалық шырындардан тұрады, олар технологиялық белгілері бойынша
Купажирленген, негізгі компонетке шикізаттың басқа түрінен алынған шырын қосады немесе химиялық құрамы әртүрлі шикізаттың бір түрінен алынған шырын қосады.
Қант немесе қант тосабын қоса отырып, сатурирленген, көмірсутек диоксидінен тұрады, ашыған, қантты немесе крахмалды заттарды бөлшектей немесе толық ашытумен алынады. Шырынның сапасы сапаға сәйкес болуы тиіс және оны жинап алғаннан кейін 2 сағаттан артық өңделмеуі қажет болатын шикізат жағдайына тәуелді.
Грузияның Кутателадзе АН атындағы фармакохимия институты шүйгін шөп, дурмана, сұр тоттанған оймақгүл, інжугүл, итжидек, дала қырықбуыны, сүйелшөп, сулы бұрыш, марал құлақ, өгей шөп, қалақай сияқты өсімдік түрлерінен шырындар алудың технологиясы жасалды. Осы шырындардың көбі едәуір зерттелген ретінде емдік препараттар түрінде қолданылуға рұқсат берілген.
Осы институт ұсынған технология мынада жатыр.
Жуылған және кептірілген жаңа шикізаттар ұсақтағыш машина арқылы екі рет өткізеді. Ұсақталған затты дорбаға орап цилиндрге орналастырады, араларына тот баспайтын болаттан қояды және шырын алу мақсатында гидравликалық прессте жоғары қысыммен пресстейді. Шикізаттағы шырын аз мөлшерде болса, онда материалды пресстеуге дейін спиртпен қойып қояды. Шырынның толық бөлінуі үшін электроплазмолизатор пайдалануға болады, ол шырынның шығынын 10-25 % ұлғайтады. Шырынды сығу үшін пресстен бөлек центрифуганы қолдануға болады. Центрифугада алынған шырындар пресс арқылы алынған шырындарға қарағанда жақсы, өйткені ценрифугалық шырын 2-4 есе тез дайындалады және аз тотығады.
Шырынды тазалау. Алынған шырындар көп мөлшерде ақуыздардан, ферменттерден, шырыштардан тұрады, сондықтан да олар тұрақсыз. Тазалау үшін оларды 95% спиртпен өңдейді. Сығылған шырынның әрбір 85 бөлігіне масса бойынша хлорэтанда еріген 95% этанол қосады. Егер шырындардың белсенді заттары болып гликозидтер болса, онда оны тазарту үшін қыздыруды пайдаланады. Шырынды 80-85°С температурада тез қздырады, 30 минут ұсатйды, содан соң тез суытады. Температураны осылай ауыстыру ферменттердің инактивтенуі мен ақуызды заттардың тұнуына әкеледі. Шырын материалының жұмсағынан өлшенген бөлшектеріне дейін 8°С аспайтын температурадан аспайтын ортада тұрып тазалайды. Түскен тұнбаларды центрифугамен бөліп алады. Таза, мөлдір шырын алады. Консервант ретінде хлорбутанолгидрат немесе натрия метабисульфит пайдаланады.
Консервілеу бойынша шырындар немесе емдік – профилактикалық сусындар деп бөледі:
Жылу әсерімен өңделген (пастерленген, ыстық құйылумен консервіленген, асептикалық әдіспен). Пастерленген шырындар тараға бөлшектеп қалталау жолымен төмен емес температурада (пастерлеу) ысыту жолымен немесе 100°С жоғары температурада ысыту (стерильдеу) жолымен жүзеге асады. Ыстық құйылумен консервілеу шырынды 95-98°С температураға дейін ыстады, бөлшектеп тарылту ыстық, алдын-ала дайындалған тарада жасалады, ары қарай ауада немесе табиғи түрде суытады. Асептикалық консервілеу шырынды 115-125°С температурада қысқа мерзімде ысытуды және суыған шырынды стерильді жағдайда стерильді тараға енгізеді.
Суыған және қатқан (-2) °С дейін суытуда шырын-жартылай фабрикат көміртек диоксидіндегі атмосферада сақтау барысында пайдаланылады. (-18) °С жоғары емес температурада қатыру шырынның қоюлығын сақтай отырып тікелей жүзеге асырады.
Шырынға консервілеуші заттар қоса отырып химиялық консервілеу шырын-жартылай-фабрикат үшін пайдаланылады. Консервілеу «Спирттеумен» консервілеуді шырынға 16-18% этил спиртін қоса отырып жүргізеді.
Жолжелкен шырыны – бұл үлкен жолжелкеннің жаңа жапырақтарының шырыны мен жолжелкен шөбінің шырынының қоспасы. Шырынды алудың технологиялық үдерісі келесі сатылардан тұрады: шикізат жинау, ұсақтау, пресстеу, шырынды консервілеу, фильтрлеу. Жолжелкен жапырақтарын жинауды гүл жара бастағанда құрғақ ауада жүргізеді, ластан, сарғайған және құрғап кеткен жапырақтарынан мұқият тазалайды. Жапырақтарды ұсақтау ұсақтағыш машинада жүргізіледі, онда ұсақтау 2- 8 мм-ге жетеді. Жолжелкен жапырақтарын пресс арқылы сғып алады. Пресс цилиндріне поддон түбінде тормен бірге 39 кг-нан ұсақталған шикізаттан тұратын 18 пакет қояды. Пакеттер арасына тот баспайтын дренажды торды орналастырады да пресстейді. Пресстеу нәтижесінде 56,6-60% шырын алынады. Қыспақты екінші рет ұсақтайдыда тағы 10% шырын алады. Сығылған шырынға 25 бөлік 90% этил спиртін араластыра отырып қосады. Осы жұмыс істеп тұрған араластырғышқа 0,15% натрий метабисульфит қосады. Содан соң спирт үлесін, құрғақ қалдықты, рН анықтау үшін сынама алады. Жолжелкеннің алынған шырынын тұндырғышқа ауыстырып құяды, оны 7 тәулікке қояды. Балластты заттардан тұнған шырынды декантациялайды және филтр-пресс көмегімен жинағышқа фильтрлейді. Жолжелкеннің жаңа шөбін машинада екі рет ұсақтайды да тез арада этил спирті мен суды 7 кг 21- 14 л қатынасында құяды. Сіріндіні құяды, тығыздайды және 12 сағтақа қалдырады, одан соң пресстейді. Бөліп алуды этанолдыға байланыстырады және этанол мөлшерін анықтайды. Фильтрлейді, консервілейді, 0,15% натрий метабисульфитін қосады.
Жолжелкен шырынын теңдей араластырады (1:1), қойып қояды және фильтрлейді. Бұл мөлдір қызыл-бурыл түстес сұйықтық, қышқыл дәмі бар. Гликозид аукубин, витамин К, каротин және басқа да қосылыстары бар. Иісі әлсіз, өзіне тән, ароматты. Анацидті гастритте және созылмалы колитте қолданады. 100- 250 мл бойынша флаконда шығарады. Жолжелкен шырынын алудың технологиялық сызбанұсқасы фармацевтикалық өндірістерге арналған тип болып табылады.
Каланхоэ шырынын ̶ каланхоэның өсірілген өсімдігінің жаңа жапырақтарынан алады. Алынған шырынды қойып қояды, декантациялайды және ағарту үшін мезга арқылы фильтрлейді. Үдерісті тарелка типтес сұйық бөлгіште жүргізеді. Ағартылған сұйықтық қабылдағышқа шығарылады, ал тұнба бөлгіштің шлам бөлімінде тұнады, оның мөлшері шамамен 0,07%. Бөлгеннен кейін шырын стерильдеуші фильтрацияға айналады. Консервант - хлорбутанолгидрат 0,5% мөлшерде қосады. Препарат Р және С дәрумендерінен, органикалық қышқылдардан, минералды тұздардан, полисахаридтерден және басқа да қосылыстардан тұрады.
Каланхоэ шырыны – сары түстес сұйықтық, хош иісі бар сұйықтық. Каланхоэ шырыны хирургиялық, стоматологиялық, акушерлік-гинекологиялық оториноларингологиялық тәжірибеде кең қолданыс тапқан.
Каланхою жақпа майы ̶ 40% каланхою шырынынан, новокаин мен фурозолидоннан 0,25%, сусыз ланолиннен 60%тұрады. Хирургиялық және акушеро-гинекологиялық тәжірибеде, трофикалық жарада, күйікте, әртүрлі жараларда қолданысқа ие. 10, 30 және 50 г түрінде шығарылады. Жас өсімдіктерден биологиялық белсенді заттарды алу, тек қана шикізат аз шырынды болғанда және пресстеу тиімсіз болғанда алынады. Франциядағы атақты алкоголатур - 95% этил спиртіндегі жас өсімдік тұндырмасы негізіндегі экстракциялық препарат. Аталған препараттардың өңдірісінде шикізатты ұсақтайды, тірі жасуша тургор күйінде болып, протоплазма жартылай өткізгіштік қасиетке ие болып, ББЗ сыртқа жібермейді. Сондықтан да, соңғы жасуша қабатын бұзу үшін қажет. Бұл арнайы машиналар волчков орнатылған түрі бойынша механикаландырылған ет турағыш және біліктер арқылы жүзеге асырылады және жоғары серпімділікке ие, жаңа шикізат құрамында 80% дейін ылғал болады. Берілген машинада өсімдік шикізаты бөлшектеніп, содан соң майдаланады. Экстракциялау үдерісіне қарағанда, өсімдік шикізатынан препараттарды алу үшін, олардың жасушалары ұсақталған бұзылған жасуша қабырғаларынан жасушалық шырынды бөліп алу жүргізіледі.
Экстракциялық препараттарды жас өсімдік шикізатынан алу үшін (90%) этил спиртімен мацерация әдісі қолданылады. Мацерациялық көлемдегі заттардың белсенді түрде араласуы және экстракциялау үдерісі 14 тәулік бойы жүргізіледі. Содан соң, мацератты сүзіп алып, қалған қалдықты пресстерде сығып және сығылған шырынды бөлінген затқа қосады. 7 тәулік бойы 8°С жоғары емес температурада тұндырады, түскен коллоидты тұнбаны сүзіп, Сальникова фильтріннен өткізеді. Алынған фильтраттар қолдануға жарамды болады.
Сонымен қатар, бисмацерация әдісін қолдануға болады, онда ұсақталған шикізатқа 96% этанолды құяды және 7 тәулікке тұндырады; екінші рет - 20% этанолмен 3 тәулікке қалдырады. Бір-біріне қосылған сығындыны тұндырып, сүзеді және 40-50% этанолы бар тұндырма алады. Оларды кептірілген өсімдіктен алатын тұндырманың көрсеткіштеріне сай стандарттайды. Жас өсімдіктерден бөлініп алынған сығындыны көптеген басқа дәрілік заттардың құрамына енгізіп, заманауи күрделі препараттардың номенклатурасын толықтыруда.
Шүйгіншөп тұндырмасы (валериан) ̶ перколяция әдісімен дәрілік шүйгіншөптің тамырын 1:5 қатынасында 70% этанол қатысында дайындайды. Бұл қызыл-қоңыр түсті, ерекше иісі бар және тәтті-ащы татымды дәмі бар мөлдір сұйықтық
Химиялық құрамы: эфир майы, валериан қышқылы, борнеол, борнеолдың күрделі эфирі және изовалериан қышқылы, алкалоидтар, органикалық қышқылдар, дубильді заттар, қант. 30-50 мл флакондарда шығарылады..
Кардиовален – комплексті препарат, келесідей ингредиенттерден тұрады: шашаңқы ақбасқұрай (Erysimum diffusum)-17,2 г (1 мл-ге 150 ЛЕД белсенділігі, жас өсімдіктерден онда болатын эрихрозид гликозид, элизилин, оймақгүл тобының гликозидтеріне жататын); адонизид - 30,0 г (1 мл-ге 85 ЛЕД белсенділігі); жаңа шүйгіншөп тамырының тұндырмасы - 46,9 г. Долананың сұйық экстракты - 2,1 г; камфора - 0,4 г; этанол 96% - 1,6 г; натрий бромид - 2,0 г; хорбутанолгидрат - 0,25 г. жүйке жүйесі және жүрек қан тамырларына комбинирленген әсер көрсетеді.
Сарымсақ тұндырмасы ̶ жаңа ұсақталған сарымсақтың басын мацерация әдісімен дайындайды. Экстрагент ретінде 90% этил спиртін құяды. 1:5 қатынасында тұндырманы дайындайды. Шикізат 48 тәулік бойы тұнады және сығындыны тұндырып, фильтрлейді және стандарттайды. 0,15 % көп емес аллилсулфиды құрайды.
Аллилсат ̶ сарымсақтың сұйық спиртті экстракты, реперкаляция әдісімен экстракцияланатын шикізаттың, 90% этил спиртімен 1:3 қатынасында алынады. Ұсақталған жаңа шикізатты 72 сағат бойы тұндырады, содан соң сығындыны 48 сағат тұндырып, фильтрлейді. Дәм көрсеткішін реттеу үшін, алынған сығындыга 0,3 % укроп, тмин және мята эфир майларын қосады. Қоспаны 1 сағат бойы араластырып, стандарттайды. Құрғақ заттардың мөлшері 1,2 - 1,7 % шамада болуы қажет.
Аллилчеп жуаның спиртті сұйық экстракты, ремацерация әдісімен экстрагирленген шикізаттың 70% этил спиртімен 1:4 қатынасында дайындалады. Ұсақталған жаңа шикізатқа спирт құйып (1,5 көлем қатынасында) және периодты түрде араластырып, 7 тәулік тұндырады. Содан соң, сығындыны құйып алып, шикізатқа тағы да спирт (1 көлем қатынасында) құяды және 1 тәулікке тұндырады. Сығындыны құйып алып, біріншісімен араластырып, 4 көлем қатынасында спирт құяды. Ағарту үшін 1 кг сығындыға 0,3 г белсендірілген көмір салып, содан соң сығындыны бельтингтен өткізіп, стандарттайды.
Аллилчеп – жуаның иісі бар, сары немесе жасыл түсті мөлдір сұйықтық. Құрғақ заттың мөлшері 1,3 - 1,5 % болуы қажет.
Холелитин ̶ әртүрлі тұндырмалардың қоспасы. Өт-тас ауруларын емдеуде қолданылады.
Ангиноль ̶ комплексті препарат, сұйытылған өсімдік тектес тұндырмалардан және бейорганикалық заттар ерітіндісінен құралады. Ангинаны емдеу үшін қолданылады [4, 9,10].
